Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы



Дата19.01.2017
өлшемі69.87 Kb.
Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 26 қазанадағы N 477 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 22 қарашада N 6649 тіркелді


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 49-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне салу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министрдің
      міндетін атқарушы                          А. Бектұров
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің     
міндетін атқарушысының
2010 жылғы 26 қазандағы
N 477 бұйрығымен  
бекітілді      
Азаматтық және экспериментальды әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу танулық және қосымша белгілер енгізу ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
      1. Осы Азаматтық және экспериментальды әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу танулық және қосымша белгілер енгізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 49-бабының 3-тармағына және «Әуе кемелерінің ұлттық және тіркеу белгілері» халықаралық азаматтық авиация туралы Конвенцияға 7-қосымшаның талаптарына сәйкес әзірленді (Чикаго, 1944 жыл).
      2. Ереже Қазақстан Республикасының азаматтық және экспериментальдық әуе кемелеріне мемлекеттік, тіркеу, тіркеу танулық және қосымша белгілер енгізу тәртібін белгілейді.
      Ереже метерологиялық мақсатта пайдаланылатын зонд-шарларға, ұшқышсыз басқарылмайтын аэростаттарға, сондай-ақ аса жеңіл авиация аппараттарына (дельтоплан, параплан, мотопараплан және моторсыз планерлер) қолданылмайды.
      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімі - Қазақстан Республикасы әуе кемелеріне, оған құқықтарға және онымен жасалынатын мәмілелерге мемлекеттік тіркеу жасалынатын құжаты;
      2) аса жеңіл ұшу аппараттары - ең жоғары ұшу массасы 750 кг дейін қоса алғанда моторлы және моторсыз ұшу аппараттары;
      3) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өзінің қызметін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
      4. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелері мемлекеттік тізіліміне енгізілген ұшуға жіберілген азаматтық әуе кемесіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген осы Ереженің талаптарына сәйкес мемлекеттік және тіркеу тану белгісі салғаннан кейін ұшады.
      Бұл ұшу сынақ, тәжірибе-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған экспериментальды әуе кемелеріне тарамайды.
      5. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген барлық әуе кемелеріне мына:
      1) тану белгілері енгізіледі:
      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тану белгі азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ИКАО) берген UР - латын алфавитінің екі бас әріпі түріндегі белгісі;
      ою-өрнек және қосымша белгілері жоқ латын алфавитінің бас әріптері қисынынан және араб цифрынан тұратын әуе кемесінің тіркеу тану белгісі;
      2) қосымша белгілері.
      Бір мезгілде басқа елдердің мемлекеттік белгісін енгізуге болмайды.
      6. Әуе кемелер пайдаланушымен (авиакомпаниялармен) бекітілген бояу үлгісімен текст сипаттамаға сәйкес боянады.
2-тарау. Әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу тану белгілерін енгізу тәртібі
      7. Әуе кемесінің фюзеляжы мен қанатына енгізілетін мемлекеттік және тіркеу тану белгілері.
      8. Әуе кемесінің фюзеляжда белгілер фюзеляждың (немесе ұқсас конструкциясы) әрбір бүйірлеріне қанаттардың арасына және арттағы
қанаттануының бетіне енгізіледі.
      Әріптер мен белгілер фюзеляждың құрылыс көлденеңімен бір бағытта қарастырылуы тиіс және көлденеңге қатаң тік сызық енгізілуі тиіс.
      Бір белгінің символдары кемінде 300 мм және 1000 мм аспайтын бірдей биіктікте болуы тиіс.
      Фюзеляжға енгізілген белгінің символының биіктігі бос орынның болуына байланысты барынша белгінің мүмкін болатын ұзындығы бойынша белгіленеді.
      Фюзеляждың (немесе ұқсас конструкциясы) қанаттарының арасына  және арттағы қанаттануының бетіне белгі енгізу арттағы қанаттануының тік жоғары жартысына әуе кемесінің құрылыс көлденеңіне паралель бір жолмен енгізіледі, ал көп килі бар әуе кемелеріне - шеткі килінің сыртқы бетіне енгізіледі.
      9. Әуе кемесінің қанатында қанат конструкциясының төменгі бетіне бір жерге орнату. Олар қанат конструкциясының төменгі бетінің сол жақ жартысына егер олар барлық бетін басып жатпаса орналастырылады.
      Белгілер қанаты жиектерінің алдыңғы және артқы бірдей қашықтықта орналастырылады. Әріптер мен цифрлардың биіктігі қанаттың алдыңғы жиегіне бағытталуы және кемінде 500 мм және 1500 мм-ден аспайтын биіктігі болуы тиіс.
      10. Әуе кемесі конструкциясының көлемі айыратын белгілердің қажетті көлемін қондыруға мүмкіндік бермейді, ұсынылған пропорцияларды сақтай отырып, ең жоғары көлемге дейін кішірейтуге рұқсат етіледі.
      11. Мемлекеттік және тіркеу тану белгілері ашық фонда күңгірт түспен, күңгірт фонда ашық түспен орындалады. Барлық символдар атмосфералық жағдайларда түрін өзгертпейтін, әуе кемесін пайдаланылған кезде өшпейтін суға тұрақты бояумен енгізіледі. Мемлекеттік белгінің тіркеу белгісінен дефиспен айыруға болады.
      12. Барлық символдар мен дефистер фонмен жақсы үйлесетін жалпақ жолақпен және осындай түспен орындалады. Әрбір символдың ені (I әрпінен және 1 цифрынан басқасы) және дефистің ұзындығы символдың ұзындығының үштен екі бөлігін құрайды. Жолақтың қалыңдығы символдың биіктігінің алтыдан бір бөлігін құрайды.
      13. Әрбір символ алдыңғы немесе одан кейінгі символдан арақашықтығы оның төрттен бір ені бөлігін құрайтын арақашықтықпен бөлінеді. Осындай жағдайда дефис жеке символ болып табылады.
      14. Тікұшақтарда мемлекеттік және тіркеу тану белгілері фюзеляждың немесе құйрық бөлігінің жамбас жағының бетіне әуе кемесінің элементтері болмаған бөлігіне енгізіледі.
      15. Әуе кемесінің көрінетін жерінде басты кіретін есіктің қасына мемлекеттік және тіркеу тану белгілері көрсетілген тақтайша бекітіледі. Тақтайша 70 х 120 мм. мөлшерде отқа төзімді материалдан жасалады.
3-тарау. Әуе кемелеріне қосымша белгілерін енгізу тәртібі
      16. Азаматтық әуе кемелерінде қосымша келесі белгiлер енгiзiледi:
      1) пайдаланушы (авиакомпания) атауының жазылуы фюзеляждың бетiне екi жағынан;
      2) пайдаланушының (авиакомпания) эмблемасы тiк жазықтық арттағы қанаттануының екi жағынан;
      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Жалауының бейнесi мөлшерi мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерiнiң мөлшерлерiне сәйкес фюзеляждың тұмсық бөлiгiнiң екi жағынан;
      4) әуе кемесiнiң түрiн көрсету фюзеляждың екi жағынан, тiк шрифтпен, фонға қанық;
      Дайындаушы зауыт енгiзген әуе кемесiнiң түрi деген белгiнi сақтау ұсынылады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 11.10.2013 № 801 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 11.10.2013 № 801 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шара жүргізу бойынша ұшатын әуе кемелері ақ түске боялады, оларға Қызыл крест және
Қызыл жартыай бейнесі енгізіледі.
      1) қанаттың үстіңгі жағында соңғы бөлігінің ортасында эр жазықтықта мемлекеттік және тіркеу танитын белгілері жоқ жерлерге;
      2) соңғы қанаттануының жоғары тік жазығында екі қатарына (немесе көп кильдік қанаттануының шеткі кильдің сыртқы қатарына) орналасады.
      Айқаспа осьінің біреуі әуе кемесінің бойлық осьінің флюзеляжына жанаспа болуы керек.
      19. Тікұшақта Қызыл крест және Қызыл жартыай бейнесі екі бортының ортаңғы жағынан және фюзеляждың табанына енгізіледі.
      20. Әуе кемелерін жердің әртүрлі бояу мен рельефі фонында көрінуін, ерекшелігін және табылуын қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаның ландшафтының бояуы мен суреті бойынша қарама-қарсы реңдегі бояумен қолданылады. Қарама-қарсы реңдегі бояу негізінен қиын өтетін жерлерде және халық аз қоныстанған жерлерге тұрақты әуе кемелеріне қолданылады.
      21. Қосымша белгілер әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркеу тану белгілерін визуалды тануды қиындатпайтын тәсілімен енгізіледі.
4-тарау. Әуе кемелерінің сыртқы бояуының сызбасына қойылатын талаптар
      22. Әуе кемелерінің сыртқы бояуының сызбасы 1:100 масштабында үш кесінде; жанынан, үстінен және астынан орындалады. Бояу сызбасын 1:200 или 1:250 масштабында орындауға жол беріледі.
      23. Сызбада түрлі-түспен әуе кемесінің сыртқы бояуы, авиакомпаниясының атауының орналасқан жері мен түстік үйлесімі және оның эмблемасы, әуе кемесінің түрі, мемлекеттік және тіркеу тану белгілері көрсетілуі тиіс.
      24. Әуе кемелерінің сыртқы бояуының сипаттамасына қойылатын талаптар:
      1) фюзеляж - тұрған жерінің төменгі және жоғарғы бөлігінің түсін, жолақ бортының (егер бар болса) түсін және мөлшерін көрсету;
      2) қанаты мен көлденең сүйеніші - бетінің, ұштарының жоғарғы  және төменгі бояуының түсін көрсету;
      3) тік сүйеніші - килдің бояуының түсін және рулінің бағытын, орналасқан жерін, жолағының (егер болса) түсі мен мөлшерін көрсету;
      4) әуе кемесінің түрін авиакомпанияның атауы мен эмблемасын жазуы - фюзеляж және тік орналасқан бояуының үйлесімін, қанаттануының мөлшерін көрсету;
      5) мемлекеттік және тіркеу тану белгілерінің осы Ереженің 8-тармағына сәйкес орналасуы;
      6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Жалауының осы Ереженің 16-тармағының 3) тармақшасына және 17-тармағының 1) тармақшасына сәйкес орналасуы;
      7) Қазақстан Республикасы Елтаңбасының осы Ереженің 17-тармағының 2) тармақшасына сәйкес орналасуы.    


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Каталог: images -> stories -> contents
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
contents -> «Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар нысандарын мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы»
contents -> Хабарландыру
contents -> Техникалық байқау орталығының аумақтары мен үй-жайларына сәйкестігі туралы ақпарат
contents -> Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы №103 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»
contents -> «аитв инфекциясының бар-жоғына ерікті түрде жасырын және міндетті түрде құпия медициналық зерттеліп-қаралу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет