Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту



Дата26.10.2018
өлшемі86.7 Kb.
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Еліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз тәрбиелеуді талап етуде.

Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл  тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Баланың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:

  *Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;

  * Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;

  * Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»- деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.

Әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық менгерген, өз ісінің шебері болуы керек:

  Бала қабілетінің ашылуы үшін;

1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсібі шеберлігін шыңдауы тиіс.

2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.

3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.

4. Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны жөн.

5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек.

   Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың  қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген.

   Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептері іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау және экспиримент.

Бағдарламаның ерекшілігі баланың жалпы тәрбиесіне, дамуына әсері зор. Бала шығармашылық қабылеттері арқылы өсіп көптеген ойындарға таратылады (сюжетті – рөлдік, драматизация ойындары, сахналау, көріністер).

    Блок арқылы құралған бағдарлама :

1 блок –толтырынды кезең  (кіріспе)

2 блок – моделдендірілінген

Толтырынды кезінде кіріспе шығармашылыққа илікші көп әсер келтіреді.

Бұл кезде бала бойына илікшілік және уайымшылдық қабылетіне бітеді. Бұл жерде бас рөлде тәрбиешінің өзі болады.

     Екінші кезең баланың өз еркіндігімен және тапқырлығымен байланысты. Моделдік қасиеттер – айналадағы  араластықтан және әр түрлі еліктеуден пайда болады. Блок арқылы жұмыс реттік бойынша, жеңілден ауырға немесе біртіндеп жеке өткізіледі (ойнаған, ертегілер қойған кезінде немесе тындаған күйінде). Бұл бағдарлама баланың шығармашылық қабылетін қуыршақ театр ойыншықтар, ойын сахналау, ойын – еліктеуші, сюжетті рөлдік ойындар арқылы дамып отырады.

Бағдарлама ерекшелігін оқу – іс әрекет кезінде тағы да басқа тәсілдер қолдануда.

Реттік жұмыстары:



  1. Шығармашылық қабылеттерін дамыту кезінде тағы да басқа тәсілдер және тәсілден тыс әрекеттерді қолдану.

  2. Коммуникативтіқ әсерді жою.

  3. Меңгерілген шығармашылық қабылеттерін қолдану және іске асыру.

Оқу кезенде іс – әрекет аптасына 1 сағат бөлінеді. Жылдық жоспарда 36 сағат ұйымдастырылады. Шығармашылық салалары ауысып отырып театр көрнісі тәсілден тыс, практикалық әрекет т.б.

Музыкалық, яғни, сазды – сахналық өнерге екінші кішкентайлар тобынан даярлық тобына дейінгі балдырғандарды қамту. Мұның барлығы балалардың шығармашылық қабілет - дарынын дамытып, оны қоршаған ортаның ерекшеліктеріне орай бейімдеп, сонымен тығыз байланыстыра отырып ұғындырып, олардың өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял армандарын жетілдіруге тырысу. Осы жұмыстарды педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп, зорлаусыз-ақ, өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған шақта балалар одан сайын ынталанып, оның жемісі де айтарлықтай болады. Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығарманың сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған ролдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аудару. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет, қимылдарын көрсетіп, жетілдіруіне көмектесіп, кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күй, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындырып отыру. Сөйтіп  ойын барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізу. Оған тәрбиешілер жан тәндерімен кірісіп, көп еңбек сіңіру керек.

Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен жылдың басында және аяғында театрландырылған жұмыстар арқылы «Құпия» сынақ (эксперименталдық) ойындар өткізіп отыруы.  Бұл ойындардың өн бойында музыканың тигізер әсері мол. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайтын, ал ұялшақ, ұяң балаларға жәй ролдер беріледі. Бұдан кейін өздерін тиісті ролдерде ойнай алатын қабілетті балаларды театрландырылған жұмысқа кіргізіп отыру. Осындай 5-6 баламен жекелей  жұмыс жүргізу. Оларға қуыршақты қалай  ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету. Театрландырылған ойындардың мазмұнына ерекше мән беру. Бұл- негізінен адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік, батылдық, адалдық,  әділдік, шыншылдық қасиеттерді уағыздаудан тұрады.  Әдетте балалардың  өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым ролдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылады. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйрету. Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек.

Осыны ескере отырып,  әрбір топта театрбұрыштары жасалады. Бибабо саусақтары, үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады.



Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтірді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынды. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балапандап жүретінін көрсету. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналады.  Мысалы: қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізіледі. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолданамыз:

  1. Қимылды көрсету.

  2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау.

Сөздік суреттеме бере отырып, балаларды  ролдерін толық орындауға үйрету, өздерінің ролдерін қызықты ойнаған балаларды көтермелеп, мадақтап отыру. Естиярлар мен ересектер тобының балалары сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артты. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік.

  1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің міңез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды.

  2.  Әр кейіпкерлердің киіміне көңіл бөлінді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Мысалы: орыс ертегілерінде түлкі басына орамал тартады, қазақ ертеглеірінде түлкіге жейде кигізіледі.

  3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамыз.

  4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз.

Мысалы: «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» туралы ертегіні оқып бергеннен кейін тәрбиеші балаларға мынадай сұрақтар қойды:

  1. Алдар көсеннің міңез-құлқы қандай?

  2. Алдардың жүрісін кім көрсете алады?

  3. Байдың міңезі қандай?

  4. Оның жүріс-тұрысын кім көрсете алады?

  5. Кім бай мен Алдар көсе болып ойнай алады?

 Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтын ауыз әдебиетіндегі отірік өлеңдерді, мақал-мәтерлдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе күт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалалрыкейіпкерлердің міңезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырдық. Сахналық өнерге баулыған балалар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене

мәнерлеп айта білуге үйренеді. Сосын нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянады. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту оқу іс-әрекеттерін байланыстырып өткізгенде, әр оқу іс-әрекеттін соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжетімен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар, балалардың сөздік қоры толықтырады, сөйтіп олардың белсенділігі арттырады, оқу іс-әрекеттері мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болады. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, оқу іс-әрекеттерде ынталана, құштарланып қатысып отырады. Осы жұмыстарды өткізген кезенде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылады.

   Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер де жиі қолданылып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін-еркін жүріп, өздеріне оқу іс-әрекетінде уақытында керкті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды.

   Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декорациялар даындағанда да көрінді. Қуыршақтардың түр-түрін, шымылдықтар, декорация жасау кезендегі ұжымдық жұмысатр балалардың үйымшылдығы мен белсендігін арттырды. Ата – аналармен жұмыс жүргізілді. Балалардың өз үйлерінде ата-аналармен, туыс туғандармен арсында болатын қарым –қатынастары туралы ата-аналармен әңгіме, кеңестер өткізіп, арнайы анкета бойынша жұмыс жүргіздік. Бұл арқылы балалардың өзімізге белгісіз, бейтаныс қасиеттерінен хабарлар болдық.

   Ата-аналар да театрды ұйымдастыруға көмектесті, материалдар, қолғаптар, керекті құралдар әкелді.

    Балабақшада алған алғашқы осындай мәліметтер олардың ішінде кейбір дарындылардың өнер жолына түсуіне игілікті әсерін тигізері анық.

    Педагогикалық ұжымның талмай ізденуі, аянбай еткен еңбегінің бір өтеуі болғандай балалармен өткізген шығармашылық жұмыстары қазір көзге көрінбесе де, түбінде кім біледі, бәлкім жылдар жылжып өткеннен кейін, үлкен өмір төрінде төбе көрсетіп қалар, елеміздің өнерлі азаматтарының бірі болады деп сенеміз, өйткені балабақша шығармашылық негізі салынған.

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

 

 



 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет