Мал өcipy. Алматы:Қайнар, 1995



бет1/35
Дата26.06.2017
өлшемі5.48 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
ҚОЛДА

МАЛ

ӨСІРУ

ББК 46—4


К, 62

УДК 636. 641.5



АЛҒЫ СӨ3

62 Қолда мал өcipy.—Алматы:Қайнар, 1995. ISBN 5-620-00298-5

-352 бет.



МАЗМҰНЫ

АЛҒЫ СӨЗ

ІРІ ҚАРА ӨСІРУ

Ірі қараның биологиялық ерекшеліктері
Ірі қара тұқымдары

Сүтті сиырды таңдау

ҚОЙ ӨСІРУ

Қойдың биологиялық ерекшеліктері
Қой тұқымдары

Өсіруге арналған қой таңдау .

Қой қорасы жөне оның күтімі

Қой азықтандыру

Қой күйін анықтау және ұрықтандыру

Қо й қоздату

Қой сауу

Қой қырқу

Қойдың енімі

ЕШКІ ӨСІРУ

Ешкі тұқымдары

Өсіруге қажетті ешкіні таңдау

Ешкі азықтандыру

Ешкі ұрықтандыру және лақтату

Лақ өсіру
Ешкі өнімдері

ЖЫЛҚЫ ӨСІРУ

Жылқының конституциясы
Жылқының жасын тісі арқылы айыру

Жылқы азықтандыру

Биенің буаздық кезеңі және құлындауы

Биенің буаздығын анықтау

.

Буаз биені күтіп-бағу



Құлындату

Құлындау кезінде көмек беру

Биегө құлыны дұрыс келмеген кезде көмек беру

Биенің құлындағаннан кейінгі аурулары

Құлынды бие мен құлын күту

Енелерін еміп жүрген құлындар ауруы

Құлын өсіру

Құлын бөлу

Тайларды жазда күтіп-бағу

Тайды бас білдіру (үйрету)

Құнан-құнажын, дөнен-дөнежін өсіру
Сақа жылқыны күтіп-бағу

Сақа жылқыларға қан тарату жэне таза ауада серуендету

Ат қораны күту

Жылқы терісін күту

Жылқы тұяғын күту

Жұмысқа жегілген аттарды күту

Жылқы тұқымдары

Салт мінілетін әрі жегілетін жылқы тұқымдары

Желісті жылқылар

Ауыр жүк тартатын жылқылар

Ет және сүт өндіру үшін өсірілетін жылқы тұқымдары Жылқының ет өнімі

Жылқы бордақылау

Биенің сүт өнімі

Бие сүтінің химиялық құрамы мен қасиеті

Бие сауу
ТҮЙЕ ӨСІРУ

Түйе малының арғы тегі мен туыстары

Түйе тұқымдары мен будандары

Түйе өсіру әдістері

Түйені өз төлі есебінен көбейту

Бота өсіру

Інгендердің сүт өнімі

Інген желінінің ерекшеліктері

Түйенің жүн өнімі
ҚҰС ӨСІРУ

Үй құстарының биологиялық және шаруашылық ерекшеліктері .

Құс тұқымдары

Құс қорасы және оның күтімі

Өсіруге қажетті құсты таңдау

Жұмыртқа шайқау

Кұс азықтандыру

Құс өнімдері .
НУТРИЯ ӨСІРУ

Нутриялардың биологиялық ерекшеліктері

Өсіруге қажетті нутрияларды таңдау

Нутриялар қорасы жэне оның күтімі .

Нутрия азықтандыру .

Нутрияларды көбейтіп өсіру

Нутрияларды сойып, өңдеу
ҚОЯН ӨСІРУ

Үй қояндарының шығу тегі

Үй қояндарының тұқымдары

Үй қояндарының дене құрылысы және биологиялық ерекшеліктері

Үй қояндарын асылдандыру, шаралары

Қоян өсіру әдістері

Үй қояндарын шағылыстыру және көжектету

Көжектерді енесінен айыру

Үй қоянын бағып-күту

Қоян азықтандыру

Қоян өнімдері
АРА ӨСІРУ
Ара семьясының биологиясы

Ара жыл маусымындағы тіршілігі

Омарта

Ара аурулары

Ара шаруашылығынан алынатын өнімде
ДЕРБЕС ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ЗООГИГИЕНАЛЫҚ ЖӘНЕ МАЛ ДӘРІГЕРЛІК ШАРАЛАР

Мал мен құс қораларына қойылатын зоогигиеналы

Дербес шаруашылықтардағы жүргізілуге тиісті мал дәрігерлік санитарлық шаралар

Мал мен құста жиі кездесетін аурулар және оларды себептері

Жарақаттар, оның түрлері жэне жарақаттанған малға көмек көрсету

Жабық жарақаттар

Ашық жарақаттар
Бұл кітапта дербес шаруашылық та дэстурлі төрт түлікпен 6iрre қоян, ара, нутрия өcipy, күтіп-бағу, азықтандыру ерекшелштері жайлы сөз болады. Сондай-ақ дастархан сәні —ұлттық тағамдар дайындау жолдары да берілген.

Бұл қосымша оқу құралы ауыл шаруашылығы жоғары оқу орында-ры мен техникумдарының студенттеріне арналған.

3705010000-194 403 (05) -95

ББК 46-4

ISBN 5-620-00298-5

© “Қайнар” баспасы, 1995

АЛҒЫ СӨЗ

Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында дербес шаруашылық иелерінің қосар үлесі мол. Мысалы қазіргі кезде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің төрттен бip бөлігі, соның іш1нде мал шаруашылығы өнімдерінің, үштен бip бөлігі осы дербес шаруашылықтардан өндіріледі.

Дербес шаруашыльқты өркендетуге мемлекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Осынау қамқорлықтың, арқасында колхозшы-лардың 99 процентінің, ауылдық жерде тұратын жұмысшылар мен қызметкерлердң 81 процентінің өз дербес шаруашылығы бар. Соған байланысты дербес шаруашылық иелері өздерінің етке деген қажеттілігінің 80 процентін, сүтке деген қажеттілігінің

82 процентін, жұмыртқаға деген қажеттілігінің 97 процентін, кар-топқа деген қажеттілігінің 95процентін,көкөніске деген қажеттілігінің 75 процентін өтейді. Орта есеппен алғанда бұл керсеткіштер дербес шаруашылық, иесінің жылдьқ табысының

75 процентін құрайды екен. Осындай-ақ дербес шаруашылық маңызының зорлығына әбден көз жеткізуге болады. Оның сыртында әр бip дербес шаруашылық, иесі түтінінің экономикасына тигізетін пайдасы тағы бар. Мәселен 4—5 адамнан тұратын бip түтін жылына 220—240 жұмыртқа табатын 6—10 тауық,ұстаса медициналық, норма бойынша қажет жумыртқамен, ал 40—50 балапан шығаратын үйрек немесе 20—30 балапан шығаратын қаз немесе күркетауық ұстаса кемінде 100 килограмдай диеталық, құс етімен к,амтамасыз етіледі.

Бұл күндері ауылдық, жерде тұратын әрбір түтіннің бip бұ-заулы сиыр, бip торпақ-тайынша, оншақты қой-ешкі бip бие немесе түйе, сонымен қатар құс,қоян, нутрия өcipyre мүмкіндігі бар. Шаруашылығынан ендірілген еніммен өз қажетін толық өтеген соң, артылғанын мемлекетке еткізуге немесе базарга апарып сатуға толық, хақылы.

Дербес шаруашыльқта мал,құс, аң өcipy, сөйтіп аса сапалы бағалы өнім өндіру үшін оларды күтіп-бағу және азықтандыру ерекшеліктерін жетік білу кажет. Сондай-ақ, оларды сұрьштау, ipiктey, аурулардың алдын алу жағдайларын жақсы білген жанғана табысқа жетеді.

Көпшілік оқырман қауым ұсынылып отырған бұл кітаптан осы мәселелермен қатар мал сою, оның терісін тұздау, қой қырқу, түйе жүндеу, дербес шаруашылықта жүргізілетін мал дәрігерлілік-зоогигиеналық, шараларға да қанығады. Сонымен бipre мал өнім-дерінен дайындалатын қазақтың дәстурлі жэне қазіргі тағамдарын әзірлеу жолдары да окырманньң кэдесіне жарар деген ойдамыз.

 

ІРІ ҚАРА ӨСІРУ



 

Қазіргі ipi қараның арғы тегі — тұр. Ол осыдан 8— 10 мың жыл бұрын қолға уйретілген. Содан, бepi адам баласымен 6ipre жасасып келеді. Мыңдаған жылдар ішінде олар әр турлі табиғи-экономикалық, жағдайларға бейімделіп, сүт не ет енімділігін жетілдірді. Tiпті жылдың кез-келген маусымында қашьш, бұзаулайтын болды. Сөйтіп қазіргі кезде ең бip маңызды мал тү-лігіне айналды.

 

IPI ҚАРНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Эволюциялық, дамуы барысында адамға қажетті биологиялық ерекшеліктерін қалыптастырған ipi қараның анатомияльқ құрылысы мен физиологияльқ процестерінде біршама айырмашылық бар. Қоректену типі жағынан шөп қоректілерге, ал қорытуы жағынан күйіс қайыратындарға жатады. Ipi қараның күйіс қайыруы олардың ас қорыту жолдарының құрылыс ерекшеліктерне байланысты мәселе. Ipi қара асқазаны көп камералы келеді Оның үш алдыңғы белігінде без болмайды, қарын сөлі бөлінбейді. Сондықтан олар желінген азьқты күйсеуге дейін сақтайтын орын больш табылады. Аумақтары да соған бейім, өте сыйымды келеді. Мәселен таз қарынның аумағы 150—180 л, жұмыршақтыкі —12 л, жалбыршақтыкі —18 л.

Жұтылған азьқ өңеш арқылы құрсақ қуысының непзгнен сол жақ бөлігінде орналасқан таз қарынға түседі. Ауыз қуысында мол сілекейге шыланған (сиыр тәулігіне 100 литрдей сілекей бөледі) азық, қарынның ішкі жақ, қабырғасы мен жұмыршақтың күшті жиырылуының арқасында (бес минут ішінде 7—10 рет жиырылады) іштегі заттармен араласады. Жұмыршақтың ұяла-рында жұмсарған, бірақ, толық ұнтақталмаған азықтар кекіру ке-зінде өңеш жолымен ауыз қуысына кайтып оралады. Содан әбден шайнальш барып, қайта жұтылады. Бұл процесті күйіс кайыру деп атайды. Қарындағы азық әбден шайналғанша ауыз қуысына осылайша қайта-қата қайтарылып тұрады. Мал күйісті азықтан-ғаннан кейін 15—20 минуттан соң қайырады.

Әбден шайнальш, сілекейге шыланган азық қайта жұтылып, қарынға түскеннен кейін одан әрі механикалық жэне химиялық өңдеуден өтеді. Азықтың осылай алдыңғы қарындарда өңдеуден өту процесі биологиялық, дәлірек айтқанда микробиологиялық, өңдеумен қатар жүреді.

5

Алдыңғы қарындардағы микроорганизмдер әсерінен алдымен қиын қорытылатын азықтық заттар — клетчатканың қорытылуы көңіл аударуға тұрады. Осы микроорганизмдер' тіршілігі арқылы алдыңғы қарындарда азықпен түскен клетчатканың жартысына жуығы қорытылып, ыдырайды. Жалпы алғанда микробиологиялық процестер арқылы күйіс малын көп камералы қарындарында азық қорыту және сіңіру процестерінің негізгі бөлігі (70— 80%), ал ішектерде тек 20—30 проценті ғана өтеді.Сондықтан да ішекте қорытылу процесі басым бір камералы қарынды малға қарағанда көп камералы қарынды малда қарын мен ішекте қорытылу процестері қатар жүреді.



Күйіс малының алдыңғы камераларында орын алатын микро-биологиялық процестерді түсіндіру үшін ол қарындардары зат-тардың (жынның) әр 1 миллилитрінде 80 мыңнан 2 миллионға дейін инфузориялар және 20 мыңнан 100 миллиардқа дейін түрлі бактериялар тіршілік ететінін айтсақ, олардың азық қорыту ба-рысындағы атқаратын қызметі сөзсіз айқындалады деуге болады.

Осынша микроорганизм алдыңғы қарыңдардан азық бөлшек-теріне ілесіп негізгі қарынға өтөді де, қарын сөлінің қышқылдылығы салдарынан өліп, азықтың қоректік заттарымен қатар қорытыла бастайды. Олардың денесіндегі түзілген белоктар ыдырап, күйіс малының организмін азықта болмаған, ауыстыруға келмейтін амин қышқылдарымен байытылған белокпен қамтамасыз етеді. Осы микробиологиялық түзу өнімін белок деп атайды. Тәулігіне әрбір сиыр, биологиялық тұрғыдан байытылған, осындай жоғары сапалы 400—450 грамм құнды белокқа ие болады.

Міне, ас қорыту барысының, көп камералы қарнындағы ас қо-рыту ерекшеліктерінің арқасында ірі қара ірі азықты барынша көп жеп, қорыта алады. Қорытылған қоректік заттардан аса сапалы өнімдер ет және сүт өндіреді. Сауын сиырлар сүт өндіру үшін азықтық қорөктік затының 50 процентіне дейінін пайдаланса, бордақылаудағы өгізшелер тек 16—20 процентін ғана пайда-

ланады.


Қолға ұстап үйреткеннен бергі уақытта ірі қараның нерв жүйесі біршама өзгерді, адамға пайдалы қасиеттері жетіліп, қалыптасты. Олар өсіру жагдайларына көнбіс келеді. Олардың жыныстық қасиеттері де өзгеріп, тек көктемде ғана емес, жыл бойы төлдеуге бейімделді. Төлінің өсуі мен жетілуі, өнімділігі де әлденеше

есе өсті.

Қазіргі ірі қара тұқымдарының төлі 6—9 айлырында-ақ жыныстық жағынан жетіледі. Бірақ бұл кезде олардың организмі әлі толыса қоймайды. Физиологиялық ерекшеліктері мен шаруашылыққа пайдалы қасиеттері жетіле бермейді. Міне, осыдан барып олардың алдымен өз организмінің өсіп-жетілуіне кедергі келтірмей, ал екінші жағынан, болашақ төлдің жақсы жетіліп туылуына жағдай туғызу үшін оларды 6—9 айлырында емес, 1,5 жасында, тірідей салмағы 320 килограмнан асқанда ғана ұрықтандыру қажет.

6.

Ұрықтандыру жұмысы нәтижелі болу үшін құнажындарды жыныс' циклының белгілі кезеңінде ұрықтандырады. Жыныс циклы нәтижелі ұрықтанғанға дейінгі әрбір 3 апталықта қайталаньш тұрады. Осы цикл ішінде сиырлар тек жыныстық қабылдау кейпін танытқан мезгілде ұрықтандырылса ғана ол тоқтайды. Орта есеппен сиырлар буаздығы 285 тәулікке созылса, сол уакыттағы бағып-күтіміне байланысты 260 тәуліктен 312 тәулікке дейін ауытқиды.



Әдетте сиыр жалқы туады. Бұл түлікте егіз туу өте сирек кездесетін құбылыс. Тұқымына және бағып-күту ерекшеліктеріне байланысты жаңа туьшған.бұзау салмағы 20 килограмнан 40 килограмға дейін тартады немесе енесі салмағының 7 процентіндей келеді. Еркек бұзаулар салмағы ұрғашыларынан 1—2 килограмм артық тартады. Олар 5 жасына дейін жақсы өсіп-жетіледі.

Денесінің қызуы—38,6°С, тамыр соғысы минутына 50—60 рет. Сақа малда 32 тіс (20-сы астыңгы жақ, 12-сі үстіңгі жақ сүйегіне орналасқан) болады. Тістердің ауысу мерзімі мен жұқару белгілеріне қарап малдың жасын ажыратуға мүмкіндік бар.

Сүтті сиырлардың негізгі өнімі - сүті өте күрделі, жоғары сапалы азықтық өнім. Оны өндіру үшін сиыр организмі орасан зор физиологияльқ қызмет атқарады. Айталық, тек 1 литр сүт түзілу үшін желін тамырлары арқылы 500 литрден астам қан айнальш өтеді екен.

Міне, осыншама күрделі жұмыс атқара отырьш, сиыр оргамизмі өндірілген сүттің құрамын, жалпы алғанда, бірқалыпты сақтайды. Сиыр сүтінде орта есеппен 87,5% су, 3,5% сүт майы, 3,3% сүт белогы, 4,7% сүт қанты, 0,7% минералды заттар болса, сол коректік заттар тобының құрамдары да өте бай және басқа азықтарда кездеспейтін түрде қалыптастырылады. Мысалы. сүт белогының- құрамында тіршілікке қажетті барлық амин қышқылдары болса, сүт майы өте сіңімді ұсақ май түйіршіктерінен тұрады. Сүт қанты мен минералды заттары сүтте сіңірілуге қолайлы ерітінді түрінде кездеседі. Адам организмінде сүт белогы 96%, сүт майы—95%, сүт қанты 98 процентке қорытылады. Сүттен тіршілікке қажетті барлық дерлік минералдық элементтерді табуға болады.

Ірі қарадан алынатын келесі бағалы өнім — ет. Ол белокты (15—17%) және әдейі бордақылаудан кейін майлы (16—19%) диеталық азық болып табылады. Әсіресе етті тұқымның ірі қарасы мен және жергілікті тұқым ірі қарасының еті дәмді келеді.

ІРІ ҚАРА ТҰҚЫМДАРЫ

Негізгі өнім түрлеріне байланысты ірі қара тұқымдарын сүтті, сүтті-етті және етті бағытқа бөледі. Біздің республикамызда сүтті бағытта қырдың қызыл сиыры, әулиеата сиыры, латвия буырыл сиыры, қара ала сиыр тұқымы, сүтті-етті бағытта алатау, симменталь тұқымдары; етті бағытта қалмақ сиыры, қазақтың



7

 

ақбас сиыры, санта-гертруда, галлювей тұқымдары, өсіріледі. Енді соларға қысқаша болса да тоқталып өтейік.



Қырдың қызыл сиыры ТМД-да сан жағынан екінші, ал Қазақ-станда бірінші орын алады. Негізінен Солтүстік Қазақстан, Көк-шетау, Қостанай, Ақмола облыстарында өсіріледі. Дене бітімі ке-лісті, конституциясы мықты, жеңіл де берік сүйекті келеді. Сүтті. Сақа сиырлары 420—500 кг, жаңа туылған бұзаулары —30—36 кг тартады. Дұрыс азықтардырып өсірген жағдайда олардың салмағы 6 айлығында 160—180 кг, 18 айлағында 320—350 килограмға жетеді.

Сүт өнімділігі —2000 килограмнан 4500 килограмға дейін, майлы 3,6—3,8%.

Қазақстан жерінің қуаң да ыстық ауа райына төзімді келеді. Басқа тұқымдармен осы жағдайда салыстырғанда ауруға төзімді, тіршілікке бейім.

Әулиеата тұқымы жергілікті қазақ және қырғыз сиырын голланд малымен будандастыру жолымен алынтан. Тұқымдық аудандастыру жоспары бойынша Қазақстанның оңтүстігіңдегі негізгі тұқым. Басқа тұқымдарға қарағанда ыстыққа, бірқатар ауруларға (приплазмоз, тейлериоз және т. б.) төзімді келеді.

Дене бітімі келісті, терісі мен сүйектері жұқа, емшектері орташа, біркелкі дамыған. Түсі негізінен қара ала. Сақа сиырлары 440—470 кг, жаңа туылған бұзаулары 26—30 кг тартады. Алты айлықтарында 160—170 килограмға жетеді. Сүттілігі — 2500— 3000 кг, сүтінің майлылыгы —3,9—4,1%.



Латвияның бурыл сиыры республикамыздың Ақмола, Торғай облыстарында өсіріледі. Дене бітімі орташа, сүтті мал. Сақа сиыр-ларыңың салмағы 450—520 кг, жаңа туылған бұзауларының сал-мағы 29—37 кг, алты айлықтарында —160—180 кг, 12 айлығында —250 кг тартады. Конституциясы мықты.

Қара ала сиыр дүние жүзінде де, оның ішіндеҚазақстанда да ең көп тараған ірі қара тұқымы. Өте мол өнімді, дене бітімі жақсы мал. Сүйегі мықты, арқасы түзу, бөксесі кең, аяқтары түк, желіндері жақсы жетілген. Сақа сиырларының салмағы 450—600 кг, жаңа туылған бұзауларының салмағы 35—40 кг. Сүттілігі — 3500—6000 кг. Бірақ сүтінің майлылығы небары 3,2—3,7%. Сүттілігімен қатар еттілігі де жақсы. .Бұл Қазақстанда сүтті бағыттағы тұқымдар арасында төртінші орынды алады.

Алатау сиыры жергілікті қазақ және қырғыз ірі қарасын швиц, кастрома тұқымымен будандастыру жолымен шығарылған. Іле Алатауының табиғатына жақсы бейімделген, сүт және ет өнімділігі қатар ұштастырылран мол өнімді түқымдарға жатады. Басы үлкен, кеудесі терең, жауырыны, арқасы, белі кең. Тұяқтары қатты, сүйегі мықты. Бұлшық еттері жақсы дамыған. Түсі негізінен бурыл. Желіні орташа дамыған, Сақа сиырларының салмағы 500— 550 кг тартады. Сүттілігі —2800—3500 кг, сүтінің майлылығы — 3,8—4,0%. Таулы жайылымдарда жақсы жайылып, қоңданады

.8



Еттілігі тым тәуір, сойыс шығымы 53—60%. Алматы, Талдықорған, Шығыс Қазақстан, Семей облыстарының негізгі жоспарлы тұқымы.



Симментал тұқымы саны жағынан Қазақстанда екінші орын алады. Негізінен Ертіс өңірінде (Павлодар, Шығыс Қазақстан, Семей облыстары), сонымен қатар Орал облысында, Қостанай және Қостанай облысының бірқатар аудандарында өсіріледі.

Дене бітімі әдемі, сүйегі мықты, бұлшық, еттері жақсы дамыған. Желіндері дөңгелек немесе тостаған тәріздес келген ірі мал. Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 35—45 кг, 6 айлық бұзаулары —190—220 кг, 18 айлық баспақтары 440— 450 кг, ал өзгешелері 500—600 кг тартады. Сүттілігі 2500—3500 кг, сүтінің майлылығы—3,8—4,0%, еті дәмді болады.



Қалмақ сиыры шөл және шөлейт жағдайда әбден бейімделген етті бағыттағы ірі қара өкілі. Конституциясы мықты, тұлғасы кең де терең, бұлшық, еттері жақсы жетілген, орта салмақты. Сақа сиырларының салмағы 520—550 кг, жаңа туылған бұзаулары 20— 25 кг, 8 айлық (етті тұқымдардың төлін енесінен айыратын мерзімі) бұзаулары 200—220 кг тартады. Сүттілігі 1100—1500 кг, сүтінің майлылығы 4,1—4,5%. Табиғи жайылымда жақсы жетіліп, сойыс шығымы 55—60 процентке жетеді.

Қазақтың ақ бас сиыры ТМД-да алғаш болып шығарылған арнаулы етті бағыттағы ірі қара тұқымы. Жергілікті қазақ және қалмақ сиырын герефорд тұқымымен шағылыстыру жолыменсұрыптап алынған. Жергілікті жердің табиғи өзгешеліктері мен азықтық ерекшеліктеріне әбден бейімделген. Денесі созылыңқы да кең. Терісі қалың май жинауға бейім. Жазда ыстыкқа, қыста аязға өте төзімді. Сақа сиырларының салмағы 500—550 кг, жаңа туылғанн бұзауларының салмағы —27—30 кг тартады. 8 ай енесін еміп өскенде . 220—240 килограмға жетеді. Сүттілігі—1250— 1500 кг, сүтінің майлылығы 3,8—4,0%. Табиғи жайылымда өте тез жетіліп, бұлшық ет талшықтарының арасына май жинайды. Еті өте дәмді. Сойыс шығымы 55—65 процентке жетеді.

Санта-гертруда тұқымы Алматы, Қызылорда, Талдықорган, облысының шаруашылықтарында шоғырланған. Тез жетілгіш етті бағыттағы ірі қара. Еттілік белгілері жақсы дамыған, ірі. Сақа сиырлары 550—600 кг, жаңа туылған бұзаулары 29—30 кг, 8 ай-лығында 220—240 кг тартады. Сойыс шығымы 60—65 процентке жетеді.

Галловей малы 60—70 жылдар аралығында Англиядан сатьш алыньш, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарына шоғырландырылған. Қара түсті келеді. ¥зын жүні (20 см) тығыз, мұқыл (мүйізсіз) мал. Конституциясы өте мьқты, ұзақ тіршілік етеді. ¥зын жүні қатты аяздардан жақсы қорғайтындықтан жыл бойы биік таулы жайылымдарда баққан пайдалы. Сақа сиырлары 450—500 кг, жаңа туылған бұзаулары 24—27 кг, 8 айында 180—220 кг тартады. Сойыс шығымы 58—60%. Еті өте дәмді де құнарлы.

. 9

Қалмақ сиыры жыл бойы тек табиғи жайылымда жайылуға бейімделген, ыстық пен суыққа өте төзімді. Көшпелі жағдайдың сұрыптауынан өтіп, шыдамдылығы шыңдалған. Қысқа қарай түбіт жүні көбейіп, жазға қарай керісінше түлейді. Сөйтіп түбіт жүнінің орнына қылшық жүні шығады. Терісі қалың болғандықтан шыбын-шіркей, масадан зәбір көрмейді. Өйткені шыбын-шіркейдің тұмсығы теріні тескенмен қан тамырларына жетпейді. Осыдан барып қан арқылы тарайтын ауруларға шалдықпайды.

Сақа сиырларының салмағы 350—550 кг, бұқаларыныкі — 800—850 кг. Бұзаулары баяу өседі. 18 айлық өгізшелер 400— 450 кг, тайынша-қашарлары 340 кг тартады. Сойыс шығымы 60—65 процент. Республикамыздың батыс және оңтүстік облыстарында өсіруге болады.

Оқушы қауымды ірі қара тұқымдарымен таныстырып өттік. Негізгі оқырманымыз дербес шаруашылық, иесі болған соң ендігі мәселе...

СҮТТІ СИЫРДЫ ТАҢДАУ

Мал өнімділігі бірнеше жағдайларға байланысты келеді. Осы орайда ауызға малдың шыққан тегі оралады. Бұл тұқымның асылдығына келіп саяды. Содан кейін сол тұқымдық қасиеттерінің тіршілікте дамып, іске асуы да қалыс қалмауға тиіс. Осы жағдай-ларға ең алдымен жас кезінде азықтандырьш, күту жатады. Міне, осы жайттарды ескере отырьш, малдың шыққан тегі мен сырт пішініне қарап-ақ оның келешектегі өнімділігін болжауға әбден болады.

Сиырдың сүттілігін байқайтын біршама ерекшеліктері болады. Оны болашақ сиыр иелері жақсы білуге тиіс.'

Сиырды сатып алардан бұрын оның шыққан тегін анықтап алу керек. Таза тұқымды, мол өнімді малдан көбіне мол өнімді төл туады. Сонымен қатар, осы малдан ілгерілікте туылған төлдің өсіп-жетілу барысын, өнімділігін, оның азығын да ескергеннің ар-тықтығы жоқ. Егер олар мол өнімді болса бұл бұқа не сиырдың өз өнімділік қасиеттерін төліне жақсы дарытатындығын көрсетеді.

Ал енді мал өнімділігін айқындайтын сыртқы құрылысы мен дене бітімінің ерекшеліктері тағы бар. Өйткені малдың денсаулығы мен өнімділігі әр организмнің өзіндік құрылысына тән конституциялық ерекшеліктеріне байланысты келсе, сол ерекшеліктер оның сыртқы дене пішіні мен тұлга ерекшеліктері —экстерьермөн, сонымен тығыз байланысты ішкі құрылыс ерекшеліктері — интерьерімен белгіленеді. Сондықтан экстерьерлік ерекшеліктерді бағалай отырьш, малдың ішкі құрылысына, органдарының қызметіне назар аударуға болады. Енді сүтсіз сиырды айқындайтын экстерьерлік белгілерге тоқталып өтейік. Ең алдымен, олардың сүйегі жеңіл, бірақ мықты, аяқтары түзу, тұяқтары қатты келеді.



10

Ас қорыту органдары өте жақсы дамыған, басы жеңіл, терісі жұқа, жүні жылтыр, қысқа болады. Сондықтан да сырт пішіні созылыңқы, ішек-қарны қатты дамығандықтан. бөксе жағынан қарағанда кеңейтілген үш бұрыш тәріздес келеді. Ал, салыстыру үшін айтсақ, етті, сиырдын, дене формасы созылыңқы, төртбақтанған тік бұрыш немесе параллелипед сияқтанып келетінін ескеру керек.

Сүттілікті айқындайтын негізгі белгі — сиыр желінінің дамуы. Желіндері жақсы дамыған, емшектері салалы, сүт тамырлары қатты білеуленіп, желіннің алды-артындағы терісі жұқа, селдір жүнді, жиырылыңқы келуге тиіс.

Ас қорыту органдарының дамығандығы сиырдың азықты жақсы жейтінін,- сөйтіп одан мол сүт шығатынын дәлелдейді. Тыныс алу типінің басымдылығы оның организмінде зат алмасу процесінің шұғыл жүріп, жақсы тотығатынын, шайлануға жол бермеуін айғақтайды. Дене құрылысында арқасы түзу, сүйектері мықты келетіндігі денсаулығын көрсетсе, бөксе жағының кеңдігі қиналмай бұзаулайтыңдығын байқатады.

Халық арасында сиырдың сүттілігін, өнімділігін өздерінше анықтайтын кісілер де бар. Мысалы, біреулер танауъшың үстіндёгі тер моншақтары мен құлагының тер және май бездерінө қарап тері және май бездері жақсы жұмыс істейді деп таниды. Мұндай-да сүт бездерінің, яғни емішектердің де қызметі жетілген деп тұ-жырымдауға болады. Сүтті сиырлардың қабырғалары омыртқаға қарай бұрыштана қиылған, соңғы екі қабырға аралығында 3—4 саусақ сыюға тиіс (5—6 см). Олардың құйрықтары ұзын, жерге сүйретіліп жатады. Ал құйрық ұшындағы қайызғақ мол да майлы сүт шығатын сиырлар организміндегі зат алмасу процесінің жедел жүретіндігін байқатады. Сүт тамырларының кеуде қуысына енетін жеріне (сүт құдығы деп те аталады) 2—3 саусақ сыюға тиіс. Сонда ғана сүттің түзілуіне қажетті (әр 1 литріне 400—600 л) қан айналымын қамтамасыз ете алады.

Сиыр таңдағанда оның жасын анықтап алу қажет. Сиырдың сүттілігі 5—7 бұзаулағанға дейін ұлғайып, сонан кейін төмендейді. Бірінші бұзаулаған құнажындардан сақа сиыр сүтінің 70—80 процентіндей сүт шығады. Егер сиыр жасы туралы деректер жоқ болса, оны мүйіз бен тісінен айыруға болады. Бұзауларға мүйіз 15 күндігінен бастап шығады. Ал 2 айлығында 1 сантиметрдей өседі де, 2 айдан 20—22 айлығына дейін мүйіз айына шамамен 1 сантиметрдей -өсіп тұрады. Әрбір буаздық кезеңнің соңғы кезінде іштегі бұзаудың өсуіне көп қоректік заттар жұмсалатындықтан сиыр мүйізінде сақина тәріздес сызықша белгі — қыспа қалады. Сол сақина тәрізді белгілер санына бірінші бұзаулаған жасын қосса (орташа 2 жыл) сиырдың нақтылы жасы шығады. Қысыр қалған жылдары мүйіздө сызық белгі қалмайды. Егер сиыр іш тастап немесе қысыр қалған болса екі сақина арасы едәуір алшақтайды. Сиырларда 32 тіс болады дедік. Оның 24 азу тістері де, төменгі жақ сүйектеріне орналасқан 8 алдыңғы тістер. Алдыңғы тістердің ауысьш, жойылуы бойынша да сиыр жасын анықтауға болады.



Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет