Мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар



бет1/3
Дата24.04.2018
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің «___» _____ 20___жылғы

№ ____қаулысымен

бекітілді




Мемлекеттік күзетілуге жатпайтын

террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптар

1-бөлім. Жалпы ережелер

1. Осы талаптарда қолданылатын терминдер:

1) тапсырыс беруші – қолданыстағы заңдарға сәйкес мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілерді (бұдан әрі - объекті) терроризмге қарсы қорғалуы үшін жауапты болатын заңды немесе жеке тұлға;

2) қауіпсіздік – қандай да бір қауіп-қатерді іске асырудан не оның салдары әрекетінен оған зиян келтіруге байланысты, жол берлмейтін тәуекелі жоқ объектіні қорғау ахуалы;

3) объектінің қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатер – қорғау объектісіне қатысты кері салдарды тудыруға алып келетін адамның (адамдар тобының) құқыққа қайшы әрекетінен шығатын қауіп;

4) объектінің критикалық аймағы – олардың конструктивті элементтері, учаскелер, қауіп-қатерді іске асыру не оның салдары, қылмыстық мақсатта рұқсатсыз кіру елеулі зиянға алып келуі мүмкін тұрғын жай;

5) объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы – терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын қызмет;

6) тексеру жүйесі мен құралдары – бұл тыйым салынған бұйымдар мен заттарды рұқсатсыз алып өтуді табу үшін тағайындалған техникалық құралдардың жиынтығы;

7) инженерлік техникалық бекіту құралдары – объектіге немесе мүлікке рұқсатсыз ену жолын бөгейтін механикалық және (немесе) электромеханикалық бұйымдар;

8) күзет дабылының жүйесі – күзетілетін объектіге, тапсырылған түрде ақпараттарды беруге, жинауға, өңдеуге және ұсынуға рұқсатсыз кіруді, объектінің және басқа ақпараттың бүтіндігінің бұзылуын табу үшін бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

9) күзет сигализациясы жүйесінің құрамы:

кіруді табу құралы – автоматты және автоматты емес (дабыл беру сигнализациялары) хабарлаушылар;

ақпаратты жинау мен өңдеу құралдары – қабылдау бақылау аспаптары, сондай-ақ күзет хабарлаушыларынан хабарды қабылдауды қамтамасыз ететін кешенді (интеграцияланған) жүйе құрамындағы блоктар, қондырғылар мен модульдер, ақпараттарды өңдеу мен көрсету, жергілікті дыбысты және жарықты хабар беруді жүзеге асыру, орталықтанған бақылау пультіне күзетілетін объектінің (аймақтың) ахуалы туралы ақпаратты алумен/алып тастаумен және берумен басқару;

хабарламаны беру жүйесі – деректерді беру арналар бірнеше түрлерінің біріккен, аумақтық тарату (шоғырланған) объектілер қауіпсіздігінің бірлесіп әреке ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

орталықтанған бақылау пульті - өзіндік техникалық құралдар (техникалық құралдардың жиынтығы) немесе күзетілетін объектілерге кіру туралы дабыл хабарламаны қабылдау үшін орталықтанған күзет бекетіндегі хабарламаны, қызметтік және бақылау диагностикалық хабарламаны беру жүйесінің құрамдас бөлігі, алынған ақпаратты өңдеу, көрсету, тіркеу және одан әрі өңдеу үшін оны тапсырылған түрде, сондай-ақ (кері арна болған кезде) телебасқару командасына беру үшін ұсыну;

10) бақылау жүйесі және енуді басқару – енуді бақылау мен басқару үшін тағайындалған және техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану сыйымдылығымен бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

11) күзет теледидарының жүйесі – күзетілетін объектіден телевизиялық көріністі алу, сондай-ақ қорғау объектісінде қауіп-қатердің пайда болуы туралы хабарламаларды беру мүмкіндігі үшін тағайындалған тұйықталған түрдегі телевизиялық жүйе;

12) дабыл туралы хабарлама құралы – қауіптің пайда болуы туралы адамдарды жарық және/немесе дыбыс арқылы хабарлау үшін тағайындалған техникалық құралдар;

13) жедел байланыс жүйесі – объектіні күзету қызметтерінің жұмысын жедел басқаруды қамтамасыз ету және арнайы бөлінген байланыс арнасын пайдалану үшін тағайындалған байланыс жүйесі;

14) объектілердің және мүліктердің терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдары – қызметтік міндеттері терроризмге қарсы объектілер мен мүлік болып табылатын техникалық бұйымдар (сериялы өндіріс өнімдері), сондай-ақ жүйеде (жобалау, монтаждау, жөндеу және пайдалануға беру жолымен әрбір объекті үшін құрылған бірыңғай өндіріс өнімдері) біріккен техникалық құралдар;

15) объектінің осал жерлері – құқық бұзушының кіруі мүмкін аумақты, акваторияны, құрылыс конструкцияларын (ғимараттар, құрылыстар, салынып жатқан ғимаратар) қоршау фрагменті.

2. Әрбір объектіде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі болуы қажет.

3. Қауіпсіздік жүйесін құру мақсаты террористік және өзге де қауіп-қатердің ықпалынан оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі өзіне объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық шараларын және техникалық құралдарын қосады.

Ұйымдастырушылық шаралар тиісті заңдармен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен және олардың негізінде қабылданған ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Осы талаптармен белгіленетін ұйымдастырушылық шаралар объектілер мен мүліктерді терроризмге қарсы қорғалуды қамтамасыз етудің техникалық құралдарын анықтауға бағытталған.


2-бөлім. Объектілерін жіктеу
5. Объектілерді жіктеу (санаттау) терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне 2013 жылғы «___» ________ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілетін Қазақстан Республикасының Террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 Қаулысымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелеріне сәйкес олардың қауіпсіздігінің барынша аз қажетті деңгейін қамтамасыз ететін, көлемде және өзіне тән ұйымдастырушылық, күзет, режимді және өзге де шаралармен анықталатын дифференциалды талаптарды белгілеу мақсатында жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілер мынадай түрлерге бөлінеді:

1) «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-тармағына сәйкес қауіпті өндірістік объектілер;

2) адамдар көп жиналатын объектілер:

сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері;

100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері;

көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары,

көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, спорт ғимараттары,

көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, ойын-сауық ғимараттары,

көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көлік ғимараттары (вокзалдар, бекеттер, порттар, аэродромдар, әуежайлар),

көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, білім беру ұйымдары,

көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, денсаулық сақтау ұйымдары,

көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар, туристер тұратын және оларға қызмет көрсететін басқа да ғимараттар мен орындар).

7. Терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды жіктеуге байланысты әрбір объектінің түріне өзінің талаптары қойылады.


3-бөлім. Объектілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
§1. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін

құру шарттары мен тәртібі
8. Объектінің қауіпсіздігі терроризмге қарсы қорғау жүйесін құру процесінде қамтамасыз етіледі және оны пайдалану жүзеге асырылады.

9. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін құру террористік және басқа қылмыстық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың негізгі міндеттерін іске асыру мақсатында жүзеге асырылады:

1) қауіп-қатердің алдын алу;

2) қауіп-қатерді табу;

3) қауіп-қатердің жолын кесу;

4) қауіп-қатер іске асырылған жағдайда оның салдарын жою.

10. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін құру кезінде объектіде іске асырылған мына талаптар ескерілуі қажет:

1) өрт қауіпсіздігі;

2) технологиялық қауіпсіздік;

3) азаматтық қорғаныс;

4) болуы мүмкін төтенше және дағдарысты жағдайларға қарсы тұру;

5) құпиялық режимі;

6) объектінің қызмет ету ерекшелігіне сәйкес арнайы талаптардың басқа да түрлері.


§2. Терроризмге қарсы қорғау

жүйесін құрудың жалпы принциптері
11. Терроризмге қарсы қорғау жүйесінің қызмет етуін құруға және ұйыдастыруға талаптарды белгілеу негізінде объектілердің терроризмге қарсы қорғау жүйесін құру принциптері деп негізгі ережелер түсіндіріледі.

12. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін құру принциптері нақты объекті үшін құқық бұзушылардың осал, қауіп-қатер мен модельдеріне талдау жүргізу кезеңінде анықталғандарды ескерумен объектілерге, олардың критикалық элементтеріне қатысты құқық бұзушылықтардың әрекеттеріне қарсы тұру жүйесінің қабілетін анықтайтын объектілерді тиімді қорғауға қол жеткізуге бағытталған.

13. Объектінің терроризмге қарсы қорғау жүйесін құру кезінде мына принциптерді басшылыққа алу қажет:

1) модельмен қабылданған қауіп-қатердің адекваттығы;

2) аймақтық құру;

3) бірдей беріктік;

4) бейімділік.

Қауіп-қатер моделімен қабылданған адекваттық принципі. Объектіде қабылданған ұйымдастырушылық және әкімшілік шаралар, объектілер мен олардың элементтерін қорғауды іске асырудың техникалық тәсілдері қабылданған қауіп-қатерлер мен құқық бұзушылар моделдеріне сәйкес келуі қажет.

Аймақтық принцип. Объектінің терроризмге қарсы жүйесі күзетілетін объектілердің және олардың элементтерін «эшелондалған» қорғауды қамтамасыз ететін шектелген енуді және күзетілетін аймақты ұйымдастыруды және құруды көздеуі тиіс.

Объектінің критикалық элементтері олар үшін белгіленген қорғалу деңгейіне сәйкес тиісті күзетілетін аймақтарда орналасуы тиіс. Объектіні аймаққа жатқызуды ұйымдастыру кезінде периферийден, яғни объектінің санатын анықтайтын критикалық элементке орталыққа қорғауды күшейту қамтамасыз етілуі тиіс.Егер терроризмге қарсы қорғау жүйесінің тиімділігін бағалауды өткізу процесінде күзетілетін аймақтар потенциалды қауіп-қатерді жою үшін жеткіліксіз болса, онда қолданыстағы аймақтардың ішін қорғайтын қосымша күзетілетін аралық ұйымдастырылады.

Бейімділік принципі. Терроризмге қарсы қорғау жүйесі объектінің қызмет етуіне, соның ішінде технологиялық және өрт қауіпсіздігі шараларын объектіде ескерумен төтенше жағдайларда кедергі келтірмеуі тиіс және оның жұмысының технологиялық ерекшеліктеріне беймделуі тиіс,.

14. Терроризмге қарсы қорғау жүйесінің барынша аз құрамына мына бөліктер енеді:

1) терроризмге қарсы қорғау жүйесінің қызметшісі – объектіні күзету бөлімшесі;

2) ұйымдастырушылық іс-шаралар;

3) техникалық құралдар және терроризмге қарсы қорғау жүйесі.

§3. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін жобалауға

қойылатын жалпы талаптар
15. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін жобалау мына жұмыстар кезеңін енгізеді:

объектінің терроризмге қарсы қорғау жүйесін жобалауға (қайта салу) техникалық тапсырысты, жобалау, әзірлеу және бекіту;

объектіні терроризмге қарсы қорғау жүйесімен жарақтау үшін жобалы сметалық құжаттарды әзірлеу мен келісу;

терроризмге қарсы қорғау жүйесінің объектілерін жарақтау бойынша монтаждау және қосу-жөндеу жұмыстарының барысы үшін техникалық қадағалау және бақылау;

терроризмге қарсы қорғауды пайдалану жүйесін енгізу.

16. Терроризмге қарсы қорғау жүйесінің объектілерін жарақтау үшін қайта салу кезінде, қолданыстағы объектінің терроризмге қарсы қорғау жүйесін жарақтау немесе объектіні салуды (қайта салу) жоспарлау кезінде немесе жобалы сметалық құжатты әзірлеу үшін техникалық тапсырыс міндетті құжат болып табылады.

17. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін жоспарлауға техникалық тапсырыс қажетті қорғану деңгейіне байланысты объектіні тексеріп болған соң тапсырыс берушімен әзірленеді.

18. Техникалық тапсырыста мыналар болуы қажет:

1) объектінің қызметтік және құрылыстық ерекшеліктері, материалдық құндылықтардың сипаты мен шарттары, олардың шоғырланған жерлері, қорғалатын орынжайлардың саны;

2) объектіні күзету түрі (біріккен, орталықтанған), оның телефонды және және электр қуатымен қамтамасыз етілуі;

3) объектіге рұқсатсыз кіруі мүмкін осал жерлер мен құрылыс конструкциялары (терезелер, есіктер, жүк түсіретін және өзге де люктер, капиталды емес қабырғалар, бөлулер, жабулар, технологиялық тесіктер, арналар және басқа да конструкциялар);

4) күзет және дабыл аймақтарының саны, күзет аралықтары, монтаждауға жататын қылымысқа қарсы қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдары, оларды бекіту орындары және жасыру бойынша шаралар, құрылыс конструкцияларын жабу тәсілдері мен осал орындар;

19. Техникалық тапсырысқа мыналар ұсынылады:

1) объектінің аумағында өндірістік және әкімшілік шаруашылық ғимараттарын орналастыру жоспары;

2) объектінің аумағы бойынша нарядтың қозғалыс бағдарын анықтау үшін жол үлгісі (жая жүру немесе автокөлік).

3) Ғимараттың, құрылыстардың, тұрғын жайдың, жекелеген құрылыс конструкцияларының инженерлік техникалық бекітілуі жеткіліксіз болған кезде техникалық тапсырысқа қосымша ретінде объектінің инженерлік техникалық бекітілуін күшейту жөніндегі тапсырыс ресімделуі тиіс.

20. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін бекіту мен монтаждау жөніндегі жұмыстар объектілерде бекітілген жоспарлы сметалық құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

21. Жоспарлы-сметалық құжаттамалар мынадай кешенді құжаттар болуы тиіс:

1) жобаны әзірлеуге техникалық тапсырыс беру;

2) түсіндірме жазба (жобаның түсіндірме жазбасына техникалық тапсырыс берудің барлық талаптары көрсетілуі тиіс);

3) жалпы деректер;

4) сызбалар, жоспарлар, орналастыру үлгісі және терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдарын қосу;

5) құрал-жабдықтардың жұмыс істеу қабілеті мен пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті сипаттамасының есептер (электроқуаты, сауле және басқалар);

22. Жобалы сметалық құжаттама тапсырыс берушімен келісіледі.

23. Монтаж процессінде жобалы сметалық құжаттамдан негізід бас тарту (өзгерту, түзету) тек тапсырыс берушінің және осы құжаттарды бекітуге және келісуге қатысатын тиісті ұйымның рұқсаты (келісімі) болғанда жол беріледі.

24. Қосу жөндеу жұмыстары біткен соң пайдалануға қабылдау актісін қол қояр алдында тапсырыс берушіге жобалы сметалық құжаттамаларды кешеннің даналары берілуі тиіс. Сонымен бірге тапсырыс берушіге одан әрі техникалық қамтамасыз етілу үшін пайдалану құжаттары беріледі.

25. Қауіпсіздік жүйесін салу мен қызмет ету ерекшеліктері жөніндегі мәліметтерді құрайтын құжаттамаларға (техникалық тапсырмаларға, жобаларға, пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарға, үлгілерге, бағдарламалар мен өзге құжаттарға) ену қатаң реттелуі тиіс. Құжаттамалар құпия болуы және тиісті сақтау шарттары болуы тиіс.
§4. Терроризмге қарсы қорғау жүйесінің монтаждау-жөндеу жұмыстарына қойылатын жалпы талаптар
26. Монтаждау-жөндеу жұмыстары қолданыстағы заңдарға сәйкес осы жұмыстың түрін жүргізуге уәкілетті ұйыммен жүргізіледі.

27. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін монтаждау жөніндегі жұмыстар бекітілген жобалы-сметалық құжаттамаларға және тексеру актісіне объектілер мен мүліктерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етудің техникалық құралдарының жұмыс құжаттамаларына сәйкес жүргізіледі.

28. Жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын бұйымдар мен материалдар объектіні терроризмге қарсы қорғалу жобасына мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкес әзірленген монтажды-жөндеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес болуы өқажет және тиісті сертификат, техникалық төлқұжаттар және олардың сапасын растайтын басқа да құжаттар болуы тиіс.
§5. Терроризмге қарсы қорғалу жүйесін пайдалануға

енгізудің жалпы талаптары
29. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін қабылдау жұмыс комиссиясымен жүргізіледі, ол мына өкілдерді қосады.

1) тапсырыс беруші;

2) объектіні күзету қызметі;

3) монтаждау-жөндеу ұйымы;

4) қажет болса басқа ұйымдар мен ведомстволардың мамнары тартылуы мүмкін.

30. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін монтаждау және жөндеу жөніндегі орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде жұмыс комиссиясы мыналарды жүзеге асырады;

1) жобалау сметалық құжаттамаларының орындалған монтаждау жөндеу жұмыстарының сапасы мен аппаратураны әзірлеуші кәсіпорынның технологиялық картасы мен техникалық құжаттамаларына сәйкестілігін тексеру;

2) қылмысқа қарсы қорғаудың жөнделген жүйесінің жұмыс істеу қабілетін сынау.

31. Жобалау құжаттамаларының (тексеру актісі) атқарылған жұмыстарының жекелеген сәйкес келмеуі анықталған кезде комиссия анықталған ауытқулар туралы акті жасайды, оның негізінде монтаждау жөндеу ұйымы белгіленген комиссиямен оларды мерзмінде жоюға міндетті және терроризмге қарсы қорғаудың қайта жөнделген жүйесін пайдалануға ұсынады.

32. Терроризмге қарсы қорғаудың жөнделген жүйесі комиссиямен қабылданған болып есептеледі, егер тексерумен мыналар анықталса:

1) жобалау құжаттамаларына сәйкес терроризмге қарсы қорғаудың техникалық құралдарымен объекті жабдықталса;

2) терроризмге қарсы қорғау жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті мен өтуі техникалық оң нәтижелер берсе.


§6. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін пайдалануға қойылатын жалпы талаптар

33. Терроризмге қарсы қорғау жүйесінің пайдалану кезеңінде оның үлгісін өзгерту немесе терроризмге қарсы техникалық құрал жабдықтарының объектілерін толық жабдықтау, сондай-ақ бір типті аспаптрады басқа түрлеріне ауыстыру объектінің қауіпсіздік қызметінің басшысының өкімімен жүргізіледі. Объектінің құрал жабдықтарын өзгерту объекті басшысымен және күзет ұйымының басшысымен бекітілген қолда бар өзгерістер мен толықтыруларды көрсетіп актімен ресімделеді.

34. Терроризмге қарсы жүйені пайдалану кезінде оның техникалық қызмет етуін өткізу қажет, ол өзіне барлық пайдалану мерзімі барысында техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келетін ахуалдағы жүйені қолдау жөніндегі жоспарлы алдын алу сипатындағы ұйымдастырушылық техникалық іс-шарлар кешенін қосады.

35. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін пайдаланудың техникалық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

1) дұрыс қызмет етуді қамтамасыз ету;

2) терроризмге қарсы қорғау жүйесінің техникалық ахуалын бақылау және одан әрі пайдалану жарамдылығын анықтау;

3) жалған дабылдың себептерін және ақауларын анықтау және жою;

4) жағамсыз, климаттық, өндірістік және тұрақсыздандыратын басқа да фактілердің ықпал ету салдарын жою немесе жол бермеу.

36. Аппаратураның бұзылуы немесе істен шығуына байланысты жөндеу жүргізіледі, ол өзіне оның жарамды немесе жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру жөніндегі кешенді шараларды қамтиды.

37. Терроризмге қарсы қорғау жүйесін пайдалану кезеңінде оның техникалық пайдалануын бақылау жүргізіледі, ол өзіне белгіленген нормалар мен талаптарға аппаратураның техникалық пайдалануына сәйкес тексеруге бағытталған кешенді ұйымдастырушылық іс-шараларын қамтиды.

38. Терроризмге қарсы қорғауды техникалық құралдармен қамтамасыз ету талаптары өзіне барынша аз талаптарды қамтиды, оларды сақтау жобалау, әзірлеу, өндіру, монтаждау, жөндеу және мақсаты бойынша пайдалану кезінде террористік және басқа да қылмыстық қауіп қатерден қорғалатын объектіні қолайлы тәуекелдер қамтамасыз етеді.

39. Басшының немесе объект иесінің шешімі бойынша өте жоғары сыныпты қорғалу жүйесімен жабдықталуы мүмкін.


§7. Объектінің инженерлік-техникалық құралдарына

қойылатын талаптар
40. Объектінің инженерлік техникалық нығайту құралдары объектіге бұзу, құрылыстық қорғау конструкцияларын (есіктерді, қақпаларды) бұзып ашу, периметр бөгеттерінен асып өту, жабатын қондырғыларды ашу жолымен рұқсатсыз енуден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

41. Объектінің инженерлік техникалық нығайтылу құралдары мыналар үшін тағайындалған:

физикалық бөгет құрумен адамдарды және объектінің өзін қорғау объектіге және оның қызметіне қатысты құқық бұзушының рұқсат етілмеген әрекеттеріне қатысты қорғау;

қарауылдың ден қою күштері келгенге дейін жетерлік уақытта

қорғалу объектісіне құқық бұзушының қозғалысын қиындату (ұстау) мақсатында құқық бұзушының қозғалыс жолына кедергі құру;

тек белгіленген ену аралықтары арқылы күзетілетін аймақтарға, ғимараттарға, құрылыстар мен тұрғын жайларға енуді қамтамасыз ету;

күзетілетін аймақтардың шекаорасын белгілеу;

күзетілетін аймаққа көлік құралдарының таранды енуінің алдын алу;

күзет күштерімен қызметтік міндеттерді шешу үшін жағымды жағдай жасау.

42. Инженерлік нығайту құралдарына мыналар жатады:

периметрді, аймақтар мен аумақтың жекелеген учаскелерін қоршау үшін инженерлік құралдар мен ғимараттар;

құқыққа қайшы қондырғылар және автокөліктің қозғалу жылдамдығын шектеу қондырғысы;

бақылау өткізу бекеттері;

күзет және қарауыл бөлімшелерін орналастыру үшін тұрғын жай;

ғимараттар мен құрылыстардың терезе ойықтарын қорғау құралдары;

ғимараттардың, құрылыстар мен тұрғын жайлардың есік ойықтарын қорғау құралдары;

құлыптар мен жабатын қондырғылар;

ғимараттар, құрылыстар мен тұрғын жайлардың қабырғалары, жабылуы мен қоршаулары.

43. Инженерлі техникалық нығайту құралдарымен объекті аумағының периметірі, критикалық аймағы, объектінің осал тұстары, ғимараттың, құрылыстар мен тұрғын жайлардың терезе және есік ойықтары, көлік қақпасына кіреберістер, бақылау өткізу бекеттері, желдеткіш коробалар, люктер, басқа да техникалық арналар мен тесіктер, су жібергіштер, ауа трубалар, жерасты коллекторлары, сондай-ақ объектіге рұқсатсыз енуі мүмкін басқа да орындар жабдықталуы тиіс.

44. Инженерлі техникалық нығайту құралдарымен жабдықталған объектінің аймағы, аумағы, периметрі, тұрғын жайы, осал тұстары енуге оқталуды табу үшін тағайындалған қосымша күзет дабылдарымен және/немесе күзет теледидары құралдарымен жарақталуы тиіс.

45. Инженерлі техникалық нығайту құралдары мына талптарды қанағаттандыруы тиіс:

сапалы және ұзақ уақытты болуы;

ену аралығы арқылы рұқсат етілмеген жолды құқық бұзушығы қиындату;

құқық бұзушымен қолға ұстайтын құралдарды пайдалануды шектеу;

рұқсат етілген немесе авариялы ену кезінде рұқсат беру қабілетін қамтамасыз ету;

күзеттің техникалық құралдарының жұмысына ықпал етпеу;

күзет қызметінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету.

46. Объектінің периметрі үшін инженерлі техникалық құралдар қоршаудың қызметтік мақсаты бойынша мыналарға бөлінеді:

негізгі;

қосымша;


алдын алу;

жергілікті аймақ.

Күзетілетін аймақ шекарасының периметрі технологиялық және өзге де коммуникациялармен қиылысудың барынша аз санда болуы тиіс.

47. Негізгі қораушалар күрделі құрылыстар болып табылады және объектіні қорғау сыныбына байланысты мына қызметтерді орындауы тиіс:

адамдардың кездейсоқ өтуін, күзетілетін объекті аумағына көліктің кіруін болдырмау;

күзет наряды келгенге дейін уақыт аралығында күзетілетін объекті аумағына және оның критикалық аймағына құқық бұзушының енуіне (соның ішінде көлік құралдарын қолданумен) қарсы тұру;

жарылғыш қондырғыларының және қолмен ату құралдарының ықпалынан объектінің ғимараты мен құрылыстарының қызметкерлерін қорғауды қамтамасыз ету.

Негізгі қоршауларға мына жалпы талаптар қойылады:

биіктігі мен топыраққа ену тереңдігі, барынша қиындататын кедергілер және объектінің қағаттандыратын режимді шарттары;

конструкцияның қарапайымдылығы, жоғары сапалылық және ұзақ уақыттылығы;

оны өтуді жеңілдедетін түйіндер мен конструкциялардың болмауы;

салу мен пайдаланудың экономдылығы.

Негізгі қоршау объектінің барлық периметрі бойынша тұрғызылады. Ол бақылау өткізу бекетінен тыс адамдар мен көліктің жүруіне тыйым салу үшін тағайындалған.

Қоршау тіксызықты участок түрінде орындалуы тиіс. Бақылауды шектейтін және күзетудің техникалық құралдарын қолдануды қиындататын барынша аз майысу мен бұрылыстар болуы тиіс.

Периметрдің құрамдас бөлігі болып табылатын ғимараттан басқа қоршауға қандай да құрылыс қиылыспауы тиіс. Күзетілетін аумаққа шығатын ғимараттың бірінші қабатының терезесі темір темір керегелермен (темір тор көздермен) және күзеттің техникалық құралдарымен жабдықталуы тиіс. Алаңның шекарасында орналасқан қоршау ғимарат қасбеті бойымен қарастырлмауы тиіс. Осы жағдайларда қоршау ғимараттар арасындағы бөліктерде қарастырылуы тиіс.

Объектінің қоршауына 6 метр жерде ішкі шағынан қандай да бір құрылыс және ғимараттар салуға тыйым салынады.

Қоршауда өтетін тесік, ойық және басқа да зақымдар, сондай-ақ жабылмайтын қақпалар, есіктер мен қақпақтар болмауы тиіс.

Негізгі қоршаулар бүтін және көрінетін болуы тиіс. Бүтін және көрінетін қоршауды таңдау күзеттің қолданылуы мүмкін техникалық құралдарын, өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін ескерумен жүргізіледі.

Оларды сырттан бақылауды немесе фото және бейнетүсіруден қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бүтін негізгі қоршаулар режимді объектілердің периметрлерін және объектінің тыйым салынған аймақтарын қоршау үшін қолданылады. Қалған объектілер жанбайтын материалдардан (темір бетонды торланған, болат торлы немесе дәнекерленген торлы қоршаулармен) көрінетін конструкциялармен қоршалады.

Объекті периметрінің негізгі қоршауының биіктігі кемі қары аз аудандарда 2,5 метр және қардың қалыңдығы бір метрден биік аудандарда 3 метр кем болмауы тиіс.

Қоршаудың түрі мен биіктігін таңдау кезінде объектіге қарсы терроризм актісін жасау тәуекелі ескерілуі тиіс.

Қоршау болат тор көзді, болат тордан, армирлі лента кілттерінен, металл, тас, кірпіш және басқа конструкциялардан орындалады.

Объектінің бүтіндей негізгі қоршауы мынадай болуы мүмкін:

темірбетонды қалыңдығы 100 мм кем емес;

тасты, кірпішті қалыңдығы 250 мм кем емес;

бүтін металды табақ қалыңдығы 2 мм кем емес, күшейтілген қатты қабырғалар.

Қажет болса объектінің негізгі қоршауы 2,5 метр асатын биіктікте және одан жоғарыды (жел күшін ұстайтын) мыналар болуы тиіс:

монолитті немесе жиынтық темір бетонды қалыңдығы 220 мм кем емес;

тасты, кірпішті қалыңдығы 380 мм кемемес.

Көрінетін қоршау темір бетонды немесе металл бағандар бойынша металл торлы немесе торлы панелден не темір бетонды бағандар бойынша торлы темір бетонды конструкциялардан жасалады.

Тор көзді (темір керегелі) қоршаулар ретінде мамандандырылған бір ізге келтірілген корроизяға қарсы қорғанысы бар диаметрі 5мм шыбықтары бар секциялы тор негізінде болат тор көзді (темір керегелі) қоршауларды қолдануға болады. Осындай қоршаулардың конструкциясы әртүрлі табудың техникалық құралдарын және қауіпсіздік кедергілерін орнату үшін ұтымды, всеклиматикалық орындауда әзірленген және биік ұстамды қасиеттері болуы тиіс.

48. Қосымша қоршаулар құқық бұзушымен негізгі қоршауды өтуді қиындату үшін белгіленеді. Қосымша қоршау негізгісінен жоғары және төмен орнатылады.

Жоғарғы қосымша қоршау қоршаудан өту кезінде және оның биіктігін көбейту кезінде қосымша кедергіне құру үшін негізгі қоршаудың барлық түрлеріне орнатылады. Жоғарғы қосымша қоршау негізгі қоршау негізінде орнатылады, оның биіктігі 2,5 метрден кем болмауы тиіс.

Жоғарғы қосымша қоршау мамандандырылған бір ізге келтірілген армирлі лента кілттері бұйымдары негізінде спиралды қауіпсіздік кедергісі түрінде жоғары өрмелеуге қарсы күнқағар қоршауы болады.

Төменгі қосымша қоршау қазып кіруден қорғау үшін негізгі қоршаудың астынан 0,3-0,5 м төмен емес, крестеліп дәнекерленген көлемі 150х150 мм қуыс орнатылуы және бетондалған цокол немесе 16 мм кем емес артматуралы болат шыбықтан дәнекерленген тор көз түрінде орындалуы тиіс. Төменгі қосымша қоршау ретінде таранға қарсы (қазуға қарсы) цоколды және үлкен диаметрлі трубаны пайдалану мүмкін.

Бір ізге келтірілген коррозияға қарсы қорғау секциялары бар диаметрі 5 мм кем емес шыбықтары бар болат тор көзді (темір керегелі) қоршауларды тереңдетумен төменгі қосымша қоршауларды салуға жол беріледі.

49. Алдын алу қоршаулары негізгі қоршаудың сыртқы және (немесе) ішкі жағынан орналасуы мүмкін. Алдын алу қоршауларында әрбір 50 метр сайын «Тыйым салынған аймақ! Кіруге тыйым салынған», «Назар аударыңыз! Күзетілетін аумақ» түріндегі тақтайша және басқа да сілтеме жасау мен ескерту белгілері орнатылу қажет.

Ішкі алдын алу қоршаулармен объектінің жекелеген учаскелері, критикалық (тыйым салынған) аймақтары, автокөлік және темір жол көліктерінің тексеру алаңдары жабдықталуы мүмкін.

Автокөлік және темір жол көліктерінің бақылау өткізу бекеттерінде периметр бойынша алаңды тексеріп қарау үшін қауіпсіздік шарттарын қамтамасыз ету мақсатында тексеру алаңдары көрінетін алдын алу қоршауларымен жабдықтайды. Тексеру алаңдарының алдын алу қоршауларының биіктігі қызметтік сипаттарына байланысты 2-2,5 метр болуы тиіс.

Қажет болған кезде периметрдің негізгі қоршауының бойымен негізгі және ішкі алдын алу қоршауларының арасында мыналар орналасады:

күзет және дабыл белгілерінің құралдары;

күзет жарықтары;

күзет теледидары;

күзет бекеттерінің қондырғысы (қорғану кабиналары, посталық «саңырауқұлақтар», бақылау мұнарасы);

күзет посталарының және нарядтарының байланыс құралдары;

сілтеме және ескерту белгілері.

Күзет және дабыл белгілерінің, байланыстың, хабарламаның, жарық берудің және жергілікті жерлерді тексерудің техникалық құралдарына қызмет көрсету үшін ыңғайлы болу үшін ішкі алдын алудың ішкі қоршаулары жеке учаскелерге қағылуы тиіс. Әрбір учаскеде жабылатын қақпақ қарастырылуы тиіс. Қақпалар арасындағы қашықтық күзет техникалық құралдарының сипаттамасынан, периметр ұзындығы мен оның конфигурациясынан шыға отырып таңдалады.

50. Критикалық аймақтарды жабдықтау мүмкін болмаса күзеттің техникалық құралдарымен қоршаудың осал жерлерін осы жерлерде күзет постасында қорғану кабиналары, посталық «саңырауқұлақтар», бақылау мұнарасы) орналастыру қажет немесе күзетті күшейту жөніндегі басқа да инженерлі техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды жүргізу қажет.

51. Үлкен аумақты және айтарлықтай қашық периметрлі объектілерде мобилді патрулды топтар мен күзеттің техникалық құралдарына қызмет көрсететін мамандардың қозғалысы үшін объекті ішілік жол желісін, сондай-ақ арнайы жолдарды (күзет жолдарын) пайдаланады. Күзеттің арнайы жолдары күшпен алудың тыйым салынған аймағы бойынша периметрдің бойымен немесе тыйым салынған аймақтың еніне байланысты жақын жерден өтуі қажет.

52. Объектінің аумағына ену (келу) орны инженерлі техникалық нығайтулармен жабдықталады – қақпалар мен қақпақтар.

Қақпа объектінің аумағында автомобил және темір жол шығатын жерлерде бекітіледі. Күзетілетін объект аумағының периметрі бойынша негізгі, қосымша және (немесе) авариялы қақпа орнатылуы мүмкін.

Қақпаның конструкциясы олардың жабық жағдайында қатаң белгілеуді қамтамасыз етуі тиіс.

Электрлі және қашықтықтан басқару қақпасы авариялы тоқтау және ақау болған жағдайда қолмен ашу және электр көзін сөндіріп тастау қондырғысымен жабдықталуы тиіс.

Қақпа шектеулермен немесе өз еркімен ашуды (қозғауды) болдырмау үшін бекітіп ұстаумен жабдықталуы тиіс.

Жабатын және бөгейтін қондырғы талап ететін қорғауды бүлдіретін әсерлерден қамтамасыз етуі, температура диапазондарында жұмыс қабілетін және осы аймақ климатына, судың тікелей әсер етуіне, қарға, құмға және басқа фактілерге тән қоршаған ауаның ылғалдылығын сақтауы тиіс тиіс.

Қақпаның сыртқы (және) ішкі жағынан, сондай-ақ өмірлік маңызы бар орталықтардың және объектінің критикалық элементтерінің жанынан өтетін ішкі объектілік жолдардың учаскелерінде қондырғы көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеу (немесе толық тоқтату) не оларды тексеру үшін қақпаның шлюзді жүйесі үшін орнатылуы тиіс.

53. Ғимараттың сыртқы және ішкі қабырғалары, еден мен төбені жабу қиын өтетіндей кедергі болуы және бұзып кіруден тиісті, оларды дайындау үшін ол құрылыс материалдарын дұрыс таңдаумен жасалатын қорғану сыныбы болуы тиіс.

54. Тұрғын жайдың ішкі тарапынан бекітілетін қабырғаларды, жабуларды және бөлулерді темір керегелермен (тор көздермен) күшейту барлық алаң бойынша жүргізілуі тиіс.

55. Объектінің есік конструкциялары және оның тұрғын жайлары бүлдіретін әсерлерден сенімді қорғауды қамтамасыз ету қажет.

56. Күзетілетін объектінің тұрғын жайында терезе конструкциялары (терезе, форточка, фрамута) шынылы болуы тиіс, сенімді және жөнделген жабатын қондырғысы болуы тиіс.

Жоғары қорғану шараларын талап ететін арнайы тұрғын жайлардың терезе ойықтары қабаттылығына қарамастан міндетті түрде қорғану конструкцияларымен немесе қорғану шыныларымен жабдықталады.

Терезе конструкцияларын жабдықтайтын металл конструкциялар тұрғын жайдың ішкі жағынан немесе рамалар арасында бекітіледі. Жекелеген жағдайларда оларды ерте табудың күзеттің техникалық құралдарымен міндетті түрде қорғаумен торды ғимараттың сыртқы жағынан бекітуге жол беріледі.

Егер терезе ойықтары темір керегелермен жабдықталса олардың біреуі ашылатын (ашылатын, жылжымалы) болып жасалады. Темір кереге тұрғын жайдың ішкі жағынан құлыппен немесе өзге де темір керегені жабуды қамтамасыз ететін және төтенше жағдайда тұрғын жайдан адамдарды эвакуациялауға мүмкіндігі бар қондырғымен жабылуы тиіс.

5 асатын терезелері бар үлкен тұрғын жай үшін ашылатын темір керегелер саны адамдарды тез эвакуациялау шарттарымен анықталуы тиіс.

57. Желдеткіш короба, люктер және басқа да технологиялық арналар мен шатырға немесе күзетілетін аймақтан тыс шығатын рұқсатсыз енуге кедергі келтіретін 200 мм диаметрлі тесіктер инженерлі конструкциялармен жабдықталуы тиіс.

Есік және шартақты люк конструкциясы мен сапалығы бойынша осыған ұқсас сыртқы есіктерге кіруі және жабатын қондырғы көмегімен ішінен жабылуы тиіс.

Ағысты немесе тоғанды суларды жіберу, труба диаметрі немесе объекті аумағына шығатын 300 мм және одан көп коллектр суасты коллектрлері (кабелді, канализациялы) рұқсатсыз енуге кедергі келтіретін инженерлі конструкциямен жабдықталуы тиіс.

Объектінің периметрінің қоршауын қиып өтетін ауатруба жолдары қосымша қоршау элементтерімен жабдықталуы тиіс: проволкалар кілттерінің құралымен немесе трубажолымен немесе оның қасында айналатын армирленген ленталар кілттерімен инженерлік қорғау құралдарымен.

58. 48-57-тармақтар мемлекеттік күзетілуге жатпайтын террористік тұрғыдан осал қауіпті өндірістік объектілерге қолданылады.

59. Есіктер, қақпалар, люктар, қақпақтар, жалюзилер мен темір керегелер жабатын қондырғылармен жабдықталуы тиіс-механикалық, электромеханикалық, электромагнитті құлыптармен.

Жабатын қондырғылар қорғалу сыныптары бойынша бұзудан немесе ашудан объектіні қорғау сыныптарына сәйкес келуі тиіс.

Қызметтік сипаттар (бұзу немесе ашудан қорғау сыныптары бойынша талаптар) жабатын қондырғыларға және оларды сынау әдістері қылмыстық қауіпсіздік (стандарттар, нормалар, қағидалар, нұсқаулықтар, техникалық шарттар және қауіпсіздік талаптарын құрайтын өзге де құжаттар) бойынша нормативті құжаттарға сәйкес белгіленеді.

Нақты объекті үшін инженерлі техникалық нығайту құралдарын таңдау объектінің қылмысқа қарсы қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе жобасына және нормативтік құжаттар талаптарды ескерумен объектіні күзету мен қорғау мүлкіне берілетін техникалық тапсырыста анықталады.

60. Инженерлік техникалық нығайту құралдары құқық бұзу орнына күзет қызметкерлерінің келуіне дейінгі уақытта рұқсатсыз кіруді қамтамасыз етуі қажет.

61. Қорғау уақытының барынша рұқсат етілетін көлемі әрбір қорғалатын объекті үшін қылмыстық қауіп қатерлерден объектіні қорғау сыныптарына қажетті ескерумен инженерлік техникалық нығайту құралдарын өтіп кету тәуекелінің талдауы негізінде есептелуі тиіс.

62. Инженерлік техникалық нығайту құралдарын ұзарту тәуекелін таңдау қағидасы және инженерлі техникалық нығайту құралдарын сынау әдістері өтіп кетуден қорғау уақытының барынша рұқсат етілетін көлемі нормативтік құқықтық актілерде және объектінің қауіпсіздігі жөніндегі құжаттарда (стандарттар, нормалар, қағидалар, нұсқаулықтар, техникалық шарттар және қауіпсіздік талаптарын құрайтын өзге де құжаттар) белгіленеді.



Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Қазақстан республикасының заңы шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу
user documents -> Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына
user documents -> Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу ҚАҒидалары
user documents -> Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
user documents -> Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісім шарт әскери қызметшілерін бекітілген негізгі азық-түлік нормалары бойынша тамақтандыру мүмкіндігі болмағанда жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу
user documents -> Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
user documents -> Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары желілерін интернет-трафикпен алмасу нүктесіне қосу қағидалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет