«Нарықтық қатынаста бухгалтерлік есеп пен салық есебінің ақпараттық жүйе ретінде қалыптастыру ерекшеліктері»



жүктеу 110.41 Kb.
Дата03.07.2017
өлшемі110.41 Kb.
«Нарықтық қатынаста бухгалтерлік есеп пен салық есебінің ақпараттық жүйе ретінде қалыптастыру ерекшеліктері»
Саринова А.Е.

әл – Фараби атындағы ҚазҰУ – нің 2 –курс магистранты,

Экономика және бизнес жоғарғы мектебі, есеп және аудит мамандығы

aiym.ermekkyzy@mail.ru

тел: +77477187888
Аннотация

В данной статье рассматриваются такие вопросы как взаимосвязь и противоречие бухгалтерского и налогового учета в конкуретноспособной рыночной среде. Описывается необходимость правильного ведения каждого учета по отдельности в хозяйственных предприятиях. Так как наше государтсво в данное время заинтересовано в прогрессивном развитии рыночной экономики, данная тема статьи является актуальной. В связи с тем что рыночные отношения с каждым годом требуют новых продвижений и развитий в экономической сфере, эта статья описывает все вопросы которые возникают при выполнении всех задач построения правильного и эффективного введения бухгалтерского и налогового учета.

Annotation

This article discusses such issues as the relationship and conflict of accounting and taxation in a competitive market environment. Describes the need for the proper management of each account separately in the economic enterprises. As our country at this time interested in the progressive development of the market economy, the topic of the article is relevant. Due to the fact that market relations every year require new advances and developments in the economic sphere, this article describes all the issues that arise when performing all tasks of building the correct and effective implementation of accounting and tax accounting.

Елбасымыздың өз халқына жолдауында дәйекті жаңарту және экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету шаралары көрсетілген. Бүгінгі экономикалық конъюнктура нашарлаған жағдайда мемлекеттік холдингтердің, әлеуметтік - кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарының белсенділігін арттыру қолға алынуда.

Бүгінгі күні ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты, жаңа кәсіпкерлік нысандарының пайда болуына байланысты бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы арта түсті. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкестендіру мақсатында бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілік пен салық есептілігін құрастырып ұсыну жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілуде.

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық - әлеуметтік жағдайларына сәйкес өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өз ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» деп атаған.[1]

Салықтар - барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада 2012 жылғы 14 желтоқсанда елордадағы жаңа опера және балет театрында ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттің салық саясатына қатысты бірнеше мәселелерді қарастырды:



  • өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу қажеттілігі, барлық қолданыстағы салық жеңілдіктеріне ревизия жүргізілуі мен оларды мейілінше тиімді ету керектігі;

- салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыру, салық есептілігін жеңілдетіп әрі мейлінше азайту жұмыстарын жүргізу;

- нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыру жолдарын іздеу шараларын жүргізу.

Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық субъектілерінің салық қызметімен диалогын азайтуға тиіс. Алдағы бес жылда онлайн-электрондық есептілік режіміне көшу қажет. 2020 жылдан бастап салықтық несиелендіру практикасын енгізу керек. Басты міндет - кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру.

Жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс. Бұл үшін 2015 жылдан бастап ынталандыру шаралары кешенін, соның ішінде білім беруге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды салықтан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін әзірлеу қажет.

Осылайша, бизнес деңгейіндегі болашақ салық саясаты ішкі өсімді ынталандыруы және сыртқы нарықтарға отандық экспортты, ал азаматтар деңгейінде олардың қорларын, жинақтарын және салымдарын ынталандыруға тиіс.[2]

2012 жылы 26 қарашада ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Аталған құжаттың мақсаты салық заңнамасының жекелеген нормаларын нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қарау және еліміздің салық жүйесін Кеден одағының кеден заңнамасы ережелеріне сәйкестендіру болып табылады.

Бұл ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, компаниялар жұмысының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, ақпаратты өңдеу шығындары мен оған жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік беретін, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға ықпал ететін электрондық шот-фактуралар енгізу көзделеді. Бұдан бөлек, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына таратудың салықтық тексерісін жүргізбей, камералық бақылау нәтижелері негізінде таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді. Сондай-ақ, салық есептілігін табыс етпейтін әрекетсіз салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың арнаулы тетіктері енгізіледі.

Ал адал салық төлеушілер үшін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін кепілсіз және банк кепілдігінсіз күнтізбелік 36 айға дейінгі мерзімге өзгертуге мүмкіндік көзделген.

Сонымен қатар, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ондай құқық бұзушылықты алғаш жасағандарға «ескерту» секілді жазалау шарасын енгізу қарастырылып отыр.[3]

Ұйымды басқару – бұл тиімді де орынды шешімдерді, қабылдап, оларды іс - жүзінде іске асыру үшін орындалатын комплексті де күрделі процесстер жиынтығы. Сондықтан да ұйым басшылары алға қоятын мақсаттары - ұйымдағы салықтық міндеттемелерді орындау және жоспарлау бойынша атқаратын істердің мақсаттарымен бірге теңеседі.

Салықтық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес салықтық есеп деп аталатын бухгалтерлік есептің тағы бір құрастырушы бөлігі анықталды. Қаржылық есеп пен салықтық есеп түрлерін бір бухгалтерлік есептің ішкі жүйелері деп қарастыратын болсақ, онда әрине олардың арасында өзара байланыс бар екендігі сөзсіз. Негізінен алғанда қаржылық есепті салық есебінің негізі деуімізге болады, себебі салық салынатын табыс сомасын анықтау мақсатында салық есебі қаржылық есептілік мәліметтеріне жүгінеді.

Бухгалтерлік есептің регистрлері салықтық төлемдер есептелуінің базасы болып табылады.

Табысты максимилизациялау мен бюджетке төлем түріндегі қаржылық ресурстардың шығынын минимилизациялау – мынадай көрсеткіштерді есептеу әдістерінің таңдауымен жүзеге асады: амортизацияның есептелінуі, қорлардың бағалануы, өндіріске материалдардың жіберілуі, күмәнді қарыздар бойынша резервтерді қалыптастыру, салық салу, резервтер, алдағы кезең шығыстары мен төлемдер мақсатындағы сатылымнан түсімді анықтау көрсеткіштері.

Қазіргі кезде ұйымдар салық салу мақсатында табыстар мен шығыстарды Қазақстан Республикасының салық заңымен белгіленген тәртіпте және жағдайларда есептеме әдісі бойынша анықтайды. Салық салу базасын анықтау бойынша салық есебі мемлекеттің қазыналық саясатына негізделіп жүргізіледі және салық әкімшілігінің құралы болып табылады. Бухгалтерлік есептің басты мақсаттарының бірі өнімнің (жұмыс және қызмет) өзіндік құны мен банктің нақты қаржылық нәтижесін (табысын немесе шығынын) анықтау болып табылады, ал салық есебі салық салынатын базаны есептеуге арналған. Соңғысы бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынған банктің қаржылық нәтижесіне байланыссыз анықталады.

Осы айырмашылықтарға қарамастан, есептің бұл екі түрі өзара тығыз байланысты, себебі, салық есебінде қолданылатын ақпараттар бухгалтерлік есеп мәліметтерінен алынып, содан кейін Салық Кодексінің талаптарна сәйкес түзетулер жүргізіледі.[4]


Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы есепті кезең ішіндегі Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстардан тұрады. Жылдық жиынтық табыс сомасы бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу нәтижесінде, есептеулер арқылы анықталады. Бухгалтерлік есеп бойынша табыстар есебін жүргізетін 6-шы «Табыстар» бөлімінің шоттары 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотымен корреспонденциялана отырып жабылады. Салық есебі бойынша анықталатын жылдық жиынтық табыс сомасы бухгалтерлік есеп мәліметтері арқылы алынатын табыс сомасынан өзгеше болады. Яғни, салық есебінде салық салынатын табыс сомасы бухгалтерлік есеп аясынан тыс қалыптастырылады деуге болады. [5]

Салық есебінде, табыс Салық Кодексіне сәйкес ЖЖТ мен тұрақты және уақытша айырмалардың түзетулері есепке алына отырып бегітілген шегерімдер арасындағы айырма сияқты есептелетін салық жылына табыс сомасы ретінде анықталады.

Бухгалтерлік және салықтық табысты құрастыру кезінде айырма пайда болады. Осылай, табыс бухгалтерлік есепте кәсіпорынның есеп саясатына және бухгалтерлік есептің түрлі әдістерін және тіркелген активтерді бағалауда қарастыратын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес құрастырылады. Ал салық есебі ҚР – ның Салық Кодексіне сәйкес қалыптасады, мұнда бағалауды таңдау нұсқалары және салық есебін жүргізу тәртібі жоқ.

Табысты анықтау барысында кәсіпорынның бухгалтерлік есебі ХҚЕС – ы мен есеп саясатын қатаң түрде ұстанады, ал салықтық табыс берілген уақыт кезеніңде мемлекеттің салық саясатына байланысты жедел түрде өзгере алады.

Бухгалтерлік есеп пен салықтық есептегі табыс және шығыс бөлігін анықтауға қойылатын талаптардағы ерекшеліктер, бухгалтерлік және салықтық табыс арасындағы тұрақты және уақытша айырмалардың түзілуіне әкеліп соғады. Тұрақты айырмалардың пайда болу себебі жоғарыда айтылғандай бухгалтерлік табыста есепке алынатын табыстар мен шығындардың баптары салық салынатын табыста есепке алынбайды.

Тұрақты айырмалар - есепті кезеңдегі салық салынатын және есептік табыс арасындағы айырма болып табылады. Олар бір есепті кезеңде пайда болғанымен келесі кезеңдерде есептен шығарылмай қалады.

Айырманың пайда болуының екінші бір себебі бухгалтерлік және салықтық табыс сомаларының мөлшерін айқындаушы, бірақ әртүрлі есепті кезеңдерге қатысты баптардың болуымен байланысты. Уақытша айырмалардың пайда болу жағдайларын келесі кестеде көрсетеміз.
1 - кесте.

Уақытша айырма пайда болатын жағдайлар



Көрсеткіштер

Қаржылық есептілік мақсатында қолданылатын әдістер

Салық салу мақсатында қолданылатын әдістер

Шығыстарды тану

Есептеу және кейінге шегеру әдістері арқылы тану

Құжаттар негізінде нақты шығындарды тану

Алынуға тиісті шоттар

Күмәнді борыштар бойынша жеңілдіктер мен резервті пайдалану

Күмәнді борыштарды табыс деп танығаннан кейінгі үш жылдан кейін есептен шығару

Бағалы қағаздар

Сату барысындағы зиянды тану

өзге бағалы қағаздардың құнының өсімшесі түріндегі табыстар есебінен зиянды жабу

















Негізгі құралдар

Жөндеудің шектеусіз шығындары. Жойылуына байланысты есептен шығару.

Жөндеу шығындары жыл соңындағы топтың құндық балансының Салық кодексімен белгіленген нормалар мөлшерінде шегерілімге жатқызады.

Амортизация

Ұйымның есеп саясатында анықталған әдіс

Жедел есептен шығару тәсілі

Ескерту – әдебиет көзінен алынған ақпараттар [6, 89 б]

Уақытша айырмашылықтар кәсіпорыннын қаржылық есеп пен салық есептеріндегі негізгі құралдарды амортизациясын есептеу әдістерінің әр – түрлілгіне байланысты және соның салдарынан оларды есептен шығарудың кезеңдерінің өзгешілігінің болу әрекетінен туады.

Уақытша айырмашылықтар сомасынан салықтық тиімділік анықталады. Салықтық тиімділік - бұл міндеттер әдісі бойынша анықталатын бюджетке төленуге тиісті корпоративті табыс салығы бойынша салықтық төлемдер сомасы. Бұл әдістің негізгі мақсаты – алдағы кезендердегі төлемнің шынайы салықтардың бағалық сомасын көрсету болып табылады. Яғни мүмкіндігінше тура салық төлеу бойынша міндетті көрсету. [7]

Салық салынатын табыс мөлшелеріне оның түзетулері әсер етеді. Түзетулер негізінен оның азаюына жатқызылады. Салық кодексі келесілерді қарастырады: әлеуметтік ортаның объектілерін қамтамассыз ету үшін салық салынатын табыстан 2% - қ шығыннан аспауын, коммерциялық емес ұйымдарға қайтарымсыз мүлікті беру; мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілердің салық салынатын табысын азайту; 3 жылға дейін негізгі құралдарды қаржалық лизингке беру бойынша сыйақы сомасына салық салынатын табысты азайту.

Уақытша айырмалардың пайда болуы мен жойылуы бірнеше есепті кезеңдерде жүзеге асырылады. Уақытша айырмалар түрлері мен сомалары жөніндегі ақпарат пайдаланушыға қажет болуы мүмкін. Уақытша айырмалар эффектісін көрсету әдісі алынған ақпаратқа сәйкес өзгеріп отырады. Бұл ақпарат қаржылық есептілікке түсініктеме жазбаларда уақытша айырмалардың салықтық эффектісін көрсету арқылы пайдаланушыларға ұсынылады.
Салық салынатын табыс = Бухг.таб. ± тұр.айырм. ± уақыт.айырм.

Есепті кезеңдегі салықтарды төлеумен байланысты шығыстар уақытша айырмалардың салықтық эффектісін есепке алу арқылы анықталады. Ол үшін кейінге шегеру немесе міндеттемелер әдістерінің бірі қолданылады.

Міндеттемелер әдісінің басты мақсаты есепті кезеңде бюджетке төленуге тиісті жиынтық табыс салығының сомасын және осы есепті кезеңде алынған бірақ келешекте төленуге тиісті салық сомаларын анықтау болып табылады. Міндеттемелер әдісіне сәйкес табыс салығы да табыстарды алу барысында орын алған шығыстар деп қарастырады да сол есепті кезеңге қатысты есептейді. Осы әдіске сәйкес, табыс салығы бойынша есеп айырысу сомасы келесі сомалардың жиынтығынан құралады:


  • төленуге тиісті табыс салығын есептеу;

  • уақытша айырмалардың салықтық эффектісі, яғни, болашақта төленуге тиісті, немесе аванс түрінде төленіп қойылған табыс салығының сомасы;

  • есепті кезең басына қатысты кейінге қалдырылған табыс салығы сомасына түзету сомасы.

Салық жеңілдіктерін орнымен пайдалану, салықтық жоспарлау және өзге де салық саясатының элементтері, қаржылық ресурстар көлемін босатуға және оларды өндірістік дамыту шығындарына, әлеуметтік мақсатта, кредиторлық міндеттемелерден айырылу мақсатында жұмсауға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік қызмет – тек салықтарды төлеу үшін ғана емес, сонымен қатар пайда да табу мақсатында бағытталатынын ескере отырып, салықтық менеджменттің нәтижесінің салықтық шығындардың жалпы деңгейін оптимизациялау керек. [8]

Салықтық басқаруды оптимизациялаудың өркениетті тәсілі шаруашылық қызметті түзету және заңда көрсетілген есепті жүргізу әдістерінің қолдануына негізделген.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.Юткина Т.Ф. Налоги и налогообложение – М: Инфр –М, 2002 – 650 б.

2.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 2012жыл 14 желтоқсан

3. «Налоговая учетная политика», ИД «БИКО» Алматы 2012, 63 б.

4.Нұрымов А.А., Шоимбаева С.А. / Салық және салық салу: Оқу құралы.- Астана, 2009 ж. - 284 б.

5.Д.С. Жақыпбеков «Қазақстандық кәсіпорындағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру», «Экономика» баспасы ЖШС, 2009 – 354 б.

6. А.Қ Шарипов «Салық есебі», «Экономика» баспасы ЖШС, 2009 – 334 б.



7. «Самоучитель по бухучету и налогообложению», ИД «БИКО», Алматы 2011, 98 б.

8.Л.Е. Заурбекова «Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның салық саясаты және есебі», М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік Университеті журналы, 160 – б.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет