Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев адамдар арасындағы



жүктеу 23.39 Kb.
Дата24.10.2018
өлшемі23.39 Kb.
Мұзбалақ ақын

Мұқағали Мақатаев - адамдар арасындағы,

өмірдегі , табиғаттағы жарастық пен

келісімнің жыршысы.Оның… өлеңдері

шын тебіреністен , шын шабыттан , шын

күйзеліс пен шын қуаныштан, шын

сағыныштан туған.

Әбіш Кекілбаев

Аспан тіреген Ақбас шыңдар, айналасын қарағайлы таулар, аршалы белдер қоршалай көмкерген Шалкөденің жазығы, жалбызды жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры, мөлдіреп аққан қасиетті Қарасаздың сылдыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді. Ендігі Мұқағали атамыздың есімі аталғанда жер жанннаты Жетісу ғана емес , жалпақ Қазақстан ескі түседі. Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағалиы да жалғыз .

Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі , ұлтымыздың ұлы ақыны. Жүрегі өлең деп соққан ақын поэзиясынан үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, ашынған құмарлық сезімнің бораны мен толқыны, шексіз сезімге толы махаббат, тәтті қамығу, ләззат таба егілу, көз жасына көмілу, тартысқа ұмтылу, өмірбақи айнымас, еш мезгілде тояттамас құмарлық шегі жоқ құдіретті, зергерлікпен кестеленген кесек туындыларынан байқаймыз.

Туған жерді, оның әдемі табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Қазақ халқы кіндік қаны тамған жерді қасық қаны қалғанша жаудан қорғаған. Ал, Мұқағали туындылары - туған жердің әрбір тал-шыбығын, көз жетпес көк тіреген шыңырау құзын, тасқындап, таудан құлай аққан өзенін, әрбір тасын еш нәрсеге айырбастамайтын, шаттығына қуанып, күйігін өзінің қайғысындай көтеретін, ыстық махаббатынан туған жыр. Ол Дала мен Тауды , Отанды, Жерді шексіз сүйеді , сол үшін оларға жан бітіріп, шебер суреттейді. Мен ақын шығармаларынан байқағаным Алатауға мұң шағады , жас қайыңнан өзіне сырлас табады, жапырақты жүрекке теңейді, мергеннің оғына іліккен аққу мен киікке жаны ашиды. Жас ұрпақты туған өлкесін сүюге үндейді.

Ақиық ақын бүгінгі жастардың сүйіспеншілік сыры туралы да қалам тартқан. Осы орайда маған ұнағаны, Мұқағали атамыздың өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі мен тұрақтылығы. Мұқағали үшін сағыныш -мәңгілік махаббаттың символы, ғашығына деген өзгермес бейілдің, айнымас көңілдің белгісі мен жүректің адал лүпілін сездіреді.

Ақынның қай –қайсысын оқысамда сол әдемі , мұңды, сазды, сағынышты , терең, сағлақ үні оның ішкі сезімдік әлемі , жан дүниесі өзіне тартады, қызықтырады. Өнердің кәусар туындысы халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан шымырлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады. Мұқағали атамыздың әрбір қаламынан туған шығармаларынан сезінгенім: рухтың, аса бір ізгіліктің мекені , табиғаттың сиқырлы сый қоймасы , сезім-түйсіктің ең нәзік сазды пернесі бар ғаламның тіршілік ағзасы.

«Ғасыр ақыны» атанған ол таулы өлкеде, табиғаты бай аруақты өңірде туып, қазақ поэзиясының шыңын биіктете түскен, ұлттық әдебиет қазынасын ғажайып жырларымен байытқан, елін, халқын сүйген даңқты ақын. Өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл бұқараның сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын халқы да ешқашан есінен шығармасы шындық .


Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Ұзынарық елді – мекені Қ.Байболов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Бөлен Жанар
: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет