Мерзімі: 08. 02. 2017 Тақырып: Батылдық пен өжеттік Құндылық



жүктеу 40.22 Kb.
Дата18.03.2018
өлшемі40.22 Kb.
түріСабақ
Мерзімі:08.02.2017

Тақырып: Батылдық пен өжеттік

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттері: Отаншылдық, сенімділік, батылдық

Мұғалім: Ш.Костымова

Сынып: 4 «А»

Мақсаты: Оқушыларға батылдық пен өжеттілік туралы түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік бере отырып, отаншылдық қасиеті туралы түсінік беру

- Шешім қабылдай білуге дағдыландыра отырып ,сенімділік қасиетін дамыту

- Оқушыларды отаншылдыққа , сенімділікке батылдыққа тәрбиелеу


Ресурстар:

А-3 қағазы,маркерлер,стикерлер




Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу,оқушылардың көңіл-күйін сұрау,сабаққа қатысуды тексеру.

5 «Т»ережесін еске түсіру

Тәртіп

Тазалық


Талап

Тыныштық

Татулық

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

(Сабақта жағымды көңіл-күй орнату мақсатында)

Үй тапсырмасын тексеру: «Өзімшіл және көпшіл» адамға тән қасиеттерді ажыратып жазу.





Дәйексөз

«Батыл болмай, батыр болмайды» халық даналығы

Ұлдар хормен айту

Қыздар хормен айту

Дәйексөздің мағынасын аштыру

Дәйексөзді дәптерге жаздыру

Дәйексөздің мағынасын түсіндіру:

Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады. Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы, ата – анасын , елін, жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам болу керек. Ондай адам батыр бола алады.






Әңгімелеу

Қойшы Қаһарман ертегісі


1.Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқадыңдар? 2.Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар? 3.Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? неліктен? 4.Батылдық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма? Қорытындылау: Батылдық адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі. Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халық батырларының өмірін мақтаныш, үлгі тұта білейік.




Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс
(Оқушыларды қасиеттерге байланысты топқа бөлу)

1 топ – Отаншылдық (мақал-мәтел жазу)

2 топ – Сенімділік (қазақ батырларының есімдерін жазу, мәлімет беру)

3 топ – Батылдық (батырлардың суретін салу)







Топпен ән айту. «Балдырғандар әні»

Сөзі: О. Әубәкіров

Әні: Ш. Қалдаяқов





Кері байланыс

Күн,бұлт,жаңбыр бейнесін көрсету арқылы кері байланыс жасау






Үй тапсырмасы «Өмірде ерлікке орын жетеді » тақырыбын оқып,мазмұндау




Соңғы тыныштық сәті

Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтап,соны іс жүзінде көрсете білейік! Сабақ аяқталды сау болыңыздар.






: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет