Мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы



Дата05.04.2018
өлшемі38.34 Kb.
Мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы

«Қазақтың тағдыры да, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады», - деп Мағжан атамыз айтқандай, келешегіміз мектептердің қолында тұрғанда қоғам болып жұмыла жүк көтеретін заман келді. Міне, сондықтан да қазіргі таңда қамқоршылық кеңесінің жұмысы маңызды болып отыр.

Қамқоршылық кеңесі - қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл - білім саласын немесе нақты бір білім мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті түрде біріктіретін қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңестер - тек қана қолдау мен қаржыландыру көздері ғана емес, білім беру ұйымдарының, ең маңыздысы - азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы.

Қамқоршылық кеңестердің негізгі мақсаты - білім беру ұйымына оның жарғылық қызметтерін жүзеге асыруға ықпал ету, білім беретін оқу бағдарламаларын ойдағыдай іске асыру мақсатында білім беру ұйымының оқушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау, білім беру ұйымына қаржылық қолдауды, материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету, білім беру ұйымының әрі қарай дамуына ықпал ету, білім беру ұйымы жұмысының, оның ішінде қаржы қаражаттарын бөлу жұмыстары үшін қоғамдық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

Қамқоршылық кеңес жұмысының негізгі бағыттары:

- білім беру ұйымына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету;

- тәрбие мен оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету;

- халықтың әлеуметтік осал жіктерінен шыққан білім алушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайларын жақсартуына және еңбекпен қамтылуына ықпал ету;

- білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу;

- білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің алдында есебін тыңдау болып табылады.

Атқаратын қызметі:

1. Мектеп   миссиясын анықтауға, даму стратегиясын жасауға қатысады, қызметін бағалауды жүзеге асырады.

2.Қамқоршылық  кеңес  қаражатты жұмсау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді.

  3.Білім беру және еңбек тәртібі заңдарына сәйкес  даму  бағыттарын ұйымдастыруға және айқындауға ықпал жасайды.

4.Жетім, қамқорлықсыз қалған  оқушыларға  әлеуметтік көмек көрсетеді.

  5. Мұғалімердің шығармашылығын дамытуға, оқушылардың білім сапасын арттыруға көмектеседі.

  6. Мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын ескеріп, кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, ынталандыру, марапаттау, көмек көрсету шараларын жүзеге асырады.

Қамқоршылық кеңестері мектеп пен қоғам арасындағы буын болуы тиіс, себебі мектеп – қызмет көрсетуші, ал қоғам (ата-аналар, жұмыс берушілер, бизнес, БАҚ және т.б.) – оны тұтынушылар. Мектепте қамқоршылық кеңесінің болуы мектепке артықшылықтар беретіні түсінікті. Ол тек бюджеттен тыс қаржыны іздестіріп қана қоймай, оның мүдделерін түрлі деңгейлерде алға бастыратын адамдарды тартады.



Мектебіміздің білім мен тәрбие саласын жетілдіру, оқыту жағдайын барынша жақсартуға, балалардың құқықтарын қорғау және сақтау мәселелеріне қоғам назарын аударуға, сапалы білім беру қызметтерін көрсетуге бағытталған шараны жүзеге асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрінің 27.07.2017 ж. №355 бұйрығыменБілім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары ережесін басшылыққа ала отырып, 9 адамнан тұратын қамқоршылық кеңесі құрылып, мектепішілік арнайы іс-шара жоспары түзілді.

Қазіргі таңдақамқоршылық кеңесімектебіміздіңқызметінің тиімділігін арттырумен байланысты мәселелерді шешуге бағдарланып, біршама игі істер атқаруға мұрындық болды.Мектебімізге бюджеттен тыс қаражатты тарту, түрлі іс-шаралар өткізу барысында қамқоршылық кеңесі жұмысының тиімділігі көрінуде. Атап айтсақ, Мектепке жол» республикалық акциясы «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету» тақырыбымен кең көлемінде тамыз айының 25-ші жұлдызында қала көлемінде өткізілді. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы арқасында өткен акцияда 13 оқушы 195 мың теңге көлемінде киім-кешекпен қамтылды. Ораза айында Алматы қаласында құрылған «Кумания» компаниясының демеушілігімен қамқоршылық кеңесінің шешімі бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан 20 балаға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Мектебімізде өтілетін әрбір іс-шараға сырт көзден бюджет қаражатын тарту арқылы сахналық арнайы киім-кешектер тігу жүзеге асырылып келеді.

Соның нәтижесінде мектебіміз соңғы жалдары қалалық өнер фестивальдерінен соңғы 5 жыл көлемінде жүлделі 1-2 орындарды иеленіп келсе, облыстық «Құстарға қамқор болайық» фестивалінде жүлделі екінші орынды иеленді. Қаражат көздерін сырттан тарту барысында мектебімізде «Табиғат бұрышы», «Абай ауылы», Шағын музей жабдықталды. Алдағы уақытта Қамқоршылық кеңесінің жұмысы өз жұмысын бұдан да табысты атқарары сөзсіз. Өйткені ұлттың болашағы - білімді ұрпақ қолында. Ал ұрпақ тәрбиесі бүгінгі таңда барша қоғам мүддесі екені сөзсіз.



Г.Қаражанова – «Сауран» жалпы

орта мектебінің директоры


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет