Мазмұны Глоссарий Дәрістер Тәжірибелік сабақтар Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары Глоссарий



бет1/4
Дата14.04.2017
өлшемі0.74 Mb.
түріАнализ
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

042-14-4.04.01.20.198./03-2012



ПОӘК «Эволюциялық ілім» пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы

№3 басылым

«__»____20 ж



5В080300 (050803) – «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығына арналған

«Эволюциялық ілім»
ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ




СЕМЕЙ

2012
Мазмұны

1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибелік сабақтар

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары




  1. Глоссарий



Аккомадация - организмдегі ағзалардың турлі тітіркендіргіштердің күшіне біртіндеп беймделуі, жаттығуы

Альтерация – Ұлпалардың кейбір нәрселерден зақымдануынан оның қызметінің өзгеруін білдіретін термин

Анаболизм организмде зат алмасудың арта түсуі

Анестезия – жансыздану. Ағзаға операция жасау үшін жалпы немесе белгілі бір мүшенің жүйкелерін тежеу

Анализаторлар – ішкі немесе сыртқы тітіркенгішті қабылдап өткізу және келген қозуды анықтап – талдап, оны қайтадан эффекторға жеткізу жүйесі

Анализ – анықтап талдау

Анабиоз – сыртқы ртаның қолайсыздығы туғанда ағзаның тіршілік белгілерін уақытша тоқтатуы

Афференттік – шеткі ағзаның қозуын орталыққа жеткізу

Атропин - өсімдіктерден алынатын зат және парасимпатикотроптық заттар қатарына жатады.

Ахилия – асқазан сөлінің өте аз мөлшерде бөлінуі немесе тіптен тоқтатылуы

Ацидоз – қанның тұрақты сілтісінің өзгеруі немесе төмендеуі

Аэрация – су немесе басқа сұйықтықты оттегіне қанықтыру

Барокамера – тұйық бөлме, онда ішіндегі ауа қысымын, жылылықты, ылғалдылықты және газ құрамын қолмен өзгертуге болады

Барорецептор – қысымды қабылдаушы рецептор

Билирубин - өттің бояуы. Эритроцит бұзылғанда ондағы гемоглобиннен пайда болады

Бинауральды есту – екі құлақпен бірдей есту

Биопсия – малдың не адамның денесінен өте кішкентай мөлшерде ет кесіп алу

Блефароспазм – көзқабығының шеңберлібұлшық еттерінің құрысып жиырылуы

Брадикардия – жүрек соғысының төмендеп (баяулап) кетуі

Ваготонин – ұйқы безінде пайда болатын белсенді зат

Вазодилататорлар – қан тамырларын кеңейтетін жүйкелер

Вазопрессин – гипофиздің артқы бөлігінен шығатын гормон

Вальвулография – жүрек қақпақтарының күйін, жұмысын ультра жұмыс арқылы жазу

Венотомия –венотомия, көк тамырды ашу, венаны кесу, қию

Вена синусы – жоғарғы және төменгі қуысты веналардың оң жақ жүрекшеге қан құятын жеріндегі кеңйген қойнауы

Виварий – түрлі майда зертханалық жануарларды ұстайтын орын

Гальванометр - өте әлсіз электр тогын өлшейтін, өте сезгіш құрал

Гематология – қан туралы ілім

Гастрон – асқазанда тұз қышқылын тежейтін зат

Гастроэнтеростомия – жіңішке ішекті асқазанмен біріктіріп жалғастыру

Гемодинамика – қанның қан тамырларында жүруін зерттейтін ғылым

Гемометр – қандағы гемоглобинді өлшейтін құрал

Диплопия – бір заттың көзге қосарланып көрінуі

Дальтонизм- түсті ажырата алмау
Децеребрациямиы бұзылған. Мидың сабауына операция жасауды айтады

Диоптрия көздің оптиқалық жүйесіндегі сәулені сындыру күші

Зоб – қалқанша безінің өсіп үлкейіп кетуі

Изохронизм – қозудың жүйкеден бұлшық етке өтуі үшін жүйке мен бұлшық еттің хронаксиясының біртүрлі болуы

Иммунитет – ағзаның белгілі бір жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті

Иррадиация – орталық жүйке жүйесі арқылы қозудың дененің барлық жеріне таралуы

Катакрота – катакрота, пульстің – тамыр соғуының төмендеу кезеңі

Калориметр – белгілі уақыт ішінде пайда болған қуатты (жылылықты) өлшейтін құрал

Катаболизм – ағзадағы заттардың майдалануы

Катаракта – көз бұршағының қарауытуы

Кимограмма – кимограф арқылы жазылып алынған сызық – жазулар

Лактация – сүт безінен сүттің шығуы

Летаргия - ұзақ ұйқы

Латенттілік – жасырын, білінбейтін. Кейбір реакцияның немесе ауру түрінің жасырын немесе білінбей, сезілмей өтетін кезі.

Лабильность – мүмкіндік, мүмкіндігі

Ликвор – ми – жұлын сұйықтығы

Миоглобин – бұлшық етттердің гемоглобині

Миелин – жұмсақ, былжыр зат, жүйке талшығын қаптап жатады

Медуллин- бүйректің жұмсақ қабатынан шығатын зат. Ол липид тектес, қантамырын кеңейтетін заттарға жатады

Нефрон – қаннан зәрді бөліп шығаратын бүйректің күрделі құрылысты жасушасы

Норадреналин – бүйрек безінің жұмсақ қабатынан бөлінетін гормон

Пульс амплитудасыпульс тербелісінің ұзындығы, жүрек соғуына байланысты артериялық қабырғаның керіліп – тарылуынан пайда болатын тербеліс

1 тақырып. Кіріспе

1.Эволюция түсінігіне анықтама.

2.Эволюцияны зерттеу әдістемелері, басқа ғылымдармен байланысы


Тірі табиғаттың дамуы эволюция идеясы Индияның, Қытайдың, Египеттің, Грецияның ежелгі материлистерінің еңбектерінде айтылады.Б.З.Д 1000 жылдықтың өзіңде Индияда философиялық мектептер құрылды,өмірге деген материялдық көзқарастар пайда болды.Бұдан да ертерегінде Аюрвед атты ғалым адамдар маймылдан жаратылған деген тұжырым жасап ,осыдан 18млн жыл бұрын Индостанда және Оңт Шығыс Азия материгінде тұрған деген .Мөлшермен 4 млн жыл бұрын жабайы адамдар бірігіп қоректерін аулаған .

Қытайда Бзд 2мың жыл бұрын ірі қара малды соның ішінде аттар және сән үшін өсетін өсімдіктерге арнайы сұрыптау жүргізілді. Б.З.Д 1 мың жылдықтың өзінде өсімдіктер классификациясы болған (сүйекті,бұлшықты,шырынды,жайылып өсетін ,бұталар ж\е т.б) Сол ерте кездегі Аристотель (Б.З.Б IV) тірі табиғаттың дамуы жайлы айтып өткен.

Алайда қазіргі және көне ойшылдарымыздың ойларының жақын болғанымен көне ойшылдардың көз қарастары ескілеу болып табылады.

Ежелгі әлемде –Қытайда ,Индияда,Египетте,Грецияда – 200 мың жылдай білім жақсы дамыған,бірақ Еуропада IV ғасырдан XIVғасырға дейін аралығында ортағасырда қаратүнек төнеді, «жаратылыстануға қара түн»

Адамдар табиғаттың дамуы туралы идея айтса отқа жағатын болған,және де ертедегі жаратылыстану,философия кітабын оқыса да отқа жаққан.Ғылымға деген сенімді дінге деген сенімге күштеп айналдырған.

Шіркеудегі білім бойынша дүниенің дамуына 6 мың жылдай болған,ал ресми түрде жер бетін құдай б.з.д.4004 жылда жаратқан деген.Нақтырақ айтсақ табиғатты танып білу тыйым салынған: жүздеген талантты ғалымдар,мыңдаған ежелгі ескі кітаптар осы уақыттын ішінде жойылған .Орта ғасырда табиғатты тану,органикалық заттарды, әлемді тану өте ақырын,білім баяу жиналды.

Бірақта ортағасырда объективті түрде табиғатты танып білуге шақырды.Осылай немістің монахы Альберт Бальштедский(1206-1280) көп томдық энциклопедияны басып шығарды,өсімдіктермен және жануарларға арналған бөлімдерді бөлді.Аристотель,Плиния,Галенаның білімдеріне сүйене отырып ,классификация негізін ,және олардын тәртібін мазмұндайды.Ортағасырда басқада үлкен тірі табиғат туралы көптомдық басылып шыққан кітаптар болды олар « Табиғат айнасы» Венсена де Бове(XIII) Владимир Монамахтың ұлағаты және тағы да басқа көптеген кітаптар.

Ортағасырда ең жоғарғы деңгейде мәдениет пен білім болды арабтарда X-XIIғғ Европада ислам мәдениетін таратқан Кордова.Ибн Рашда (Авероэс 1126-1198) және әсіресе «Канон медицинасы»,Ибн Синаның (Авиценна 980-1037) кітаптарында жануарлардың және өсімдіктердің тіпті адамдарды танып білудің дұрыс жолы айтылған.

XIII ғасырда ағылшындық ойшыл Роджер Бекон (1214-1292) көргенсіздікке білімсіздікке қарсы шықан.Бекон монастырлардын түрмесіне тасталған,оның еңбектері жүз жыл өткеннен кейін ғана шығарылды.

Жаңа дәуірдің келуі бұрынғыдан да жақсы білім,ғылым әкелді.Аристотельдің,Плинияның,Платонның,Теофрасттың және т.б авторлардын кітаптары, Еуропалық мемлекеттерге Солт Африкадан Испанияға шығарылды.Сауда саттықтың дамуы және т.б өзгерістер флора мен фаунаның дамуына әсері бар.

Ағыгшындық ірі философ Ф.Бкон (1561-1626) индуктивті әдіс дәйектемесін білім зерттемелерінде қарастырады.

XVI ғасырда жануарлармен өсімдіктер әлемін зерттей отырып А.Везалийдің «О строении человеческого тела 1543» атты анатомия жақсы жетістіктерге жетті.

Ал 1628 ж У.Гарвей өзінің қан айналу жүйесі туралы кітап жазып шығарды.Микраскопты жасап шығарғаннан бастап тірі заттарды зерттеу мүмкіндігі күшейе түсті, өсімдіктердің жасушалық құрылымы ашылды.(Р.Гук1665) микроорганизмдер әлемі эритроциттер,сперматозойдттар(А.Левенгук 1683) капилярлардағы қандар қозғалысы.(М.Мальпиги1661) және т.б.1583 ж италяндық медик және философ А Чезальпино өсімдік классификациясын ашуға мүмкіндік болды,ол дәнін,гүлін және тамырын ажырата білді.Ағылшындық биолог Дж Рей «Истории растений»(1686-1704) атты еңбегінде 18600 ден жоғары өсімдіктер түрлерін және оларға бірінші болып «түр»және «тұқым» деген түсініктеме берген.

Систематиканың салыстылмалы анатомияның , биогеографияның жетістіктерінің арқасында XVII-XVIII ғасырда жаратылыстануға қөптеген фактылы материалдар қосылды.Атақты швед ғалымы К.Линней 1707-1778 өз заманының білгірі сол уақытта «систему природы»(1735) атты еңбегін ұсынып тастады.Көп еңбектерінің ішіндегі ең ірісі биологияда көп қолданатын биноминальды номенклатураны енгізді.

Бірақта XVII ғасырдың өзінде натуралисттар мен филосфтардың еңбектерінде эволюция кенінең қолданып ,қарастырылады.Осылай Г.В Лейбницте (1646-1716),Аристотельдің ойын одан әрі дамыта отырып ,градитация принциптерін енгізіп және жануарлармен өсімдіктер арасында ауыспалы форма болатынын айтып кеткен. Сосын әрі қарай градация принциптерін дамыта түсірді және ол «лестнице существ» атты еңбегінде қолданылды.Минералды заттан бастап адамға дейін қарастырылды осылай трансформизм пайда болды.

Сонымен қатар көптеген еңбектер,кітаптар теориялар пайда болды.Солардың бірі 1749 жылы көптомдық«Естественная история»кітабы шығарыла бастады.Ж.Бюффонның (1788 жылға дейін 36 томы шықты.)онда ол жердің гипотезасының дамуы жайлы жазған.Сонымен қатар Д.Дидроның (1713-1784) француз ғалымы Мопертиюи (1698-1759) Ч. Дарвинның атасы Эразм Дарвинның еңбектері И.Канттың (1724-1804) «Космогоний» атты еңбегі 1755ж,онда жердің 100 млн жылдай дамығанын айтады.Мысалға Ф Энгельстің еңбегінде «тышқанның мысыққа желінуі үшін жаратылғаны,ал мысықтың тышқанды жеу үшін жаратқаны, мұның барлығы бүкіл табиғат – жаратушының біліктілігінің дәлелдеу үшін» деп айтқан.Ең бірінші рет табиғатты зерттеу барысындағы ілімді қалаған Ж.Б.Ломарк.(1744-1823)

Қайталау сұрақтары:

1. Ежелдегі білімнің құрылуы

2. Орта ғасырдағы білімнің құлауы

3. Жаңа дәуірдегі жаңалықтар


2 тақырып. Тіршіліктің ұйымдасу жүйелілігі

  1. Эволюциялық теорияға дайындығы

  2. Эволюциялық теорияның құрылуы

3. Ч.Дарвинның органикалық эволюция механизімінің

маңызды көрінісі

Ламарк биология тарихында өз атын қалдырды, «биология» (1802) терминін енгізді.Жануарлар әлемінің систематикасын құрды,онда жануарларды ең бірінші рет омыртқалылар және омыртқасыздар деп бөледі,өрмекшітәрізділер мен тікен құрттарды бір классқа бөлді,сонымен қатар адамдардың маймылдан жаратылған жолдарын түсіндіріп өтті.

«философия зоология» 1809 жылғы еңбегіңде Ж.Б Ламарк эволюциялық»лестницы сушеств» дәйектемесін жазды.Оның ойы бойынша эволюция организм іштей алға ұмтылыс негізінде прогресске қарай жүреді.(градация принципі).Бұл прогресске қарай ұмтылу сыртқы себептермен анықталмайды,олар тек қана градацияның дұрыстығын бұзады.Ламарктың көзқарасы бойынша түрлер ауысады деп есептеп қарапайымнан күрделіге өтеді деген.Бірақта Ламарктың бұл көзқарасы оның концепциясы қате болды.

Егерде эволюцияға жаңа белгілер енсе Ламарк өзін қалай ұстар еді.Егер бұл жануарға қатысты болса ,онда оның шарттарынң өзгеруімен қатар олардың әдеті де өзгереді және де, жаттығуға сәйкес келетін мүшелері керек бағытқа өзгереді деген.(бірінші заң),және де бұл өзгеріс тұқым қуалайды деген(екінші заң).

«Құс аяғын созуға әртүрлі әрекет істейді.Ұзақ осы әрекетінің арқасында жәнегі құс әркезде аяғын ұзартып,тартып жүреді.Осыдан аяқтарының жүндері қауырсындары түсіп жалаңаш ұзын аяқ пайда болды деп жазған Ламарк өз жұмыстарында.Ламарк жануарларда мүйіздері қалай пайда болатынын түсіндірген:жануарлардың қаһарлануы болған кезде,әсіресе еркектерінің бастарынан біреулерінде мүйізшелер шықса,ал біреулерінде сүйекті зат пайда болып,екеуі араласып нәтижесінде сол жерлерінен қатты өсінді өсіп шығады.

Ламарктың эволюциялық көзқарастары фактылық материалдары әлсіз болады, және оның еңбектері өз замандастарының арасында кеңінен таралмады.

XIX ғасырдағы ең маңызды жаңалық эволюциялық ойды даму тарихында Ч.Дарвинның 1842-1853ж теория эволюциясын қалыптастыруы.Жаңалықтың маңыздылығы сонша,теория эволюциясы жөнді,толығымен қарастырылды.

Ч.Дарвинның негізін қалаушылар Россияда К.Ф.Рулье(1814-1858)және ботаник А.Н.Бекетов(1825-1902) болды.К.Ф.Рулье органикалық өмір органикалық емес өмірден пайда болды деген концепцияны дамытты.А.Н.Бекетов «Гормонияв периоде» деген жұмысында (1851) өсімдіктің әр түрлі шартта өсіргенде олардын өзгерісін байқауға болатынын жазған.

Осындай еңбектерінің арқасында эволюция идеясы биологтарды ғана өзіне қаратып қоймай,білікті қоғамның бәрін қызықтырды.

Ч.Дарвинның эволюция теориясын қысқа қарап шығудың алдында ,Ч.Дарвинның өміріне және шығармашылығына тоқтайық.

Ч.Дарвин (1809-1882) жастайынан Библяға сенген ,өз ауылында пастор болып және зоологиямен өзі үшін ғана айналысқан.Ч.Дарвин 22 жасында Англядан Бигль атты экспедициялық кемеде жер жүзіне саяхаттауға 5 жылға аттанады.»Бигль» Оңт Америкадан,Австралия және Жаңа Зеландияны аралап ,Оңт Америкада боп ,жер шарын аралап шықты.Кеменің тоқтап тұрған кезінде Ч.Дарвин ботаникалық ,палеонтологиялық және зоологиялық каллекцияларды жинап ,геологиялық бақылау жасады.

«Кемемен саяхат жасап жүргенде натуроалист ретінде кейбір фактыларға таңқалдым,Оңт Америкадан алынған алдыңғы және қазіргі сол континенттегі тіршілік иелерін геологиялық бақылау жасап салыстырғанда өзгеріс болды»...

Ч.Дарвин Англияға 1836 жылы эволюцианист боп оралды.

Ч.Дарвинның қолжетпес еңбегі табиғатта эволюцияның бар екендігін дәлелдегені емес ,даму процессін және түрлердің құрылуын түсіндірді,сонымен қатар эволюция механизімін ашты.

Дәл осы эволюциялық ғылымды теорияға айналдырды.

Өсімдік шаруашылығы және жануар шаруашылығы жағынан көп фактылар оқылып,қаланған,және де Ч Дарвин әрбір түрдің табиғатқа деген құлшыныс барысында ,олар көбейеді деген тұжырымға келген.Бұл ереже жануар өміріне де өсімдік өміріне де қатысты.

Әрбір түр жеке дербес түрді әлдеқайда көп мөлшерде бере алады,олар тірі қалып жасы ұлғайғанға дейін күреседі,жас түрлер жасы ұлғайған түрлерге қарағанда көп деген.Бірақта басқа жағынан қарасақ жануарда да,өсімдікте де әрбір түрдің жасы ұлғайған жеке түр саны жағынан қөбірек немесе азырақ жағынан үнемі сақталады.Жер бетіне көптеген түрдер туылады соның жасы ұлғайғанға дейінге дейін аздалған түрі ғана тірі қалады.

Сондықтан, қалғандары өмірге деген күресте, өмірге деген құлшыныста қырылып өледі (1- ші тұжырым).

Ал келесі жағынан алып қарасақ табиғатта бақылау жүргізгенде жануардың а, өсімдіктің де жалпы өзгергіштік белгілері мінезделген, кейбір жеке түрлердің малдардың ата – енелері тіпті жоқ, жалғыз болып келеді. Егер олардың өмірі қолайлы - жайлы болса, бұл ерекшеліктер қатты қауіп төндірмейді, бірақ та қолайсыз жағдай пайда болса әрбір ерекшелік өмірінің ақырғы күні болып саналады.

Сонымен қатар, әрбір кішкентай өзгеріс арғы ұрпағына беріле отырып, ол тұқымқуалаушылық болу керек

Жарты ай өткен соң бірінші шығарған кітабынан кейін тез екінші басылымы шықты «Түрлердің пайда болуы» деген. Бұл кітап бүкіл еуропалық тілдерге аударылып, көп адам оқыды осы кітапты, әсіресе, Германияда, Ресейде, Англияда, АҚШ- та. Бірнеше жылдан кейін антиэволюционизм және креоционизм өз мәресін нақты жоғалтады.

Бұл процесте ең үлкен мағына мына ғалымдарды болды: Т.Тексли, А.Уоллес және Джл.Гукере Англиядағы: Э.Геккель,Ф.Миллер, К.Гегенбаура Германиядағы: К. Темирязева, И.И.Мечников, А.О. және В.О. Коволевскилар, И.М.Сеченов Ресейден.

Эволюциялық ойдың кең жайылғаны биологияда жаңа бағыт және дисциптина әкелді: Эволюциялық колентология, экология, био, геоценология, эволюциялық эмбриология және т.б.

ХIХ ғ екінші жартысында ең ірі жануар тобына және өсетін организмдерде интенсивтік құрылу кезеңі болды. Биологиялық зерттеу практикасында Э.Геккельдің әдісі «үштік параллелизм» кіреді. Осылай Дарвинизмнің даму кезеңі аяқталады.

Қайталау сұрақтары:

1. Ж.Б.Ламарк теориясы

2. Ч.Дарвинның негізін қалаушылар

3. Жаңа дәуірдегі жаңалықтар

3 тақырып. Табиғи сұрыпталу концепциясы.

1. Табиғи сұрыпталу процесі туралы түсінік

2. Дарвин дәуіріндегі және қазіргі заманғы табиғи сұрыпталу туралы түсінік.

Табиғи сұрыпталу табиғи популяцияларға тән үдеріс. Қолдан сұрыптауды адам өз мүддесі үшін жүргізеді. Ч. Дарвин теориясының пайда болуына тарихи алдын ала жағдайлардың бірі ХЫХ ғасырдың басы мен ортасында Англиядағы өнеркөсіптік төңкеріс болды. Сол кезде ауыл шаруашылық өндіріс тұңғыш рыноктың талабына тез және тиімді жауап қайтаруға үйренді. Үй хайуанаттарының жаңа қолтұқымдары және өсімдіктер жаңа іріктемелері көптеп шығарылды. Сонымен бірге өндірушілер бір маусымда (керме аралығындағы мерзім - бір жыл) қалаған белгілері бар жануарларды немесе өсімдіктерді шығаруға қол жеткізді. Бұдан соң гүлдердің ғажап түсі мен пішіндері сәнге айнала салысымен қалаған белгілері бар толып жатқан өсімдіктер кермелерден орын алды. Жылма-жыл орасан қосымша салмак беретін ірі қаралардың бірегей қолтұқымдары (қолда бағылған кездегі ересек дарақтың салмағы 600-1000 келіге дейін жеткен) шығарылды (8-кесте).

Сұрыптау - бұл адам басқаратын эволюция. Сендер кестені талдау арқылы қолдан сұрыптаудың адам әрекетінің нәтижесі екеніне көз жеткізіңдер. Адам қандай да бір іріктемені (қолтұқымды) шығару үшін пайдаланатын белгілер дарақтардың жалпы тіршілікке бейімділігін едәуір төмендете алады. Көптеген қолтұқымды иттерде иммунитет әлсіреп, ауруға көбірек шалдығады. Алайда адам олардың ата тектерін тіршілікке бейімділік дәрежесі бойынша емес, сыртқы бітім сапасы бойынша сұрыптады. Мәдени өсімдіктердің барлық түрлері адам араласпаса, тіршілік үшін күресте өздерінің жабайы туыстарынан ұтылады. Олар жеміс мөлшері немесе гүлінің сәнділігі, тағы басқа белгілері бойынша сұрыпталды. Адам жағымсыз белгілері бар есімдіктерді іс жүзінде көбеюден үнемі толық қағыс қалдырады. Сүтті аз беретін сиырдан - төл, аз жұмырт- 8-кесте. Сұрыптау түрлерін салыстыру



Қолдан сұрыптау

Белгісі Табиғи

Табиғи сұрыпталу

Адам

1. Кім жүргізеді?

Табиғат

Адамға қажетті белгісі бар дарақтар

2. Нәтижесінде қайсысы тірі қалады?

Қоршаған орта жағдайларына жақсы бейімделетін дарақтар

Төмен

3. Тіршілікке бейімділік дәрежесі

Жоғары

Бірнеше жылдан бірнеше ондаған жылдарға дейін

4. Үдеріс жылдамдығы

Жүздеген немесе мыңдаған жылдар

Жағымсыз белгілері бар бірде-бір дарақ көбеюге рұқсат етілмейді

5. Әр түрлі жылдамдықта болу себептері

Көбеюге ұзак уақыт жағымсыз белгілері бар дарақтар (оңай кездейсоқтық) қатыса алады

Әсімдіктер іріктемесі және жануарлар қолтұқымы

6. Қандай жаңа формалар түзіледі?

Жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түршелері және түрлері

Төмен. Бір түрдің әр алуан іріктемелерімен және қолтұқымдарымен арасында жұптасу (шағылысу) болады жөне тіршілікке бейім, өсімтал бұдан алынады

7. Жаңа формалардың генетикалык дербес жекеленушілігі

Жоғары. Тіпті жақын

туысты түрлер арасында жұптаса (шағылыса) алмайды немесе жұптасса (шағылысса) ұрпағы тұкым бермейді



Тұқым қуалайтын өзгергіштігі бар дарактар

8. Сұрыптауға арналған материал

Тұқым қуалайтын өзгергіштіті бар дарактар

Бір тип

9. Сұрыпталу типтері (сақталатын белгісінің керсеткішіне тәуелді)

Үш тип

қалайтын тауықтан мол жұмыртқа алуды ойлаған зоотехник немесе сұрыптамашы жағдайының қандай екенін елестетудің өзі қиын. Тек жағымсыз белгілері бар дарақтарды қатыстырмай, толық шығарып тастау арқылы ғана өте шапшаң жылдамдыкпен қолдан сұрыптауға мүмкіндік болады. Алайда жылдамдық, үшін генетикалық дербестікті төмендетіп алуға тура келеді. Үй хайуанаттары қолтұқымының кепшілігі, көптеген өсімдік іріктемелері тәрізді өзара ойдағыдай жұптаса (шағылыса) алады. Атап айтқанда шағылыстырудан пайдалы сапалары үйлескен жаңа қолтұқым немесе іріктеме калыптасады. (Мәскеулік күзетші ит - қаскыр ит пен сенбернарды шағылыстыру нәтижесі.)

Тұқым қуалау өзгергіштігі кезінде дарақ өз туыстастарынан ғана ерекшеленіп қоймай, осы өзгерістерді тұқым қуалауға береді. Өзгергіштіктің бұл түрі ағзаның тұқым қуалау белгілеріне қатысымен байланысты. Ол еселену немесе мейоздың жүрісі бұзылған кездейсоқ үрдістер нәтижесінде және жаңадан тұқым қуалау көрініс берген кезде мутациялық езгеріс болады. Сондай-ақ ата-енелері және ата тектерінің гендері мен белгілері жаңадан үйлескенде үйлесімді (комбинативной) тұқым қуалау өзгергіштігі пайда болады.

Тұқым қуалау өзгергіштігінен басқа модификациялық та өзгергіштік бар. Мұндай кезде езгеріс ДНҚ молекулаларына - гендер мен хромосомаларға қатысы болмайды. Жаңа тұқым қуалау қасиеттері пайда болады. Ата-енелерінде бұрыннан бар және олардың ата тектерінщ гендері мен белгілері ұрпақтарында құрамаланған болса, онда ол уйлесімді өзгергіштік болады.

Тұқым қуалау өзгергіштігінен басқа модификациялық тұқым қуаламайтын езгергіштік те болады. Ондайда ДНҚ молекуласына - гендер мен хромосомаларға әзгерістің катысы болмайды. Өзгергіштік сұрыптауға материал жеткізіп береді. Өзірге тіпті бір түр дарактарының өзгергіштігі болып түрса да жыныстары жөне жастары бәрібір біркелкі болмайды. Демек жабайы табиғатта дарақтардың біреуі жақсы, екіншілері нашар бейімделеді. Сөйтіп сұрыптау қайсысында тұқым қуалау сапасы жақсы болса, сонымен бірге сапасы нашарларды жойып, дарақтардың көбеюін сақтап қалады.

4 тақырып. Табиғи сұрыпталудың сандық көрсеткіші. Табиғи сұрыпталудың ролі туралы нейтралистер мен селекционистер арасындағы пікір сайыс


1.“Түрлердің шығу тегі” еңбегіндегі негізгі қағидалар
2.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу

1.Чарльз Роберт Дарвин 1809 жылы 12 февральда Шрюсбериде дүниеге келді. Атасы Эразм Дарвин атақты ғалым, дәрігер және ақын болған адам. Оның қаламынан “Табиғат храмы” атты тамаша поэма шыққан. Дарвиннің әкесі де дәрігер. Дарвин өзінің өмірбаянында әкесі менің білуімше өте ақылды, бақылаушылық қабілеті күшті және кісіге өте мейрімді адам еді деп жазады.


1818 жылы Чарльз Шрюзберидегі мектепке барады, бұл классикалық мектеп болса да, одан мен ештеңе үйренгенім жоқ деп жазады. Ол 1826 жылы октябрьде ол Эдинбург университетінің дәрігерлік факультетіне түседі. Екі жылдан кейін әкесінің ұйғаруымен Кембридж унивеситетінің дін хадистері факультетіне ауысады. Бірақ, Дарвинді діни ілім емес жаратылыс тарихы жайындағы әр түрлі кітаптар қызықтырды. Оның жаратылыс зерттеушілік ықыласының осы кезде қалыптасуы басталады. Бұл жөнінде университет профессорларынан жас ғылымға ерекше ықпал еткен ботаник Дж Генслоу мен геолог А Сджевик болатын. Осылардың басшылығы мен Дарвин табиғат жағдайында геологияны зерттеп экскурсияларға шығады.
Гумбольдтің жас күнделігін оқуы оны саяхаттарға әуестендіреді. 1831 жылы Дарвин университетті бітіреді сол жылы професор Генслаудың ұсынысымен “Бигль” (“Исшіл ит”) кемесіне натуралист есебінде қабылданып жер шарын айналу саяхатына аттанады.
Дарвин “Бигл” кемесімен 1831 жылы 27 декабрьде Девонпорттан сапарға шығады. Экспедицияның негізгі міндеті толық теңіз карталарын жасау үшін Оңтүстік Американың шығыс және батыс жағалауларын және соған таяу аралдарды картаға түсіру болатын. Бұдан басқа “Бигль” экспедициясының алдына қойылған екінші міндет- Жер шеңберіне хронометрлік өлшеулер жасау еді. Осыған байланысты жер шарын айналып шығу саяхаты жасалды.
1835 жылы 5 сентябрьде “Бигль” Оңтүстік Амереканың батыс жағалауынан Галапагос архепелогына қарай жол тартады. Джемс аралында өсетін өсімдіктердің 38 галапагостік түрлерімен 30 түрі тек осы аралда ғана кездеседі, сольбеморлда да осылай, ондағы 26 галапогостік өсімдіктердің 22-сі осы аралдың эндемиктері. Бірсыпыра аралдардың өзеніне тән таспақа, қуақы және тау шымшықтардың түрлері кездеседі.
Галапагос аралдарынан “Бигль Австралия жағалуына жол тартып, оның оңтүстік жағын аралап шығады. 1836 жылы 1 апрельде Суматрадан 600 миль қашықтықта жатқан Үнді мұхитындағы Килинг және Кокос аралдары көкжиектен көрнеді. Осы топ аралдарға Дарвин ерекше зейін бөледі, себебі олардың барлығы дерлік маржандардан құралған және ерте кезде су астындағы рифтер түрінде болған . Дарвин осы аралдардың тіршілігін зерттейді, кеиінірек осы зерттеуінің нәтижесінде маржан аралдарының шығу тегі және дамуы жайында тұңғыш теория құрады, ондағы рифтердің барлық түрлері біртіндеп жүйелі дамудан пайда болған деп қарап, оларды өзара байланыстырады.
2.Сонымен мұхит аралдарының фаунасы мен флорасының ерекшеліктері осы кездегі маржандардың тіршілігіндегі ерекшеліктерді және тропиктік өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерінің таралу жолдарын зерттеу арқылы шешілді. Органикалық табиғат ұдайы өзгеріп отырады, өзгерісті пайда ететін күшті факторлардың бірі организмдердің өздері деп Дарвинге қортынды жасатқан Әулие Елена аралына жүргізген зертеулері болатын. Материктен алшақ, Атлант мұхитының ортасында жатқан бұл аралдың фаунасы мен флорасы өзіне ерекше сипатта. Өсімдіктердегі бұл өзгерістер құрлық фаунасына, әсіресе моллюскалар мен насиком фаунасына көп өзгеріс енгізді. .
1859 жылы 24 ноябрьде Дарвиннің ‘Табиғатты сұрыптау жолымен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталып қалуы” деген әйгілі кітабы шығады. Еңбектерінің ішінде ерекше зейін аударатыны екеу. «Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі» және «Адамның тегі және жыныстық сұрыптау» бұлар «Түрлер тегі» мен бірге тұтас ғылыми теория құрады.

3.Дарвин өсімдіктердің айқас тозаңдануында күрделі бейімділіктер бар екенін дәлелдейді. Бұл фактыны эвалюциялық теория тұрғысынан талғау айқас тозаңданудың рөлін анықтауды қажет етті. Бұл жөнінде жасалынған көптеген эксперименттердің нәтижесіне сүиеніп, Дарвин айқас тозаңданудың. биологялық пайдасы бар деген қорытындыға келеді, себебі өздігінен тозаңданумен салыстырғанда айқас тозаңданудан әлді және тұрақты ұрпақтар алынады. Дарвиннің бұл зерттеуінің қорытындысы өсімдік дүниесінде айқас және өздігінен тозаңданудың әсері деген арнаулы еңбегінде баяндалды.

Бақылау сұрақтары
1.Ч.Дарвиннің өмірбаяны және еңбектері.?
2. “Түрлердің шығу тегі” еңбегіндегі негізгі қағидалар?
3.Мәдени формалардың эволюциясын дәлелдеу ?

5



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет