Міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде



жүктеу 53.29 Kb.
Дата24.04.2018
өлшемі53.29 Kb.
Қызметкердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

міндетті сақтандыру шартын жасау кезінде

сақтанушы нені білуі керек

2005 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында “Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы” 07.02.05ж. № 30-ІІІ Заңы қолданысқа енгізілді.


Сақтандырудың осы түрінің мақсаты қызметкердің еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келуі мүмкін жағдайда қызметкердің мүліктік мүддесін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады.
Міндетті сақтандыру құрамына жұмысты еңбек шарты (келісім-шарт), сондай-ақ егер олардың жасаған іс-қимылы немесе жасауы тиіс іс-қимылы тапсырма бойынша және тиісті заңды тұлғаның немесе жұмыс қауіпсіздігіне жауапты азаматтың бақылауымен орындайтын азаматтар санаттары кіретін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген көлемдегі жұмыс берушінің жауапкершілігі кіреді.
“Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастары бар заңды немесе жеке тұлға.
Жоғарыда аталып өткендей, жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру қызметкердің еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келуі мүмкін жағдайда оның пайдасына сақтанушы (жұмыс беруші) мен сақтандыру ұйымы (сақтандырушы) арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар сақтанушымен шарт өтініш негізінде міндетті сақтандырудың тек осы сыныпы бойынша қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады.
Шарт тек жазбаша нысанда сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беру жолымен жасалады. Мұндайда шарттың жазбаша нысанын сақтамау оның заңсыздығына әкеліп соғады.
Жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартында мыналар болуы тиіс:


  1. сақтандырушының атауы, орналасқан орны және банктік деректемелері;

  2. cақтанушының фамилиясы, аты-жөні (бар болса) мекен-жайы (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның (егер ол заңды тұлға болса) атауы, орналасқан орны және банктік деректемелері;

  3. сақтандыру объъектісін көрсету;

  4. сақтандыру жағдайын көрсету;

  5. сақтандыру сомасының мөлшері, сақтандыру төлемін жасаудың тәртібі және мерзімі;

  6. сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оған төлем жасаудың тәртібі және мерзімі;

  7. шарт Тараптарының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;

  8. жағдай және шартқа өзгерістер енгізу тәртібі және оның мерзімін ұзарту;

  9. Шарт жасалған күн және қолданылу мерзімі;

  10. Сақтандыру полисінің нөмірі және сериясы.

Тараптар келісімі бойынша шартқа басқа да талаптар енгізілуі мүмкін. Міндетті сақтандыру шартында көрсетілуі тиіс талаптар толық болмағаны үшін сақтандырушы жауап береді. Міндетті сақтандыру шарты бойынша дау пайда болған жағдайда оның жеке шарттарының толық болмау салдарлары заңнамаға сәйкес дау сақтанушының пайдасына шешіледі. Сондай-ақ егер сақтандырушымен жасалған міндетті сақтандыру шарты Заңда көзделгенмен салыстырғанда сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын нашарлататын шарттар бойынша жасалған болса, онда сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырушы сақтанушының немесе пайда алушының алдында Заңда көзделген талаптар бойынша міндеттеме алады. Бұл арада жұмыс берушінің назарын мынаған аудару керек, олар сақтандыру шартын жасаған кезде оның шарттарымен ұқыпты түрде танысуы танысуы тиіс болады.


Жұмыс берушінің жауапкершілігі үшін жасалған міндетті сақтандыру шарты ол күшіне енген күннен бастап он екі ай мерзіммен жасалады, бұдан аз мерзім берілген жағдайда – жұмыс берушінің осы қызметті жүзеге асыру мерзімі аралығына жасалады.
Міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайындағы жұмыс берушінің жауапкершілігі болып жұмыс берушінің басына қызметкердің еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келгендігі туралы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мойындайтын фактісі табылады.
Қызметкердің өмiрi мен денсаулығына келтірілген зиянның мөлшерін сақтанушының Заңға сәйкес ұсынған құжаттары негізінде сақтандырушы анықтайды. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оның тұрақты түрде жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты еңбекақысын (кірісін) жоғалту жөніндегі зиян мөлшері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес белгіленеді. Атап айтқанда, жоғалтқан еңбекақысының (кірісінің) өтелуге тиісті мөлшері жарақат алғанға дейінгі орташа айлық еңбекақының (кірістің) немесе денсаулығының өзге жағдайдағы не зардап шегушінің кәсіби жұмыс қабілетін жоғалу жөніндегі тиісті дәрежесіне сай келетін еңбек қабілетін жоғалтуға дейінгі, ал олай болмаған жағдайда – жалпы еңбек қабілетінің бұзылу процентімен белгіленеді.
Сақтандыру сомасының мөлшері міндетті сақтандыру шартымен белгіленеді. Мұндайда сақтандыру сомасы қызметкерлер санаттары (өндірістік, әкімшілік-басқару, қосалқы) бойынша барлық қызметкерлердің жылдық жалақы төлеу қорынан кем болмауы тиіс.
Сондай-ақ сақтандыру сыйлықақысының мөлшері Заңда сақтандыру сомасына көбейтіліп белгіленген сақтандыру тарифі негізінде анықталады. Заңнама бойынша кәсіби тәуекел сыныпына және экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлер санатына қатысты сақтандыру сыйлықақыларының барынша төмен және барынша жоғары мөлшерлері белгіленген. Экономикалық қызмет түрлерін кәсіби тәуекел сыныптарына жатқызу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Төменде көрнекі салыстыру үшін Заң кестесінен бірнеше дерек келтіріліп отыр:
1) өндірістік қызметкер (санат): (сынып) – 1, барынша төмен тариф – 0,04%, барынша жоғарғысы – 0,13 %, ал 22 сынып бойынша – тиісінше сақтандыру сомасына көбейтілгені - 4,36 % және 9,17 %;

  1. әкімшілік-басқару қызметкерлері: кәсіби тәуекелдің барлық сыныптары үшін - тиісінше сақтандыру сомасына көбейтілген барынша төмен тариф – 0,04%, барынша жоғарғысы – 0,10 %;

  2. қосалқы қызметкер: кәсіби тәуекелдің барлық сыныптары үшін - сақтандыру сомасына көбейтілген барынша төмен тариф–0,47%,барынша жоғарғысы– 2,15 %.

Қызметкердің қайтыс болуына немесе оның денсаулығын жоғалтуына байланысты зиян үшін сақтандыру төлемі жұмыс берушінің жауапкершілігіндегі міндетті сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру сомасынан аспайтын нақты зиянның мөлшері бойынша жасалады. Қызметкердің қайтыс болуына немесе оның тұрақты түрде жұмыс қабілетін жоғалтуына байланысты жағдайда жұмыс беруші қызметкердің не Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкердің қайтыс болуына байланысты зиянды қайтарып алу құқығы бар адамның пайдасы үшін тиісті лицензиясы бар сақтандыру ұйымымен аннуитет шартын жасауы міндетті. Аннуитет шарты – сақтандырушының пайда алушының пайдасы үшін шартта белгіленген мерзім аралығында кезең-кезеңімен төлем жасау түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруы міндетті болып табылатын сақтандыру шарты.


01.11.05ж. жағдай бойынша 26 сақтандыру ұйымының уәкілетті органның (Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі(бұдан әрі - Агенттік)) аталған сақтандыру түрін жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар. Сақтандыру ұйымдары туралы ақпарат тұрақты түрде Агенттіктің сайтында (www.Afn7kz) орналастырылады.
Заңның енгізілуі іс жүзінде мынаны көрсетіп отыр, сақтандыру қызметін жұмыс беруші ұйымдарға сату жөніндегі тендерге өтінім беру кезінде сақтандыру сыйлықақыларын қолданылып жүрген заңнамада белгіленген нормадан төмен тариф бойынша есептеуі бұл маңызды тәртіп бұзу болып табылады. Осыған байланысты осындай фактілер орын алған кезде тәртіп бұзушылар үшін тиісті шаралар қолдану үшін Агенттікке хабардар ету тиісті болып табылады.
Осы мақала таза ақпараттық сипатта болып отыр және жалпы ол қызметкердің өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру негізінде пайда болатын жағдайлар бойынша міндетті сақтандыру жүйесін ұйымдастырудың негізгі принциптерін негіздеу үшін қолға алынды. Сондай-ақ Заңда жұмыс берушінің сақтандыру шартын уақтылы жасауға қатысты мәселелер бойынша сақтанушы мен сақтандырушының жауапкершілігін күшейтетін, сондай-ақ оның шарттарын орындауды талап ететін нормалар бар.
: cont -> kfn -> cont
cont -> Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру туралы
cont -> Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру
cont -> Сақтандыру ұйымдары мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің ынтымақтастығы туралы «Қазақстанның аргументтер және фактілер»
cont -> Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 2008 жылғы 1 мамырдағы ағымдағы жағдайы
cont -> 2008 жылғы 1 қарашадағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы
cont -> 2008 жылғы 1 қазандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы жағдайы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет