Мәйіт материалдарын алу әдісі және лабораториялық зерттеуге жолдау



жүктеу 50.6 Kb.
Дата17.06.2017
өлшемі50.6 Kb.
                               ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰЖАТЫ

1.

Әдістеменің атауы

Мәйіт материалдарын алу әдісі және лабораториялық зерттеуге жолдау.

2.

Әдістеменің мамандық шарт белгісі

Сот-биологиялық зерттеу (медициналық) 25.1

3.

Әдістемені құрастырған автор (лар) (құрастырушы (лар)) туралы мәлімет

ҚРӘМ «СМО» РМҚК сот-биологиялық бөлімінің жетекшісі- Итбаева Ж.Ж.

4.

Әдістеменің мәні

Мәйіт материалдарының дұрыс алынуы кейінгі зерттеулер үшін манызды биологиялық мәліметтердің сақталуына себеп болады.

4.1

Әдістемемен шешілетін сарапшылық тапсыпмалар

Мәйіт материалдарын кейінгі биологиялық, цитологиялық және генетикалық зерттеулерге алу.

4.2

Зерттеу нысандары

Мәйіт материалдарының үлгілері.

4.3

Зерттеу әдістері

механикалық

4.4

Әдістеменің кезең бойынша қысқаша сипаттамасы

1.Сот-биологиялық зерттеу үшін объектілерді алу.

Объектілер міндетті түрде қолғаппен және ағын сумен жуылған және залалсыздандыратын заттармен өңделген аспаптармен алынады.

1.1. Мәйітті зерттеу барысында үлгі ретінде қан, шаштар, сонымен қатар керек жвағдайда қынап, тік ішектен және ауыз қуысынан жағындылар алынады.

1.2. Сот-биологиялық зертханасына қанды сұйық түрде немесе медициналық дәкеге алынған дақ ретінде жолдайды.

1.2.1. Қан 3-5 мл мөлшерде жүрек қуысынан немесе ірі қан тамырлардан алынады.

1.2.2. Медициналық дәкені өлшемі: 5х5 см 5-6 қабатқа орап түтіктегі немесе шприцтегі қанмен сіндіреді. Дәкені секциялық залдан және суық камерадан басқа, жылытатын құралдардан және тікелей күн сәулесінен алыстау орналасқан мәйітхананың таза бөлме температурасында ашық Петри табақшасында кептіреді. Кептірілген үлгілер және таза дәкенің бір бөлігі (сақтаушы зат), бөлек қағаздан жасалынған пакеттерге салынып, жазылып, желімденіп, мөрленеді.

1.2.3. Егерде қан үлгісін алуға мүмкіндік болмаса немесе оның шіріп бұзылынуына байланысты, көзбен көргенде шіру белгілері байқалмайтын мөлшері 1,0х1,0х1,0 см-ден кем болмайтын жалпы мөлшері 5,0-10,0 см3 дейін терең орналасқан қабаттардан бұлшықет тінінің кішкентай бөлігі алынады.

1.3. Шаш үлгілері оқиға барысына және зерттеу есептеріне байланысты дененің әр түрлі бөліктерінен алынады

1.3.1. Егерде бас аймағында жарақаттар болса, шаш үлгілері маңдай, екі самай, төбе және шүйде бөліктерінен сонымен қатар жарақатталған бөліктен алынады. Сол үшін көрсетілген әрбір бөліктерден 15-20 шаш жұлынып немесе түбінен кесіліп алынады. Керек жағдайда осы тәртіппен дененің басқа бөліктеріненде шаш үлгілері алынады.

1.3.2. Жыныстық қылмыс немесе оған күмән болған жағдайда қасағаның айналасынан бос жатқан шаштар алынады(егер де ондай шаштар болса). қынаптан, тік ішектен және ауыз қуысынан жағындылар алынады. Шаштарды қысқышпен немесе ірі тарақпен алады.Таралып алынған шаштар қағаз пакетке салынып, жазылады, желімделенеді және мөрленеді.

1.4. Жыныстық қылмыс немесе оған күмән болған жағдайда қынаптан, тік ішектен және ауыз қуысынан жағындылар алынады.

1.4.1. Қынап ішіндегісі залалсыздандырылған өлшемі 5,0х5,0 см дәке томбаға алынады.

1.4.2 Тік ішектің ішіндегісін алу алдында дәкеге негізінде ағып шәует тимеу үшін артқы өтіс тесігінің аймағындағы теріні таза дәкемен сүртеді. Өлшемі: 5,0х5,0 см дәке тампоны тік ішекке 3-6 см терендікте кіргізіледі .

4.3. Ауыз ішіндегісін залалсыздандырылған өлшемі: 5,0х5,0 см-ден үлкен емес дәке томбаға алынады, онымен еріннің шырышты қабатын, ұртты, қызыл иекті сүртеді ( әсіресе 8 тістің айналасын);осындай басқа дәкеге бадамшабез бен қуыстардың ішіндегісі алынады.

1.4.4. Мәйіттің терісінде шәуетке (сілекейге) ұқсас дақтар бар болса, олар дәкеге жағылып алынады.

2.Объектілерді цитологиялық зерттеуге алу.

2.1.Айғақты заттардағы генетикалық Х және У –хроматині бойынша жынысын анықтау үшін, қан, сілекей және буылтық қалдығы мен қабықтары бар шаштар, белгіленген тәртіппен зерттеуге жіберіледі.

2.2. Адам өлтіру және жыныстық қылмыстарда немесе оларға күмәнділік туған жағдайда қынаптың, шырыштың және тік ішектің эпителиалдық клеткаларының барлығын анықтау үшін материалдар келесі кезекпен алынады:

2.2.1. Жыныс мүшесінен жағынды алынады. Залалсыздандырылған, өлшемі: 3,0х3,0 см тазартылған немесе ағып жатқан сумен сәл ылғалдандырылған дәке томбамен, жыныс мүшесінің барлық бөліктерін ұқыпты түрде сүртіп алынады, тек жүгеншіктің және үрпінің сағасының аймағын қоспағанда.

2.2.2. Жыныс мүшесінен жағындылар-іздері алынады. Әр заттық әйнектің бір жағын белгілеп және белгіленген жерге сәйкес (кішкене бас, тәждік жүлге,денесі) жыныс мүшесінің әр түрлі бөлімдеріне жапсырылып іздер алынады. Жағынды-ізді заттық әйнектің ортасына алу керек ( белгі және жағынды әйнектің бір жақ бетінде болуы кажет).

2.3. Эпителиялдық клеткалардың қай жерден пайда болғанын анықтау үшін зерттеуге белгіленген тәртіппен киімдер, тырнақ астындағы заттарымен бірге тырнақ кесінділері және де басқа айғақты заттар жіберіледі.

2.4. Сүт бездерінің шығару заттарының морфологиялық құрамын зерттеу үшін бір тамшысы майсыздандырылған заттық әйнекке енгізіледі және жағынды дайындалады, ол жағындыны ауада бөлме температурасында кептіреді.

3. Генетикалық зерттеу ушін объектілерді алу.

3.1. Өлген адамның жеке тұлғасың сәйкестіндіру үшін қан үлгісі немесе бұлшық еті алынады, оларды сот-биологиялық зертханасының мұрағатына жібереді.

3.1.1. Егерде қан үлгісін және бұлшық етін алуға мүмкіндік болмаған жағдайда келесі сүйек кесінділері алынады:

- тістер ( бұзылмаған және емделмеген) – 3-4 дана.;

- Мықын сүйегінің кесіндісі өлшемі 5х10см;

- Сан сүйегінің ортаңғы бөлігінің кесіндісі ұзындығы 15-20 см;

- омыртқалар (2-3 шт.);

- жоғарыда көрсетілгендер жоқ жағдайда басқа сүйек кесінділері алынады.



3.2. Адам өлтіру және жыныстық қылмыстарда немесе оларғы күмәндік болған жағдайда мәйіттің қолынан тырнақ асты заттары алынады.Тырнақ асты заттарын әрбір қол саусақтарының тырнақтарының шетін алдын ала сумен немесе залалсыздандыратын заттармен жуылған қайшымен алады

5.

ҚР ӘМ ССО Ғалымдар кеңесімен әдістемені мақұлдау күні

№ 2 хаттама «5» желтоқсан 2016 ж.

6.

Әдістеме құжатын құрастырған адам туралы мәлімет

« ҚР ӘМ СМО» РМҚК Батыс –Қазақстанның филиалының сот-биологиялық бөлімшесінің жетекшісі, жоғары санатты маман Зайнулина Р.В.


©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет