Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы



Дата23.12.2017
өлшемі44.63 Kb.
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№13 «Ақмарал» балабақшасы МКҚК-ның тәрбиешісі
Сарыева Тлектес Сапарбаевна

Ересек тобында ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Айналамен таныстыру.

Тақырыбы: Жәндіктермен таныстыру

Мақсаты:1.Білімділік: Балаларды жәндіктердің қысқа қалай дайындалатынымен , олардың ортаға бейімділігімен таныстыру.

2.Дамытушылық:Табиғат әлеміне қызығушылығын, байқағыштығын дамыту.

3.Тәрбиелік: Тірі табиғатқа үұыпты қарауға тәрбиелеу.

Билингвалдық компоненті:жәндіктер – насикомы.

Сөздік жұмыс:қоңыз, құмырсқа, шегіртке, илеу, жәндік.

Әдіс-тәсілдері:көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық қозғаушы

  1. Шаттық шеңбер.

Ән салуға барамыз ,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе міне, мен

Доспын енді сенімен.



Балалар шеңберге тұрып, бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Іздену-ұйымдасты

Рушы

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінде неше ай бар? ата ?

  • Көктем мезгілінде ауа – райы қандай болады?

  • Бір аптада неше күн бар? ата?

  • Бүгін нешінші күн?

  • Көктем туралы кім тақпақ біледі?

  • Жарайсыңдар балалар? Бізде қыс мезгілі аяқталып, көктем келді. Көктемде күн жылынып, жаңбыр жауады.

Бүгін балалар бізде айналамен таныстыру оқу іс – әрекеті болады. Оқу іс – әрекеттің тақырыбы «Жәндіктермен таныстыру». Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап, ойланып шешуін айтыңдар.

Жұмбақ : Шиден ұзын сирағы,

Тастай терең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы торлар салады. /Өрмекші/

Балалар мына суреттерге қараңдаршы . Не көріп отырсыңдар?

Дидактикалық ойын: «Артығын тап» ойын шарты : Тақтаға 4-5 жәндіктер суретін іліп, арасына жануарлар , көкөністер суреттерін де араластырып іліп қою. 2-3 баладан сұрау, артық суретті таба білуге үйрету. Ойынды 2-3 рет қайталап ойнау.

Сергіту сәті: «Жәндіктер дыбысы мен қимылы»

Тәрбиеші: Маса, қоңыз, ара, шегіртке суреттерін көрсетіп жәндіктердің дыбысын, қимылын салуды ұсынады.

Маса «с-с-с» дыбыстайды., ұшады.

Ара «з-з-з» дыбыстайды, гүлге қонады.

Қоңыз «ж-ж-ж» дыбыстайды, ұшады. /2 рет/

Балалар сендер жәндіктер туралы тақпақ , жұмбақ білесіңдер ме?

Көбелек


Ақ көбелек «ақпын» дер

Көк көбелек «көкпін» дер,

Ақ көбелек ақ гүлде,

Көк көбелек көк гүлде.


Көбелектер ұшады ,

Гүлге қонып, құшады.

Құлпырады құбылып,

Қусақ қалар тығылып.


Жұмбақ

Қоқыстарды жалайды,

Ауру сонан тарайды. /шыбын/
Еңбегі қатты,

Елегені тәтті.

Тіршілік нәрін,

Гүлдерден тапты. /бал арасы/



  • Жарайсыңдар балалар,

Жәндіктердің ден бітімі кішкентай , бірақ олардың түрі өте көп. Құмырсқа , маса, шыбын, ара сияқты жәндіктерді барлық жерден кездестіруге болады. Құмырсқа илеуіне асығып, ара бал жинап, көбелектер гүлді аялап ұшып жүреді. Түрі мен тіршілігі әртүрлі болғанымен , денелері бас, кеуде, құрсақтан тұрады, әрқайсысының алты аяғы бар. Көздері өте көреген, дәм және иісті мұртшаларымен сезе алады.

Аралар топ болып өмір сүреді. Ұясын ағаш діңіне немесе кез – келген ыңғайлы жерге салады. Аралардың әрбір тобында бір аналық , бірнеше аталық және көптеген жұмысшы аралар болады. Жұмысшы аралар гүлдерден бал жинап, қысқы азығын дайындайды.

Балалар сендер жәндіктер туралы тиым сөздер білесіңдер ме?

Араның ұясын бұзба.

Құмырсқаның илеуін бұзба.

Балалар ал қазір біз тағы да дидактикалық ойын ойнаймыз.

Ойын: Қайсысы қандай өнім береді?

Тақтада : Сиыр , тауық, ара, қой суреттері ілулі. Балалар осы жануармен , жәндіктің адамға қандай пайдасы бар екенін айтып береді.

Енді балалар мен сізге «Құмырсқа мен көгершін» ертегісін әңгімелеп беремін.


  • Бір құмырсқа өзенге су ішуге келіпті. Срнда толқын болып, суға кетіп қала жаздапты. Сонда бір көгершін бір бұтақпен келіп, құмырсқаның суға кетейін деп жүргенін көріп бұтағын суға салыпты. Құмырсқа бұтаққа жабысып, құтылыпты. Сонда бір мерген тор құрып, көгершінді ұстамақшы болыпты. Сонда құмырсқа мергенге жабысып, аяғын шағып алыпты. Мерген айқайлап торын тастай бергенде , көгершін ұшып кетіпті.

  • Міне балалар жануарлар мен жәндіктер бір – біріне қандай қамқоршы болып бір – біріне көмектесіп өмір сүреді екен. Сендер де бір – біріңізбен дос болып қамқоршы болып, ойнаңдар балалар!

Балалар сұрақтарға жауап береді. Көктем, 3 ай, Наурыз,Сәуір, Мамыр.

7 күн, Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма,Сенбі,Жексенбі.

Көктем туралы тақпақтарын айтады.

Балалар назар аударып, мұқият тыңдайды.
Балалар жұмбақтың жауабын табады.

Өрмекші.

Балалар суретте көргендерін әңгімелеп айтады.

Д/ойынды қызығушылықпен ойнайды
Балалар сергіту сәтін қимылмен ыбыспен орындайды.

Қолдарын созып, дыбыстайды.

Отырып, дыбыстайды,

Қолдарын созып, дыбыстайды.

Балалар жауап береді.

Тақпақтарын мәнерлеп айтады.

Жұмбақтың жауабын табады.


Шыбын

Бал арасы

Балалар тәрбиешіге назар аударып, мұқият тыңдайды.

Балалар білген тыиым сөздерін айтады.

Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды, қандай өнім беретінін атайды.
Балалар тәрбиешінің айтқан ертегісін мұқият тыңдайды.


Рефлексті

Коррекция

лаушы

Сабақты қорытындылау.

  1. Балалар бізде қандай сабақ болды?

  2. Сабағымыздың тақырыбы қандай?

  3. Бүгін сабақта не үйрендік, не туралы әңгімелестік?

Сабаққа қатысқан балаларды мақтап, сабақты аяқтау.

Балалар сұрақтарға нақты , толық жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек жәндіктер туралы тақпақтар, тыйым сөздер



Болу керек суреттер, жәндіктер суреттері, «Құмырсқа мен көгершін » ертегісі, д/о.

Қолынан келуі: мұқият тыңдап, есте сақтау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет