Мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар


§8. Күзет дабылдары жүйелеріне және құралдарына



бет2/3
Дата24.04.2018
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3
§8. Күзет дабылдары жүйелеріне және құралдарына

қойылатын талаптар

63. Күзет дабылдарының жүйесі міндетті:

1) құқық бұзушының әрекеттерін табу және рұқсат етілмеген ену туралы хабар беруге;

2) күзет дабылдары техникалық құралдарының істен шыққан кезінде ақау туралы хабар беруге;

3) қоршаған ортаның факторлері әсер еткен кезде жөнделген жағдайын сақтауға;

4) қоршаған орта факторларының әсер еткеннен кейінгі ахуалдың жұмыс қабілетін қалпына келтіру;

5) қандай да бір өзінің бөлігінде нақты зақым келудің белгіленген жүйесінде стандарттарда белгіленген стандарттарда тұрақты болу және жүйеде басқа зақымдарды келтірмеу немесе одан тыс жанама қауіпке алып келмеу;

6) желілік электркөзін сөндірген кезде немесе басқа негізгі электркөзін электркөзін ажырату уақыты барысында жұмыс істеу қабілетін сақтау.

64. Күзет дабылының жүйесі электркөзінің бастауын негізгісінен қосымшасына және кері қосу кезінде жалған дабылды бермеуі тиіс.

65. Күзет дабылының жүйесі оны басқару үшін рұқсатсыз кіруге қорғалуы тиіс.


§9. Кіруді табу құралдарына қойылатын талаптар
66. Кіруді табу құралдары (күзет хабарламалар) рұқсатсыз кіруді және/немесе құқық бұзушының табу аймағына кіру мақсатындағы әрекетін табуы тиіс. Табу кезінде сым арқылы немесе сымсыз арна байланысы арқылы хабар беруші дабыл белгісін беруі тиіс.

67. Күзет хабрламашысы мынадай қызметтік сипаттары болуы тиіс:

табу аймағының түрі (нүктелі, желілі, үстіңгі, көлемді, комбинирленген);

табу аймағының көлемі;

сезімділігі;

бөгеуілге тұрақты;

табу мүмкіндігі.

68. Күзет хабарлаушылары олардың жұмыс қабілетін жоққа шығару үшін рұқсат етілмеген әрекеттерден қорғанысы болуы тиіс.


§10. Ақпараттарды жинау және өңдеу құралдарына

қойылатын талаптар
69. Ақпараттарды жинау және өңдеу құралдары мынадай қызметтік болуы тиіс:

ақпараттық сыйымдылық – бақыланатын күзет аймағының саны;

ақпараттылық – хабарламаларды беру жүйесіне берілетін (қабылданатын) хабарламалардың саны;

хабар берушілерден хабар алу уақыты (аспапқа қосылған барлық хабар берушілерді барынша рұқсат етілген уақыт);

хабарлаушылармен байланыс арнасының ахуалын бақылау параметрлері (байланыс арнасын бұзуды табу уақыты, желінің жөнделмеген байланысы берілуі тиіс байланыс желісінің шекті мағыналы параметрлері);

басқару қызметіне алумен/алып тастаумен қызметке рұқсат етілмеген кіруден қорғау дәрежесінің деңгейі;

аспатың байланыс желісінің (арнасының) бөгелуді қорғау параметрлері;

хабрларды беру жүйесімен аспатың байланыс арнасының интерфейсінің параметрлері мен сипаттары.


§11. Хабрларды беру жүйесіне қойылатын талаптар
70. Хабарларды беру жүйесі хабарларды беруді (дабыл, қызметтік, ақпараттық) күзетілетін объектіден (ақпаратты жинау мен өңдеу құралдарынан бастап) орталықтанған күзет бекетіне дейін қамтамасыз етуі тиіс.

71. Хабарларды беру жүйесінің мынадай қызметтік сипаттары болуы тиіс:

1) объектіден бастап орталықтанған күзет бекетіне дейін деректерді беру арнасының түрі;

2) берілетін хабарлардың түрі және саны (кіру туралы хабарлама, өрт туралы хабарлама, қызметтік және бақылау диагностикалық хабарлама және басқалар, егр олар бар болса);

3) телебасқаруды беру мен қабылдау үшін командалардың түрлері мен саны (деректерді кері арнамен беру жүйесі үшін орталықтанған күзет бекетінен күзетілетін объектіге дейін);

4) дабыл хабарламасын жеткізіп беру уақыты;

5) дабыл хабарламаларын беру басылымдылықтары;

6) хабарлардың басқа түрлерін жеткізіп беру уақыты;

72. Деректерді беру арнасының түрлері бойынша объектіден бастап орталықтанған күзет бекетіне дейін мынадай байланыс арналары пайдаланылуы мүмкін:

1) бөлінген арналар (сымды, талжіпті немесе басқалар);

2) телефон желісін жалпы пайдалану соның ішінде толқынды пайдаланып телефон байланысымен шұғылданатын, қайта қосылатын желі бойынша арналармен, нөмірді автоматты түрде алу (ақпаратты) аппаратын пайдаланумен қызметтік дабылдарды бөлу;

3) радиоарна;

4) басқа да беру арналары.

73. Хабарды беру жүйесі үшін дабыл хабарламасын жеткізіп беру уақыты 60 секундтан кем болмауы тиіс.

74. хабарламаны беру жүйесі күзетілетін объекті мен орталықтанған күзет бекеті арасындағы хабарды беру арнасын бақылауды қамтамасыз ету қажет.

75. Хабарламаны беру жүйесі үшін арнаныңақаулығын табу уақыты байланыстың пайдалану арнасына байланысты 120 секундтан кем болмауы тиіс.

76. Деректерді кері беру арнасы бар және күзетке қою және алып тастау режимінің автоматты түрде жұмыс істеуі үшін арналған хабарды беру жүйесі аппаратураға квитирлі дабылды беруді қамтамасыз ету тиіс.

77. Хабарды беру жүйесі қажет болған кезде дабыл хабарын беру арнасын резервке қою мүмкіндігі болуы тиіс.

78. Хабарларды беру жүйесінде рұқсатсыз кіруді беру арасында деректерді беруді қорғау жөніндегі шараларды қабылдау болуы тиіс. Қорғауды тексеру түрі мен әдісі стандарттарда немесе хабарларды беру жүйесіндегі техникалық шарттарда көрсетілуі тиіс.

79. Берілетін хабарлардың ұзақтығына қойылатын талаптар дабыл белгілері жүйесінің уақытша сипаттарына қою талаптарының жалпы талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ деректерді беру арналарының мүмкіндігін ескеруі тиіс.

80. Орталықтанған басқару пульті дербес ЭЕМ базасында орындалуы мүмкін. Бұл жағдайда хабарларды беру жүйесін басқару бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен – автоматталған жұмыс орындарының кешенімен жүзеге асырылуы тиіс.

81. Автоматталған жұмыс орындарының кешені мынадай қызметтік талаптарды (сипаттарды) қамтамасыз етуі тиіс:

хабарларды барлық түрлерінің жүйесіне бірыңғай жұмыс орнына қосылу, соның ішінде қолмен және автоматты тактикамен объектіні және пайдаланылатын барлық тартылған байланыс арналарын күзетке алу-алып тастау;

мәтінді, графикалық, дыбысты және жедел деректер базасын жүргізу;

жергілікті есептеу жүйесіне жұмыс орындарын біріктіру мүмкіндігі;

жергілікті есептеу желілерінің жұмыстарын басқару және әкімшілендіру, соның ішінде ақпараттық ағымдарды бөлу;

орталықтанған күзет бекетінің жедел қызметкерінің жұмысы үшін объективті бақылау құралдарын ұйымдастыру;

өзіне қарапайымдылықты, бағдарлама құралдарын инсталляциялаудың көмекші және ыңғайлы қосатын эргономиалық пайдалану интерфейсі, бағдарламалы аппаратты кешенді толығымен конфигурациялау, мәтінді, графикалық және дыбыстың деректер базасын жүргізу мен толықтыру.

82. Күзет дабылдары құралдарының қызметтік сипаттамасы (талабы) және оларды сынақтан өткізу әдістемесі қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарда (стандарттарда, нормаларда, нұсқауларда, техникалық шарттар мен өзге де құжаттарда) белгіленеді.
§12. Бақылау жүйесіне және енуді басқаруға қойылатын талаптар
83. Бақылау жүйесіне және енуді басқаруға қойылатын талаптар мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал қауіпті өндірістік объектілерге қойылады.

84. Бақылау жүйесі және енуді басқару мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

1) ғимаратқа, ену шектелген тұрғын жайға рұқсат етіліп кіру және әртүрлі белгілердің комбинациясы бойынша жеке адамды салыстыру жолымен олардан шығу: заттай код (кілттер, карталар, брелоктар), есте сақталатын код (клавиатуралар, кодтар жиынтығының панелі және басқа да осыған ұқсас қондырғылар), биометриялық (саусақ таңбалары, көз сызықтары және басқалар);

2) объектінің шектелген енуінің тұрғын жайына рұқсат етілмеген кіруді жою;

3) объектіге рұқсатсыз ену талпынысы туралы ақпаратты беру.

Бақылау мен басқару ену жүйесі құрамына мыналар енуі қажет:

1) бөгет қою конструкциясы мен атқарушы қондырғылар құрамында бөгет қоюды басқару қондырғысы;

2) есептегіштер мен идентификаторлар құрамында идентификациялық енгізу қондырғылары;

3) аппаратты және бағдарлама құралдары құрамында басқару қондырғысы.

85. Идентификациялық белгілерін іріктеп алу және таңдау жолымен енуді бақылау мен басқару жүйесі манипулиациядан қорғалуы тиіс, ал конструкция, сыртқы түрі және оның құрамды бөліктеріндегі жазулар қолданылатын кодтарды ашуға алып келмеуі тиіс.

86. Енуді бақылау мен басқару жүйесі мынадай қызметтік талаптарды қамтамасыз етуі тиіс:

тапсырылған уақытша интервал немесе оператордың командасы бойынша осы ену аймағына (тұрғын жайға) рұқсат етілген ену бойынша идентификациялық белгілерді есептеп болған соң бөгет қоюды басқару қондырғысын ашу;

тапсырылған уақыт интервалында ену рұқсат етілмеген осы ену аймағына (тұрғын жайға) идентификациялық белгілерді есептеп болған соң бөгет қою қондырғысын ашуға тыйым салу;

басқару қондырғыларында идентификация белгілерін рұқсат етіп өзгерту (толықтыру, жою) және олардың ену аймағымен (тұрғын жай) және уақытша ену интервалдарымен байланыс;

идентификациялық белгілерді өзгерту (толықтыру, жою) үшін басқару қондырғыларының бағдарламалы құралдарына рұқсат етілмеген енуден қорғау;

басқару элементтеріне рұқсат етілмеген енуден техникалық және бағдарламалық құралдардан қорғау;

электр көзін сөндіру кезінде күйге келтіру мен идентификациялық белгілердің деректер базасын сақтау;

төтенше жағдайлар, белгіленген режим ережелеріне сәйкес техникалық ақау кезінде өрт болса және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері кезінде өту үшін қолмен, жартылай автоматты немесе бөгейтін қондырғыларды автоматты түрде ашу;

жүйе операторының жұмыс орнынан ену жүйесімен жабдықталған кез келген есіктерді ашу немесе блокировка қою;

рұқсат етілген идентификациялық белгі есептелген соң белгілі бір уақыттан соң өту фактісі болмаған кезде басқару қондырғысын автоматты түрде жабу;

белгілі бір уақытқа бөгеу қондырғысын жабу және идентификациялық белгілерді (кодтарды) таңдауға талпыну кезінде дабыл белгісін беру;

ағымдағы және дабыл оқиғаларын тіркеу және хаттамаға толтыру;

басқару қондырғысы байланысы істен шыққан кезде әрбір ену нүктесінде бөгейтін қондырғы есептегішінің автономды жұмысы.

87. Есептегіштер мынадай қызметтік талаптарды орындауды қамтамасыз етуі қажет:

идентификаторлардың идентификациялық белгілерін есептеу;

пайдаланушыны идентификациялау кезінде жадыда сақталған енгізілген идентификациялық белгілерді салыстыру;

пайдаланушыны идентификациялау кезінде бөгет қондырғысын ашу үшін белгіні қалыптастыру;

басқару қондырғысынан ақпарат алмасу;

есептегіштер іріктеп алу немесе идентификациялық белгілерді таңдау жолымен манипулиациядан қорғалуы тиіс.

Конструкция, сыртқы түр және идентификатордағы және есептегіштегі жазулар қолданылатын кодтардың ашылуына алып келмеуі тиіс.

88. Басқару қондырғысы мынадай қызметтік талаптарды орындауды қамтамасыз етуі тиіс:

есептегіштерден ақпаратты қабылдау, оны өңдеу, тапсырылған түрде бейнелеу және бөгейтін қондырғылармен басқару белгілерін әзірлеу;

олардың ену сипаттарын тапсыру мүмкіндігімен объект қызметкерлерінің деректер базасын жүргізу (кодты, уақытша ену интервалы, ену деңгейі және басқалар);

ену нүктесі арқылы қызметкерлердің өтуді тіркеудің электронды журналын жүргізу;

ену нүктелерінде дабыл ахуалдары туралы ақпараттардың басымдылық қорытындылары;

есептегіштер мен байланыс желісінің бөгет қондырғылары ахуалының жөнделгенін бақылау.

89. Бақылау жүйесі және енуді басқару объектілерде өткізу және ішкіобъектілік режимін қамтамасыз етуі тиіс және жекелеген объектілерде үш негізгі ену аймақтарын қарастыруы қажет:

бірінші аймақ – ену қызметкерлерге және келушілерге шектелмеген ғимараттар, аумақтар, тұрғын жайлар;

екінші аймақ – қызметкерлердің шектелген құрамына, сондай-ақ бір жолғы рұқсатпен обьектіге келушілерге немесе объекті қызметкерінің алып жүруімен рұқсат етілген тұрғын жай;

үшінші аймақ – ену қатаң түрде белгілі бір қызметкерлер мен басшыларға рұқсат етілген объектінің арнайы тұрғын жайы.

Объектіге бақылау бекеті арқылы қызметкерлерді жіберу мынадай жағдайда жүзеге асырылуы тиіс:

бірінші ену аймағында - бір идентификация белгісі бойынша;

екінші ену аймағында – екі идентификация аймағында (мысалы электронды карточка және механикалық құлыптың кілті);

үшінші ену аймағында – екі идентификация белгілерінен кем емес.

90. Бақылаудың конструкивті жүйесі және енумен басқару модулді принцип бойынша құрылады және мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

ауысымды біртүрлі техникалық құралдардың өзара ауысымдылығы;

техникалық қамтамасыз ету және пайдалану ыңғайлылығы, сондай-ақ жөндеу жарамдылығы;

басқару элементтеріне рұқсатсыз ену мүмкіндігін жоққа шығару;

пайдалану процессінде реттеуді, қызмет көрсетуді немесе ауыстыруды талап ететін барлық элементтерге, түйіндерге және блоктарға рұқсат етілген ену.

91. Бақылау жүйесіне және ену басқаруына қызметтік сипаттамалар (талаптар) және оларды сынау әдістері қылмыстық қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарда (қауіпсіздік талаптарын құрайтын стандарттарда, нормаларда, қағидаларда, нұсқауларда, техникалық шарттарда және өзге де құжаттарда) белгіленеді.


§13. Күзет теледидары жүйесіне қойылатын талаптар
92. Күзет теледидарының жүйесі орталық бақылаудың жергілікті бекетіне, күзеттің арнайы бөлінген тұрғын жайына, не орталық күзет бекетіне объектінің күзетілетін аймақтардың, тұрғын жайлардың, периметрдің және аумақтың ахуалы туралы көзбен шолу ақпаратын беруді қамтамасыз етуі тиіс.

93. Күзет теледидарының жүйесі дабыл туралы хабар алған жағдайда қарсы іс-қимылдың ұтымды шараларын анықтау мақсатында құқық бұзу сипатын, құқық бұзу орнын, құқық бұзушының бағытын анықтау үшін бейнебақылау операторына күзетілетін аймақтан бейнені беруі тиіс.

94. Күзет теледидарының жүйесі күзетілетін аймақтарда (аумақтарда, тұрғын жайларда) жағдайды бақылау, сондай-ақ рұқсатсыз кіру фактісін визуалды растау, ахуалды бағалау мен құқық бұзушыны идентификациялау үшін тағайындалған.

95. Күзет теледидарының жүйесі автоматты режимдегі жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.

Күзет теледидарының жүйесі операторға жалған дабылды жою мақсатында және/немесе ахуалды кейін талдау немесе күзет қызметінің әрекетін бақылау үшін күзетілетін аймақтың ахуалы туралы қосымша ақпаратты ұсынуы тиіс.

96. Күзет теледидарының жүйесі мынадай қызметтік талаптарды (сипаттарды) орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс:

күзет объектілерін және оған шектес аумақтарды визуалды бақылау;

қауіпсіздік қызметі (күзет бөлімшесінің) қызметкерінің әрекетіне визуалды бақылау жасау және осы әрекеттерді үйлестіру үшін қажетті ақпаратты ұсыну;

кейін оқиғаны талдау үшін бейнеақпаратты мұрағаттау;

автоматты режимде немесе оператор командасы бойынша оқиғаны бейнеқұжаттау;

жұмыс режимдерін бағдарламалау;

енуді басқару жүйесін басқарумен және күзет дабылымен қызмет ету;

табу құралдарының дабыл берудің іске қосылуы бойынша телекамерадан бейненің автоматты түрде қорытындысы;

рұқсат етілмеген әрекеттерді жою мақсатында басқаруға және бейнеақпаратқа енудің өкілеттігін шектеу;

бұрын жазылған ақпаратты көрсету;

уақытын, күнін және телекамера идентификаторын тапсырумен бейнежазбаға жедел ену.

97. Объектіде күзет теледидарының жүйелерімен мыналарды жабдықтау қажет:

аумақтың периметрі;

бақылау-өткізу бекеттері;

тексеру тұрғын жайы (бөлмелері), көлікті тексеру аймақтары;

ұсталған көліктердің аялдамасы;

басты және қосымша кіретін жерлер;

материалдық құнды заттар тасымалданатын тұрғын жайлар, коридорлар;

құнды заттарды қоспағанда материалдық құндылықтарды тікелей шоғырландыру тұрғын жайы;

объектінің (меншік иесінің) қалауы бойынша басқа да тұрғын жайлар.

98. Объектінің немесе оның периметрін бақылау үшін тағайындалған телекамералар, климаттық аймаққа сәйкес сыртқы қондырғылар үшін климаттық факторлардың әсер ету шарттары кезінде жұмыс істеуі тиіс, не климаттық факторлар әсері кезінде жұмыс қабілетін қамтамасыз ететін герметикалық термокожухтерде орналасуы тиіс.

99. Егер күзетілетін аймақтың жарығы телекамераның сезімінен төмен болса тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін күзет жарығы немесе жарықтың инфрақызыл диапозоны қосылуы тиіс. Күзетілетін жарық аймағы телекамерадан қарау аймағымен сәйкес болуы тиіс.

100. Объектіні үлкен аумақта бір камераның көмегімен бақылау үшін фокустық қашықтықта қолданумен объектив және қашықтықтан басқарудың кері қондырғысымен қолданылуы тиіс.

101. Объектінің тұрғын жайында диафрагманы қолдан реттеумен жинақталған объективпен электронды затвормен телекамераны пайдалану қажет.

Объектінің тұрғын жайынан тыс (көшеде) диафрагманы автоматты реттеу объективті телекамерамен жинақтау қажет.

102. Қозғалыс нысанасын тапқан кезде орталықтанған күзет бекетіне күзет теледидарының жүйесі дыбыс дабылын беруді қамтамасыз етуі тиіс.

103. Күзет теледидары жүйесінің ден қою уақыты құқық бұзушының бақылау аймағының жарты бөлігін өту уақытынан аспайтын болуы тиіс.

104. Барлық бейнеақпарат бейнежинақққа жазылуы тиіс: ұзақ уақыт жазатын арнайы беинемагнитафонға немесе ақпараттың санды модулы бойынша.

105. Күзет теледидарының конструкивті жүйесі модулы принцип бойынша құрылуы тиіс және мыналарды қамтамасыз етеді:

біртүрлі техникалық құралдардың өзара ауысымдылығы;

техникалық қамтамасыз ету ыңғалылығы, жөндеу және пайдалану;

басқару элементтеріне рұқсатсыз енуді жоққа шығару;

пайдалану процессінде реттеуді, қызмет көрсетуді немесе ауыстыруды талап ететін барлық элементтерге, түйіндерге және блоктарға рұқсат етілген ену.

Күзет теледидарының жүйесіне қойылатын қызметтік сипаттар (талаптар) және оларды сынау әдістері қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарда (стандарттарда, нормаларда, ережелерде, нұсқауларда, техникалық шарттарда және қауіпсіздік талаптарды құрайтын өзге де құжаттарда) белгіленеді.
§14. Хабар беру жүйесіне және құралдарына қойылатын талаптар
106. Күзетілетін объекті мен оның аумағында хабар беру жүйесі дабыл немесе төтенше жағдай (авариялар, өрт, табиғи апат, шабуыл жасау, терроризм актісі) туралы адамдарға жедел хабарлау және олардың әрекетін үйлестіру үшін құрылады.

107. Объектіде хабар беру жоспары әзірленуі тиіс, ол өзіне мыналарды қосады:

лауазымдық міндетіне сәйкес штаттан тыс салдардың алды алу немесе жою іс-шараларда қатысу көзделген қызметкерлерді шақыру жүйесі;

штаттан тыс жағдй кезінде қызметкерлердің әрекетін реттейтін нұсқаулар;

эвакуация жоспары;

хабар беру дабылдарының жүйесі.

108. Хабар беру жүйесі мынадай қызметтік талаптарды (сипаттарды) қамтамасыз етуі тиіс:

адамдардың тұрақты немесе уақытша келуімен ғимаратта, тұрғын жайда, объекті аумағының учаскесінде дыбыс және (немесе) жарық дабылдарын беру;

қауіптілік сипаты туралы сөзді сөйлеу ақпараттарын көрсету, эвакуацияның қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да әрекеттер.

109. Хабарлама беру жөніндегі адамдарды эвакуациялау мыналармен бірге болуы тиіс:

Эвакуация людей по сигналам оповещения должна сопровождаться:

авариялық және күзет жарықтарын қосу;

эвакуация процестерін (өтетін жерлердегі, тамбурлардағы, табалдырық торларындағы және басқа да орындардағы) қиындататын үрей мен басқа да құбылыстарды жоюға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндерді беру;

бағыт және эвакуация жолдарына жарық нұсқауларын қосу;

қосымша эвакуациялық жолдардың есіктерін қашықтықтан ашу (мысалы, жабдықталған электромагнитті құлыптар).

110. Хабар беру дабылдары басқа да тағайындалған дабылдардан ерекшеленуі тиіс.

Адамда келетін барлық тұрақты немесе уақытша орындарда хабар беру саны, олардың қуаты есту қажеттілігін қамтамасыз етуі тиіс.

111. Күзетілетін аумақтарда рупорты дауыс күшейткішті қолдану тиіс. Олар жарық беру тіректерінде, ғимарат қабырғаларында және өзге де конструкцияларда орнатылуы тиіс.

Берілетін сөз хабарламаларының дұрыстығы объектіде дауыс күшейткіштерді дұрыс орнату мен саны сол жерде сынақ жүргізу жолымен анықталады және нақтыланады.

112. Хабар берушілерде дауыс күшейткішті реттеу мен ажырайтын қосқыштары болмауы тиіс.

113. Хабар беру жүйелерінің коммуникациялық жүйесі жекелеген жағдайларда объектінің радиотрансляциялық желісімен бірге жобалауға жол беріледі.

114. Хабарлау жүйесіне қызметтік сипаттар (қойылатын талаптар) және оларды сынау әдістері қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарда (стандарттарда, нормаларда, қағидаларда, нұсқауларда, техникалық шарттарда және қауіпсіздік талаптарын құрайтын өзге де құжаттарда) белгіленеді.


§15. Жедел байланыс жүйесіне қойылатын талаптар
115. Жедел байланыс жүйесі жедел жағдайда күзет қызметінің қызметін басқаруды қамтамасыз ету үшін қолданылуы тиіс.

Бұл мыналармен қол жеткізіледі:

күзет қызметінің күштерімен және құралдарымен басқару жүйесінің талаптарына жауап беретін байланыс құралдарын қолдану;

резервті, айналып өту және резервті аппаратуралардың болуы;

олардың мақсатына және пайдалану талаптарына сәйкес байланыс құралдарын қолдану.

116. Жүйе құрамына мыналар кіруі тиіс:

ретрансляциялық құрал жабдықтар;

стационарлық радиостанциялар;

абоненттік радиостанциялар (мобилді/алып жүретін);

коммутациялық құрал жабдықтар;

диспетчерлік құрал жабдықтар;

үздіксіз электркөзі жүйесін жабдықтау;

117. Жедел радиобайланыс жүйесі мынадай қызметтік талаптарды (сипаттарды) орындауды қамтамасыз етуі тиіс:

жедел байланыс жүйесі үшін бөлінген белгіленген тәртіпте диапазон толқынындағы жұмыстар;

сөздің анық сапасының екінші сыныпты жалғасатын, үздіксіз радиобайланысы;

күзет бекетіндегі кезекші мен қызмет көрсету аумағындағы күзет наряды арасындағы екі жақты радио байланыс;

қызмет көрсету аумағы шегінде күзет наряды арасындағы екі жақты радиобайланыс;

жедел анықтама есебі бойынша деректер қорының мобилді/жаяу абоненттерінің ену мүмкіндігі;

көлемі мен қызмет көрсету аймағы күзетілетін объетклерде және шектес аумақтарда белгіленген байланысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс;

беретін ақпаратты қорғау;

диспетчердің нәтижелерін мониторингте көрсетумен абонентті радиоқұралдардың жедел мониторингі (бағдарламаға енетін абоненттік радиостанциялардың нөмірлері, кодтың абоненттік радиоқұралына жүктелген радиостанция (топтары) эфиріне шығатын статистикалық деректер және оны өзгерту нәтижелері, уақыт және радиостанция нөмерлері бойынша іздеумен жазылған радиосөйлесулерді тыңдау, нақты радиостанциялар аймағында жағдайды аудиотыңдау);

құрал жабдықтар жұмысының тәуліктік режимі;

базалық құрал жабдықтардың, коммутация орталығының және диспетчерлік орталықтың негізгі электркөзі сөнген кезде (немесе керісінше) резервке автоматты түрде өту мүмкіндігі. Қоректің резервті көзінен жұмыс уақыты – 2 сағаттан кем емес.

118. Өмір сүрудің талап ететін деңгейі және сенімділігі тәулік бойы жұмыс режимінде жүйелі компоненттері аппаратты қайталау жолымен жабдықтардың қызмет ету жүйесінің сенімді қызмет етуі есебінен және түйінді нүктелердің элементтерін ыстықтай ауыстыру мүмкіндіктері қамтамасыз етілуі тиіс.

119. Ақпараттың қауіпсіздігі ұйымдастырушылық техникалық іс-шаралармен қамтамасыз етілуі және нормативті техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

120. Байланыс жүйесі компоненттерінің конструкциясы оларды пайдаланған кезде қызмет көрсететін қызметкердің қызмет көрсету мен жөндеу кезінде электроқауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.

121. Байланыс жүйесінің техникалық құралдардың конструкциясы прогрессивті технологиялық процестерді, жоғары өндірістік жабдықты барынша жоғары шектелген номенклатура материалдарды және жинақ бұйымдарды пайдаланумен орындалуы тиіс. Конструкция қосымша реттеу мен күйін келтірмей пайдалану мен жөндеу жағдайында Жүйенің бір түрлі құрамды бөліктерін өзара ауысуын қамтамасыз етуі тиіс.

122. Жедел байланыс және оларды сынау әдістерінің қызметтік сипаттары (қойылатын талаптары) қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құжаттарда (стандарттарда, нормаларда, қағидаларда, нұсқауларда, техникалық шарттарда және қауіпсіздік талаптарын құрайтын өзге де құжаттарда) белгіленеді.




Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Қазақстан республикасының заңы шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына
user documents -> Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу ҚАҒидалары
user documents -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
user documents -> Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілерін бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу
user documents -> Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
user documents -> Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет