«Наурыз» мерекесіне арналған «Қыз ұзату» салт-дәстүрінен көрініс



Дата21.01.2018
өлшемі49.76 Kb.
«Наурыз» мерекесіне арналған «Қыз ұзату» салт-дәстүрінен көрініс

Шинбаева Салтанат Аманкосовна

Жаңаөзен қаласы

Теңге ауылы

№14 орта мектеп

Химия-биология пәні мұғалімі

1-Жүргізуші:

Келіңдер наурыз тойға бәрің бүгін

Аямас өнерпаздар әнін жырын

Тойлайық халық тойын наурызымның

Шуағын жерге төккен бақыт күнін


  1. Жүргізуші

Қанекей карсы алайык жылдың басын

Косылып жаска жасың басқа басың

Барайык келер жылға төрт көз түгел

Аман болып алыс жақын кәрі жасың



  1. Жүргізуші:

Ассалаумағалейкум Алаш жұрты, құрметті ата-аналар, той қонақтары, ұстаздар және оқушылар!


  1. Жүргізуші:

Бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған 8 «С» сыныбының мерекелік құттықтауын қабыл алыңыздар.

Ұзатылатын қыздың сәукелесін киіп, ауылдың келіндері халықты тойға шақырады.



  • Ау халайық ауылымызда той болғалы жатыр, біздің ауылға келіп, тойымыздың куәсі болыңыздар!

ауыл ақсақалы

  • жаңағы келіндер той деді ме, ұзатылатын қыздың сәукелесін кигеніне қарағанда, көрші ауылда «Қыз ұзату» тойы болғалы жатыр екен, жүріңдер тойға барайық.

Көпшілік

  • Барайық, барайық!

2- бала ортаға жүгіріп шығып ;

Ата, әже ауылға қонақтар келе жатыр-деп хабарлайды



Анасы:  Әкесі-ау, мына келе жатырған қонақтар біздің күткен құдаларымыз ғой, кане құдаларды қарсы алайық. Келіндер шашу қайда?

(Жиналған көпшілік құданы қарсы алуға ән айтып шығады)

Құдалар келеді

Құдаларды ән айтып, қарсы аламыз

Қонар жері ауылымның сай болса екен

Құдалардың көңілі жай болса екен

Екі ауылдың арасы тату болып

Күнде осылай ауылда той болса екен ай

Құда, құда десеміз

Құйрық бауыр жесеміз

Құйрық бауыр жемесек

Несіне құда десеміз

(тойға жиналған конақтарға шашу шашылады, құдалар төс қағыстырып, бір бірімен амандасады)

Қыз әкесі

Ассалаумағалейкум, ал құдалар хош келдіңіздер! Төрлетіңіздер!

Құда

Армысыздар қызғалдақтай қызды аялаған,

Бар тәттісін аямаған

Бойжеткізіп тұмар таққан.

Келінімізді бағып қаққан, ардақты құдалар- ата баба дәстүрімен ауылдарыңызға келіп, қыздарыңызға сырға салған едік, енді жөн - жоралғысымен сол қыздарыңызды өз мекенінен, мәңгілік мекеніне алып кеткелі келіп жатырған жайымыз бар.

«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды»- деген, ал құдағи біздің әкелген жөн - жоралғымызды қабыл алыңыздар.(Қалың мал, сүт ақы, өлі-тірі т.т)
Ауыл келіндері құдаларға «Құйрық бауыр асату» дәстүрін жасайды
Анасы:  Ал келіндер, отау үйден үлкендердің батасын алу үшін күйеуді әкеліңдер

(күйеу, күйеу жолдас, күйеудің ілуін алып келеді)

Күйеуді әкелетін қыз жеңгелері Мадина, Жаңылхан

Қыз жеңгелері күйеуді әкелуге барады, күйеуді үлкен үйге кіргізбес бұрын,

  • Айналайын күйеужан үлкен үйдің босағасын аттаған қадамың құтты болсын, үйге кірмес бұрын мына жеңгелеріңе «Босаға аттар» кәдесін бер, - үйге кіргізеді,

балдыздары алдынан шығып,

«жездеміздің бізге әкелген қандай сыйлары бар екен, кәне қыздар қалтасын қарайық» -деп оның қалтасын қарайды.

Күйеуді кіргізгеннен кейін жеңгелері қызды әкеліп, «Қол ұстатар» ырымын жасайды.

Мынау ақ жібек орамалмен, «Қол ұстатар» ырымын жасап жатқан себебіміз, осы ақ орамалдай білек мәңгі ажырамай

Бата беретін ақсақал
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол,
Таудай талаппен.
Бармақтай бақ берсін.
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайыныңа қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
Әумин.




Анасы:  Қоштасу

Балапаным, құлыным,


Барған жерің бағынды ашсын,
Көзі өтпесін жау мен қастың.
Жарына сенімді бол,
Әрдайым көңілді бол.
Ата-анаңа мейірлі бол,
Ағайынға пейілді бол.
Алдыңан ай тусын.
Артыңнан күн тусын!
Үлкендердің алдынан
Кесе-көлденең өтпе.
Тамырынды тереңге тартып,
Бәйтеректей көкте.
Бақытты бол қалқам,

Сәукеле кигізу рәсімі

2 жеңгесімен қыз сыңсу айтып, әкесі , анасы, апасы, інісіне барып, құшақтап көріседі де, шығып кетеді.
Сыңсу

Ауылдың сырты өзенім

Өксіп тұр ау өзегім

Анам айтқан бұл сыңсу

Келді ау менің кезегім

Есіктің алды долана

Доланаға жолама

Қанша жақсы дегенмен

Өз әкемдей болама
Қолаң шашым тарандым

Қол айнаға қарандым

Болар ма екен ол жақта

Алақаны анамның
Есіктің алды жиде екен

Жиде піссе жи ме екен

Өз апамдай ол жақта

Ботақаным дей ме екен
Талға қонған торғай ма

Қыздай сорлы болмай ма

Өз інімдей ол жақта

Мені біреу қорғай ма

Ән «Алақаннан ұшқан аққуым»
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет