Министерство здравоохранения рк


теріс Р өркеші экстрасистоланың QRS кешенінің алдында болуы



бет4/6
Дата22.12.2016
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5   6

теріс Р өркеші экстрасистоланың QRS кешенінің алдында болуы


  • теріс Р өркеші экстрасистоланың QRS кешенінің соңында болуы

  • Р өркеші экстрасистоланың қарыншалық кешенімен бірігіп кетуі

  • экстрасистолалық жиырылу кезінде ЭКГ-да Р өркешінің жоқ болуы
  • экстрасистоланың алдында Т - Р арақашықтығының ұзаруы


    18. Эктопиялық ошағы жүрекшелік-қарыншалық тораптың ортасында болатын экстрасистолия кезінде ЭКГ-да байқалады (2)
    1. теріс Р өркеші QRS кешенінің алдында болуы


    2. теріс Р өркеші QRS кешенінің соңында болуы

    3. Р өркеші қарыншалық кешенмен бірігіп кетуі
    4. екі фазалы Р өркешінің болуы

    5. экстрасистоладан соң жартылай теңгерулік үзіліс


    19. Эктопиялық ошағы жүрекшелік-қарыншалық тораптың төмен жағында болатын экстрасистолия кезінде ЭКГ-да байқалады (2)
    1. теріс Р өркеші QRS кешенінің алдында болуы


    2. теріс Р өркеші QRS кешенінің соңында болуы

    3. Р өркеші қарыншалық кешенмен бірігіп кетуі

    4. экстрасистолалық жиырылу кезінде ЭКГ-да Р өркешінің жоқ болуы

    5. жартылай теңгерулік үзіліс

    20. ЭКГ-дағы теріс Р өркеші тән (1)

    1. синустық экстрасистолияға

    2. жүрекшелік-қарыншалық экстрасистолияға

    3. сол қарыншалық экстрасистолияға

    4. оң қарыншалық экстрасистолияға

    5. жүрекшелік-қарыншалық бөгетке

    21. Қарыншалық экстрасистолия кезіндегі ЭКГ-ға тән (4)

    1. толық теңгерулік үзіліс

    2. қарыншалық кешеннің өзгеруі

    3. кезексіз қарыншалық кешеннің болуы

    4. экстрасистолиялық жиырылудың алдында Р өркешінің болуы

    5. экстрасистолия алдында Р өркешінің болмауы

    22. Ұзаққа созылған қарыншалық тахикардия ұстамасы көрінеді (3)

    1. жүрек шығарымының ұлғаюымен

    2. жүрек шығарымының азаюымен

    3. коронарлық қан ағымының азаюымен

    4. систолалық артериялық қысымның жоғарылауымен

    5. қарыншалардың лүпілдеуге немесе жыпылыққа ауысу қауіптілігімен

    23. Жүректің көлденең бөгеті деп атайды (1)
    1. қозудың Гис шоғырының оң аяқшасы бойымен өткізілуі бұзылуын


    2. қозудың Гис шоғырының сол аяқшасы бойымен өткізілуі бұзылуын

    3. серпіннің жүрекшелік-қарыншалық торап арқылы жүрекшелерден қарыншаларға өткізілуі бұзылуын

    4. қозудың жүрекшелер бойымен өткізілуі бұзылуын

    5. қозудың Пуркинье талшықтары бойымен өткізілуі бұзылуын

    24. Жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 1-дәрежесі кезіндегі ЭКГ-ға тән (1)

    1. кезексіз жүрек оралымының пайда болуы

    2. теріс Р өркеші болуы

    3. қарыншалық кешеннің түсіп қалуы

    4. қарыншалық кешеннің өзгеруі

    5. әрбір жүрек оралымында Р - Q арақашықтығының біркелкі ұзаруы

    25. ЭКГ-да Венкебах - Самойлов кезеңдерінің пайда болуы тән (1)

    1. жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 1-дәрежесіне

    2. жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 2-дәрежесіне

    3. жүрекшеішілік бөгетке

    4. жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 3-дәрежесіне

    5. жүрекшелердің өткізгіштік жүйесі бойымен серпіндер өткізілуі бұзылуына

    26. Жүректің толық көлденең бөгеті сипатталады (1)

    1. тахикардия ұстамаларымен

    2. жүрекшелер мен қарыншалардың сәйкессіз жиырылуымен

    3. жүрек жиырылуының біріне-бірі ауысатын жиілеу және сиреу кезеңдерімен

    4. жүректің шалыс соғуымен

    5. номотоптық жүрек ырғағымен

    27. Толық жүрекшелік-қарыншалық бөгет кезінде қарыншалар ырғағын басқарушы қалыптасады (1)

    1. синустық-жүрекшелік торапта

    2. жүрекшелерде

    3. Гисс шоғырында

    4. Гисс шоғырының сол аяқшасында

    5. Гисс шоғырының оң аяқшасында

    28. Жүректің толық көлденең бөгеті қабаттасады (6)

    1. ҚМК азаюымен

    2. тахикардиямен

    3. брадикардиямен

    4. АҚ төмендеуімен

    5. Морганьи-Адамс-Стокс синдромы дамуымен

    6. веналық қысымның жоғарылауымен

    7. веналық қысымның төмендеуімен

    8. коронарлық жеткіліксіздікпен

    29. Жыпылық аритмияның патогенезінде маңызы бар (5)
    1. кардиомиоциттердің рефрактерлік кезеңі қысқаруының


    2. кардиомиоциттердің қозғыштығы жоғарылауының

    3. синустық-жүрекшелік тораптан серпін шығуының біркелкі еместігінің

    4. "re-entry"тетігінің

    5. миокардтың электрлік біркелкі еместігінің

    6. кәлий иондарының жасушасыртылық мөлшері азаюының

    7. кардиомиоциттерде рН төмендеуінің

    30. Қанайналымының ауыр бұзылыстары дамиды (2)

    1. синустық тахикардияда

    2. синустық аритмияда

    3. ұстамалы тахикардия кезінде

    4. экстрасистолияда

    5. қарыншалар жыпылығы кезінде

    6. жүрекшелік-қарыншалық бөгеттің 1-дәрежесінде

    31. Қарыншалар жыпылығын патогенездік емдеудің әдісі болып табылады

    1. жүрек дефибрилляциясы
    2. жүрек гликозидтерін белгілеу


    3. гипотензиялық дәрілерді қолдану

    4. тыныштандыратын дәрілерді қолдану

    5. орталықтық аналептиктерді қолдану

    32. Жүректің толық көлденең бөгетін емдеу тәсілі болып табылады (1)
    1. жүрек гликозидтерін белгілеу


    2. атропинді белгілеу

    3. жүрек дефибрилляциясы

    4. ырғақсыздыққа қарсы дәрмектерді белгілеу

    5. жүрек түрткілегішін (кардиостимуляторын) қолдану

    2 тақырып Кардиогендік сілейме: себептері, даму тетігі, патофизологиялық сатылары.


    Мақсаты:

    1. Кардиогендік сілейменің патогенезін өздігінен оқу


    Тапсырма:

    1. Оқу материалдарын сұрақтар бойынша өңдеу:

    1. Кардиогендік сілейме, түсінігі, пайда болу себебі.

    2. Кардиогендік сілейменің патогенезі.

    1. Патогенездің сызбанұсқасын құрастыру

    2. Сынамалық тапсырмаларды шешу

    СӨЖ-дің орындалу түрі:

    Берілген әдебиеттер бойынша тақырыпты өзіндік оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, патогенездің сызбанұсқасын орындау, реферат, эссе, қойылымдар.


    Орындалу және бағалау критерилері: «Білімді бағалау тәртібі және критерилері» 2.11 бөлімнен қараңыз
    СӨЖ ді өткізу мерзімі

    «Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылауда

    ӘДЕБИЕТТЕР


    1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007.

    2. В.Ю. Шанин. Патофизиология критических состояний.- СПб: ЭЛБИ-СПб, 2003.- С. 163-177

    3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2009.- С. 222-230

    4. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 123-125

    5. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 99

    6. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 442-446.

    БАҚЫЛАУ


    Кардиогенді сілейме

    1. Кардиогендік сілейменің дамуына мүмкін болатын жағдай (1)



    1. Жұқпалы үрдіс

    2. Жарақат

    3. Қан жоғалту

    4. Сол жақ қарыншаның инфаркті

    5. Жәндіктердің шағуы

    2. Кардиогенді сілейменің себептері (5)

    1. Сол жақ қарыншаның миокард салмағының 1/3 бөлігінің некробиоздық зақымдалуы

    2. Жүректің толық көлденең бөгеті

    3. Жүрек тампонадасы

    4. Қарыншалардың жыпылығы

    5. Синусты тахикардия

    6. Өкпе артериясының эмболиясы

    3.Кардиогенді сілейме кезде естің бұзылуы негізделген (2)

    1. Мый гипоксиясы

    2. Алкалозбен

    3. Гиперволемиямен

    4. Ацидозбен

    5. Гиперазотемиямен

    4. Кардиогенді сілейме кезіндегі олигурия ненің нәтижесінде дамиды (4)

    1. Гипотензия

    2. Қан айналымының төмендеуі

    3. Жинақтаушы түтіктерде судың кері сіңірілуінің артуы

    4. Шумақтың афферентті артериолалардың тарылуы

    5. ҚМК-нің төмендеуі

    5. Кардиогенді сілейме кезінде аяқ-қолдардың бозаруы мен мұздауы негізделген (3)

    1. Артериалық гипотензиямен

    2. Шеткі тамырлардың тарылуы

    3. Гемдік гипоксиясымен

    4. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің межеқуатының жоғарлауы

    5. Симпатикалық жүйке жүйесінің межеқуатының жоғарлауы

    6. Кардиогенді сілейменің патогенезіндегі бастапқы тізбекті көрсетіңіз (1)

    1. Сол жақ қарыншаның соққылық көлемінің күрт төмендеуі

    2. Кедергілік тамырлардың межеқуатының төмендеуі

    3. Қанның дерттік қорлануы

    4. Артериялық қысымның төмендеуі

    5. Дерттік тамырдың тарылуы

    7. Кардиогенді сілейме кезінде артериялық қысымның төмендеуінің патогенезінің маңыздысы (1)

    1. Жүрек етінің жиырылғыш қабілетінің төмендеуі

    2. Кедергілік тамырдың межеқуатының төмендеуі

    3. Қанның дерттік қорлануы

    4. Гипоксия және ацидоз

    5. Дерттік тамырдың тарылуы

    8.Қандай сілейме кезінде АҚ ның төмендеуі организімдегі бұзылыстарының патогенезінің негізгі тізбегі болып табылады

    1. Жарақаттық

    2. Постгеморрагиялық

    3. Кардиогендік

    4. Күйіктік

    5. Сепсистік



    «ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ

    Мақсаты:

    1. Өткен тақырыптар бойынша аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстар бойынша студенттердің білімін бағалау

    Бақылаудың тапсырмалары:

    1. Өткен тақырып бойынша алған білімін бекіту


    Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар:

    1. Атеросклероздың этиологиясы

    2. Атеросклероздың дамуының жаңа теориялары

    3. Атеросклероздың патогенезі

    4. Аеросклероздың асқынулары

    5. Атеросклероздың алдын-алу шаралары мен емдеу ұстанымдары

    6. Коронарлық жеткіліксіздік, түсінігі, түрлері (нағыз, салыстырмалы), патогенезі

    7. Коронарлық қанайналымының қайтымды және қайтымсыз бұзылыстарының сипаттамасы, себептері, патогенезі

    8. Коронарлық қанайналымының қауырт және созылмалы жеткіліксіздігінде жүрек қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгерістері.

    9. Артериялық гипертензия, түсінігі, түрлері

    10. Тәжірибеде артериялық гипертензияның патогенезін оқу. Екіншілік (әйгіленімдік) артериялық гипертензиялар, түсінігі.

    11. Біріншілік артериялық гипертензияның қауіп- қатер жайттары

    12. Біріншілік артериялық гипертензияның патогенезі.

    13. Артериялық гипертензияның алдын-алу шаралары мен емдеу ұстанымдары

    14. Жүрек жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.

    15. Жүрек жеткіліксіздігінің зорығулық түрі, себептері, көлеммен (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен (жүрек соңылық жүктеме) зорығуының себептері.

    16. Жүре пайда болған жүрек ақаулары, анықтамасы, түсініктеме, этиологиясы, қанайналымы өзгерістерінің патогенезі.

    17. Балалардағы туа пайда болған жүрек ақаулары (жүрекше аралық, қарынша аралық қалқанның ақауы, Фалло тетрадасы, Ботал өзекшесінің бітелмеуі).

    18. Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.

    19. Жүрек қызметінің коронарогенді емес жеткіліксіздігінің миокардтық түрі. Кардиомиопатиялар түрлері, себептері, патогенезі.

    20. Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің молекулалық-жасушалық механизмдері (мембрана мен ферменттік жүйелердің зақымдануы, иондық дисбаланс, энергиямен қамтамасыз ету және реттелуінің бұзылыстары).

    21. Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздінің теңгерілмеген сатысының клиникалық көріністері.

    22. Жүрек ырғақсыздықтары туралы түсінік, жіктелуі.

    23. Автоматизм бұзылысынан дамыған жүрек ырғақсыздықтары, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістері.

    24. Өткізгіштік бұзылысынан дамыған жүрек ырғақсыздықтары, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістері.

    25. Экстрасистолия туралы түсінік, себептері, даму тетіктері, түрлері, ЭКГ өзгерістері.

    26. Ұстамалы тахикардия және жыпылықтаушы аритмия туралы түсінік. Аритмиялар дамуында “re-entry” тетігінің маңызы

    27. Балалардағы аритмиялар дамуының ерекшеліктері

    сынамалық тапсырмалар

    1. «Көпіршік жасушалардың» түзілуі майлардың жиналуына байланысты

    1. нейтрофилдерде

    2. макрофагтарда

    3. лимфоциттерде

    1. эритроциттерде

    1. эндотелий жасушаларында

    2. Атеросклероздың асқынуларына жатпайтыны

    А) артериялардың тромбозы

    В) веналардың тромбозы

    С) тромбоэмболия

    D) қолқа қақпақшаларың жеткіліксіздігі

    Е) жүректің ишемиялық ауруы



    3. Шынайы коронарлық жеткіліксіздіктің себебне жатпайтыны

    1. тарылтатын коронаросклероз

    2. ұстамалы тахикардия

    3. тәж артерияларының тарылуы

    4. миокардта зат алмасу үрдістері бұзылуы

    5. тәждік артериялардың тромбоэмболиясы

    4. Шынайы коронарлық жеткіліксіздіктің себебі болуы мүмкін

    1. тарылтатын коронаросклероз

    2. ұстамалы тахикардия

    3. гиперкатехоламинемия

    4. миокардта зат алмасу үрдістері бұзылуы

    5. тәждік артериялардың -адренорецепторларының белсенденуі

    5. Жүректің коронарогендік зақымдануынан дамиды

    1. миокардит

    2. миокард инфаркты

    3. идиопатиялық кардиомиопатия

    4. эндокардит

    5. перикардит

    6. Миокард ишемиясы салдарына жатпайтыны

    1. тотығулық фосфорлану белсенділігінің төмендеуі

    2. гликолиздің күшеюі

    3. сүт қышқылының азаюы

    4. АҮФ қорының артуы

    5. ишемияланған жасушалардың ішінде К+мөлшерінің жоғарылауы

    7. Миокард ишемиясы салдарынан байқалады

    1. гликолиздің күшеюі

    2. тотығулық фосфорлану белсенділігінің төмендеуі

    3. сүт қышқылының азаюы

    4. АҮФ қорының артуы

    5. ишемияланған жасушалардың ішінде К+ мөлшерінің жоғарылауы

    8. Айқын цианозбен қабаттасатын жүректің туа пайда болған ақауы

    1. Өкпе артериясының өзегі тарылуы

    2. Қарыншааралық перденің аздаған ақауы

    3. Артериялық өзектің бітпеуі

    4. Фалло тетрадасы

    5. Қолқа каорктациясы

    9. Миокардтың реперфузиясынан соң микроциркуляцияның қалпына келуін тудырады

    1. лейкоциттердің оттегінің белсенді түрлерін және қабыну дәнекерлерін түзуі

    2. эндотелий жасушаларының ісінуі

    3. ұсақ қан қатпарларының түзілуі

    4. кіші қан тамырлары қабырғасының зақымдануы

    5. артериялық гиперемияның пайда болуы

    10 . Коронарлық жеткіліксіздік кезінде майлардың асқан тотығуының белсенділенуіне кедергі жасайды

    1. миокардта прооксиданттар мен МАТ-ның субстараттарының мөлшерінің артуы

    2. антиоксиданттардың белсенділігінің төмендеуі

    3. ишемиядан кейінгі реперфузия

    4. жүректе катехоламиндердің мөлшерінің артуы

    5. жүрек ет жасушаларында супероксиддисмутазаның және каталазаның белсенділігінің жоғарылауы

    11. Миокар инфарктының арнайыланған маркерлері болып табылады

    1. миоглобин

    2. TnT және TnI тропониндер

    3. КФ-МВ-2/ КФ-МВ-1 ара-қатынасы

    4. ЛДГ-1/ЛДГ-2 ара-қатынасы

    12. Қантамырларының шеткі кедергісінің жоғарылауын және гипертензияны туындатады

    1. брадикинин

    2. ангиотензин II

    3. аденозин

    4. азот тотығы

    5. простациклиндер

    13. Қантамырларының шеткі кедергісінің төмендеуін және гипотензияны туындатады

    1. катехоламиндер

    2. тромбоксан А2

    3. ангиотензин II

    4. эндотелиндер

    5. азот тотығы

    14 . Дәрі-дәрмекті қабылдағаннан соң науқаста артериялық қысым жоғарылады, ал қан ағымына жалпы шеткері кедергі төмендеді. Мүмкін, бұл дәрі туындатты

    1. вазоконстрикцияны және ҚМК азаюын

    2. вазодилатацияны және ҚМК жоғарылауын

    3. вазоконстрикцияны және ҚМК жоғарылауын

    4. вазодилатацияны және ҚМК азаюын

    5. вазоконстрикцияны, ҚМҚ өзгермейді

    15. Алғашқы артериялық гипертензияны тудырмайтыны

    1. психоэмоцияға стрессорлық ықпалдардың жиі теріс әсері

    2. мембраналық иондық сораптар жұмысының тұқым қуалайтын ақауы

    3. бүйрек артерияларының тарылтатын атеросклерозы

    4. симпатоадреналды жүйенің гиперергиясы

    5. тұзды артық пайдалану

    16. Артериялық гипертензияның даму тетіктеріне жатпайтыны

    1. ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділенуі

    2. калликреин-кинин жүйесінің белсенділенуі

    3. депрессорлық жүйкелер бойымен қолқа және ұйқы синустары барорецепторларынан келетін афференттік серпіндер жүруінің әлсіреуі

    4. глюкокортикостероидтардың артық өндірілуі

    5. минералокортикостероидтардың артық өндірілуі

    17. Гипертониялық аурудың патогенезінде маңызы жоғы

    1. симпатикалық жүйке орталықтарында қозғыштықтың тұрақты жоғарылауының

    2. эмоциялық орталықтардың созылмалы қозуының

    3. мый қыртысының қан тамырларының қозғалтқыш орталығына тежегіш ықпалы төмендеуінің

    4. қан тамырлары миоциттерінің мембраналық иондық сорабының тұқым қуалайтын ақауының

    5. бүйрек үсті бездерінің қыртысы қызметі жеткіліксіздігінің

    18. Жасушалық мембраналардың иондық сораптарының тұқым қуалайтын ақауы кезінде АҚ жоғарылауының патогенезінде маңызыжоғы

    1. бүйрекпен организмнен натрий және су шығарылуының төмендеуінің

    2. қан тамырларының миоциттерінде натрий мен кәлций жиналуының

    3. организмде натрий мен су мөлшері жоғарылауының

    4. қан тамырлары миоциттерінің катехоламиндерге сезімталдығы жоғарылауының

    5. айналымдағы қан көлемі азаюының

    19. Қан тамырлары миоцитерінің жасушалық мембраналарының тектік ақауы, гипертензияға әкеледі

    А) жасушалар цитоплазмасында кәлций мөлшері жоғарылағанда

    В) жасушалар мембранасының электрлік әлеуеті ұлғайғанда

    С) жүйке тармақтарының дәнекерлерді қайтадан қамтуының жылдамдығы жоғарылағанда

    D) миозиннің АҮФ-азалық белсенділігі тежелгенде

    Е) қан тамырлары қабырғасына дәнекерлер әсер ету уақыты азайғанда



    20 . Алғашқы артериялық гипертензияға тән

    A) артериолалар межеқуатының тұрақты көтерілуі

    B) бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

    C) ренин өндірілуінің төмендеуі

    D) азот тотығының өндірілуінің жоғарылауы

    Е) гповолиемия



    21. Алғашқы артериялық гипертензияның тұрақтану кезеңіне тән

    A) азот тотығының аз өндірілуі

    B) бүйрекпен ренин сөлденісінің жоғарылауы

    C) калликреин-кинин жүйесінің белсенділенуі

    D) натрийурездік гормон өндірілуінің жоғарылауы

    E) бүйрекпен простагландиндер Е1 және Е2 өндірілуінің жоғарылауы



    22. Әйгіленімдік артериялық гипертензиялардың арасында аса жиі кездесетіні

    1. эндокриндік

    2. бүйректік

    3. орталық нейрогендік

    4. рефлекстік нейрогендік

    5. қанайналымдық

    23. Реноваскулалық бүйректік гипертензияның патогенезінде маңызы бар

    A) ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе белсенділенуінің

    B) бүйрек ұлпасының азаюы

    C) бүйректе депрессорлық заттар өндірілуі азаюының

    D) бүйректік кининдер сөлденісі жоғарылауының

    E) бүйректе натрийдың кері сіңірілуі азаюының



    24. Реноұлпалық артериялық гипертензияның патогенезінде маңызы бар

    A) ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйе белсенділенуінің

    В) эритропоэтин сөлденісі төмендеуінің

    С) бүйректе судың кері сіңірілуі жоғарылауының

    D) бүйректік кининдер, простагландиндер сөлденісі азаюының

    E) бүйректе натрийдың кері сіңірілуі жоғарылауының



    25. Мый жарақаты кезіндегі артериялық гипертензия жатады

    1. эссенциалдық артериялық гипертензияларға

    2. нейрогендік артериялық гипертензияларға

    3. эндокриндік артериялық гипертензияларға

    4. дәрі-дәрмектік артериялық гипертензияларға

    5. бүйректік артериялық гипертензияларға

    26. Гипернатриемия кезіндегі артериялық гипертензия байланысты

    1. рениннің гиперсекрециясына

    2. гиперволемия дамуына

    3. гематокриттің төмендеуіне

    4. қан қоюлануына

    5. эндотелиоциттермен простациклин түзілуінің белсенділенуіне

    27. Артериялық гипертензия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі

    Стресс → кортикостероидтардың көбеюі → ангиотензиноген және ангиотензинге ауыстыратын фермент түзілуінің жоғарылауы → ? → қан тамырларының тарылуы → ЖШТК жоғарылауы → артериялық гипертензия

      1. бүйректе судың кері сіңірілуінің жоғарылауы

      2. қан тамырлары миоциттерінің катехоламиндерге сезімталдығының жоғарылауы

      3. ангиотензин ІІ түзілуінің жоғарылауы

      4. қан тамырларының шеткері жалпы кедергісінің (ҚШЖК) жоғарылауы

      5. әлдостерон сөлденісінің жоғарылауы

    28. Артериялық гипертензияны үлгілеу әдісіне жатпайтыны

    1. Людвиг – Цион және Геринг «депрессорлық» жүйкелерін екі жақты кесу

    2. бүйрек үсті бездерінің екеуін де алып тастау

    3. бір бүйректі алып тастау және екіншісінің артериясын қысып тастау

    4. ұйқы артериясының тармақтарын байлау

    5. неврозды үлгілеу

    29. Артериялық гипертензияны патогенездік емдеуде қолданылмайтыны

    1. ауыру сезімін басатын дәрілер

    2. тыныштандыратын, ұйқы шақыратын дәрілер

    3. АПФ –тің тежегіштері

    4. зәрайдағыштар

    5. альфа-адреномиметиктер

    30. Жүректің қызметінің сүлде жеткіліксіздігінің себебі

    1. жүректің бітелуі

    2. кардиосклероз

    3. жедел миокардит

    4. гипертрофияланған миокардтың жедел теңгерілмеуі

    5. ұстамалы тахикардияның ұстамасы

    32. Оң қарыншалық жеткіліксіздіктің себебі бола алады

    1. үлкен қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

    2. кіші қанайналымы шеңберінің артериялық гипертензиясы

    3. жүректің сол қарыншасының алдыңғы қабырғасының инфаркты

    4. жүректің қос жарғақты қақпақшасының жеткіліксіздігі

    5. миокардит

    33. Оң қарыншалық жеткіліксіздікке тән емес

    1. іш шемені

    2. күре тамырларының ісінуі

    3. аяқ-қолдың ісінуі

    4. гепатомегалия

    5. өкпе ісінуі

    34. Оң қарыншалық жеткіліксіздікке тән

    1. өкпе ісінуі

    2. іш шемені

    3. қан құсу

    4. жүректік астма

    5. кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы

    35. Сол қарыншалық жеткіліксіздіктің себебі

    1. қос жарғақты қақпақшаның жеткіліксіздігі

    2. созылмалы пневмония

    3. кіші қанайналымы шеңберінің гипертензиясы

    4. үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі

    5. өкпе эмфиземасы

    36. Жүректің сол қарыншалық жеткіліксіздігі көрінеді

    1. үлкен қанайналым шеңберінде қанның веналық іркілуімен

    В) күре тамырларының ісінуімен

    С) өкпе ісінуімен



    1. іш шеменімен

    2. гепатомегалиямен

    37. Жүректің қан көлемімен зорығуы дамуы мүмкін

    1. қолқа коароктациясы кезінде

    2. артериялық гипертензияда

    3. артериялық гипотензияда

    4. қақпақша тесігі тарылғанда

    5. жүрек қақпақшаларының жеткіліксіздігі кезінде

    38. Жүректің «кедергімен» зорығуы дамиды



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6


    ©stom.tilimen.org 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет