Мақсаты: Білімділік мақсаты



жүктеу 47.91 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі47.91 Kb.
түріСабақ
Күні:________________2016ж

Жасы: ___________
Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерінің емдік қасиеттері.

Мақсаты

Білімділік мақсаты: Бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, емдік гүлдерді сәндік бөлме гүлдерден ажыратуды үйрету.

Тәрбиелік мақсаты: Өз ойларын толық жеткізе білуге, гүлдерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: бөлме гүлдері, суреттер,

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, талдау.

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі.

а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды ұйымдастыру.

ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.

б) Олардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару.


ІІ. Жаңасабақты  түсіндіру  әдісі.

Каланхоэ өсімдігінің кереметтілігі

Каланхоэ өсімдігі бөлме гүлдері қатарына жатқызылады. Бұл әдемі әрі шипалы өсімдікке көп күтімнің қажеті жоқ .Тек күннің көзі түсетін терезенің алдына қойып, топырағы құрғай бастаған кезде бір суарып қойсаңыз болды. Каланхоэ жақсы өсу үшін кактусқа арналған тыңайтқышпен суарып отыру керек. Емдік мақсатқа қолдану үшін өсімдіктің жапырақтарын кесіп алып, 5-10 градуста көрсетілген тоңазытқышқа жеті күндей салып қояды. Содан соң еттартқыштардан өткізіп, шырынын бөлек сығып алады. 1литр каланхоэ шырынына 10 мл таза спирттен қосып,банкаға құйып, қақпағын жабады да тоңазытқышқа сақтайды. Осы каланхоэ шырынын аяқ тамырының (варикоз), терідегі жазылмай жүрген түрлі жараларға және күйік шалған жерлерге жақсаңыз, шипасы болады. Яғни, аталмыш шырын түрлі қабынуларға қарсы әсер ете алады. Сондай-ақ каланхоэның жаңадан сығылған шырынын тұмау кезінде мұрынға тамызуға болады.Ол ауыздың улы(стоматит), қызыл иек ісігі (пародонтоз), және маңқа (гайморит) ауруларына да ем.http://ts2.mm.bing.net/th?id=h.4679943577075981&pid=15.1&h=160&w=157



Алоэ өсімдігі: Алоэның сырты әдемі көрінбегенімен оның шырыны мен жұмсақ қабығы түрлі ауруларға ем. Алоэ ағзадағы клеткалардың алмасуын жақсартып, денедегі жарақаттарды лезде жазады. Күні – бойы жұмыс істеп, кешке үйге оралған кезде қатты шаршағаныңызды сезесіз. Шаршауды басуға терезе алдындағы өсімдігіңіз ,яғни алоэ жақсы көмектесе алады. Дәріханадан дәрумендер сатып алып, ақша да шығындайсыз. Өзіңізге алоэ тұнбасын дайындасаңыз болғаны: 1 стакан қайнаған суға 2 шай қасық алоэ сығындасын қосып, әбден араластырыңыз. Стаканның төртен бір бөлігін күніне 3 рет ішіңіз, бірден өзіңізді сергек сезінесіз. Егер де бір жеріңізді кесіп, тіліп алсаңыз, дәкені алоэ шырынына батырып таңсаңыз немесе жапырақты қақ ортасынан бөліп, жараның бетіне басыңыз, тез жазылады. Алоэның шырынын алу үшін, оның 2-3 жылдан кем өспегеніне көз жеткізіңіз. Емдік өсімдіктің ортаңғы және төменгі жапырақтарын пайдаланған дұрыс. Ол жерде шырын көбірек болады.http://ts1.mm.bing.net/th?id=h.4513848633330464&pid=15.1&h=160&w=153

Жалбыздың қасиеттері. Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек. Жалбыздың түрлері көп. Қазақстанда оның екі иүрі кездеседі – қара жалбыз, ақ жалбыз. Ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының осы мөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.картинки по запросу жалбыз


Жалбыздың пайдасы. Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді бағада сатылады.

Күшала – көп жылыдқ өсімдік. Шамамен биіктігі -20-40 сантиметр, жапраққтарының ұзындығы 10 сантиметр, ені 1-5-3 сантиметтр боп келеді.картинки по запросу күшала

Жапырақтары сабағынан ұзын, төменгі жағы үшкірлеу , кейде бұтақ сабы келемшемен қосылады.

Түтікші өзегі 7-13 см, ені 3-6 см дейін жетеді. Гүлденгенде оның гүл қауашағының ішкі жағы назарыңызды еріксіз аударып, күлгін көк барқыттай құлпырады.

Күшаланы халық арасында – қара пышақ деп те атайды. Себебі гүлденген кезде гүл қауашығы ішінен жіңішке қосымша собық, үшкір күлгін-көк түсті 5-9 см тік өзек ( пышақ, қарындаш тәрізді) шығады. Өсіп келе жатқан собықтың жағымсыз иісі болады. Күшаланның тамыры грек жаңғағының мөлшенріндей дөнгелек келеді, жан-жағынан жіңішке тамырлар өседі. Күшаланың тұқымдары кемеліне жеткен уақытында гүл қауашағының төменгі жағындағы ақ қабыққа тұқымдары домалақ, болмаса сопақша болып бірнеше түйіндер (2-3) біріне-бір жабысып тұрады. Әбден піскен шағында тұқымның түсі қонырқай тартады.



Ғалымдардың зерттеуі бойынша өсімдік жас уақытында түгел (жапырағы, гүлі, тамыры) улы болады. Аңшылар қүшала тұқымдарын етпен араластырып қасқыр, түлкілерді аулау үшін қолданған. Күшаланың жапырақтарын жеген қойлар уланады, ал тасбақаларға бұл жапырақтар әсер етпейді деген пікір бар. Құмтышқандар (песчанки) көктемде күшала тамырын іздеп қазып жейді екен.

ІІІ. Қорытынды. Бөлме гүлдерінің таза ауаны жаңғыртып қана қоймай, адам денсаулығына да тигізетін әсері өте көп. Ондықтан бөлме гүлдерінің ерекшелігін ажыра білуді үйренейік.



Тексерілді:____________
: uploads -> doc -> 11d6
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
11d6 -> Мемлекеттік тіл менің тілім! Мақсаты
11d6 -> Вопросы к экзамену по предмету «Фармакология»




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет