Науқасты стоматологиялық қабылдауда тексеру әдістері



жүктеу 91.55 Kb.
Дата08.01.2017
өлшемі91.55 Kb.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ




Модуль – терапиялық стоматологияның пропедевтикасы

Пән, пәннің коды - терапиялық стоматологияның пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық - 051302 «Стоматология»



«ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ»


ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ


Тақырыбы: Науқасты стоматологиялық қабылдауда тексеру әдістері.

Оқу сағаттың саны – 30 сағат
Курс - 4

Семестр - 7

Алматы, 2011
Дәріс жинағын дайындағандар: д.м.н. проф. Баяхметова А.А., к.м.н. доц. Кунанбаева Т.С., к.м.н. доц. Баскакова И.В., к.м.н. доц. Сагатбаева А.Д.,
Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

Хаттама № 1 «___31___» ___тамыз__________ 2011 ж.


Модульдің жетекшісі

М.ғ.д., проф. _________________Баяхметова А.А.



Дәріс № 5

Тақырыбы: Науқасты стоматологиялық қабылдауда тексеру әдістері.

Мақсаты: Науқасқа диагноз, емдеу әдістерін дұрыс қою үшін науқасты стоматологиялық қабылдауда тексеру әдістері мен ережелерін үйрету.

Дәріс мазмұны:

Клиникалық тексерудің мақсаты: сәтті ем болу үшін дұрыс диагноз қою.

Тексеру әдістері:

  1. Негізгі-қолдануға міндетті 5классикалық әдістер;

  2. Қосымша- физика, химия, оптикаға негізделген;

  3. Арнайы- мамандандырылған, мысалы, функциональды зерттеу, индекстер, сынақтар,т.б.

Тексерудің негізгі әдістері:

  • Сұрау

  • Қарау

  • Пальпация

  • Зондтау

  • Перкуссия

Сұрау: шағымын анықтау;

Шағымын анықтау: науқасқа қойылатын сұрақтар:

  • «сізді не мазалайды?»

  • «сізді қалай мазалайды?»

  • «Неден ауру сезімі пайда болды?»

  • «қай кезде күшейеді?»

  • «ауру сезіміне мінездеме?»

  • «ауру сезімі бір жерде ма әлде тарала ма?»

Ауру сезімінің себебі:

  • Тісжегі

  • Пульпит

  • Периодонтит невралгия

  • Пародонт аурулары неврит

  • СОПР аурулары гайморит

  • Дифференциялық диагностика

Ауру сезіміне мінездеме: ауру сезімі мынадай болуы мүмкін:

  • Себепті

  • Өздігінен

  • Тұрақты немесе ұдайы

  • Ұстама тәрізді

  • Сыздап

  • Кесілгендей

  • Қозғалғандай

  • Толқынтәрізді

Жиі алғашқы қаралу:

  • Туберкулез

  • Мерез

  • Қан аурулары

  • Қызыл жегі жүйесі

  • Гиповитаминоз

  • Қант диабеті

  • Кәсіптік аурудың анықталуы

Көп кездесетін шағымдары:

  • Сілекей бөліну бұзылысы

  • Гипосаливация, гиперсаливация,ксеростомия

  • Ауыз қуысында жағымсыз иіс

  • Дәм сезу бұзылысы

  • Дәм сезудің бұзылысы немесе жоғалуы

Анамнезін жинау:

  • Anamnesis (греч.)- еске алу

  • Ауру тарихы– Anamnesis morbid

  • Өмір тарихыAnamnesis vitae.

Ауру анамнезі:

  • Қай кезде ауру басталды? Бірінші симптомдарды сезіндіңіз бе?

  • Ауру қалай басталды?

  • Ауруыңыз немен байланысты деп ойлайсыз?

  • Клиникалық көрінісі қалай дамыды?

  • Ем жүргізілді ме?

  • Емнің нәтижесі қалай болды?

Өмір анамнезі:

  • Туылған жеріңіз?

  • Тұратын мекен-жайыңыз?

  • Өнеркәсіптегі жағдай?

  • Тұрмыс жағдайыңыз?

  • Тамақтану режимінің ерекшелігі?

  • Созылмалы аурулары бар ма?

  • Аллергоанамнез?

  • Зиянды әдеттеріңіз?

Қарау:сыртқы қарау:

  • Науқастың жалпы көрінісі

  • Беттің симметриялығы

  • Терінің түсі

  • Бастың шашты бөлігі

  • Ерін,көз коньюктивасы, мұрын қанаты

Пальпация: сипап көру.

  • Ауру сезімін, ісікті,тығыздалуды, шырышты қабық жылжымалылығын, инфильтрат, флюктуация анықтау үшін қолданылады.

  • Пальпацияны сау жерден бастап ауыратын жерге дейін жасайды.

Шеткі лимфа түйіндерінің пальпациясы:

  • Лимфа түйіндерінің топтары:

  • Төменгі жақасты

  • Иекасты

  • Мойындық

  • Жақарты

  • Ұрттық

  • Бұғанаүсті

  • Пальпацияны бимануальды жүргізеді.

Лимфа түйіндерін пальпациялау критерийлері:

  • Үлкею дәрежесі

  • Ауру сезімінің бар болуы немесе жоқ болуы

  • Консистенциясы

  • Жанындағы тіндермен жылжымалылығы

Ауыз кіреберісін қарау:

  • Айна,зонд,пинцет көмегімен жүргізіледі

  • Ауыз кіреберісі мен еріннің шырышты қабығын қарау

  • Ұрттың шырышты қабығын қарау

  • Қызылиекті қарау

  • Тіс қақтарын анықтау

Меншікті ауыз қуысын қарау:

  • Шырышты қабықты жалпы қарау:

  • Түсі

  • Ылғалдылығы

  • Гиперемия ошағын анықтау

  • Ісінуді

  • Бұзылыс элементтерін анықтау(эрозия, жара, тіс қағы,т.б.)

  • Сілекей безінің шығару түтіктерінің жағдайын анықтау

Тілдің жағдайын анықтау:

  • Жылжымалығы

  • Тіл үзеңгісінің жағдайы

  • Үзеңгінің гиперплазия мен атрофия ошақтарын анықтау

  • Ауыз қуысы түбін тексеру

  • Қатты және жұмсақ таңдай тексеру

  • Ретромолярлы кеңістікті тексеру

Тіс қатарын тексеру-айна, зонд көмегімен

  • Тістің жылжымалы дәрежесі (пинцет)

  • Тісжегі қуысын анықтау

  • Тіс эмалінің түсі

  • Пломб жағдайы

Тіс қатарын тексеру:

  • Жоғарғы жақсүйек-оң жақтан сол жаққа

  • Төменгі жақсүйек-сол жақтан оң жаққа

  • Стоматологиялық айна мен бұрыштық зонд қолданылады

  • Пациент көрсеткен тістен басқа қалған тістерге де мән беріп қарау

Зондтау: бұрыштық зонд арқылы жүргізіледі. Анықтауға мүмкіндік береді:

  • Тіс жегі қуысы мен оның тереңдігін

  • Тісжегі қуысының ауыратын аймақтарын

  • Тісжегі қуысының тіс қуысымен байланысы

  • Пародонт қалталарын, оның тереңдігін

  • Тіс қақтарын(қызылиекүсті, қызылиекасты)

Перкуссия: соғу. Айна, зонд, пинцет ұстайтын жерімен жүргізіледі.

  1. Вертикальді перкуссия

  2. Горизонтальды

Қосымша әдістер:

  • Температуралық диагностика

  • Электроодонтодиагностика

  • Рентгенография

  • Апекслокация

  • Трансиллюминация әдісі

  • Тіндерді витальді бояу әдісі

Температуралық диагностика: физикалық тексеру әдістерінің ескі түрі.

Күрек тістер үшін индиферентті зона 17 – 22 --------- 50-55 градус С

Тісжегі кезінде және ұлпа қабынуында 5-7 градусқа реакция береді.

Тістің некроздалған ұлпасында температураға әсері болмайды.

Электроодонтодиагностика: тіс ұлпасының электрқозғыштығын анықтау

Сау тістің ұлпасы 2 - 6 мкА ток күшіне әсер етеді.

Электрқозғыштық 20 мкА жоғары–пульпит

ЭОД 60 мкА жоғары–сауыт ұлпасының некрозы



ЭОД 100 мкА жоғары– түбір ұлпасының өлі еттенуі

Рентгендік зерттеу:

  • Стоматологиялық клиникада жиі қолданылады:

  • Ауызішілік фокусқа жақын жанаспалы рентгенография

  • Ортопантомография

Рентгенография мүмкіндіктері:

  • Жабық кариозды қуысты анықтау

  • Түбір каналының өткізгіштік дәрежесін анықтау

  • Түбір каналының жұмыс ұзақтығын анықтау

  • Түбір каналының обтурация сапасын бақылау

  • Тіндер ұшы маңының жағдайын бағалау

  • Жақсүйек тіндерінің жағдайын бағалау

Витальді бояу әдістері:

  • Тістің қатты тіндерін бояу (БОЯУЛАР: метиленді көк, Конго қызыл, бриллиант көгі және т.б.)

  • Диагностика кезеңінде- деминерализация аймағын анықтау мақсатында

  • Емдеу кезеңінде- тісжегі-детектор- тістің қатты тіндерін егеу сапасын бақылау.

Көрнекі материал: слайдтар, Роwer Point программасында презентация.
Әдебиеттер:

  1. Боровский Е.В., Иванов В.С., Банченко Г.В. и др. Терапевтическая стоматология. - М., 2007.

  2. Скорикова Л.А. Пропедевтика стоматологических заболеваний. - Ростов-на-Дону, 2002.

  3. Бойд Л. Стоматологические инструменты. Иллюстрированный справочник (пер. с англ.). – М., 2007

  4. Борисенко А.В. Терапевтическая стоматология в 4-х томах. Том.1. Фантомный курс. – Киев, 2009.

  5. Рединова Т.Л. Диагностика в терапевтической стоматологии. – РнД, 2006.

  6. Цепов Л.И., Николаев А.И. Практическая терапевтическая стоматология. - М., 2005.


Бақылау сұрақтары:

  1. Стоматологиялық қабылдауда науқасты қарап тексеру әдістері

  2. Стоматологиялық қабылдауда науқасты негізгі қарап тексеру әдістері

  3. Стоматологиялық қабылдауда науқасты қосымша қарап тексеру әдістері

  4. Тіс перкуссиясы, оның диагностикада маңыздылығы

  5. Тісті зондтау, құралдар, ауру диагностикасында маңыздылығы

  6. Лимфа түйіндерін пальпациялау критерийлері

  7. Тіс перкуссиясы түрлері

  8. Тіс термодиагностикасын қолдану мақсаты

  9. Қалыпты жағдайдағы тіс электрқозғыштығының көрсеткіштері

  10. Қарапайым тісжегі кезіндегі тіс электрқозғыштығының көрсеткіштері

  11. Пульпит кезіндегі тіс электрқозғыштығының көрсеткіштері

  12. Периодонтит кезіндегі тіс электрқозғыштығының көрсеткіштері

  13. Рентгенологиялық тексерудің түрлері

  14. Рентгенография мүмкіндіктері

  15. Тісжегі-детектор тағайындау




беттің беті



©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет