МҰнай ығыстыру әдісінде полимер өнімін қолдану



жүктеу 17.95 Kb.
Дата21.06.2018
өлшемі17.95 Kb.
_____________________________________________________c:\users\лена\desktop\логотип ао мангистаумунайгаз.png


МҰНАЙ ЫҒЫСТЫРУ ӘДІСІНДЕ ПОЛИМЕР ӨНІМІН ҚОЛДАНУ

(Қаламқас кен орны, Маңғыстау облысы)
Қазыналы түбектің қойнауынан «қара алтынның» тынысы ашылған кезеңнен бері қолданылып келе жатқан ескі технологияларды озық үлгіге алмастырып, өндіріске енгізу экономиканың өсу негізін қалайды. Бүгінде инновациялардың ағынына ілескен «Қаламқас» кен орны жер асты байлығын игеруде жаңа технологияларды қолдану арқылы өндірістің өрісін кеңейтуге басымдық береді.

«Қаламқас» кен орны ескіргендіктен суландыру көрсеткіші 90%-дан асты. Суландыруды тежеу үшін кен орнның батыс бөлігінде екі су айдау ұңғысына полимер айдауды жаңадан тәжірибеге енгізіп, осы әдісті жүзеге асыруда.


c:\users\лена\desktop\мангыстаумунайгаз\img_9489.jpg
Шет елден әкелінген полимер өнімін «ҚазНИПИмұнайгаз» Акционерлік Қоғамы мен қытайлық мамандар «Қаламқас» кен орнына лайықталған «SuperPusher К-129» маркалы сапалы полимер өнімін тәжірибелік аумағында мұнай ығыстыру әдісінде қолдана отырып тәжірибелік сынақтан өткізіп, зерттеу-талдау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жер асты қабаттарының жағдайы ескеріліп, геологиялық-физикалық жағдайларға сәйкес деп танылған.

Алғаш рет тәжірибеге енген іргелі жоба полимер айдау әдісі мұнай өндірудің мөлшерін сақтауға және көлемін арттыруға жол ашты. Бұрын ұңғымаға айдалған су мұнаймен араласып, «қара» алтынның өнімділігі төмен болды.Тың тәсілдің тиімділігі мұнай өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Технология толықтай автоматтандырылған, барлық жұмыс жүйесі монитордан басқарылады. Бункерге құрғақ полимер салынғаннан кейін құбыр арқылы PSU аппаратына жіберіледі. Онда уатылып, сосын ылғалдандырылады. Бункерге жіберілген полимер ерітіндісі дайын болғаннан кейін насос арқылы жоғары қысыммен ұңғымаға жіберіледі. c:\users\лена\desktop\мангыстаумунайгаз\img_9501.jpg

Зертханашы мамандар әр төрт сағат сайын полимер ерітіндісінің қоюлығын арнайы құрылғының көмегімен өлшейді. Өнімнің мөлшері, белгіленге деңгейі компьютерден басқарылатындықтан, тиісті нормадан ауытқушылық болмайды. Жаңа технологияның көмегімен ұңғымадағы қалдық мұнай қорларын алуға болады.


c:\users\лена\desktop\мангыстаумунайгаз\img_9505.jpg

«Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамының

баспасөз орталығы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет