Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



Дата11.04.2018
өлшемі21.76 Kb.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы стандартының 16-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына не Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша, электронды поштаның мекенжайы: mid@mid.gov.kz, телефон: (8-7172) 75-44-11 немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогына («Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің блогы» беті) беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері пошта бойынша немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау көрсетілген қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, тіркелудің кіріс нөмірі мен күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатында қойылады) болып табылады.

Порталға жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 бірыңғай байланыс-орталығының телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жіберген кезде «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпаратқа қол жеткізіледі, ол көрсетілетін қызметті берушінің жүгінуін өңдеу кезінде жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Шағымда:


1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Порталға электронды жүгіну кезде «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті алушыға жүгіну туралы ақпаратқа қол жеткізіледі, ол көрсетілетін қызметті берушінің жүгінуін өңдеу кезінде жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.



14. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінуге алады .


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет