Мен беремін,жүректі алғың тегін!



Дата26.06.2017
өлшемі10.94 Kb.
Мен беремін,жүректі алғың тегін!

Өзімді сөйлеп кетсем балап қыран,

Жүрегім бар кеуде де жылап тұрған.

Пенделердің бірімін өзгелерге,

Сауапты істі жасауға жаратылған.

Санаға қамап алып сан күдікті,

Дабыл қағып.Бұлқынып.Жан түрікті.

Естуімше науқастың төсегіне,

Бір нәзік жан,дәл кеше танылыпты.

Таба алмай дәрігер қыздың емін,

Киіп жүрген көрінед бейбақ кебін.

"Жүрек"дейді керегі сол науқасқа,

Мен беремін,жүректі алғың тегін!

Мен беремін,жүректі алғың тегін,

Тоқтатпасын.Татысын тірлік демін.

Ал,қанекей жүректі уақыт созба,

Көрсет қане!Донордың жатар жерін.

Ал жүректі!

Ал маған фәни тәмам,

Сал жүректі арлы іске жари алған.

Өлсем мен-ақ өлейін,жоқ наразым,

Қалса екен тек қана ару аман.

Ал, енді жүректің иесі,

Мендегі жұмырық жүректің,

Ендігі иесі өзіңсің.

Қажылған жүрек қой мендегі,

Жүрерсің оған да төзіп шын.

...Ал енді жүректің иесі,



Жүрегім өзіңе аманат...

Ұлан Иманғалиев
Каталог: uploads -> doc -> 05a1
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
05a1 -> Тақырыбы: Даланың дара ұстазы
05a1 -> Өскемен қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет