Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы



бет1/7
Дата12.07.2017
өлшемі1.34 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10987 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың,кәсіптердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшелік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Ұлттық экономика
      министрі                                     Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»


      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 9 cәуір

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 175 бұйрығымен  
бекітілген      

Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың,кәсіптердің тізбесі



1. Жұмыскерлерді алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру
міндетті қауіпті және зиянды заттар, қолайсыз өндірістік
факторлар және жұмысқа жіберуге медициналық қарсы көрсетілімдер



Қауіпті және зиянды заттар мен өндірістік факторлар

Тексерулер мерзімділігі

Дәрігерлердің, мамандардың қатысуы

Зертханалық және функционалдық зерттеулер

Медициналық қарсы көрсетілімдер

1

2

3

4

5

6

1.Қауіпті және зиянды заттар

1. Химиялық қосындылар мен элементтер

1

Азоттық бейорганикалық қосындылар (азот қышқылы, аммиак, азот оксиді)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, электрокардиография (бұдан әрі – ЭКГ), флюорография (бұдан әрі – ФГ)

Жоғары тыныс алу жолдарының таралған жан-жақты субатрофиялық өзгерістері, гиперпластикалық ларингит. Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары

2

Алифатиялық (шекті, шекті емес) және хош істі альдегидтер (формальдегидА, ацетальдегид, акролиин, бензальдегид, фтальды  альдегид)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, невропатолог, дерматовенеролог, аллерголог

Тромбоциттермен қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары, бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Қанның созылмалы аурулары

3

Альдегидтер және кетондар галоген туындылары (хлорбензальдегид, фторацетон, хлорацетофенон)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, дерматовенеролог, офтальмолог, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Терінің созылмалы аурулары. Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары.
Көздің алдыңғы тілігінің (қабақ, мөлдірқабық, конъюктива, жас шығару жолдары) созылмалы аурулары

4

Органикалық қышқылдардың аминдері, амидтері, анилидтер және басқа да туындылары (диметилформамид, диметилацетамид, капролактамА)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қан билирубині, аланинаминотрансфераза (бұдан әрі - әрі АЛАТ), ЭКГ, ФГ, спирография

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.
Терінің қайталама созылмалы аурулары.
Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары. Айқындалған қан тамырлары дистониясы

5

Бериллий және оның қосындыларыА

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог, онколог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ, алдына ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет

Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Терінің қайталама созылмалы аурулары. Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары. Гиперпластикалық ларингит (бериллий қосындылары ерітінділерімен жұмыс кезінде)
Аллергиялық аурулар.

6

Бор және оның қосындылары (боракарбидФ, нитридФ)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары. Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

7

Бор сутектері

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, қанның билирубині, АЛАТ, ЭКГ, ФГ

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары. Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

8

Хлор, бромА, йодА, сутегімен қосындысы, оксидтер

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, офтальмолог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, ЭКГ, ФГ

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Терінің қайталама созылмалы аурулары. Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары

9

Фтор және оның бейорганикалық қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, оториноларинголог, стоматолог, дерматовенеролог, офтальмолог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, ЭКГ, ФГ, 5 жылдан астам өтілі болған кезде 3 жылда 1 рет мұрағатта барлық рентгенограммаларды сақтай отырып, түтікше сүйектерінің рентгенографиясы

Созылмалы субатрофиялық және атрофиялық риниттер. Гиперпластикалық ларингит.
Мұрын қуысының шырышты қабығының эрозиясы. Ауыз қуысының аурулары. Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.
Сүйек құрылымы зақымданған тірек-қозғалыс аппаратының созылмалы ауруы.
Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Терінің қайталама созылмалы аурулары. Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары

10

Фосгендер

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы

спирография, ЭКГ, ФГ



Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары

11

Гидразин және оның туындылары (фенилгидразин)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невролог, дерматовенеролог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, билирубин, АЛАТ, ЭКГ, ФГ

Гепатобилиарлық жүйенің жиіленген асқынулары болатын созылмалы аурулар.
Терінің қайталама созылмалы аурулары

12

Кадмий және оның қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, невролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары. Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Бүйректің жиі қайталанатын созылмалы аурулары

13

Металл карбонилдері: никель, кобальт, темір

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының жан-жақты дистрофиялық және аллергиялық аурулары. Аллергиялық аурулар

14

Кетондар алифатиялық және хош иісті (ацетон, метилэтилкетон, ацетофенон)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ,

ФГ


Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары

15

Органикалық қышқылдар (құмырсқа, сірке, пропион, май, валериана, капрон, қымыздық, адипин, акрил, нафтен). Галоген туындыларының органикалық қышқылдары хлор сіркесу, трихлор сіркесу, перфтор май, трихлорпропион) Органикалық қышқылдар, ангидридтер

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық бұзылулары. Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары. Терінің созылмалы аурулары.
Ауыз қуысының созылмалы аурулары

16

ФтальА қышқылы

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ

Аллергиялық және аутоиммундық аурулар

17

КобальтА

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде екі жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Аллергиялық аурулар. Терінің созылмалы аурулары

18

Ванадий, молибден, вольфрам, ниобий, тантал және олардың қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезінде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Тыныс алу жолдарының және терінің созылмалы қайталама аллергиялық аурулары

19

Кремнийдің органикалық қосындылары (силандар)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, офтальмолог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары. Гиперпластикалық ларингит.
Жиі асқынатын бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.
Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары.
Аллергиялық аурулар (шыны талшықтарын майлау жұмыстары кезінде).

20

МарганецА және оның қосындылары

Жылына 1 рет

Невропатолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары. Аллергиялық аурулар. Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары. Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Орталық нерв жүйесінің аурулары.

21

Мыс және оның қосындылары. Күміс, алтын және оның қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары. Жоғары тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары.
Жиі асқынулары бар гепатобилиарлы жүйесінің созылмалы аурулары.

22

Сілтілі металдар және оның қосындылары (натрий, калий, рубидий, цезий, натрий, калий гидро тотығы). Жер-сілтілі металдары (кальций, стронций, барий және олардың қосындылары). Сирек кездесетін металдар (лантан, итрий, скандий, цезий және олардың қосындылары)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, көрсетілімдер, бойынша аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы,

спирография, ЭКГ, ФГ



Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары. Қайталама созылмалы, оның ішінде терінің аллергиялық аурулары.

23

Литий

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, дерматовенеролог

Қанның жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ

Көру жүйесінің және торқабықтың аурулары

24

Күшәла және оның бейорганикалық К және органикалық қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, оториноларинголог, дерматовенеролог, гинеколог, онколог

Қанның жалпы талдауы, ретикулоциттер, АЛАТ, билирубин, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары. Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.
Терінің қайталама созылмалы аурулары.
Кез келген жерде орналасқан қатерсіз ісіктер.

25

Никель және оның қосындылары А.К

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог, гинеколог, онколог

Қанның жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық оқшауланған аурулары (никельмен жұмыс жасаған кезде гиперпластикалық ларингит).
Газтұтқышпен жұмыс істеуге кедергі болатын тыныс алу жолдарының және жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары.
Кез келген жерде орналасқан қатерсіз ісіктер. Аллергиялық аурулар.
Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары

26

Озон

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, көрсетілім бойынша аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

27

Органикалық тотықтар (этилен тотығы, пропилен тотығы, эпихлоргидринА, гидрототықтар) бейорганикалық тотықтар (пергидроль)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, көрсетілім бойынша аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Терінің созылмалы аурулары.
Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары.

28

Қалайы және оның қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

29

Платина металдары және олардың қосындылары А (рутений, родий, палладий, осмий, иридий, платина)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты оқшауланған дистрофиялық аурулары.
Созылмалы қайталама аурулар. Аллергиялық аурулар.

30

Сынап және оның қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, стоматолог

Қанның жалпы талдауы, несептегі сынапты анықтау, ЭКГ, ФГ

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.
Невроздар.
Айқын вегетативті дистония.
Жақ және тіс аурулары (созылмалы гингивит, стоматит, пародонтит)

31

Қорғасын және оның бейорганикалық қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, көрсетілімдер бойынша гематолог

Қанның жалпы талдауы, эритроциттер, ретикулоциттер саны, базофильді түйіршіктілігі бар эритроциттер саны, қандағы және несептегі қорғасын, ЭКГ, ФГ

Ерлерде бір литрге 130 милиграммнан (бұдан әрі – мг/л) кем емес, әйелдерде 120 мг/л гемоглобиннің болуы.
Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.
Бауырдың созылмалы жиі асқынатын аурулары.

32

Тетраэтил қорғасыны

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, көрсетілімдер бойынша психиатр

Қанның жалпы талдауы, эритроциттер, ретикулоциттер саны, базофильді түйіршіктілігі бар эритроциттер саны, қандағы және несептегі қорғасын, ЭКГ, ФГ

Нерв жүйесінің созылмалы аурулары

33

Селен, теллур және олардың қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог

Қанның жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары

34

Күкірт оксидтері, қышқылдары

Жылына 1 рет

Терапевт, оториноларинголог, офтальмолог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының жан-жақты субатрофиялық және аллергиялық аурулары. Аллергиялық аурулар, оның ішінде метил күкірт қосындыларымен жұмыс істеу кезінде терінің аллергиялық аурулары. Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Көздің созылмалы аурулары.

35

Күкірт сутегі

Жылына 1 рет

Невропатолог, терапевт, оториноларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог

Қанның жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Көздің созылмалы аурулары.
Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары. Аллергиялық аурулар, оның ішінде терінің аллергиялық аурулары. Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

36

Күкіртті көміртек

Жылына 1 рет

Невропатолог, терапевт, көрсетілімдер бойынша офтальмолог, кардиолог, психиатр

Қанның жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары. Газтұтқышпен жұмыс істеуге кедергі болатын тыныс алу жолдарының және жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары.
Көздің созылмалы аурулары.
Айқындалған қан тамырлары дистониясы.

37

ТетраметилтиурамдисульфидА (тиурам Д)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, дерматовенеролог, оториноларинголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, билирубин, АЛАТ, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары. Гиперпластикалық ларингит.
Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.
Аллергиялық аурулар.
Бронх-өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

38

Алифатиялық спирттер (бір атомды, көп атомды, хош иісті және олардың туындылары: этил, пропил, бутил, аллил, бензил, этиленгликоль, пропиленгликоль, этилцеллозоль)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ

Жиі асқынулары болып тұратын перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет