Ұлттық пошта операторының арнаулы пошта байланысы қызметi



Дата12.07.2017
өлшемі217.46 Kb.

Қазақстан Республикасы

Ақпарат

және коммуникациялар

министрінің

2016 жылғы«___»________________

бұйрығына 1 -қосымша

Ұлттық пошта операторының арнаулы пошта байланысы қызметi қызметкерлерінің нысанды киім үлгісі


  1. Ерлерге арналған нысанды киімнің сипаттамасы

1.Арнаулы пошта байланыс қызметінің жоғары құрамындағы (бұдан әрі – арнаулы байланыс қызметі) ерлерге арналған костюм қара-көк түсті жартылай жүн матадан тігіледі (Ұлттық пошта операторының арнаулы пошта байланысы қызметi қызметкерлерінің формалық киім үлгісіне 1-қосымша, 1-сурет (бұдан әрі – үлгілер)):



1) жартылай жапсырылған бейнедегі жартылай жүн матадан қара-көк түсті китель, екі жағы қаусырмалы, екі бүйір түймелікпен, алты арнаулы түймесі бар екі қатарға орналасқан, жағасы және лацкан қайырылған, жағаның шеті көк түсті жиекпен көмкерілген, жағада арнайы алтын түсті сурет (белгі) кесте түрінде жапсырма түсірілген.

Жеңі қайырмамен ені 8 см, қайырманың жоғары жағы – көк түсті жиек, қайырманың ортасында алтын түсті тігіспен арнаулы сурет кестеленген. Сол жақ жеңде – «Шеврон» жең белгісі Арнаулы байланыс қызметiнің - белгіленген үлгісі. Оң жақ жеңде – «Эмблема» жең белгісі Республикалық арнаулы байланыс қызметiнің - белгіленген үлгісі. Қақпақшасы бар бүйірлеу көлденең орналасқан қима қалталар.

2) Тік қара-көк түсті жартылай жүн матадан астарланған бүйірлеу ішкі қалталармен оң жақтан артқы қима қалта түймеленеді, бүйірлеу тігіс бойынша – көк түсті, ені 2 см көк түсті жиек (лампас) жүргізілген шалбар.

2. Арнаулы байланыс қызметінің жоғары құрамындағы ерлерге арналған костюм (кител, шалбар) қара-көк түсті жартылай жүн матадан тігіледі (үлгіге 1-қосымша ,2 сурет):



1) Жартылай қаусырмалы бейнедегі китель, бір бортты төрт арнаулы түймелікті, жаға және лацкан қайырылған, пиджактың жағасына - Арнаулы байланыс қызметiнің - айырма жапсырма белгілері тігілген. Жеңдер қайып тігілген екі тігісті, шынтақ тігісінде екі түйме бар. Сол жақ жеңде – «Шеврон» жең белгісі арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Оң жақ жеңде – «Эмблема» жапсырмалы жең белгісі Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Арқаның ортадағы тігісі шлицпен аяқталады, екі тігіспен қыр салынып, белдің алдыңғы қымтаулы тігісімен, қақпақшасы бар бүйірлеу көлденең орналасқан қима қалталар.

2) Шалбар тік қара-көк түсті жартылай жүн матадан тігілген, астарланған, бүйірлеу ішкі қалталармен оң жақтан артқы қима қалта түймеленеді, бүйірлеу тігіс бойынша – көк түсті жиек жүргізілген.

3. Арнаулы байланыс қызметінің кіші құрамына арналған күнделікті ерлер костюмі (күрте, шалбар) аралас матадан дайындалады (Үлгілерге 1-қосымша, 3-сурет).

Тік бейнедегі күртке (жеңі (шеврон) жапсырмалы жеңдегі белгісімен толықтырылған). Қайырма жаға. Ортасындағы ілгек солдан оңға қарай, бес ілгекті және алтын түсті диаметрі 14 мм нысанды түймемен. Төске жапсырылып тігілген қалталар фигуралы қақпақшалармен, ілгекпен түймеленетін, алтын түсті нысанды түйменің диаметрі 14 мм. Жапсырылып тігілген қалталардың үстіңгі жағы қара-көк түсті реңде алтын түсті жиекпен көмкерілген және алтын әріптермен жазбалар бар: сол жағында «Қан тобы», оң жағында кіші құрамдағы жұмыскерлердің «Айырым белгілері» тігілген. Күртенің жағасында – Қазақстан Республикасы «KZ» алтын түсті металды эмблема бар. «Жапырақшасы» бар бүйірлі қиылып тігілген көлбеу қалталар.

Арқасы инішпен. Иніш бойымен еркін қозғалу үшін жұмсақ бүкпе салынады.

Екі тігіспен қайып тігілген екі тігісті манжеті бар жең, ілгекпен түймеленетін, алтын түсті диаметрі 14 мм нысаналы түйме.Қайып тігілген тігісті манжет бойымен екі жұмсақ бүкпе шынтақ тігісіне қарай салынған.

Күртенің төмен жағы тұтас пішілген белбеу. Белдіктің көлемі бүйір жағынан тізбекті сырумен көп инелі арнайы машинкада өңделген созылғыш тоқыма баумен тігіледі.

Күрдешенің алдыңғы бойы және арқасы астарланған. Астардың сол жақ ішкі қалтасы, ілгекпен түймеленеді және қара-көк түсті диаметрі 14 мм пластиктен жасалған түйме.

Жеңге тағылатын белгі (шеврон) нысанды киімнің сол жақ жеңінің сырт жағының орталық осі жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см аралықта тігіледі.

Жеңге тағылатын белгі (эмблема) нысанды киімнің оң жақ жеңінің сырт жағы орталық осінен сыртқы жағынан жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см аралықта тігіледі.

2)Тік бейнедегі тігілген, үтіктелген сызықпен шалбар. Қос тігісті 6 см бес бастырмасы бар жалпақ белбеу (портупея). Белбеудің көлемі бүйір жағынан тізбекті сырумен көп инелі арнайы машинкада өңделген созылғыш тоқыма баумен тігіледі. Белбеу ілгекпен және пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленеді.

Гульфик сол жақтан оңға қарай пластиктан жасалған қара – көк түсті «сыдырма ілгекке» түймеленеді. Қималы бүйір сызығы бойынша жан қалталар.

Артқы оң жақ жартысында ішкі ілмекке және пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 14 мм түймеге түймелікпен жақтауына қима қалта тігілген.

Бүйір тігістері көк түсті жиекпен қайып тігілген. Шалбардың алдыңғы жағының жартысы астарланған.

4. Арнаулы байланыс қызметінің кіші құрамының Рип-Стоп матасынан тігілген арнайы жазғы костюмі.(Үлгіге 1-қосымша, 4-сурет):

1) Тік бейнедегі күрте (жапсырма жең белгілермен толықтырылған (шевронмен, эмблемамен).

Қайырылып тігінен тұтас тігілген жаға.

Ортадағы түймелік солдан оңға қарай, жасырын , жоғарғы және төменгі ілмек тесіп өтетін, пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленеді.

Қалпақшаларымен екі төс қима қалтаны жасырын (супатной) түймеленетін түйме пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм.

Жапсырма қалталардың үстіне қара-көк реңде алтын жиекті және алтын әріппен жазуы бар жапсырмалар тігілген: сол жағында «Қан тобы», оң жағында кіші құрамдағы жұмыскерлердің «Айырым белгілері». Күртенің жағасында – Қазақстан Республикасы «KZ» алтын түсті металды эмблема бар.

Арқасы екі тігісті инішпен.

Бұйымның төменгі жағы тұтас қайырылып тігілген белбеу. Арқа бойынша белдікте белдіктің көлемін реттейтін созылғыш лентамен кулиса орналасқан. Үш ілгекпен реттеуішке, белдіктің іш жағында тігілген түймелерге түймелеу үшін – созылғыш лентаның бір жағы патқа бекітіледі.

Екі тігісті қондырма жең қос тігісті манжетпен, түймеленетін пластиктан жасалған диаметрі 17 мм қара – көк түсті түйме. Шынтақ қаптамасы – күшейткіш жапсырмамен. Жеңнің жоғарғы бөлігінде, текстильді түймеленетін қақпақшасы бар көлем үшін жапсырма қалталар орналасқан. Ойық айналасына – желдетуді қамтамасыз ету үшін трикотаж кенеп матадан (тор) қиық қойылады.

Жеңдегі белгі (шеврон) сол жақ жеңдегі жапсырма қалтаның ашық жерінің ортасына тігіледі.

Жеңдегі белгі (эмблема) оң жақ жеңдегі жапсырма қалтаның ашық жерінің ортасына тігіледі.

2) Тік, кең шалбарлар.

Қос тігісті белбеу, кең, зигзагпен қайып тігілген, бес шытырлақпен жалпақ 6 см ремень (портупея), ілгекпен және пластиктан жасалған қара – көк түсті, диаметрі 17 мм түймемен түймеленеді. Белбеудің көлемі бүйір жағынан созылғыш тоқыма баумен реттеледі.

Гульфик пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленеді.

Іші қиылған бүйірдегі қалта.

Шалбардың алдыңғы жағының жартысында тігісті қақпақшасы бар бүйір жағында жасырын түймелігі бар екі жапсырма қалта.

Оң жақ қалтаның ішкі жағында ылғал өткізбейтін матадан текстильді түймелігі бар ішкі қалта орналасқан.

Шалбардың алдыңғы жағының жартысында тізе жақта жапсырма – күшейткіш орналасқан. Шалбардың артқы жағының оң жақ жартысында пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленетін жасырын қақпақшасы бар қима қалта бар. Шалбардың арт жағының сол жақ жартысында пластиктан жасалған қара – көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленетін жасырын қақпақшасы бар жапсырма қалта бар.

Шалбардың төмен жағы созылғыш тоқыма баумен тартылған.



Шалбардың ішкі жағынан көлемді реттеу үшін муфта қайып тігілген, жіп муфтаның төмен жағы кулисаға өткізіледі.

6. Күрте-бушлат қара-көк түсті алынып-салынатын жылы астармен, сыдырма ілгек түймелі, су өткізбейтін материалдан тігілген, төске орналасқан жапсырма қақпақшасы және бүйірден қисық қиылған қалтасы бар, ішкі жағынан қима қалтасы бар, төс бөлігінде жапсырма тілімшесі бар жасырын алты түймелі түймелігі бар, етегі баумен байланатын киім нысаны. Алынып-салынатын жылы астармен, сыдырма ілгек түймелі, жылы баумен байланатын капюшоны бар.

Жоғары және аға құрамға арналған сұр түсті каракуль жаға, кіші құрамға арналған қара-көк түсті жүн цигейка жаға. Сол жақ жеңде – «Шеврон» жапсырма жең белгісі Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Оң жақ жеңде – «Эмблема» жапсырма жең белгісі Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі.

Жапсырма қалтаның жоғары жағы алтын көмкермемен және алтын әріппен көк реңдегі жиекпен кестеленген: оң жағында «Айырым белгілері», сол жағында жұмыскерлердің «Қан тобы» бар.

7. Арнаулы байланыс қызметінің жоғары және аға құрамына арналған ерлерлердің қара-көк түсті, аралас матадан (шевронмен) жең белгісімен толықтырылған), тік бейнедегі, қатты иық жапсырмалармен, бір бортты, жылы алынып - салынатын астарлы плащы.

Жағасы қайырылып жатқызылған.

Жағада айырым-жапсырма белгілері орналасқан.

Орталық түймелік солдан оңға қарай, үш ілмекпен және күміс түсті диаметрі


22 мм нысанды түймелер.

Белді бойлай белдіктің астында бастырма . Белдік тік үш бұрыш күміс түсті металды иірілген жіпке түймеленеді.

Бүйір қалталар көлденең қиып тігілген «жапырақшамен». Қима қалталар. Қондырма жеңдер және арқасы иніш және ортадағы тігіспен, төменгі бөлігінде, шлиц орналасқан.

Жеңге тағылатын белгі (шеврон) нысанды киімнің сол жақ жеңінің сырт жағының орталық осі жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см арақашықтықта тігіледі. Сол жақта астарланған қалта.

Жеңге тағылатын белгі (Эмблема) нысанды киімнің оң жақ жеңінің сырт жағының орталық осі жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см аралықта тігіледі.

Алынып-салынатын жылы «Файбертек» жылытқыш матамен екі жақтан астарланған, плащқа ілмекпен түймелер түймеленеді.

Сол жақта жылы астарланған жапсырма қалта, ілмекпен және пластиктан жасалған қара-көк түсті диаметрі 14 мм түймемен түймеленеді.

Жылы астардың кесілген жерлері жиектелген.

8. Ақ түсті мақта-мата кездемесінен ұзын жеңді жейде. Түймеде орталық бортты түймелікпен және қалпақшасы бар екі төс жапсырма қалталы тік бейнедегі жейде.

9. Ұзын жеңдерімен жейде. Сұр-көк түсті матадан, қайырылған, қима тік жаға, қақпақшасы бар төс жапсырма қалталармен, белдікпен. Тілулерімен, бүйірден екі түймеге түймеленетін, белдік (немесе тартылып тігілген резеңке). Тілімнен төменге дейін. Арқасы инішпен. Тілулермен және жапсырмалы манжеттермен жеңдері немесе тік қысқа. Жейде, қақпақша, белдік, манжеттер түймемен түймеленеді.



10. Жейде ақ түсті, мақта-мата кездемесінен, қысқа жеңді. Түймеде орталық бортты түймелікпен және қалпақшасы бар екі төс жапсырма қалталы тік бейнедегі жейде.

11. қысқа жеңдегі жейде. Сұр-көк түсті матадан, қайырылған, қима тік жаға, қақпақшасы бар төс жапсырма қалталармен, белдікпен. Тілулерімен, бүйірден екі түймеге түймеленетін белдік (немесе тартылып тігілген резеңке). Арқасы инішпен. Тілулермен және жапсырмалы манжеттермен жеңдері немесе тік қысқа. Жейде, қалпақша, белдік, манжеттер түймемен түймеленеді.

12.Қанық-көк түсті бейнедегі футболка, қалтасыз және түймеліксіз жейде түрінде, мойны дөңгеленіп, қосарлана резинка тігілген. Екі тігісті, қысқа жең.

13.Футболка-теркөйлек күнделікті, мақта-матадан, қалтасыз және түймеліксіз,тік бейнедегі жейде түрінде, ақ түсті, мойны дөңгеленіп, қосарлана резинка тігілген. Екі тігісті, қысқа жең.

14.Свитер-пуловер ұзын жеңді, қара-көк түсті қалың тоқымамен тоқылған, шынтағы жасанды теріден жапсырмалармен қапталған.

15.Әскери үлгідегі галстук, қара түсті, ілінетін.



16.Галстук-шалы, қара түсті, жібек, үшбұрышты пішінде.

17.Жоғары құрамның фуражкасы (9-сурет 1-ші қосымшаға) нысанды кастюм тігілген матадан жасалады. иілетін жері қара түсті шұға немесе барқыт матадан жасалған. Фуражканың төбесінің шеті және жолақтың шеті көк түсті жиекпен жүргізілген. Фуражка жолағының алдында жалпы азаматтық кокарда, ал оның бүйір жақтары алтын түспен арнайы сурет тігілген. Қара түсті күнқағары лакталған терімен тартылған, ал төменгі жағы замшпен немесе қара түсті жүн матамен қапталған. Күнқағардың үстінен жолаққа екі түймелі алтын түсті өрілген бау ілінеді. Төбе жағында Арнаулы байланыс қызметiнің жапсырма белгісі орнатылған.

18.Аға құрамның фуражкасы (Үлгілерге 1-қосымша 9-сурет). Нысанды костюм тігілген матадан жасалады. Фуражканың жоғарғы жағындағы жолағы сопақ төрт кескіннен, төбесі қара түсті шұға немесе барқыт матадан, күнқағардан тұрады. Төбесінің және жолақтың шетінің жиегі көк түсті. Фуражка жолағының алдында жалпы азаматтық кокарда. Күнқағар қара лакталған. Күнқағардың үстінен жолаққа екі нысанды түймеге алтын түсті өрілген бау ілінеді. Төбе жағында Арнаулы байланыс қызметiнің жапсырма белгісі орнатылған.

19. Жоғары және аға құрамға арналған тік тартылған күнқағарымен ерлер кепиі (Үлгілерге 1-қосымша 10-сурет). Кепи бес бөлшектен, төрт сынадан және орталық бөлігі қымтаулы тігістен тұрады.



Кепи астарланған және маңдайшасы жасанды теріден тігілген. Кепидің алдыңғы жағына кестеленген кокарда бекітіледі.

20.Кіші құрамға арналған ерлер кепиі, орташа көлемдегі күнқағармен қара-көк түсті матадан дайындалады, дөңгелек жұмсақ формалы, артқы бөлігі 5-6 см қайырылған, оңнан солға қақпақшаларға ауыспалы екі түймеге немесе шыртылдаққа үстінен бекітілген. Кепканың алдына жапсырма кокарда бекітілген.

21.Пилотка әскери үлгіде, бірақ көк түсті жиекпен сол жаққа қарай қиылыстырылған. Пилотканың алдыңғы жағына жапсырма кокардо тағылады.

22.Берет салтанатты, әскери үлгіде, түсі салтанатты костюмге сәйкес, жартылай жүннен, астарланған. Береттің алдыңғы бөлігінің ортасына жапсырмалы кокардо тағылады.



23.Шарф-кашне, қара-көк түсті, жүннен тоқылған.

24.Аяқ киім теріден, қара түсті.


  1. Әйелдерге арналған формалық киімнің сипаттамасы

1. Арнаулы байланыс қызметінің жоғары және кіші құрамына арналған әйелдер (жакет, белдемше ) костюмі, қара –көк түсті матадан тігіледі (1-ші қосымшаға 11-сурет).

1) жартылай қаусырмалы нысанды, екі бортты, сәл ұзын, лацканды майыстыра отырып, екі арнаулы түймеге түймеленетін жакет. Қайырылған жаға және лацкан, жағаға жоғары құрамға арналған арнаулы сурет алтын түспен кестеленген, жаға шұға көк түспен көмкерілген. Аға құрамға арналған киім нысаны жағасына Арнаулы байланыс қызметiнің қара жапсырма айырма белгілері тігілген. Жоғары құрамға арналған ені 8 см қайырма жең, қайырманың жоғары жағы – көк түсті жиек, көк түсті жиектің жоғарылау жағы арнайы сурет алтын түспен кестеленген. Қондырма екі тігісті, шынтақ тігісінде – шлиц екі нысанды түймесі бар жең. Сол жақ жеңде – «Шеврон» жең белгісі Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Оң жақ жеңде –«Эмблема» жең белгісі арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Арқаның ортасындағы тігіспен, төске қымтаулы тігіспен, екі тігісті кеспектермен, бүйірлеу көлденең қақпашалармен қима қалталар. Сол жақта жапырақшалармен төс қима қалта.

2)Қара көк түсті, тік үлгідегі, сыдырма ілгекті түймелікпен жабылатын белдемше.

3) тік қара-көк түсті жартылай жүн матадан балағы сыртқа шығарылған астарланған бүйірлеу ішкі қалталарымен сол жақтан артқы қима қалта түймеленетін, бүйірлеу тігіс бойынша жоғарғы құрам үшін – көк түсті жиек жүргізілген, оның жиегімен көк түсті лампасы бар ені 2 см., бүйірлеу тігіс бойынша – көк түсті жиекжүргізілген аға құрам үшін шалбар.

2. Арнаулы байланыс қызметiнің кіші құрамының әйелдерге арналған күнделікті костюмі, аралас матадан тігілген (1-ші қосымшаға 12 сурет):

1) қара-көк түсті матадан жасалған (шеврон және эмблема) белгісімен толықтырылған) тік бейнедегі күрте. Қайырма жаға.

Ортасындағы ілгек оңнан солға қарай, бес ілгекті және күміс түсті диаметрі 14 мм түймемен.

Фигуралы төске жапсырылып тігілген қақпашасы бар қалталар, ілгекпен түймеленетін, күміс түсті нысанды түйменің диаметрі 14 мм.

Жапсырма қалтаның жоғары жағы алтын көмкермемен және алтын әріппен қара -көк реңдегі жиекпен кестеленген: сол жағында «Қан тобы», оң жағында кіші құрам жұмыскерлерінің «Айырым белгілері» бар.Күртенің жағасында – Қазақстан Республикасы «KZ» алтын түсті металды эмблема бар.

Бүйір қалталар қиылып, «жапырақшамен» көлбеу тігілген. Арқасы инішпен. Иніш бойымен жұмсақ бүкпе еркін қозғалу үшін салынады.

Екі тігіспен қайып тігілген екі тігісті манжеті бар жең, ілгекпен түймеленетін, күміс түсті диаметрі 14 мм түйме.



Қайып тігілген тігісті манжет бойымен екі жұмсақ бүкпе шынтақ тігісіне қарай салынған.

Күртенің төмен жағы тұтас пішілген белбеу. Белбеудің көлемі бүйір жағынан тізбекті сырумен көп инелі арнайы машинкада өңделген созылғыш тоқыма баумен реттеледі.



Күртенің арқасы мен алдыңғы жағының жартысы астарланған.

Алдыңғы оң жақ ішкі қалтасы астарланған, ілгекпен және қара көк түсті диаметрі 14 мм пластиктен жасалған түймемен түймеленеді.

Жеңге тағылатын белгі (шеврон) нысанды киімнің сол жақ жеңінің сырт жағы орталық осінен жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см аралықта тігіледі.

Жеңге тағылатын белгі (эмблема) нысанды киімнің оң жақ жеңінің сырт жағының орталық осі жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см аралықта тігіледі.

2) тік бейнедегі қара көк түсті матадан тігілген, астарланған белдемше.

Қос тігісті 6 см төрт бастырмасы бар жалпақ белбеу (портупея). Белбеудің көлемі бүйір жағынан тізбекті сырумен көп инелі арнайы машинкада өңделген созылғыш тоқыма баумен реттеледі. Белбеу ілгекпен және пластиктан жасалған қара көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленеді.

Орталық тігіспен белдемшелердің артқы ені, төменгі бөлікте шлицалар орналасқан. Тігістің жоғарғы бөлігінде қара көк түсті пластиктан «сыдырма ілгек» түймелік тігілген.

3) тік бейнедегі тігілген, үтіктелген қырлы шалбар. Қос тігісті 6 см бес шытырлағы бар жалпақ белбеумен (портупея). Белбеудің көлемі бүйір жағынан тізбекті сырумен көп инелі арнайы машинкада өңделген созылғыш тоқыма баумен реттеледі. Белбеу ілгекпен және пластиктан жасалған қара көк түсті диаметрі 17 мм түймемен түймеленеді.

Гульфик оң жақтан солға қарай, пластиктан жасалған қара-көк түсті «сыдырма ілгекке» тағылады.

Сызық бойынша бүйірінен қиылған бүйір қалталар.

Артқы оң жақ жартысына қима қалта ішкі ілмекпен және пластиктан жасалған қара көк түсті диаметрі 14 мм түймемен түймеленеді.

Бүйір тігістері көк түсті жиекпен қайып тігілген. Шалбардың алдыңғы жағының жартысы астарланған.

Қара көк түсті ұзын жеңді қалың тоқылған свитер (1-ші қосымшаға 13- сурет).

4.Бушлат-күрте қара көк түсті алынып-салынатын жылы астармен,сыдырма ілгекті- түймелі, су өткізбейтін материалдан (1-қосымша, 14-сурет). Төске орналасқан қақпақшасы бар жапсырма қалтамен және бүйірден қисық қиылған қалтамен, ішкі жағынан қима қалтамен, төс бөлігінде жапсырма тілімшемен жасырын алты түймелі түймелігі бар, етегі баумен байланатын нысанды киім. Түймедегі алынып-салынатын жылытқышпен, жылы астармен алынып-салынатын сыдырма ілгекті, баумен байланатын жылы капюшонмен.



Жоғары және аға құрамға арналған сұр түсті каракуль жаға, кіші құрамға арналған қара көк түсті жүн цигейка жаға. Сол жақ жеңде«Шеврон» жең белгісі, Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Оң жақ жеңде«Эмблема» жең белгісі, Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі.

Жапсырма қалтаның жоғары жағы алтын көмкермемен және алтын әріппен көк реңдегі жиекпен кестеленген: оң жағында «Айырым белгілері»,сол жағында жұмыскерлердің «Қан тобы» бар.

5. Жоғары және аға құрамға арналған әйелдердің қара көк түсті, (Шевронмен) жең белгісімен толықтырылған), тік бейнедегі, қатты иық жапсырмалары бар, бір бортты, жылы, алынып-салынатын астарлы плащы.

Жағасы қайырылып жатқызылған. Жағада айырым-жапсырма белгілері орналасқан.

Орталық түймелік оңнан солға қарай, үш ілмекпен және күміс түсті диаметрі 22 мм түймелер бар.

Белді бойлай белдіктің астында шытырма. Белдік тікбұрышты күміс түсті металды ирілген жіпке түймеленеді.

Бүйір қалталар көлденең «жапырақшалармен» қима қалталар. Қондырма жеңдер.

Арқасы иніш және ортадағы тігіспен, төменгі бөлігінде, шлиц орналасқан.

Жеңге тағылатын белгі (шеврон) нысанды киімнің сол жақ жеңінің сырт жағының орталық осі жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см арақашықтықта тігіледі.

Жеңге тағылатын белгі (Эмблема) нысанды киімнің оң жақ жеңінің сырт жағының орталық осі жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см аралықта тігіледі.

Оң жақта астарланған қалта.

Алынып-салынатын жылы «Файбертек» жылытқыш матамен екі жақтан астарланған, плащқа ілмекпен түймелер түймеленеді.

Жылы астардың алдыңғы оң жағында жапсырма қалта, ілмекпен түймеленеді және түйме қара көк түсті диаметрі 14 мм.

Жылы астардың кесілген жерлері жиектелген.

6. Сыртқы жейделер (блузкалар). Сұр көк түсті матадан, қайырылған, қима тік жаға, қақпашасы бар жапсырма қалталармен, тұтас пішілген белдікпен, ұзын жеңді. Немесе тіліктермен, бүйірден екі түймеге түймеленетін белдік (немесе тартылып тігілген резеңке). Алды төменге дейін тілікпен және қымтаулы тігістермен. Арқасы инішпен. Тіліктермен және жапсырмалы жең бүкпесімен жеңдер. Жейденің (блузка) алды, белдік, қалпақшалар түймемен түймеленеді. Жапсырма қалтаның жоғары жағы алтын көмкермемен және алтын әріппен көк реңдегі жиекпен кестеленген: сол жағында «Қан тобы», оң жағында жұмыскерлердің «Айырым белгілері» бар. Сол жақ жеңде – «Шеврон» жең белгісі, Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі. Оң жақ жеңде – «Эмблема» жең белгісі, Арнаулы байланыс қызметiнің белгіленген үлгісі.

7. Әйел қалпағы. Қалпақ фетрден немесе оған ұқсас материалдан жасалады, қара түсті. Дөңгелек қалпақтан және жиегі қайырмалы болады. Қалпақтың төмен жағына көк түсті, ені 5-6 см. муар лентасы байланады. Қалпақтың алдыңғы жағының ортасына кестеленген кокардо тағылады.

8. Әскери үлгідегі пилотка, бірақ бүйір бойымен көк түсті жиекпен сол жаққа қарай қиылыстырылған. Пилотканың алдыңғы жағына жапсырма кокардо тағылады.

9. Жүннен тігілген, қара көк түсті берет. Береттің алдыңғы жағына жапсырма кокардо тағылады.


  1. Нысанды киімнің жалпы заттары

1. Сұр түсті каракулден, құрама теріден, каракуль түстес бас киім. Арнаулы байланыс қызметінің жоғары және аға құрамына (ерлерге және әйелдерге) арналған (1- қосымша 19-сурет). Теріден сопақ кескінді, құлақшын мен желкеліктің бет бөлшектері құлақшынсыз және каракульді, күнқағары лакталған қалпақ. Бас киімнің алдыңғы жағына кокарда бекітіледі.

2. Арнаулы байланыс қызметінің кіші құрамына (ерлерге және әйелдерге) арналған жалпылай пішілген құлақшын бөрік қара көк түске боялған қой жүнінен, сұр түсті шұғамен қиыстырылып жылы астарда жасалған.

Құлақшын бөрік төрт үшкілді қалпақтан, күнқағардан және шұғадан жасалған желке тұсы құлақшыннан тұрады, құлақшын ұшында байлауға арналған тоқыма бау бар. Күнқағардың, құлақшын және желкелігінің беткі бөлігі қой жүнінен жасалған. Құлақшын бөріктің алдыңғы бөлігінің ортасында кокарда бекітіледі.

3. Арнаулы байланыс қызметi жұмыскерлерінің галстук қыстырғышы (1-ші қосымша 21-сурет).
4. Арнаулы байланыс қызметiнің жұмыскерлеріне арналған айырым белгілері


1.Арнаулы байланыс қызметiнің жұмыскерлеріне арналған айырым белгілері

ретінде кеудеге жапсырмалар және кестеленген белгі орнатылады (2- қосымша 1-кесте)

Кеуде белгілері көк реңдегі матадан, алтын түсті көмкермемен дайындалады. Барлық сөздер мен сызықтар алтын түсті жіппен тігілген. Өлшемдері: ұзындығы - 12 см, қалыңдығы - 2,5 см. Басқа жолында «Қан тобы» (2- қосымша 1-сурет) логотипі келтірілген. Басқа белгісіне «Айырым белгілерінің айырмасы бойынша » логотипі келтірілген.

2. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде Арнаулы байланыс қызметінің жұмыскерлерін ажырату үшін, киім нысанына жеңдегі таңба (Шеврон) тігіледі.

Қиыстырылған қара көк сары түсті шеңбер қалқанның нышаны бейнесіне салынған, қалқанның ортасына сары түске қанатын жайған қыран бейнесімен қамтылған, қалқан айналасы - қара көк түсті. Қалқан сұлбасының ені - 7,5 см. сары түспен боялған. Қалқан сұлбасының ортасында сегіз бұрышты фигура келтірілген, шеті сары түспен жүргізілген. Қалқан астында орыс тілінде бас әріптермен «АРНАУЛЫ БАЙЛАНЫС» жазуымен сары түсті фигуралы лента орналасқан. Қалқанда доғал сұлбалы тігіс, қара көк реңде алтын түсті үлкен шрифпен әріп биіктігі «10 мм» мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН» жазуы орналасқан. Доғал тігіс астында сары түсті реңде қара көк түсті үлкен шрифпен әріп биіктігі «5 мм» мемлекеттік тілде «АРНАУЛЫ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ» жазбасы доғалдана орналасқан. Жең белгісі сол жақ жеңнің сыртқы жағына жеңнің жоғарғы нүктесінен белгіге дейін 12 см. аралықта тігіледі.

3. Эмблема (жең белгісі) қара көк түсті матадан жасалған. Өлшемі: биіктігі - 8,5 см., ені - 7,5 см. Түсірілген сурет алтын түсті жіппен кестеленген. Арт жағында қара көк шеңбердің ортасы сары түсті жиекпен сары түсті сегіз бұрышты фигура күш, энергияны және мүмкіндікті білдіретін мол қор нышаны орналасқан.

Сегіз бұрышты фигураның алдыңғы бөлігінде көгілдір шеңбер салынған, көк аспанды, оның ортасында ашық сары түс күн жылулық пен өмір нышаны. Алдыңғы жағында қара көк түс сары түсті жиекпен шеңбер салынған. Шеңбердің ортасының жоғарғы бөлігінде үлкен әріптермен «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ» алтын түстес жазуы орналасқан, шеңбердің төменгі бөлігінде алтын түстес «АРНАУЛЫ БАЙЛАНЫС» жазуы орналасқан. Осы жазулардың арасы шеңбердің жоғары бөлігінде алдыңғы жағында шеңбердің төменгі бөлігінде күн астында тік бұрыш сол жақ бұрышқа және оң жақ бұрышқа сары жиекпен созылған.

Тік бұрыштың ортасында алтын түсті үлкен әріптермен «ҚЫЗМЕТІ» жазу орналасқан.

Төмен бөлігінде шеңбер астында қара көк реңдегі эмблемада мемлекеттік тілде алтын түсті «АРНАУЛЫ БАЙЛАНЫС» жазуы орналасқан.

Жеңге тағылатын белгі (Эмблема) нысанды киімнің оң жақ жеңінің ортасы мен жоғарғы нүктесі 12 см аралығында тігіледі.

Облыстық арнаулы байланыс қызметінің (ОАБҚ) жұмыскерлері үшін «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ» жазуының орнына «ОБЛЫСТЫҚ» түсіріледі.

Қалалық арнаулы байланыс қызметінің (ҚАБҚ) жұмыскерлері үшін «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ» жазуының орнына «ҚАЛАЛЫҚ» жазуы түсірілген.

Аудандық поста байланыс торабының (АБҚБ) жұмыскерлері үшін «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ» жазуының орнына «АУДАНДЫҚ» жазуы түсіріледі.

4. Арнаулы байланыс қызметінің төске тағатын айырым және эмблема белгілерін 01, 02, 03, …. 08, … 16 нөмірлеу өңірлердің индексі белгілерін білдіреді.



5. Кокарда дөңес күмістей розетка тәрізді дөңгелек пішінді, бүрмелі бетпен және тісті жиектерімен екі концентрлі шеңбермен ортасы – көк түсті және іші – қызыл түсті болып ұсынылады. Кокардо Арнаулы байланыс қызметінің эмблемасына сәйкес келтірілген, алтын түске түске қанатын жайған және сол жаққа қарап тұрған қыран бейнесімен қамтылған, оның бейнесіне қара көк түсті қалқан салынған.

Қалқанның контурының шеті сары түспен боялған. Қалқан контурының ортасында сары түспен белгіленген, сегіз бұрышты фигура салынған. Қалқан астында орыс тілінде бас әріптермен қара көк түсті «АРНАУЛЫ БАЙЛАНЫС» жазуымен сары түсті фигуралы лента орналасқан.

Эмблема: 50х50 мм мөлшермен – фуражканың төбесіне тағу үшін жасалады.

6. Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген алтын түсті металдан жасалған түймелер - жоғарғы құрам үшін және арнаулы байланыс эмблемалары қалған басқа қызметкерлер үшін.



Түймелердің көлемі екі түрлі болады: 22 және 14 мм.

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет