Логопедтің жұмысындағы дидактикалық ойындардың маңызы



Дата07.01.2018
өлшемі20.31 Kb.
Логопедтің жұмысындағы дидактикалық ойындардың маңызы
Бүгінгі күні тіл кемістігі бар балалар жиі кездесетіні ешкімге жаңалық емес деп ойлаймын. Сол себептен мемілекет тарапынан бұл проблеманы шешуінің бір айғағы, арнайы логопедиялық балабақшалардың көптеп ашылуы болып табылады.

Жас буын бүлдіршіндерді балабақшада жан-жақты етіп, тәрбиелеудің негізгі мәселесі болып табылады. Балабақшада логопед - ұстаздар балаларды логопедиялық тексеруден өткізеді. Тіл кемістігі бар балаларды жеке дара ерекшеліктерін, тіл мүкістігінің бұзылуын ескере отырып, жағынды психофизиологиялық жағдайда жан-жақты түзету жұмыстар атқарады. Тілдің дамуы, артикуляциялық аппараттың әлсіздігі, фонематикалық есту қабілеті, тілдің грамматикалық құрылымы жағынан көптеген кемшіліктерге тап болып жатамыз. Осы орайда балаларды тіл кемістігіне әкеп соғатын көптеген себептер баршылық. Атап кетсек, ол отбасындағы ата-ананың баласына дұрыс көңіл бөліп, әңгімелеспеуі, сөйлесетіңдері сирек, оның өзінде баланы шетен тыс еркелетіп, кәдімгі түсінікті тілмен емес, баланың былдырлаған сөзін қайталап сөйлеуі, одан қалса орысша сөйлеуінің барлығы баланың еркін сөйлеу қабілетін жоғалтады. Тіл кемшілігі бар бала көптеген жағдайда достармен сөйлескенде өз ойын қысқаша етіп түсіндіруі, айта алмайтын дыбысты сирек қолданады. Келесі себептердің бірі: артикуляциялық аппараттың профильдермен қозғалу динамикасының бұзылуы. Осыдан болар әріптер дұрыс дыбысталмай жатады.

«Адамның көзі - жан дүниесінің айнасы» деп бекерден айтылмаған.Осы орайда мен сабаққа келген баланың қандай көніл күймен келгенін көзіне қарап жұмысымды бастаймын. Өзіммен бала арасындағы қарым қатынасты жағымды жағдай жасаймын. Айнамен баланың арасындағы байланысты дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырмын.

Артикуляциялық жаттығуларды бастамас бұрын, логопедиялық жұмыстың іске асыу, тыныс алудың маңызы зор. Сол себептен тыныс алу автоматты, рефлекторлы түрде өткіземін. Мысалы: келтіретін болсақ : «судың бетіндегі қайықты трубочкалар арқылы үрлеп, қозғалту», «теннис шаригімен футбол ойнауды» балалар өзгеше қызығушылық, шатыққа бөлейді.

Келесі сабақтын барысы кезінде артикуляциялық жаттығуларды бала мен өзім бірге жасап, көрсетіп, үйретіп, қадағалаймын. Көптеген ойын тәсілдерден бір ғана мысал келтере отырып «Ревит» дәруменің бала ұсынып, оны тілінің үстінде бірнеше секунд ұстап тұруын өтінемін. Сондағы менің байқағаным артикуляциялық жаттығудағы «кесе», «тілдін ұшын көтеру» үстап тұру тез жетеледі деп ойлаймын. Келесі «құрғақ бассейн», «моншақ жинау» т.б. ойындарды қол моторикасын дамытуға қолданамын.

Сабақтын қызықты, нәтижелі болуына көптеген эстетикалық көрнекіліктер, дидактикалық ойындар, карточкамен жұмыс, ұйқас сөздер, сөз жұмбақтар қоданамын. «Дыбыстардың үйлері» дидактикалық ойын колданғанда суреттер арқылы дыбыстардың грамматикалық жағын бекітуге тиімді деп ойлаймын.

Сөзімді тұжырымдай келе, көптеген әдіс-тәсілдерді қолданғанның жетістігі деп ойлаймын.

М.Б.Онгарова



№ 9 сәбилер бақшасының

логопеді
Каталог: files -> blog
blog -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
blog -> Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»
blog -> Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау Мақсаты
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> «Өзім тұратын үй» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстардың қашықтан өткізілетін республикалық интернет-байқауының ережелері
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> Терінің құрылысы Терінің түсі
blog -> Мына ақпаратқа назар аударсақ


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет