Мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар


§16. Тексеру жүйесіне қойылатын талаптар



бет3/3
Дата24.04.2018
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3
§16. Тексеру жүйесіне қойылатын талаптар
123. Тексеру жүйесіне қойылатын талаптар мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал қауіпті өндірістік объектілерге, сондай-ақ адамдар көп жиналатын объектілердің террористік қауіп төну деңгейін анықтаған кезде: сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, көлік орындары, спорт орындары, туристерді орналастыру орындары.

124. Тексерудің техникалық құралдары қылмыстық әрекеттерді жүзеге асыру үшін қару мен басқа да заттар мен бұйымдарды табу үшін күзетілетін объектіге адамдар немесе көлік құралдарын өтуі кезінде, сондай-ақ күзетілетін объектілерден ұрлықты құрайтын және оларға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды рұқсатсыз тасымалдаудың қылмыстық әрекеттерінің алдын алуы үшін қолданылады.

Тексерудің техникалық құралдарының тізіміне мыналар енеді:

темірлерді табушылар;

тексеру рентген кешендері;

тексеру эндоскоптары және терезелер;

желілі емес радиолокациялардың аппаратурасы;

есірткі және қауіпті химиялық заттар табу аппаратурасы

радиациялық бақылау құралдары.

125. Темірлерді табушылар (темір детекторлары) суық және атыс қаруын, темірді құрайтын жарылғыш қондырғыларыгн (гранат), алып жүруге тыйым салынған әртүрлі темірді құрайтын өнімдерді табуды қамтамасыз етуі қажет және арка немесе тұратын түрдегі стационарлық қондырғы түрінде не портативті аспап түрінде орындалуы тиіс.

126. Тексерудің техникалық құралдары мынадай қызметтік талаптарды (сипаттарды) қамтамасыз ету тиіс:

1) стационарлы темір табушылар мыналарды меңгеруі тиіс:

іздеу объектісін табудың жоғары мүмкіншілігі;

күзетілетін объектілерді алып жүруге рұқсат етілген темір заттарға қатысты селектілік;

қоршаған жағдайда (соның ішінде темір құрайтын) барынша қызметтік ейімделу қабілеттілігі;

электромагнитті сәуле көздерінен үлкен бөгелуді қорғау;

бақыланатын кеңістікте барлық көлемде біртекті сезуді анықтау;

әртүрлі темірлер салмағын табуға жеңіл күйге келтіру қабілеттігі;

ақпараттардың имплантацияланатын электрокардиоынталандыруы мен магнитті ақпарат тасымалдауының рұқсат етілген деңгейімен ықпал ету;

2) портативті (қолды) аспатар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

табу және қажет болған кезде қара және түсті темірлер мен олардың дабылдарын тану;

әртүрлі темірлер салмағын табуға қайта күйге келтіру мүмкіндігі;

стационарлы темірлерді табудың бірлескен жұмысы кезінде пайдалану мүмкіндігі;

3) мобилді тексерудің рентгендік кешендер пошта жөнелтілімдерін, бандеролдерді, қол жүктерін, қараусыз қалдырылған заттарды, ұйымдастырушылық техникаларын, байланыс құралдарын, мебелдерді, қабырғаларды анықтау үшін қолданылу тиіс және мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

0,5 м қашықтыққа дейін 10 мм кем емес болат қалыңдығының сәуле түсуі;

бейне сапасын көтеру және ретгендік бейне бейнедабылдарының компьютерлік өңдеуді қолдану жолымен зерттелетін зат жөніндегі ақпаратты тіркеу мүмкіндігі;

рентгендік аппараттан тікелей жақын жерде оператордың орналасуына рұқсат ететін тиімді биологиялық қорғау;

компьютерлер мен байланыс құралдарында кешеннің әрекетін жоққа шығаратын арнайы конструктивті шешім;

баруы қиын орындарда бақылауды жүргізуге мүмкіндік беретін басқару қарапайымдылығы және үлкен емес габаритті өлшемдер;

4) рентгентеледидарлы қондырғылар және кешендер қажетті инспекциялы – тексеру қызметін өткізу үшін қолданылуы тиіс: пошта жөнелтілімдерін тексеруден бастап ірі габаритті жүктерді инспекциялауға дейін;

5) рентгентеледидарлы кешен көмегімен жүк автокөліктерін және контейнерлерді тексеру қысқа мерзім ішінде оларды ашылмауын, табуын және алып өтудің жолын кесуді қамтамасыз етуі тиіс:

тыйым салынған заттарды және жүктерді (контрабандаларды);

қаруды, жарылғыш және есірткі құралдарын;

радиациялық фоны жоғары заттарды;

заңсыз мигранттарды;

ұрланған автокөліктерді және басқа да тыйым салынған заттарды;

6) жүктерді инспекциялау үшін мобилді рентгендік жүйелер мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

- айқын уақыт режимінде бейненің жоғары өндірілуі мен өңделуі;

- сәуленің төменгі деңгейінде жетерліктей ену қабілеттілігі;

7) арнайы тағайындалған стационарлы рентгендік санды сканерлейтін жүйе (адамды толық бойымен рентгенографиялық сканері) мынадай қауіпті және тыйым салынған заттарды табу мақсатында адамды байланыссыз визуалды жеке тексеруді қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етуі тиі:;

органикалық материалдардан емес, киімнің астына жасырылған – ату және суы қару, жарғыштар, электронды қондырғылар және т.б.;

органикалық материалдарды темірді табатындармен таба алмайтындардан – пластикті жарғыштар, контейнерлердегі есірткілер, керамикадан жасалған ату және суық қарулар және т.б.;

адамның табиғи жасырынған қуыстарында жұтып алынған немесе жасырынған барлық түрдегі материалдардан – контейнерлердегі есірткілер, жарылғыш, химиялық және биологиялық заттар, қымбат бағалы тастар мен темірлер;

8) тексеру эндоскоптары және айналар баруы қиын жерлерде визуалды тексеруді жеңілдету үшін және оларда жарылғыш қондырғыларын, атыс және суық қаруды, контрабанданы, ақпараттарды жасырын алу құралдары мен басқа да объектілерде қолданылуы тиіс;

9) техникалық эндоскоптар және бейнеоскоптар оларға ену тек салыстырмалы үлкен емес тесік арқылы әртүрлі қуыстарда, арналарда және басқа да орындарда визуалды тексеру үшін қолданылады;

10) техникалық эндоскоптар және бейнеоскотар мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

жұмсақ және жартылай қатты конструкциялар 40 градустан кем емес көру бұрышымен 1500 мм кем емес қашықтықта ену және қаттылары үшін - 90 градус;

тексеру орнына жарық түсіру мүмкіндігі, жарық түсіру шарттарын реттеу;

тексеру нәтижелерін бейнеқұжаттандыру;

11) жартылай өткізгіш элементтерді, радиожарғыштар мен қосылған және сөндірілген электронды тамерлерді құрайтын желілі емес радиолакациялар аппаратурасы тұрғын жайды және ірі габаритті заттарды тексеру үшін қолданылады;

12) желілі емес локацияның аспатары мыналарды қамтамасыз етуі тиіс;

электронды компоненттерді құрайтын жасырын орнатылған ақпаратты алатын техникалық құралдарды және басқа да объектілерді анықтау;

жартылай өткізу ортасында (топтырақта, суда, өсімдіктерде) не автокөлік ішінде, құрылыс конструкцияларында және ғимарат қабырғаларындағы бөлменің ішіндегі заттарда орналасқан іздеу объектілерін табу;

экологиялық қауіпсіздік және электромагнитті ортақтастық;

13) жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табу аппараты олардың немесе олардың іздерінің бар екенін ауаның сезікті сынамаларының компонентті және құрылымдық талдауларын өткізу жолымен анықтау үшін қолданылуы тиіс;

14) жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табу аппаратурасы мыналарды қамтамасыз ету тиіс:

заманауи физикалы-химиялық талдау әдістерін пайдалануға негізделген идентификациялық заттар;

тротил, гексоген және басқа да штатты жарылғыш заттардың қолда барын сенімді белгілеуге мүмкіндік беретін сезімділік;

заттардың үстінде жарылғыш заттардың (жарылғыш заттар анализаторларының іздері) іздерін экспресті анықтау.

127. Тексеру мен әдістер жүйесінің қызметтік сипаттары (қойылатын талаптары) және оларды сынау нормативтік құжаттарда (стандарттарда, нормаларда, қағидаларда, нұсқауларда, техникалық шарттарда және қауіпсіздік талаптарын құрайтын өзге де құжаттарда) белгіленеді.



4-бөлім. Объектілер мен мүліктерді терроризмге қарсы қамтамасыз етудің техникалық құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
§1. Терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз ететін техникалық құралдардың қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
128. Объектілер мен мүліктерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар:

1) сериялы өндіріс өнімдері – механикалық, электромеханикалық, құрылыс конструкциялар (инженерлік-техникалық бекіту құралдары);

2) сериялы өндіріс өнімдері (тұтыну өнімі) – электрлі/электрондық/электронды бағдарламалы қондырғылар;

3) бірыңғай өндіріс өнімі – қылмысқа қарсы қорғаудың техникалық құралдарының кешені.

129. Сериялық өндірістің аспап салу өнімдері ретінде қорғаудың техникалық құралдары өндіріс, пайдалану, тасымалдау, сақтау, жою кезінде қауіпсіз болуы тиіс.

130. Объектілер мен мүліктерді терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз етудің техникалық құралдары жобалау, өндіру, монтаждау мен пайдалану процесінде объектіде белгіленген қауіпсіздік жөніндегі: электр және өрт талаптарын қамтамасыз етуі, сондай-ақ электромагнитті ортақтастық жөніндегі талаптарға жауап беруі тиіс.

131. Пайдалану шарттары мен қызметтік сипаттарына байланысты объектілер мен мүліктердің терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз етудің техникалық құралдары қосымша өндірістік, ядролық және радиациялық, химиялық қауіпсіздікті, сәуле қауіпсіздігін, жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

132. Терроризмге қарсы қорғаудың техникалық құралдарының кешені үшін қауіпсіздік талаптары бірыңғай өндіріс өнімі ретінде кешендердің барлық өмірлік цикілінде қамтамасыз етілуі тиіс жобалауда, монтаждауда, қосу жөндеу жұмыстарында, пайдалануда, пайдаланудан шығаруда.

133. Бұйымдарда және/немесе оларды пайдалану жөніндегі басшылықта (нұсқаулықта) оларды қауіпсіз орнату, пайдалану мен жою көрсетілуі тиіс

§2. Объектілер мен мүліктерді жобалау, дайында, пайдалану мен жою кезінде объектілер мен мүліктердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етудің техникалық құралдарына қойылатын талаптар
134. Электр қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:

Электр қауіпсіздігі электр тоғымен зақымданудан адамдарды өрттен қорғауды адамдарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ережелермен анықталады.

Электр тоғынан қорғану үшін осындай қауіпті бөліктер рұқсат етілмеген болуы тиіс, ал рұқсат етілген бөліктері қалыпты жағдайдағыдай және жөнделмеген кездегідей қауіпті болмауы тиіс.

Бұйым электр тоғының зақым келтіруінен қорғау сыныбы бойынша пайдаланудың тиісті шарттары және қатты заттар мен ылғал тиуінен қорғану дәрежесі болуы тиіс.

Бұйымның темір бөлігі оқшаулау нәтижесінде жоғары кернеулі токтың астында қалуы мүмкін онымен байланыста болатын қызмет көрсететін қызметкерге енуге рұқсат етілген болуы тиіс және қорғаудың басқа түрлері жоқ қорғалу жерге қосылуға жатқызылады.

Корпусқа қатысты 42 В асатын жоғары кернеулі токтың астында қалуы мүмкін бұйымның барлық сыртқы бөліктері жұмыс істеу кезінде кездейсоқ жанасудан қорғалуы тиіс.

Қосымша оқшаулау немесе қорғау жерге қосылу түріндегі қосымша қорғау шарларын қамтамасыз ету алмасу немесе жобаланған негізгі оқшаулаудан тиісті түрде қажеттіліктен босату ретінде қарастырылады.

Оқшаулануға қойылатын талаптар аспаптардың бұйымды ашпай (демонтаж) ену мүмкін электр тізбегіне таратылады.

Корпусқа және олардың арасына қатысты бұйымның электр тізбегін оқшаулау тізбектің номиналды кернеуіне және снау шарттарына байланысты сынау кернеуінің белгіленген уақыты барысында ұстап тұруы тиіс.

Әртүрлі номиналды кернеуімен тізбені оқшаулау сынақ сыналатын тізбенің өте номиналды кернеуіне сәйкес келетін кернеуін ұсап тұруы тиіс.

Оқшаулауға қарсы болатын талаптар жоғарғы мәні 80% ылғалдылығына қатысты бұйымға қолданылады.

135. Өрт қауіпсіздігінің талаптары төменгі вольтты аспаптардың талаптарына және жалпы өндірістік мақсаттағы қондырғыларға сәйкес белгіленеді.

Объектілерді қылмысқа қарсы қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдары және мүліктер мүліктің ішінде болуы және жанып кету шегінен тыс таралуы және одан тыс зақым келуі мүмкін кез келген өртеуді жоюды қамтамасыз етуі тиіс.

Бұйым пайдаланудың қалыпты жағдайын қамтамасыз ету кезінде өртке қауіпсіз болуы тиіс. Электр құрал жабдықтарына қолданылатын темір емес материалдар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Бұйымдар мен қолданылатын мтериалдар зиянды сәлелердің көзі болмауы және улы заттарды бөлмеуі тиіс.

Құрал жабдықтың ішінде және және оның сыртында өрттің тұтануы мен тарау қаупі өрттің таралуын шектейтін тиісті материалдарды, компоненттерді, конструкцияларды және өртке қарсы қаптаманы пайдалану жолымен барынша азайтылуы тиіс.

Талаптар аппаратураның ішінде болуы жану көзінен тыс таралуы немесе аппаратурадан тыс зақым келтіруі мүмкін кез келген өрттің шығуын жою үшін қарастырылады, ол мынадай алдын алу шараларымен қол жеткізіледі:

тиісті компоненттер мен түйіндерді пайдалану;

қалыпты жұмыс режимінде өрттің шығуы мүмкін немесе ақау болған кезде жоғары температураларды жою;

өрттің шығу көздеріне қолдану мүмкіндігін жоққа шығаратын шараларды қабылдау;

жанатын материалдарды пайдалану санын шектеу;

өрттің шығуы мүмкін көздеріне қатысты жанатын материалдардлың орналасқан жерін тексеру;

жанып кетуі ықтимал көзі жанында өрттің шығуына жоғары қарсылық болатын материалдарды қолдану;

аппаратураның ішінде өрттің таралуын шектеу үшін герметизация мен бөгетті қою.

136. Электромагнитті ортақтастыққа қойылатын талаптар.

Объектілер мен мүліктердің терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз етудің техникалық құралдары аспаптар мен құрал жабдықтар жұмысының ортақтастығын қамтамасыз және қызмет ету сапасы бөлігінде мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

радиобайланыс құралдарының құрал жабдықтарынан немесе электр желілеріне қосылған басқа техникалық құралдардан электромагнитті бөгеттерін жою;

бір электр желісіне қосылған әртүрлі құрал жабдықтар үлгілері арасындағы өзара бөгетті шектеу;

индустриалды бөгеттердің рұқсат етілген нормалары.

Объектілер мен мүліктерді терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз етудің техникалық құралдары мынадай болып әзірленуі тиіс:

олармен құрылған электромагнитті бөгеттер радионың және телекоммуникациялық құрал жабдықтардың қызмет етуін қамтамасыз ету деңгейінен аспауы тиіс;

электромагнитті бөгеттерге мақсатына сәйкес олардың қызмет етуін қамтамасыз ететін өзіндік тұрақты жеткілікті деңгейдің болуы.

Электромагнитті бөгеттің түрлері электрмагнитті бөгет түрлері санаттарын көрсетумен нақты нормативтік құжаттармен бұйымдар үшін орнатылады:

төменгі кондуктивті электромагнитті бөгеттер (электрлі желілерде электр энергияларының сапасы):

төменгі жиілік электромагнитті бөгеттер;

жоғары жиілік кондуктивті электромагнитті бөгеттер;

жоғары жиілік сәулелі электромагнитті бөгеттер;

электростатистикалық разрядтар;

бөгеттің арнайы түрлері.

Электромагнитті бөгет тұрақтылығына сынау қаттылығының деңгейі және сынау әдістері электромагнитті ортақтастық жөніндегі нормативті құжаттармен белгіленеді.

137. Терроризмге қарсы техникалық құралдарын өндіру, жобалау, дайындау, монтаждау, қосу жөндеу жұмыстар, пайдалану, пайдаланудан шығару, сақтау, тасымалдау, жою кезінде нормативті құқықтық актілерге және қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.

________________________________




Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Қазақстан республикасының заңы шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына
user documents -> Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу ҚАҒидалары
user documents -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
user documents -> Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілерін бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу
user documents -> Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
user documents -> Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет