Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеу критерийлері туралы ереже



жүктеу 51.89 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі51.89 Kb.
Республикалық адвокаттар алқасының төралқасымен бекітілді

2016 жылғы 11 наурыз

(№ 12 хаттама)
Мемлекет кепілдік берген

заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеу критерийлері туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеу критерийлері туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармақшасына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін (бұдан әрі – Адвокаттар тізімі) қалыптастыру мақсатында әзірленген.

2. Ереже бюджет қаражаты есебінен адвокаттық қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу критерийлері мен іріктеу тәртібін белгілейді.


2. Адвокаттарды іріктеу критерийлері
3. Адвокаттар тізіміне адвокаттарды іріктеу ашықтық және айқындылық қағидалары негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқаларының төралқалары (бұдан әрі – Адвокаттар алқасы) жүзеге асырады.

4. Адвокаттарды іріктеудің критерийлері:

1) еріктілік,

2) іріктеу процедурасына адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысанынан тәуелсіз барлық адвокаттардың қатысу мүмкіндігі;



3) әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде құрылған адвокаттар алқасы мүшесі болып табылатын адвокат ретінде салық органымен тіркеу есебіне қойылуы болып табылады.
3. Адвокаттарды іріктеу тәртібі
5. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысуға адвокаттарды тарту Адвокаттар алқасының төралқасымен адвокаттарды іріктеу басталатыны туралы Адвокаттар алқасының, Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарында және (немесе) басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында не басқа тәсілмен ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен мәтін бойынша өтініш тапсыру қажеттігі жөнінде хабарландыру беру арқылы жүзеге асырылаады.

6. Адвокаттар алқасы төралқасына адвокат өтінішін тікелей тапсырады немесе пошта не электрондық байланыс арқылы жібереді. Өтінішке әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберінде құрылған адвокаттар алқасы мүшесі болып табылатын адвокат ретінде салық органымен тіркеу есебіне қойылғаны туралы құжат тіркеледі.

7. Адвокаттар алқасының төралқасы ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей өтініштерді қабылдауды аяқтайды.

8. Өтініштерді қабылдау аяқталған соң Адвокаттар алқасының төралқасы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысуға ниет білдірген адвокаттардың тізбесін мыналарды міндетті түрде көрсете отырып құрастырады:

1) адвокаттың тегі, аты-жөні;

2) туған күні;

3) адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиясының нөмірі мен берілген күні;

4) Адвокаттар алқасына кірген күні;

5) адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысаны;

6) қызметтік тұрғынжайының орналасқан жері;

7) ашық байланыс деректері.

9. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттардың арыздарын қарау нәтижесі бойынша осы Ереженің 8-тармағында көзделген деректер көрсетілген Адвокаттар тізімін бекітеді.

Адвокаттардың тізімін Адвокаттар алқасының төралқасы ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей аумақтық әділет органына жібереді.

10. Адвокаттар тізіміне енгізуден бас тарту туралы Адвокаттар алқасы төралқасының шешімі мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысуға ниет білдірген адвокатқа міндетті түрде хабарланады.

Адвокаттар тізіміне енгізілмеген адвокат Адвокаттар алқасы төралқасының шешіміне Республикалық адвокаттар алқасының төралқасына немесе сотқа ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей шағым жасауға құқылы. Адвокаттың шағымын қарау нәтижесі бойынша Республикалық адвокаттар алқасының шешімі оның кезекті отырысында, шағым берген адвокатқа алдын ала қарау күні мен орнын хабаралай отырып, қабылданады. Республикалық адвокаттар алқасы қабылдаған оң шешім Адвокаттар алқасына адвокатты Адвокаттар тізіміне қосуға негіз болып табылады.

12. Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың саны жеткіліксіз болған жағдайда Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттардың қосымша Тізбесін бекітуге және оны аумақтық әділет органына жолдауға құқылы, бұл туралы Тізбеге енгізілген адвокаттар жазбаша түрде хабарланады.


4. Қорытынды ережелер
13. Осы Ереже талаптарының орындалуы барлық Адвокаттар алқасы, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының адвокаттары үшін міндетті болып табылады.

14. Осы Ереже Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен күнінен бастап күшіне енеді.

15. Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2013 жылғы 2 шілдедегі шешімімен бекітілген Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеу критерийлері туралы ереженің күші жойылды деп танылсын.

Республиккадық адвокаттар алқасының төралқасы бекіткен Мемлекет кепілдік берген

заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеу критерийлері

туралы ережеге

қосымша
Нысан
____________________________________

Адвокаттық алқасының төралқасына


Адвокат_________________________________________________________________

____________________________________

____________________________________________________________________________________________________________

(адвокаттың тегі, аты-жөні, адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысаны, қызметтік тұрғынжайының орналасқан жері, ашық байланыс мәліметтері көрсетіледі)
Өтініш
Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізіміне мені қосуды сұраймын.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін адвокаттарды іріктеу критерийлері туралы ережемен таныстым, келісемін.

Кәсіптік борышымды адал және сапалы орындауға міндеттенемін.
________________________________________

(адвокаттың тегі, аты-жөні) (қолы)


«_____»____________________20__ж.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет