М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің



жүктеу 6.13 Mb.
бет1/26
Дата23.01.2017
өлшемі6.13 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ


Ә.Ә.Әметов

БОТАНИКА

Алматы, 2005

УДК 58 (075.3)

ББК 28. 5я 73

Ә56

Пікір жазғандар: профессор М.С.Байтенов



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің

ботаника және фитоинтродукция институты),

доцент Ә.Биахметова

(Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті).

Ә 56 Әметов Ә.Ә.

Ботаника — Алматы: Дәуір, 2005 —512 бет. ил. 267-(Университеттердің, ауылшаруашылық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық).

І8ВЫ 9965-465-95-9

Университеттердің, ауылшаруашылық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық болып табылатын бұл кітап ботаниканың негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды (цитологиясын, гистологиясын, оргонографиясын, систематикасын). Жекелеген белімдері биологияның ботаникаға қатысты мәселелеріне — гүлді өсімдіктердің шығу тегі мен эволюциясына, көбеюінің эволюциясына, өсімдіктердің қоршаған ортамен қарым-қатынасына арналған.

Оқулыққа лабораториялық жұмыстар ендірілген.



Бұл кітап сонымен бірге медицина институттарының, ауылшаруашылық және медицина колледждерінің студенттеріне, гимназиялардың биология, химия пәндерін тереңдетіп өтетін топтарына және мектеп олимпиадасына қатысатын оқушыларды дайындауға бірден-бір қажетті оқулық болып табылады.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы 4

Ботаниканың бөлімдері 7

Ботаниканың агрономиямен байланысы 9

Пысықтау сұрақтары 13

Бірінші бөлім.

Микро- және макроморфология 14

1 тарау. Цитология (клетка туралы ғылым) 14

Цитологияның тарихы жөніндегі қысқаша деректер 14

Клетканы зерттеудің тәсілдері 16

Клетканың алуан түрлілігі 17

Клетканың компоненттері 17

Протопласт 20

Цитоплазма 20

Ядро 30

Ядро мен клетканың бөлінуі 34

Протопластың өнімдері 40

Вакуоль 40

Артық қор заттары 42

Клетка қабықшасы 46

Лаборатариялық жұмыстар 50

Пысықтау сұрақтары 64

2- тарау. Гистология (ұлпалар туралы ғылым) 66

Түзуші ұлпалар 66

Жабындық ұлпалар 68

Негізгі ұлпалар 71

Арқаулық ұлпалар 72

Өткізгіш ұлпалар 75

Өткізгіш шоқтары 77

Бөліп шығарушы ұлпалар 81

Лаборатариялық жұмыстар 85

Пысықтау сұрақтары 93

3 тарау. Органография 94

Вегетативтік органдар 96

Тамыр 98

Морфологиялық құрылысы 98

Анотомиялық құрылысы 100

Тамырдың өзгерген (метаморфозға ұшыраған) түрлері 105

Сабақ 109

Морфологиялық құрылысы 109

Анотомиялық құрылысы 110

Жапырақ 123

Жапырақтың морфологиялық құрылысы 124

Жапырақтың анотомиялық құрылысы 129

Өркен 133



Өркеннің морфологиялық құрылысы 134

Өркеннің мамаңдануы мен түрлене өзгеруі 139

Лабораториялық жұмыстар 145

Пысықтау сұрақтары 154

Репродуктивтік оргаңдар 157

Гүл .. 157

Гүл серігі 158

Тостағанша жапырақшалар 158

Күлте жапырақшалар 159

Авдроцей 161

Гинецей 163

Гүлдің формуласы мен диаграммасы 166

Микро- және мегаспорогенез. Тозандану.Ұрықтану 168

Микроспорогенез және тозаңның түзілуі 168

Мегаспорогенез және ұрық қалтасының (қабының) түзілуі 168

Тозаңдану 169

Ұрықтану 170

Апомиксис 171

Тұқым 172

Тұқымның классификациясы 172

Эңдоспермі бар тұқым 172

ұрығында қор заттары жиналатын тұқым 174

Жеміс 174

Жемістің классификациясы 175

Жемістер мен тұқымдардың таралуы 181

Гүлшоғыры 182

Гүлшоғырының классификациясы 182

Лабораториялық жұмыстар 187

Пысықтау сұрақтары 190

4 тарау. Өсімдіктердің көбеюі 191

Жыныссыз көбеюі 191

Вегетативтік көбеюі 191

Нағыз жыныссыз көбеюі 195

Жыныстық көбеюі 195

Өмірлік циклінде ядролық фазаларының алмасуы 197

Пысықтау сұрақтары

Екінші бөлім.

Систематика 199

5 тарау. Төменгі сатыдағы өсімдіктер — 201

Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы — 202

Дробянкалар бөлімі - 202

Нағыз бактериялар немесе эубактериялар класы — 202

Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріңдегі маңызы 206

Көк-жасыл балдырлар бөлімі 208

Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы (төменгі сатыдағы автотрофты өсімдіктер) 211

Балдырлар 211

Сары-жасыл балдырлар бөлімі - 214

Диатомды баддырлар бөлімі 216

Қоңыр балдырлар бөлімі 219

Қызыл балдырлар бөлімі 222

Жасыл балдырлар бөлімі 225

Вольвоксты балдырлар класы 226

Протококты балдырлар класы 228

Улотриксті балдырлар класы — 229

Сифонды балдырлар класы 231

Тіркеспелілер класы 232

Хара балдырлар бөлімі 234

Қыналар бөлімі 235

Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластиді жоқ тармағы (төменгі сатыдағы гетеротрофты өсімдіктер 239

Кілегейлілер бөлімі- 239

Саңырауқұлақтар бөлімі 240

Хитридиомицеттер класы 246

Оомицеттер класы 248

Зигомицетгер класы 249

Аскомицеттер класы 251

Гемиаскомицетгер класс тармағы 253

Эуаскомицеттер класс тармағы 255

Базидиомицеттер класы 260

Холобазидиомицеттер класс тармағы 261

Телиобазидиомицеттер класс тармағы - 264

Жетілмеген саңырауқұлақтар, немесе дейтеромицеттер класы 269

Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы 269

Лабораториялық жұмыстар 272

Пысықтау сұрақтары 275

6 тарау. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер 277

Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы 277

Риниофиттер бөлімі 277

Псилот тәрізділер бөлімі 278

Мүк тәрізділер бөлімі 280

Бауыр мүктері класы 281

Нағыз мүктер класы 282

Шымтезек мүктер класс тармағы 285

Жасыл мүктер класс тармағы 291

Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы 293

Плаундар бөлімі 293

Плауңдар класы 293

Полушниктер класы 295

Қырықбуындар бөлімі 299

Қырықбуындар класы 299

Папоротник тәрізділер бөлімі 301

Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі 311

Тұқымды папоротниктер класы 317

Саговниктер класы 317

Беннеттиттер класы 319

Гинкголар класы 319

Қылқанжапырақтылар класы 320

Гнеталар класы - 330

Лабораториялық жұмыстар 332

Пысықтау сұрақтары 336

Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтылар тармағы 337

Жабық тұқымдылар, немесе магаолиофиттер бөлімі 337

Қос жарнақтылар, немесе магаолиопсидтер класы 349

Көп жемістілер, немесе магнолия төрізділер қатарлар тобы 349

Могнолиялар тұқымдасы (магаолиевые) 350

Тұңғиықтар тұқымдасы (нимфейные) 351

Бөріқарақаттар тұқымдасы (барбарисовые) 353

Сарғалдақтар тұқымдасы (лютиковые) 354

Раушангүлдер тектес бос желектілер қатарлар тобы 359

Раушангүлдер тұқымдасы (розановые) - 360

Бұршақтар тұқымдасы (бобовые) - 369

Құлқайырлар тұқымдасы (мальвовые) 375

Шатыргүлдер тұқымдасы (зонтичные, или сельдерейные) - 377

Раушангүлдер тектес бір жабынды өсімдіктер қатарлар тобы - 380

Шамшаттар тұқымдасы (буковые) 381

Қайыңдар тұқымдасы (березовые 382

Талдар тұқымдасы (ивовые) 385

Раушангүлдер тектес біріккен желектілер қатарлар тобы - 388

Шырмауықтар тұқымдасы (вьюнковые) - 389

Арамсояулар тұқымдасы (повиликовые) - 391

Алқалар тұқымдасы (пасленовые) 392

Ерінгүлділер, немесе тауқалақайлар тұқымдасы (губоцветные, или яснотковые) - 395

Орталық тұқымды, немесе қалампырлар тектес бір жабыңды өсімдіктер қатарлар тобы 397

Қалақайлар тұқымдасы (крапивные) 397

Қалампырлар тұқымдасы (івоздичные) - 399

Алабұталар тұқымдасы (маревые) - 402

Тараңдар тұқымдасы (гречишные) - 405

Тұқымдары гүлтүйінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер қатарлар тобы 406

Крестгүлділер, немесе капусталар тұқымдасы (крестоцветные, или капустные) 408

Көкнәрлер тұқымдасы (маковые) 410

Тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер қатарлар тобы 412

Асқабақтар тұқымдасы (тыквенные) 412

Күрделігүлділер, немесе астралар тұқымдасы (сложноцветные,или астровые) 415

Дара жарнақтылар, немесе лилиопсидтер класы (однодольные, или лилиопсиды) - 424

Желектілер катарлар тобы 425

Құртқашаштар тұқымдасы (касатиковые) 425

Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные) 426

Асфоделалар тұқымдасы (асфоделовые) — 429

Гиацинттер тұқымдасы (гиацинтовые 430

Жуалар тұқымдасы (луковые) 431

Агавалар тұқымдасы (агавовые) 432

Меруертгүлдер, немесе лаңдыштар тұқымдасы (лаңдышевые 433

Қасқыржемдер тұқымдасы (спаржевые) 435

Қабыршақтыгүлдер қатарлар тобы (чешуецветные) 436

Қияқөлеңдер тұқымдасы (осоковые) 436

Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы (злаки или мятликовые) 442

Бамбук тәрізділер тұқымдас тармағы — 444

Қоңырбас тәрізділер тұқымдас тармағы 445

Тары тәрізділер тұқымдас тармағы 450

Лабораториялық жұмыстар 454

Пысықтау сұрақтары 458

Үшінші бөлім.

Ботаниканың жалпы мәселелері 459

7тарау. Өсімдіктер дүниесінің шығутегі мен эволюциясы 459

Өсіміктердің эволюциясының негізгі кезеңдері 459

Алғашқы құрғаққа шыққан өсімдіктер 465

Алғашқы жабық тұқымдылар 465

Өсімдіктердің эволюциясының жалпы заңдылықтары 469

Көбеюдің эволюциясы 469

Онтогенез 472

Филогенез 473

өсімдіктердің тіршілік формалары 474

өсімдіктердің экологиялық топтары 476

Автотрофты және гетеротрофты осімдіктер 478

Түрлер мен тіршілік формаларының алуан түрлілігінің себептері 479

  1. тарау. Түр туралы ұғым 482

  2. тарау. Өсімдікжәне қоршаған орта 484

Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері 489

Өсімдіктердің географиясының (фитогеографиясының) элементтері 494

Флористикалық география 495

Жер бетінің флоралық облыстары 497

Экологиялық география 499

Фитоценология (геоботаника) 502

Пысықтау сұрақтары 503

қолданылған әдебиеттер 505
КІРІСПЕ

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырса-бақтарын жинастырып оз қажетіне жаратқан. Ол үшін осімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің осетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсіддерін меңгеру қажет болған.

Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жыддай бұрын қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель (біздің эрамызға дейін 384— 322 жж.) мен оның оқушысы және жақын досы Теофраст болған (біздің эрамызға дейін 371—286 жж). Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттері, еіудің төсіддері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп жарыққа шығарды. Теофрастқа пайдалы өсімдіктердің 600-дей түрі белгілі болған, олардың қатарына европаньщ өсімдіктерінен басқа шығыс еддерінен альш келген осімдіктерде кірген.

Қазіргі уақытта ботаника үлкен копсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады. Осы осімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шолейттің осімдіктер жабынын түзеді. Осімдіктердің структурасы мен осу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себебтерін және классификациясын; шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің (малға азық болатын, дәрілік, жеміс-жидек, коконістік, техникалық және басқа да өсімдіктерді) табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтін проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міңдеттерінің ең бастыларына қоршаған ортаны (табиғатты) және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.

Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика (биометрия)1 секілді ғылымдармен тығыз байланысты.

Ботаниканың жаңа салалары бойынша эксперименттік зерттеулерді жүйелі түрде жүргізу мақсатында әртүрлі жаңа тәсілдерді және техниканың мүмкіндіктерін пайдаланады. Әсіресе микроскопиялық техниканың (оптикалық және электрондық), есептеу машиналарының, компьютерлердің, физикалық приборлардың мүмкіндіктерін пайдалануға көп көңіл аударылып отыр.

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ МАҢЫЗЫ

Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шөлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқтальш қалмайды. Тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарыңда ғана өсімдік болмайды.

Теңіздер мен мүхиттар жер бетінің шамамен 360 млн.км.кв.-дей кеңістігін алып жатады. Бұл жерлерде су өсімдіктері (негізінен балдырлар) көптеп кездеседі.

Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және судың бет жағыңда жүзіп жүретін планктонды құрайды, ал екіншілері су астында субстратқа бекініп шалғын түзетін — бентос3 болып табылады.



1 Белгілі бір биологиялық мәселелерді шешу үшін математикалық тәсілді ғана емес, ең алдымен математикалық талдаудың логикасын пайдаланатын ғылым.

2 Судың кабатында бос жүзіп жүретін ете ұсақ өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы.

3 Судың түбіндегі, субстратқа бекініп түратын өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы.

Олардың кейбіреулері ересен үлкен болып келеді және 100 м ұзындыққа дейін жетеді, кейде тіптен одан да асып кетеді.

Өсімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бүлардың клеткаларыңдағы хлоропластар деп аталынатын ерекше органеллаларында немесе органоидтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофиллге тікелей байланысты болады. Хлорофиллдің ерекше қасиеті сол, ол күн сөулесінің электромагниттік энергиясын тасымалдаудағы күрделі процестерге қатысады. Яғни өсімдік хлорофилл пигменттерінің көмегімен күн сөулесінің электромагниттік энергиясын пайдалана отырып ауадан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді де, судың қатысуымен органикалық заттардың химиялық энергиясын түзеді (фотосинтез). К.А.Тимирязев өзінің бір ашық лекциясыңда былай деген екен: "Бір кездерде, бір жерге күннің сәулесі құлаған, бірақ ол қүнарсыз топыраққа емес, бидайдың биіктігіңдей болатын жасыл шөптердің өркендерінің үстіне түскен, дәлірек айтқанда хлорофилл дәндеріне түскен. Осылайша жасыл өсімдіктердің өркендеріне соғылған сәуле өшіп, жарық беру қабілетінен айрылған, бірақ мүлдеп жоғалып кетпеген. Ол тек ішкі жұмыстарға жұмсалған, ол... крахмалды түзген. Осы крах-мал қанттың ерітіндісіне айналып, өсімдіктің бойын ұзақ уақыттар аралағаннан кейін барып, оның бір жеріне жиналады. Көбіне ол өсімдік дәндерінде крахмал түрінде немесе клейковина (астық дөніндегі белоктік зат) түрінде жиналады. Ол қандай да бір формада бізге тамақ болатын нанның құрамына кіреді. Ол біздің бұлшық еттерімізге, нерв жүйелерімізге айналады. Осыдан кейін барып көміртегінің атомдары біздің организмімізде қан арқылы денеміздің барлық жеріне таралатын оттегімен қайтадан қосылуға ұмтылады. Бұл жерде күннің сәулесі химиялық энергия түрінде, қайтадан нағыз күштің формасына келеді. Бөлкім осы минутта ол біздің миымызда ойнап т9руы мүмкін".

Қысқасы: "Тамақ біздің организміміздегі қуат (энергия) көзі, сондықтаңда басқа нөрсе емес, сол ғана күн сәулесінің консервасы"4 болып табылады.

Фотосинтез процесінің барысында органикалық заттардың түзілуімен қатар, ауаға оттегі бөлініп шығады. Оны-мен біздер тыныс аламыз.

Атап өткен жөн фотосинтез процесі аса үлкен көлемде (колосальных масштабах) жүзеге асады, өйткені бір өсімдіктің .



4 К.А. Тимирязев. Избр. соч., т.1. М.: Сельхозгиз, 1948, с. 203 жапырақ тақталарының алып тұратын ауданы, осы өсімдіктщ алып тұрған жер көлемінен бірнеше есе артық болады, ал бір жапырақтың хлоропласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан 10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраналарының алып жататын ауданы, осы өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін жалпы ауданын тағы да 100 есеге арттырады. Өсімдіктер түзген көп қабатты жасыл экранның алып тұрған ауданы біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше есе артық болады.

К.А.Тимирязевтің берген анықтамасы бойынша, хлорофилл дәні өлемдік кеңістіктегі күн сәулесінің химиялық энергияға ауысып, жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзіне айналатын орталығы болып табылады.

Аса көрнекті прогрессивтік көзқарастағы физиктердің бірі Ф.Жолио-Кюри мынадай қызық ой айтқан: "мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмеймін, бірақта менің ойымша энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы оданда жоғары болып келетін молекулалардың көп мөлшерде тұрақты түрде синтезделуіне қол жеткізер болсақ". Оған қол жеткізу үшін молекуланың осы типін жөне фотосинтездің іс-әрекетін жан-жақты зерттеу керек".

Осы сөзден кейін бірнеше жыл өткен соң бір мезгілде екі лабораторияда (ГФР және АҚШ) хлорофилл жасанды жолмен синтезделді. Бірақта ғылымның осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын асыра бағалаудың қажеттігі шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін іске асыру мүмкін емес. Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық ашылмай келеді.

Өсімдіктердің атқарып отырған ж9мыстарының көлемінің қаншалықты екендігін дәл анықтау қиын, тіптен мүмкін де емес.

Шамамен есептегенде, өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесінде жыл сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді және сол үшін олар 175 млрд.т. көміртегін (бәлкем одан да көп мөлшерде) пайдаланады.

Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған, ал өсімдіктер болса хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық емес заттардан, органикалық заттар Жолио-Кюри. Об организации науки во франции. Вестник АН СССР, 1950, №3, с.77 ды синтездеуге қабілетті жалғыз организм ретінде дараланган.

Ботаниканың бөлімдері

Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол өз кезегіңде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міңдеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады.

Өсімдіктердің морфологиясы — ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің жөне олардың жекелеген органдарының пайда болып қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттейтін гылым. Сонымен бірге морфология өсімдіктердің органдарының түзілуін және дамуын, жекелеген особьтардың түқымнан пайда болуынан бастап өмірінің соңына дейін (онтогенезін) және осы особь жататын тұтастай түрдің немесе кез келген систематикалық топтардың тарихи даму барысын (филогенезін) ескере отырып қарастырады.

Морфологияның дамуына байланысты, оның белгілерінің негізінде бүрынғыдан да көбірек мамаңцанған ғылымдар пайда болды: цитология (өсімдіктердің негізгі структуралық бірлігінің, яғни клеткасының құрылысының қалыптасуының заңдылықтарымен дамуын зерттейді); гистология немесе анатомия (өсімдіктердің оргаңдарын түзетін әртүрлі ұлпалардың қалыптасуын, дамуын және құрылысын зерттейді); эмбриология (ұрықтың дамуының заңдылықтары мен құрылысын зерттейді); оргонография (өсімдіктердің органдарының, ягни тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің, жемісінің және т.б. мүшелерінің пайда болуын, дамуын жөне құрылысын зерттейді); палинология (тозаңдар мен споралардың морфологиясын зерттейді).



Флорография. Бұл ғылымның міндеттеріне түрлерді танып және сипаттап жазу, басқаша айтқанда олардың белгілерін (диагнозын) құрастыру жатады. Флорографтар сипаттап жазған түрлерді, систематиктер олардың туыстық жақындықтарын көрсететін, ұқсастық белгілеріне қарай топтарға бөледі. Бірақта флорографтың да систематиктің де Белгілі бір экологиялык жағдайдың әсерінен қалыптасқан, өсімдіктің сыртқы формасы жүмыстарын бір ғалымның атқаруы практикада жиі кездеседі.

Систематика — түрлердің алуал түрлілігін жөне осы алуан түрліліктің себептерін зерттейтін ғылым. Систематиканың міндеттеріне флорографтар сипаттап жазған барлық түрлерді біздің түсінуімізге жеңіл, ғылыми система жасауға пайдалану болып табылады.

Флорографтар сипаттап жазған, көптеген тәсілдердің тұтастай сериясының негізінде систематика жақын түрлерді біршама рангасы жоғары систематикалық топтарға — туыстарға, тұқымдастарға және т.б біріктіреді. Ботаниканың бл бөлімін флористикалық систематика (таксономия) деп атайды. Ч.Дарвиннің еңбектерінен кейін жақсы қарқынмен дамыған систематиканың екінші бөлімі филогенетикалық систематика деп аталынады. Көптеген биологиялық ғылымдардың мөліметтерінің негізінде (морфологияның, биологияның, палеонтологияның, физиологияның, математиканың және т.б.) флорогенетиктер өсімдіктер дүниесінің дамуының эволюциялық жолдарын, оның филогенезін көрсететін түрлерден де жоғарғы систематикалық топтарды өз орындарына қоя біледі. Бұл жерде атап өткен жөн, олар эволюцияны және барлық деңгейдегі туыстық қатынастарды (туыстан бастап жоғары қарай зерттейді. Осыдан барып мегафилогенияға (бөлімдер, қатарлар секілді жоғарғы систематикалық топтардың туыстық қарым-қатынастарын және бірінің орнын бірі басуын айтады) жөне мезофилогенияға (тұқымдастар, туыстар секілді систематикалық топтардың туыстық қарым-қатынастарын және олардың бірінің орнын бірі басуын айтады) бөлудің қажеттілігі туды. Н.И.Вавиловтың мөдени өсімдіктер жөніндегі еңбектері жарық көргеннен кейін, түр ішілік өзгерістерге және түрлердің белгілі бір формасының пайда болуына, басқаша айтқанда жаңа түрдің пайда болу процесін зерттеуге (микрофилогенияға) көп көңіл бөлініп келеді. Систематиканың бұл бөлімін Н.И.Вавилов дифференциальды систематика деп атаған, ал қазіргі кезде оны биосистематика деп атап жүр.

Биосистематиканың дамуының болашағы жаңа формалардың түзілуін жан-жақты зерттеумен тікелей байланысты.

Өеімдіктердің географиясы (фитогеография) ~ ботаниканың ең үлкен бөлімдерінің бірі, оның негізгі міндеттеріне өсімдіктердің және олардың құрлықтағы және судағы қауымдастықтарының (ценоздарының) таралуы мен белгілі бір кеңістікте қаншалықты жиілікте кездесетіндігінің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Фитогеографияның шеңберінде жекелеген пәндердің тұтастай сериясы бөлініп шықты. Оларға мыналар мысал болады: географияның тарихы бұрынғы геологиялық кезеңдердегі өсімдіктердің таралу заңдылықтары туралы ғылым; фитоценология (геоботаника) тарихи қалыптасқан өсімдіктер қауымдастықтары (фитоценоздар) туралы, олардың құрылыстары, дамуы, таралуы, пайдалануы жөне қайта жақсартудың мүмкіңдіктерінің заңдылықтары туралы ғылым. Фитоценологияның жайлымдарды, шабындық-тарды, шалғындарды пайдалану мен жақсартудың ғылыми негізі ретінде маңызы зор.



Өсімдіктердің экологиясы. Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен тікелей байланысты (климатқа, топыраққа, рельефке және т.б.), бірақта өсімдіктер өз кезегінде осы ортаны түзуге қатысады. Мысалы, топырақтың түзілуіне қатысады, климатты өзгертеді. Экологияның міндеттеріне — өсімдіктердің құрылысы мен тіршілігін қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттеу жатады. Егін шаруашы-лығы практикасында бұл ғылымның маңызы аса зор.

Өсімдіктердің физиологиясы өсімдіктердің тіршілік процестерін, негізінен олардың зат алмасуын, қозғалуын, өсуін, даму ырғақтылығын, және т.б. зерттейтін ғылым.

Микробиология негізінен бактериялар мен кейбір саңырауқұлақтардан тұратын микроорганизмдердің өмірлік циклдарын зерттейтін ғылым. Топырақ микробиологиясының жетістіктері ауылшаруашылық практикасында кеңінен қолданылады.

Палеоботаника ~ бұрынғы геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен өсімдіктер туралы ғылым.

Ботаниканың басқа бөлімдері алдарына қойылған арнайы міндеттерді атқаруына және жаңа тәсілдерді қолдануына байланысты көптеген ерекше пәндер ретінде дербес қалыптасқан. Оларға биофизика, биохимия, генетика және т.б. мысал бола алады.

Ботаниканың агрономиямен байланысы

Ботаника мен агрономия бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың зерттейтін объектісі де, зерттеудің төсілдері де және даму тарихы да екеуіне ортақ бірдей болып келеді. Ботаниктер табиғи (жабайы өсетін) өсімдіктердің

және олардың жекелеген топтарының түрлік құрамын, құрылысымен дамуының зандылықтарын зерттейді, ал агрономдар болса мәдени өсімдіктермен ғана айналысады. Бірақта көп жағдайда ботаниктердің зерттейтін объектісі ауылшаруашылық өсімдіктері, оның ішінде өсіресе мәдени жағдайға жаңа көшірілген өсімдіктер болып келеді, ал агрономдардың зерттейтін объектісі жабайы өсетін өсімдіктер, мысалы, жайылымдар мен шабыңдықтардың өсімдіктері болып келеді. Бұл өсімдіктерді агрономдар, олардың өнімділігін (түсімділігін) арттыру мақсатында зерттейді. Сонымен ботаника мен агрономияның арасын бөліп тұратын айқын шекара жүргізуге болмайды. Бұл кездейсоқ нәрсе емес, өйткені агрономия ботаникадан бөлініп шыққан. Сондықтанда агрономия сөз жоқ ботаниканың бір саласы болып табылады, дәлірек айтсақ өсімдіктер шаруашылығы ғылымын толықтыра түсетін ботаниканың бір саласы. Агрономдар мен ботаниктердің алдыңда бір ғана мақсат тұрады. Ол мақсат шамамен өсімдіктерді адамның практикалық қажеттілігіне толық пайдалану, басқаша айтқанда дәннен, жемістерден, көк балаусадан мол өнім алу болып табылады.

Ботаниктердің топырақтану және агрохимия ғылымдарымен де байланыстары аса тығыз болып келеді. Әсіресе олардың зерттеу жүргізу тәсілдері бір-біріне ауысып және бірін-бірі үнемі толықтырып отырады. Мысалы, индикационная геоботаника топырақтанушылар мен агрохимиктерге топырақтың және жердің (грунттың) сапасы, физико-химиялық құрамы, гидрологиялық жағдайы және т.б. жөнінде сипаттамалар беруге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі болып табылады.

Ботаниктер құрлықта, суда және ауада өсетін 500 мың өсімдіктердің түрлерімен жұмыс істейді, ал агрономдардың еншісіне құрлықтың жер көлемінің 10% -не себілетін екпелі өсімдіктердің 15 мыңдай түрлері тиеді. Бірақта агрономдардың алдында жауапкершілігі аса жоғары міндет тұрады. Ол барлық адамзатқа қажетті тамақ өнімдерін жөне әртүрлі өсімдіктерден алынатын шикізаттардың өнімділігін арттыру болып табылады. Тамақ өнімдері жоғарғы мәдениет пен дамудың қажетті негізінің бірі болып қана қоймайды, сонымен бірге тіршіліктің де негізі болып табылады. Сондықтанда адам баласының алдында одан асқан жауапты міндет жоқ. Бұл жерде Ф.Энгельстің бір айтқан сөзін келтіре кеткен жөн: "тарихты жасайтындай жағдайда болу үшін, адамдардың өмір сүруге мүмкіндіктері болуға тиісті."

Ол үшін алдымен тамақ пен ішетін су, баспана, киім және тағы басқалар қажет.7

Агроном өрбір экологиялық тұрғыдан оқшауланған өндірістік учаскедегі өсімдіктердің оргаңдарының пайда болып қалыптасуы мен дамуының кезеңдері жөнінде толық мәліметтерді дер кезінде және тұрақты түрде алып отыруға тиісті.

Ол үшін агроном кез келген ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігінің (өнімділігінің) қалыптасу процестерін бақылаудың тәсілдерін жете меңгерген болуға тиісті. Мұндай бақылау оргоногенездің барлық кезеңдерін тұқымның, пиязшықтардың және басқа да вегетативтік көбею органдарының өсуінен бастап, өркендерінің пайда болуына, гүлдеуіне және жемістерінің түзілуіне дейінгі аралықты қамтиды. Бір жағдайларда бұл кезеңдер өте баяу жүреді, ал екінші жағдайларда керісінше шамадан тыс жылдам жүруі мүмкін. Алғашқысы өсімдіктің бұл жерде нашар өсетівдігінің, ал соңғысы керісінше өсімдіктің аса жақсы өсуіне қолайлы жағдайдың бар екендігінің бірден бір белгісі болып табылады. Егерде өсімдіктің шамадан тыс жақсы өсуі, оның өркен беру немесе түптену кезеңдеріне сәйкес келсе, онда гүлдеу, дән байлау және жеміс түзу кезеңдерінде депрессия болуы мүмкін. Сондықтанда әрбір нақтылы жағдайда агротехникалық шараларды дұрыс және дер кезінде жүргізіп отыру керек.

Өсімдіктердің өсуі мен дамуын биологиялық тәсілмен бақылап отыру, толығымен дерлік өсімдіктердің морфологиясына негізделген.

Жер бетіндегі адамдардың саны күн санап артып келеді.

Мысалы, 10 жылда, 1921-ден 1930 жылға дейін жер шарындағы адамдардың саны 11%-ке, ал 1951-ден 1960 жылға дейін 19%-ке көбейген. 1981 жылы біздің планетамызды мекендейтін адамдардың саны 4 млрд.-қа жеткен, ал 2000 жылы бұл сан 6 млрд.-қа дейін өседі деген жорамал бар. Сондықтанда, алдағы 20 жылдың ішінде, тамақ өнімдерін кем дегенде екі есе арттыру қажет. Бұл проблеманы шешу үшін ботаниктер мен агрономдардың және басқа да биологиялық ғылымдардың комплексінің арасында творчествалық байланыстар орнату қажет. Дүние жүзі ғалымдарының ассоциациясы (оның ішіңде бұрынғы одақтас республикалардың және қазақстанның да ғалымдары бар), бірлесе отырып өсімдіктер мен жануарлардың биологияМаркс К., Энгельс Ф. Сочинения, изд. 2-е, Т.З, М.: Политиздат, 1955. с. 26 лық өнімділігін зерттеу мақсатында ортақ бағдарлама жасау үстінде. Алдын ала жүргізілген жұмыстардың нәтижесі мынаны көрсетеді, жердің потенциальдық мүмкіңдігі әлі толық пайдаланып біткен жоқ. Мысалы есептеу жұмыстарының мәліметіне жүгінсек континенттердің жалпы жер көлеміне шаққанда айдалған жердің көлемін 10%-тен 16— 17%-ке дейін арттыруға болады екен. Осыған байланысты көптеген ғалымдар шөддерді (мысалы, сахараны) сулаңдыру және ауылшаруашылығы тұрғысынан оларды игеруді алға тартып отыр. Бұл мемлекет аралық проблемалардың бірі. Бұл тұрғыдан қарағанда Орта Азияның шөлін игеруде бұрынғы одақтас республикалардың төжірибесі үлгі боларлық. Қазіргі кездерде осы аймақтан бақша өсімдіктерінің, жүзімнің, күріштің және мақтаның плантацияларын бұрынғы уақыттарда егіс егуге жарамсыз деп табылған жерлерден кездестіруге болады. Совет ғалымдары кезінде Памирдің климаты салқын, биік тау аңғарларында егін шаруашылығымен айналысуға болатындығын делелдеп берді. Жайлым, шабындық және орман ретінде пайдаланып жүрген әртүрлі табиғи өсімдіктердің топтарының өнімділігін қажетті агротехникалық шаралар жүргізу арқылы арттыруға болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Өсімдіктер жабынының құрылысы мен дамуының жалпы заңдылықтарын біле отырып, мысалы, батпақты жерлерге агромелиоративтік шаралар жүргізу арқылы, бір жағдайларда оны шабындыққа және жайылымға, ал екінші бір жағдайларда құнарлы өнім беретін егістік алқабына айналдыруға болады.

Алайда шөлді және батпақты жерлерді игеру барысында орны толмас өкінішке қалып жатқан жағдайларымызда жоқ емес. Бұған "Арал" тағдыры бірден-бір мысал бола алады. Арал тағдыры бұл күнде адам тағдырына айналып отыр. Дүние жүзі бойынша бір ғана ұрпақтың көз алдыңда тұтастай бір теңіздің суының таусылып құрғап, жоқ болып кетуі бұрын соңды тарихта кездеспеген жағдай. Сондықтаңда табиғатта ғасырлар бойыңда қалыптасқан тепе-теңдікті бұзу, сөз жоқ үлкен қылмыс. Реті келгенде айта кеткен жөн экосистемаға елеулі өзгерістер ендіретін проектілерді, экономикалық жағынан қаншалықты тиімді болғанымен қолдамаған жөн. Соңда ғана біздер қоршаған ортаны қаз қалпында сақтай аламыз.

Жыл сайын ботаниктер өсімдіктердің жаңа түрлерін ашады, ал агрономдар болса жаңа пайдалы: малға азық болатын, эфир майлары алынатын, дәрілік және техникалық өсімдіктерді мәдени жағдайға ауыстырады. Табиғи және мәдени өсімдіктердің ресурстарын пайдаланудың масштабы мен комплекстігі, сол елдің мәдениеті мен егін шаруашылығының жалпы деңгейін көрсетеді. Мысалы, Францияда алтыншы мыңжылдықтың өзіңде жүзімді егіп, оның дәнінен жүрек ауруына ем болатын май алынған.

Ғалымдардың назарьш әлемдік мұхиттар мен тұщы су алаптарьшьщ биологиялық өнімділігі аударьш отыр. Өйткені синтезделетін органикалық заттардың көп бөлігі, теңіз балдырларының еншісіне тиеді. Энергияньщ көзі ретінде адамға тамақ немесе ауылшаруашылық жануарларына азық ретінде, органикальщ тьщайтқыш немесе өндірістік шикізат, мысалы медицинада дәрі алу мақсатында теңіз баддырларын рационалды пайдаланудьщ мүмкіңдігі қалай? Қазіргі кезде әлемдік мұхиттың, суы тұщы өзеңдер мен көлдердің базасыңда селекциялық-генетикалық зерттеулерді кеңінен жүргізудің мүмкіндігі туып отыр. Болашақта "теңіз өсімдіктері шаруашылығы" деген жаңа қолданбалы ғылым пайда болуы мүмкін.

Біздің елде ботаниктердің және агрономдардың жұмыстарының бағыты мемлекет тарапынан қойылған, ересен үлкен міндеттерге байланысты айқындалады. Сондықтанда ғылым мен техниканың жетістіктерін халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында орынды пайдалануға тиістіміз.



Пысықтау сұрақтары
Клетка шырьшының химиялық құрамы
Микроскопты күтіп үстау.
Бинарлық атау.
Шаруашылықтағы маңызы.
Клейстотеций
Жасыл мүктер кластармағы (зеленые мхи — вгуігіае)
Классификациясы.
Жабық тұқымдылар, немесе магнолиофиттер бөлігі (покрытосеменные, или магнолиофиты) -
Тобылғылар тұқымдас тармағы (спирейные)
Шырмауықгар тұқымдасы (вьюнковые)
Асқабақгар тұқымдасы (тыквенные) — сисигьііасеае
Гладиолус туысы
Көбеюдің эволюциясы

: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> Педагогика тарихы
Книги -> Өндіріс құралдарында тауарды тану


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет