Мотивация-оқу-танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру негізі



Дата20.11.2017
өлшемі57.59 Kb.
Мотивация-оқу-танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру негізі.

12 жылдық мектептегі оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаның қабілеттерін толық көрсетіп,дамытатын негізгі тәсілдің бірі-әрекеттік тәсіл.

Білім берудің сәйкес сатылары бойынша оқушы бойында оқу – танымдық құзыреттілікті қалыптастыру. Бұл құзіреттіліктің мәні – оқушылар қоршаған дүниені тануда өздері үшін жаңа білімді дайын күйінде алмай,өз бетімен оқу әрекеттерін іске асыра отырып алуы.

Бастауыш сынып жасындағы балаға оқу әрекеті басты әрекет болып табылады,оқу әрекетінің дамуы баланың тұлғалыққасиетінің қалыптасуына негіз болады,-деген әдістемелік ұсынымдағы ой.

6 жасар бала үшін жаңа рөл-оқушы,жаңа әрекет –оқу.Оқу іс-әрекеттерінің негізгі компоненттеріне,оқу міндетін түсіну,оқу операцияларын орындау,өзін-өзі бақылау,өзін-өзі бағалау,өзін-өзі басқару,маңайымен дұрыс қарым-қатынас орнату жатады.

Осы мәселелерге олардың шаршамай,жалықпай,қызығушылықпен араласып кетуіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін керек етеді.

Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін,пәндік мақсаттарын ескере отырып,мұғалім оқу материалын игертуді ұйымдастыруда білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау,ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану,тұлғалық әрекеттік бағыттылықты реттеу,құзыреттілік түрінде оқушының қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция тудыру,қолдау көрсету,психологиялық жағымды орта құруды мақсат ететін кәсіби қызметінде жаңа педогогикалық технологиялардың интерактивті әдіс – тәсілдерін шеберлікпен қолдана білсе.

Оқу әрекеті мотивінің міндеті мен мақсатын айқын қою жөнінде пікір айтушы ғалымдар қатарында Т.Сабырыв,Қ.Қайым,С.Рахметова,Қ.Жарықбаев,В.Бицадзе,Н.Айғабыловтарды жатқызуға болады. Ғалымдар пікірі төмендегідей:

«Оқу әрекетінің өзіне тән мотивтері болады.Тәрбиешіге не оқитын адамның өзіне осы мотивтерді білу оның әрекетінің мақсатын дұрыс анықтау үшін аса қажет».

«Бала жақсы оқу үшін білімнің өмірде керек екенін түсінуі және сол

білімге қызығуы қажет ».

Оқу - таным әрекетіне түрткі (мотивация) жасау,әсер ету әдістері.

Осы топқа балалардың қызығу мүддесін туғызу,зейінін жинақтау және

оқуда борыш,жауапкершілік туғызу әдістері жатады.Бұл пікірлер оқу әрекетін бастауда және сабақтың өн бойында қажетті жерлеріне мотивация жасау сабаққа қызығушылық тудырудың бір жолы екенін айғақтайды.

Бастауыш сынып оқушыларының зердесінде бәрін білуге құштарлықтан туындайтын тамаша қасиет бар,сондықтан мұғалім әр уақытта оқушының рухани тілектерін ұдайы қанағаттандырып,оның табиғатты,өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын дамыту керек,ол үшін оқушылардың оқу жұмысының сапасын арттыратын мотивтерді

бірте-бірте күрделендіріп,мазмұнын жас ерекшелігіне сәйкестендіру шеберлігінде ойластырған жөн.

Қарапайым мотивті (оқығанына,жазғанына,сурет салғанына т.б немесе алған бағасына,мақтауға қызығу) күрделі мазмұнды мотивке (білмнің өмірге керек екенін түсінуге,халқына пайда келтіру т.б) айналдыруға,яғни қоғамдық мәні бар

перспективалық,интеллектік мотивтер қалыптастыруға күш салуды бірте-бірте оқушы санасына ендіру қажет.

Қызығуды тудыратын мотивтердің 3 түрлі жағдайда іске асырылатынын ғалым Т.Сабыров былайша көрсетеді.

1.Оқу материалдарының мазмұнына қызықтыру мотивтері

2.Оқытуды ұйымдастыру процесінің ерекшеліктерінебағытталған мотивтер.

3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастардың ерекшеліктері.

Ғалым пікірінде көрсетілген 3 жағдайға сәйкес мотивтерді дұрыс қолдану-оқушының қай пән болмасынсабаққа қызығушылығы мен белсенділігін тудыратын бірден-бір жол.

Оқу - әдістемелік ұсынымдар мен пәндік оқу бағдарламаларында сабақ құрылымының

3 кезеңі көрсетілген

1.Мотивациялық бағдарлау кезеңі

2.Танымдық-операционалдық кезеңі

3.Рефлексиялық-қорытынды кезеңі

Логикалық бір ізділігін сақтаған сабақ құрылымының 3 кезеңінде тиісті оқу міндеттерін шешетін оқу әрекеттері ұйымдастырылады.осы оқу әрекеттерін орындауда оқушылардың оқу қарқындылығын,белсенділігін тудыратын мотивтерді,яғни мотивациялық әдіс-тәсілдерді мұғалім тиімді іріктеп,сабақтың өн бойында қолдана алады.
Кіріспе-қызықтырушылық мотивтер

Оған оқушылардың сабаққа зейінін аудару,өтілетін тақырыпқа,оны меңгеруге байланысты жүргізілетін әрекет түрлеріне, түпкі күтілетін нәтижеге қызықтыру мотивтері жатады.

Мысал ретінде 1-сыныптағы “Ц дыбысы мен әрпі” тақырыбын меңгерту сабағында қолданылған мотив түрлеріне тоқталайық.

1.Сабаққа психологиялық дайындық мотиві.

Цирктен келген сайқымазақ.

Мұғалім: - Балалар, бүгін менің сендерге өте жақсы жаңалығым бар.Бүгін бізге сонау Алматы балалар циркінен сайқымазақ келіпті.Міне, өзі де келді...

Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар !

Балалар:Сәлеметсіз бе?

Сайқымазақ: Балалар, сендер менің кім екенімді білесіңдер ме? Иә, мен әлемдегі барлық сендер секілді балалардың досы, балаларға күлкі сыйлаушы сайқымазақпын. Бүгін сендердің сабақтарыңа қонақ болып келдім. Алдымен сендердің сабаққа деген ықыластарыңды, көңіл күйлеріңді білгім келеді. Балалар, көңіл күйлерің қалай?

(Балалар саусақтарын бүгіп, бас бармақтарын ғана ашып көрсетеді)

-Ке-ре-мет! Енді аздап сергіту қимылдарын жасайық.

Қолымызды екі жаққа жаяйық. (Қолдарын екі жаққа жаяды)

Қолдарымызды жақындатып, алақанымызды қосып, жаймен шапалақтайық.

Енді жылдамырақ, қаттырақ орындайық.(Балалар осылайша шапалақтайды).

-О-о, міне, керемет, жарайсыңдар! Өте көңілді балалар екенсіңдер!

-Балалар, мен қай жерде өнер көрсетемін?

-Циркте!

-Менің өнерімді тағы да тамашалағыңыз келе ме?

-Иә.

2.Өтілетін тақырыпқа, оқу әрекеттерінің түрлеріне, түпкі мақсатқа мотив тудыру.

Сайқымазақ: Балалар, онда тыңдаңдар. Сендер бүгінгі сабақта жаңа дыбыс пен әріпті үйренесіңдер. Жаңа сөз меңгересіңдер. Мәтінді оқып, түрлі ойын ойнайсыңдар. Ойынға белсене қатысасыңдар.

Ойланып жауап берсең, жаңа дыбыс естисің?

Жаңа дыбыс еліне көп мысал жинайсың.

Жұмбақтар елінен тапсырма аласың.

Осы оқу әрекеттерін нәтижелері орындасаңдар, мен тағы келіп, сендермен бірге өнер көрсетемін.Әзірше сау болыңдар.

Осы тапсырмаларды орындап болған кезде, мұғалім сайқымазақты шақырады.

Сайқымазақ: Балалар, сендер жаңа оқу-танымдық әрекетті жақсы орындадаыңдар. Жұмбақтар еліне саяхатқа шықтыңдар. Сендерге апайларың дән риза. Мен де ризамын. Сондықтан өнер көрсетуге дайынмын. Менімен бірге сергіту сәтін орындыдыңдар. Сайқымазақ қол, бас, дене мүшелерін қимылдатуға , жаттықтыруға арналған көңілді жаттығуларды оқушылырмен бірге жасайды.

Буратиноның бейнесі

Қорбаңдаған аюдың бейнесі

Қуыршақтың бейнесі

Жылының бейнесі

Сайқымазақ:

Балалар, бойларың, ойларың сергіді ме?Онда кітапен, дәптермен жұмыс жасаңдар! Келесі оқу әрекетеріңді жақсылап орындап, білім, білік игеріңдер.Тапсырманы жақсы орындасаңдар, апайларың мені шақырады. Мен сабақ соңында келемін Сау болыңдар!

Келесі оқу әрекеттері біткен кезде, сайқымазақ келеді.

Сайқымазақ:

-Ал, балалар, барлық тапсырманы жақсы орындадыңдар!

-Менің көрсететін өнерім сендер үйренген жаңа сөздерге байланысты болады.

-Сендер мен жұмбақтаған сөзді табыңдар. (Шеңбермен өнер көрсетеді).

Сұрағы:

-Қай құрал керек?



-Циркуль

(сандармен өнер көрсетеді)

-Қай сөзді жұмбақтадым?

-Цифр


-Мен өнерімді қайда көрсетемін?

-Циркте


3.Қорытынды-рефлексиялық мотивтер

Сайқымазақ:Балалар, бүгінгі сабаққа өте белсенді, қызығып қатыстыңдар.Жаңа дыбыс пен әріпті терең меңгңрдіңдер.Жаңа сөз үйрендіңдер.Сондықтан мен сендерді өз бейнемнің суреті бар фишкамен бағалаймын.

Жадырап жайнаймын.

Білімге қанбаймын.

Ізденуден танбаймын.( Көңілді сайқымазақ)

Қорыта айтқанда, оқушыны оқу-танымдық әрекетке қызықтыруда оның қалыптасуына ықпал етуде мотивациялық әдістердің орны ерекше. «Мотивация – оқушының белсенді танымдық іс әрекетке араласуына ықпал жасаушы үдерістер, әдістер, шаралар атамасы»,- деген педогогикалық анықтама бар.

Сабақта оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне түрткі жасап,қызығушылығын тудыратын,белсенділігін көтеретін мотивациялық әдістерді төмендегіше

жіктеуге болады.

Мотивациялық әдіс тәсілдердің түрлері

- Психологиялық дайындық жаттығулары

-Ұнамды көңіл – күй,сезім тудыру тәсілдері

-Қызықты тапсырмалар,танымдық ойындар

-Эвристикалық және мәселелі ізденістер

-Жетістіктерді салыстыру,қолдау,мадақтау тәсілдері

-Бала тілегіне,қасиеттеріне негізделген тапсырмалар


Білім берудің оң нәтижесін өнімінен көру әр оқушының қуанышы.Осы қолжетімділікке бағыттаушы-мұғалім болса,оның құралы-мотив,мотивация.
: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет