Лекция кафедрасы 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»



Дата18.12.2017
өлшемі142.08 Kb.
түріЛекция
Мамандық пәндерінен Форма

мемлекеттік емтихан Ф СО ПГУ 7.18.3/24

бағдарламасының

парағы



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасы

5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша



мемлекеттік емтиханның

бағдарламасы

Павлодар
Мемлекеттік емтихан Форма

бағдарламасын бекіту Ф СО ПГУ 7.18.3/25

парағы


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

_____________ Пфейфер Н.Э.

«___» ___________2010ж.


мемлекеттік емтихан бағдарламасы
Бағдарлама 5В080200 «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша мамандықтың ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖМБС 5.04. 2008ж. негізінде жасалды
Құрастырушы: а/ш. ғ.к., профессор __________ Бурамбаева Н.Б.
Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасы
Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының мәжілісінде ұсынылды
Хаттама №____ «___»__________2010 ж.
Кафедра меңгерушісі __________________ Бурамбаева Н.Б.

Агротехнологиялық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды


«_____»______________2010ж. Хаттама №____

ОӘК төрайымы _______________ Жагипарова М.Е. «____»_____________2010 ж.

КЕЛІСІЛДІ:
Факультет деканы__________________ Бексеитов Т.К. «____»_____________2010 ж.


мақұлданды:
ОҮСМБ бастығы __________________ Крюкова Е.В. «____»_____________2010 ж.



ЖжӘҚБ бастығы __________________ Варакута А.А. «____»_____________2010 ж.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды


«_____»______________2010 ж. Хаттама №____

КІРІСПЕ

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихандардың мақсаты: студенттердің ғылыми-теориялық дайындығын және қалыптасып келе жатқан маманның таңдаған мамандығы бойынша өздік тәжірибелік жұмыстарды шешуде қолданудағы кәсіби деңгейін анықтау.

Мамандық бойынша мемлекеттік емиханның міндеттері:

  • мемлекеттік емтиханның негізгі талаптарына студенттердің дайындық деңгейінің сәйкестігін анықтау;

  • мемлекеттік емтихан тапсыру үшін пәндерден дайындық деңгейін тексеру;

- түлектердің теориялық біліміне қорытынды баға шығару.

І. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрі және ұйымдастыру
Мемлекеттік қорытынды емтиханға оқу жоспарының барлық талабын және бағдарламасын орындаған студент қатыстырылады.

Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан Мемлекеттік Аттестациялық комиссиямен жүргізіледі (МАК), комиссия төрайымы ҚР ОБМ бекітіледі. Комиссия құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.

МЕК төрағасы болып шаруашылықтың бірінші басшылары немесе атақты ғалымдар тағайындалады, ол адам ПМУ-де жұмыс істемейтін болуы керек;


  • кафедра меңгерушісі;

  • кафедраның 2-3 алдыңғы қатарлы оқытушылары.

Комиссияға мынадай құжаттар мен материалдар көрсетіледі:

  • мамандық бойынша жалпыға міндетті білім беру стандарты;

  • мемлекеттік емтиханды тапсыруға кіргізілуі туралы деканаттың бұйрығы;

  • студенттің қорытынды бағалары туралы ведомосы;

  • оқу бағдарламасына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы және сұрақтар тізімі;

  • студенттің денсаулығына байланысты қорытынды аттестацияның уақытын өзгертуге құқылығы туралы құжаттар.

Мемлкеттік емтихан түлектерге мамандық бойынша бекітілген мемлекеттік емтиханның бағдарламасына сәйкес 4 пәннен тестілеу және жазбаша жауап түрінде аралас өтеді.

Білім беру үрдісін аяқтаудың негізгі критерийі болып бакалавр мамандығындағы мемлекеттік жалпығы білім беру беру стандартының талабына сай қажетті теориялық курс көлемін меңгерген студент саналады. Мемлекеттік емтиханға дайындалуға бір жұма уақыт беріледі.

Мемлкеттік қорытынды емтиханға қатыстырылатын студенттердің тізімі факультет деканының өкімімен бекітіліп, мемлекеттік аттестациялық комиссияға беріледі. Факультет деканына мемлекеттік аттестациялық комиссияның жұмыс кестесін құру жауапкершілігі жүктеледі. Мемлекеттік аттестация комиссиясының жұмыс кестесі ректордың бұйрығымен бекітіліп, мемлекеттік аттестация комиссиясының жұмысына басталуына 2 жұма бұрын жалпы мәліметтер берілуі керек. Мемлкеттік атестация комиссиясының жұмысы күніне 6 сағаттан аспауы керек. Емтиханның алдында 4 пәннен жалпылама дәрістер беріледі. Әр пән бойынша дәріс материалдары 4 сағатты құрайды (жалпы көлемі 20 сағаттан аспауы керек.)

Мемлекеттік емтихан өткізу тәртібі бағдарлама мазмұнын есепке ала отырып анықталады.

Тестті ұйымдастыруды ОҮСМБ жүргізеді. Тестілік тапсырмалар нұсқасы 4 пән бойынша 200 тестіден (әр оқу пәні 50 сұрақтан) 30 сұрақтарын алады. Тестті тапсыру уақыты – 45 минутқа созылады.

5 адамнан тұратын мемлекеттік емтихан комиссиясы жазбаша емтиханды алады. Билеттің құрамы Мемлкеттік емтихан бағдарламасындағы 4 пән бойынша құралған сұрақтардың жалпы санынан 3 сұрақтан таңдап алынады.

Жазбаша емтихан өткізу уақыты – 2 сағатқа созылады.

ІІ. Мемлекеттік емтиханды өткізу кезінде білімді бағалау тәртібі
Мемлкеттік емтиханның нәтижесі аралас түрде төмендегідей өтеді. Варианттар бойынша жауаптың бағасы автоматты түрде сәйкес кілттерімен жүргізіледі.

Билет бойынша жазбаша емтиханның нәтижесі емтихан комиссиясының бағалауымен 100 баллдық шкалада бағаланады. Жазбаша емтиханды бағалағанда жауаптың толықтығы мен дұрыстығы ескеріледі. Емтиханды қорытындылап бағалағанда жазбаша емтиханды бағалау үшін алынатын салмақтық үлес 0,6. Мемлекеттік емтиханды қорытындылап бағалағанда тестіні бағалау үшін алынатын салмақтық үлес 0,4.

Мемлекеттік емтихан қорытынды бағасы (Қ) тестілеуді (Т) және жазбаша емтиханды (Ж) ескере отырып, мына формула бойынша есептеледі:
Қ = Т х 0,4 + Ж х 0,6.
Студенттерге мемлекеттік емтиханнның ақырғы нәтижесі емтихан өткен күні емтихан комиссиясы мүшелерінің кеңесінен кейін жарияланады.

90-нан 100-ге дейін балл алған студентке «өте жақсы» бағасы қойылады.

75-тен 80-ге дейін балл алған студентке «жақсы» бағасы қойылады.

50-ден 74-ке дейін балл алған студентке «қанағаттанарлық» бағасы қойылады.

49-дан және одан төмен балл алған студентке «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылады.

Мемлекеттік емтиханды тапсырған кезде «қанағаттанарлықсыз» баға алғандарға Аттестациялау комиссиясы, оның қайталап тапсыруға жіберілуі және уақыты туралы шешім шығарады. Мемлекеттік емтиханды қайталап тапсыру сондағы арнайы пәндер кешенінен болады.


III. Мемлекеттік емтиқанға ұсынылҒАн пәндер.

  1. Мал өсіру және селекция

2. Ірі қара мал шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы

3. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру

4. Қой шаруашылығы, қой етін , жүнін, елтірісін өндіру технологиясы
3.1 «Мал өсіру және селекция» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары:

1 Бөлім. Аул шаруашылығы малдарының негізгі түрлерінің шығу тегі мен эволюциясы. Сұрақтар:

1. Ауыл шаруашылығы малдарының шығару мен жетілдіруде жабайы формаларды пайдалану.

2. Эволюция ілімінің қалыптасуы.

3. Дарвинизм және генетика синтезі.

4. Жабайы жануарлардың жаңа түрлерін қолға үйрету, мұның келешегі, оларды жаңа мал тұқымдарын шығару үшін пайдалану.

5. Малдардың жеке дамуы (онтогенез) және оның негізгі заңдылықтары.

Онтогенез, оның мәні мен маңызы.

2 Бөлім. Жануарлардың өсіп-жетілуі, даму заңдылықтары. Өсу, жетілу қарқынының айнымалылығы әркелкілігі, кезенділігі, ырғақтылығы. Сұрақтар:

1. Малдарды фенотипі бойынша бағалау мен сұрыптау және селекцияның маңызы.

2. Сандық, сапалық және өте қайшылықты (порогты) белгілердің өгергіштігі мен тұқым қуалаушылығының ерекшеліктері.

3. Интерьер және оны селекцияда пайдалану мәселелері.

4. Малда генотипі бойынша бағалау.

5. Малды өнімділігіне қарай бағалау принциптері мен әдістері.

6. Аталық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау нәтижесіне әсер етуші жағдайлар, аналық мал сапасы, ұрпақтың жасы, саны, оны бағып күту, азықтандыру.

3 Бөлім. Сұрыптаудың нәтижесіне әсер ететін ықпалдар. Сұрақтар:

1. Жұп таңдау және оның түрлері.

2. Селекцияның генетикалық параметрлері.

3. Селекциялық дифференциал, селекция тиімділігі.

4. Мал тұқымы туралы ілім.

5. Селекцияда жергілікті байырғы тұқымдардың генофондын пайдаланудың келешегі.



4 Бөлім. Мал өсіру әдістері. Сұрақтар:

1. Инбридинг және аутбридинг.

2. Будандастыру мен гибриттеудің әр түрлі варианттарының селекциядағы мақсаттары мен міндеттері.

3. Кең көлемді селекция.

4. ҚР және ТМД-дағы мал асылдандыруқызметінің құрылымы.

5. Малдың азайып баражатқан сирек тұқымдардың гендік қорын сақтау.



3.2 «Ірі қара мал шаруашылығы, ірі қара еті мен сүтін өндіру технологиясы»

1 Бөлім. Ірі қараның дене бітімі (конституциясы), сырт пішіні (экстерьері), ішкі құрылымы (интерьері) Сұрақтар:

1. Сүтті, етті және қос бағыттағы ірі қара сиыр пішінінің , ішкі құрылысының және дене бітімінің ерекшеліктері.

2. Ірі қараның дене бітімі мен сырт пішініне қойылатын талаптар.

3. Ірі қараның дене бітімі мен сырт пішініне бағалау және оқып үйрену тәсілдері .

4. Малға ен салу. Жоғарға жүйке тамыр жүйелері және олардың даму кезеңдері.
2 Бөлім. Ірі қара өнімдері. Сұрақтар:

1. Сүттің құрамы мен оның талғамдық маңызы. Сүт бездерінің құрылымы

2. Сүтке және оның құрамына әсер ететін жағдайлар: тұқымы, жасы, сауу маусымы, суалу және бұзаулағаннан кейінгі қашыру мерзімі, азықтандыру және күтіп бағу, тірілей салмағы, сүтейту, тәуліктік сауу мезгілдері, сауу тәсілдері және т.б. әсерлері.

3. Еттің морфологиялық және химиялық құрамы, тағамдық маңызы. Ет өнімділігіне әсер ететін жағдайлар, малды бордақылау және жайып семірту.



3 Бөлім. Ірі қара тұқымы. Сұрақтар:

1. Ірі қараның өнімдік бағытына қарай топтастырылуы.

2. Сүтті ірі қара мал тұқымдары: голштинская, черно- пестрая, красная степная, айрширская, аулиеатинская, джерсейская.

3. Сүтті-етті ірі қара мал тұқымдар:

алатауская, костромская, симментальская, швицкая.

4. Етті ірі қара мал тұқымдар: калмыцкая, казахская, белоголовая, аулиекольская, герфордская, абердин-ангусская, галловейская, шароле, лимузин, кианская, санта-гертруда.



4 Бөлім. Ірі қара табынын толықтыру. Сұрақтар:

1. Бұзаулау аралығындағы цикл және оның мезгілдері: буаздығы, сервис кезеңі, сауын маусымы, суалу кезеңі, олардың өзара байланысы.

2. Бұзаулау, суалу және ұрықтандыру мезгілдерін жоспарлау. Сиырлардың қысыр қалуы жөніндегі негізгі түсінік.

3. Сиыр табынын толықтырудың негізгі көрсеткіштері.

4. Сиырларды қысыр қалдырмау үшін атқарылатын жұмыстар.

5. Бұқаларды өсіру және шаруашылықтарда пайдалану, әрі тұқымдық қасиеттерін бағалау .

6. Сиырларды бұзаулауға дайындау және төл алу. Төлдердің ауруы және шығынымен күресудің зоотехникалық шаралары.

5 Бөлім. Сүт өндіру технолгиясы. Сұрақтар:

1. Сауын сиырларды қысқы және жазғы уақыттарды бағып-күту тәсілі, мал азығын қамтамасыз етуді анықтау

2. Мал азығын дайындау және тарату, табиғи және екпе жайылымдарды пайдалану әрі екпе көкмайсамен қамтамасыз ету.

3. Сүтті тазалау , дайындау, әрі өткізу жолдары.

4. Сүтті өндірістік негізде өңдеу технологиясы, оның зоотехникалық және эконмикалық негіздері, осы тәсілдердің артықшылығы мен кемшіліктері.

6 Бөлім. Етті өндіру технологиясы. Вопросы:

1. Малда өсіру , жетілдіру және бордақылау жөніндегі түсініктер.

2. Бордақылау шаруашылықтарының түрлері және оларды төлдермен қамтамасыз ету ерекшеліктері; дайындау, сұрыптау, тасу. Бордақыланатын малдарды бағу технологиясының операциясы және оны экологиялық негізде бағалау.

3. Малда жом және барда азықтармен бордақылаудың ерекшеліктері.



7 Бөлім. Асылдандыру жұмысы. Сұрақтар:

1. Малда өсіру тәсілдері.

2. Сүтті және етті ірі қараны бонитировкалау.

3. Селекциялық асылдандыру жұмысы.


3.3 «Азық шаруашылығы малдарын азықтандыру» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары:

Бөлім 1. Агроөнеркәсіптік кешені жүйесінде еліміздің азықты белсенді өндіруде мал шаруашылығының азықтық базасын тиімді пайдалануын ұйымдастыру. Сұрақтар:

1. Малды теңестірілген толық құрамды азықтандыру туралы ұғым.

2. Малды нәрлі де құнарлы ақзат (протеин), қант тектес заттар (көмірсу), май, минералды заттар және витаминдер мен қамтамасыз ететін негізгі факторлар.

3. Азықтың энергиялық, протеиндік, минералдық, витаминдік коректілігін бағалай білу, сол заттардың азықтағы мөлшері, сіңімділігі, мал денесіндегі қоры.



Бөлім 2. Азық туралы түсінік. Сұрақтар:

1. Азықтың протеиндік қоректілігі туралы түсінік.

2. Күйіс қайыратын және күйіс қайырмайтын малға берілетін ақзат қатарына жатпайтын азоттық қосындылырдың (амидтер) қоректілік құндылығы.

3. Көмірсудың азықтанудың басқа әсерлермен өз-ара байланысы.

4. Азықтың негізгі топтары және азықтарды жіктеу.

5. Азықтың құнарлылығына және құрамына әсер ететін ықпалдар.

6. Азықтарға Мемлекеттік стандарт.

7. Мал шаруашылығындағы дәнді дақылдардың маңызы.



Бөлім 3. Азық өндіру ісін химияландыру, агротехникалау, азық дайындау технологиясы азық құрамы мен қоректілігіне тигізетін әсері. Сұрақтар:

1. Азықты өндірісте қолданатын шикізат ретінде тану.

2. Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз ету және өнім өндіруге қоректік заттарға мұқтаждығы.

3. Микробтық түзілу және түзілген заттардың күйіс қайыратын және қайырмайтын малды құнарлы азықпен қамтамасыз етудегі маңызы.



Бөлім 4. Малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты межелеп азықтандыру. Сұрақтар: 1. Әр түрлі көмірсулардың күйіс қайыратын және күйіс қайырмайтын мал азықтандыруындағы маңызы, олардың зат алмасу және азықтағы коректік заттар сіңімділігіне тигізетін әсері.

2. Май мұқтаждығы, мал денесінде май жетіспеуінен туатын өзгерістер.

3. Витаминдердің мал азықтандыру, зат алмасуындағы маңызы.

4. Азықтағы минералдық заттардың мал азықтандырудағы маңызы.



Бөлім 5. Малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты, азықты тиімді пайдалана отырып межелеп азықтандыру. Сұрақтар:

1. Құнарлы азықтандырудың ауыл шаруашылық малдары төлдерінің өсуіне, өміршеңдігіне, бертін өніміне және тұқымдық сапасына әсері.

2. Межемен азықтандырудың жүйесі, негізгі элементтері, азықтандыру межесі, құрамы мен құрылымы, рациондарды, коректік заттар қоры, азықтандыру әдістері, рационның толық құрамдылығы, тепе-теңдігі.

3. Әр мал түліктеріне қолдан кептірілген шөп ұнын уақтау және пайдалану, азықтандыру межелері.


3.4 «Қой шаруашылығы, қой етін, жүнін, елтірісін өндіру технологиясы»

1 Бөлім. Қойдың шығу тегі, биологиялық ерекшеліктері, дене бітімі (конституциясы) мен сыртқы пішіні (экстерьері). Сұрақтар:

1. Қойдың шығу тегі, қолға үйрету кезеңдері.

2. Морфологиялық, биологиялық және өнімділік ерекшеліктері.

3. Өсіп жетілуі, дене бітімі (конституциясы), сыртқы пішіні (экстерьері) мен ішкі құрылымы (интерьері)

4. Дене бітімі жақсы мал алуға әсерін тигізетін факторлар.

2 Бөлім. Қой шаруашылығы өнімдері. Сұрақтар:

1. Жүн туралы түсінік. Тері морфологиясы. Жүннің пайда болуы мен өсуі. Жүн талшығының морфологиялық және гистологиялық құрылысы.

2. Жүн талшықтарының типтері. Жүн топтары. Жабағы (тұтас) жүн және оның элементтері. Шайыр және таза жүн шығымы.

3. Қой еті өнімділігі туралы түсінік. Қой ұшасы, оның әрбір анатомиялық бөлігінің тағамдық маңызы.

4. Ұшаның морфологиялық құрамы және қой етінің құрамы.

5. Қой терісі туралы түсінік. Мехтық, тондық және былғары жасауға қой терілерініңерекшеліктері, оларды жіктеу және тауарлық бағалау.

6. Қаракөл елтірісінің ерекшеліктері. Елтірінің негізгі қасиеттері, оларды бағалау әдістері.

7. Қой сүтінің тағамдық құндылығы, құрамы және оның қасиеттері, қой сүтін сүтсірне (сыр) жасауға пайдалану.



3 Бөлім. Қой шаруашылығы өнімдерін өңдеу негіздері. Сұрақтар:

1. Жүнді стандарттау және жіктеу. Жүн дайындау стандарты.

2. Қой қоңдылығын анықтау. Сояр алдындағы тірілей салмағы. Сою техникасы.

3. Қозы сою, елтірі сылу тәсілдері және май сылу.

4. Тондық тері өнімі. Шарушылықта алғашқы өңдеу: тұздап кептіру және теріні сорттау.

5. Мәйек. Дәрі және сыр дайындау кезеңдегі оның маңызы.



4 Бөлім. Қой тұқымдары және тұқым топтары. Вопросы:

1. Қой тұқымдары және тұқым топтары.

2. Биязы жүнді қой тұқымдары.

3. Биязиялау жүнді қой тұқымдары.

4. Ұяң жүнді қой тұқымдары.

5. Қылшық жүнді қой тұқымдары.

6.Қаракөл қой тұқымы және олардың зауыттық типтері.

5 Бөлім. Қой өсіру және жұппау әдістері, гентикалық негіздері. Сұрақтар:

1. Қой асылдандыруға популяциялы-генетикалық негіздері.

2. Қойдың негізгі шаруашылық белгілеріне және сол тұқымның жаңадан пайда болған қасиетіне ие болушылығы.

3. Қой өсіру әдістері.Ата ізбен, ата ізаралық кросспен өсіру.

4. Таза тұқымды мал өсіру- генофондты сақтау және тұқым жетілдірудің негізгі әдісі.

5. Имбридинг және топ-кроссинг.

6. Тұқымаралық будандастырулар: сіңіре будандастыру, үнемі өсіру, енгізе будандастыру, өндірістік және ауыспалы будандастыру.

7. Қой тұқымқуалаушылық белгілерін жақсартудың негізгі әдістері-іріктеу және жұптау.



6 Бөлім. Қой шаруашылығында асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру әдістері және жоспары. Сұрақтар:

1. Қойды бонитировкаларды ұйымдастыру.

2. Биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау және қаракөл қозыларын бонитировкалау.

3. Қой асылдандыру есебін есебін жүргізу.

4. Әртүрлі категориялы шаруашылықтарда мал тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау.

Раздел 7. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Сұрақтар:

1. Отарды ұдайы өсіру.

2. Қой азықтандыру және күту.

3. Қой бордақылау және жайып семірту.

4. Қой сауу және ұйымдастыру.

5. Қой қырқу.



IV. қолдануға болатын әдебиеттер
1. Арзуманян Е.А., Бегучев А.П., Георгиевский В.И. и др. Животноводство.Учебник.-М.:Колос, 1985.

2. Дмитриев Н.Г. и др. Частная зоотехния и промышленное животноводство. Учебник.- М.: Колос., 1981.

3. Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д., Найманов Д.Е. Скотоводство.-Костанай, 1996.

4. Админ Е.А., Азимов С.П., богданов Г.А. и др. Промышленное производство молока и говядины. Монография.- М.: Колос., 1984.

5. Арзуманян Е.А. и др. Скотоводство. Учебник.- М.: Колос.,1984.

6. Джапаридзе Т.Г. и др. Овцеводство. Учебник.-М.: Колос.,1983.

7. Красников А.С. и др. Коневодство. Учебник.- М.: Колос, 1978.

8. Ладан П.Е. и др. Свиноводство. Учебник.- М.:Колос,1978.

9. Арынов А.,Апушев А.К. и др Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы. Ақмола, 1994.

10. Джапаридзе Т.Г. и др.- Овцеводство. М, Колос, 1983г.



11. Николаев А.И., Ерохин А.И. – Овцеводство. М, Агропромиздат,1987г.

12. Модяков А.В. – Кормление овец. М, Колос,1978г.
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)
umk -> К. Х. Жапаргазинова бейорганиқалық Химия
umk -> Нұсқаулар Нысан пму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Зоология” пәні бойынша ОЌу-єдістемелік бағдарлама (sillabus) Алматы 2005
umk -> Рабочая программа по дисциплине Акушерство и искусственное осеменение (полное наименование дисциплины по рабочему учебному плану) для студентов специальности


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет