Лекция: 30 сағат Практикалық: 30 сағат СӨЖ: 60 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат


Директивті емес кеңес берудің бағдарламасы



жүктеу 3.41 Mb.
бет8/17
Дата25.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Директивті емес кеңес берудің бағдарламасы. Қазір ғана келтірілген ереже тұжырымдамаларын әңгіме өткізуге нұсқау ретінде Вестерн Электрик Компаниясының кеңес берушілері үшін бекітілген ережелермен салыстыру аса қызықты.

Ережелер мынадай:

1. Кеңес беруші сөйлеп отырған адамды ықыласпен және төзімділікпен тыңдап, бірақ сонымен қатар қандай да сын көзбен қарауы тиіс.

2. Кеңес беруші қандай да болмасын өктемдік көрсетпеуі тиіс.

3. Кеңес беруші ешқандай моральды тұрғыдағы ескертулер жасамауы және кеңес бермеуі керек.

4. Кеңес беруші сөйлеп отырған адаммен сөз таластырмауы керек.

5. Кеңес беруші тек белгілі бір жағдайларда ғана:

а) адамға өз ойын айтып жеткізуге көмектесу үшін;

б) сөйлеушінің әңгімелесіп отырған адаммен қарым-қатынасына әсер ететін қорқыныш немесе мазасыздану сезімдерінен арылту үшін;

в) сөйлесушінің өз ойын және сезімдерін анық әрі нақты жеткізгендігін мақтау үшін;

г) әңгімені қалып кеткен немесе клиенттің айтпай кеткен жерлеріне бағыттау үшін;

д) егер қажет болса, әңгіменің түсініксіз жерлерін талқылау үшін сөйлеуі немесе сұрақ қоюы керек.

Бұл ережелерде кеңес беру, үгіттеу және пікірталастың жоқтығына назар аударылады және осының бәрі әңгіме уақыты тек клиентке тиесілі деген ой төңірегіне шоғырланады, осы арқылы клиентке еркін сөйлеуге мүмкіндік беріледі, ал бұл жалпы алғанда директивті емес тәсілдерге толығымен сәйкес және директивті типтің тәсілдеріне қарама-қарсы келеді.

Кейбір практикалық қорытындылар. Біреулерге автор өзінің кеңес берушілер мен терапевттердің директивті үлгідегі жұмыстарының басты әрі айрықша ерекшеліктерін көрсетуге ұмтылуы шектен тыс тиянақтылық болып көрінуі мүмкін. Біздің осы сұраққа барынша түсінік беруге ұмтылуымыздың себебі қандай да болмасын кеңес берушінің әдетте өзін және өзінің жұмыс істеу үлгісін көбінесе директивті емес деп санауымен байланысты болып тұр. Кеңес берушілердің директивті шкала бойынша жоғары балл алғандарының көпшілігі сұхбаттасу барысында – мақсат таңдау, клиент не істеу керек екендігі туралы кеңес береді және оларды осы нұсқауларды орындауға көндіргендеріне сенбейді. Осыған сәйкес кеңес берудің барлық түрлері негізінен ұқсас, ал тәсілдері мен техникаларының айырмашылықтары тым аз мөлшерде деп болжамдауға болады. Бірақ Портердің зерттеулері мүлдем бұлай емес екендігін көрнекі түрде дәлелдеді. Біздің түсінігімізде психотерапияның прогресі шындығында ешқандай негізсіз ой-пікірдің үйлесімдігіне ұмтылумен емес, терапевттік тәсілдердің арасында болатын қағидалы айырмашылықтарды мойындауымызбен қамтамасыз етіледі.

Егер оқырман біз келтіріп кеткен фактілерді анықтай түскісі келсе, онда қандай да болмасын берілген әңгімені талдап шығуына болады. Егер ол жазылғандарды жай ғана қайталап оқып шықса, онда төменде келтірілген ой-пікірлерінің беруінің әділетті екендігіне көзі жетеді: 1. Әңгіменің жалпы бағыты мен негізгі ойын түсіну үшін кеңес берушінің айтқандарымен бір танысып шығудың өзі жеткілікті. Егер осы пікір дұрыс болса, онда әңгіме әбден директивті болып табылады. 2. Клиенттің айтқандарын оқып шығу арқылы барлық әңгіменің айтарлықтай парапар сипатын алуға болады. Егер осылай болса, онда кеңес беру үлгісі мүмкін директивті емес болып саналады. 3. Кездесіп келетін пікірлерді оқу тек жаңылысудан басқа ештеңе бермейді, ал клиент немесе кеңес берушінің айтқандары қалай болғанда да әңгіменің мәні туралы өте аз мәлімет береді. Ал бұл әңгіме директивті немесе директивті емес үлгілерінің ортасындағы белгісіз бір нәрсені беретінін көрсетеді.



13-лекция.
Психологиялық кеңес берудің бірыңғай процесі.

(1 сағат)
Жоспары:

  1. Клиент ең жақсы жолбасшы ретінде.

  2. Сезімге жауап беру реакциясы.

3. Әңгіменің алғашқы, аралық және қорытынды сатыларындағы психолог-кеңесшінің типтік ой-пікірлері.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

    1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.

    2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.

    3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.

    4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.

    5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.

Қосымша:

    1. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.

    2. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

    3. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

    4. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.

    5. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.

    6. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.


Лекцияның мәтіні:

Шешен кісі- сөз бастар,

Адал кісі –ел бастар.

Ж.Жабаев.

Тіл өнері дертпен тең.

А.Құнанбаев.
___________________________________________________________________________
Кеңес беру атмосферасын құруда көптеген әр түрлі пікірлердің болуына байланысты арнайы қарастыруды талап ететін маңызды сұрақтар туындайды. Біз сипаттап кеткен қарым-қатынас типі – осы немесе басқа позицияға қаншалықты сай келеді? Мұғалім терапевттік әдістерді мектеп оқушыларына қолдана ала ма? Шартты түрде бостандыққа шыққандарды бақылаушы сот қызметкерлері немесе шенеуніктер мен құқық бұзушының арасында терапевттік өзара қатынас болуы мүмкін бе? Ал тәртіп үшін жауап беретін мектеп кеңес берушісі немесе декан ше? Олар кеңес берушінің рөлін атқара ала ма? Әлеуметтік жұмыс саласының зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы қызметкерлер мен арнайы көмек көрсету агенттігінің мамандарына осы әдіс сай келе ме? Ал арнайы жұмыскерлерге кеңес беруші немесе өндірістік саладағы бизнес проблемаларына жауап беретін кеңес берушілер туралы не айтуға болады? Бейімдеулері бұзылған жеке адамдардың проблемасымен шұғылданатын, оларға көмек беруді ұйымдастыратын мамандар үшін жоғарыда сипатталған
терапевттік атмосфераны құру және ұстап тұру мүмкін бе?

Бұл сұрақтарға жауап беру тіпті де оңай емес. Егер біз талдап қарайтын болсақ, басты проблемалардың кеңес беру мен өктемдіктің сыйымдылығында екендігін түсінеміз. Бір жағынан, өндірісте штатты іріктеу, жұмысқа алу және қызметкерлердің біліктілігіне жауапты қызметкер, екінші жағынан, жақсы кеңесші бола ма? Егер колледж кеңес берушісі студентті колледжде қалдыру немесе шығарып жіберу мүмкіндігіне ие болса, ол көңіл толарлықтай терапевттік қарым-қатынас орната ала ма? Ал егер шартты түрде бостандыққа шыққан адамды бақылайтын шенеунік – берілген сынақ уақытын бұзған қылмыскерді арнайы мекемелерге жіберу құқығына ие болса, жақсы кеңес беруші бола ма?

Бұл аспект барлық жағынан талдау мен өте мұқият қарастыруды талап етеді. Автордың ойынша, егер кеңес беруші клиентке өктемдік ету қасиетіне ие болса, онда ол клиент пен терапевт арасындағы қарым-қатынасты бұзуы керек. Терапия мен бағынушылық қарым-қатынасы бір әрекетте өзара біріге алмайды. Мұның себептері айдан анық белгілі. Авторитарлық қарым-қатынаста ешқандай сенімділік атмосферасы болуы мүмкін емес. Егер кеңес беруші колледж тәртібіне жауапты болса, студент оған емтиханда көшіргендігі туралы ашық әрі еркін айта ала ма? Ал егер студент осы іске барған болса, онда маман ретінде кеңес беруші өте қиын талдау жасауы тиіс, я болмаса ол ресми қызметкер не болмаса терапевт екендігін анықтауы тиіс. Осы екі қызметті қосуға бағытталған әрекет студент үшін жақсы аяқталмайды. Егер әлеуметтік қамсыздандыру саласының қызметкері толық сенімділік қарым-қатынас орнатуға шешім қабылдаса да, клиент агенттіктерді қалай жек көретінін және оның ұжымын әрдайым өтірік айтып, алдап тұратындығын айтады. Мұндай жағдайда жауапты адам қалай қарауы керек? Егер қылмыскер өзін қадағалайтын адаммен терапевттік қарым-қатынасқа келісе отырып, өзінің қандай қылмыс жасауға бел буғанын айтса, онда шенеунік бәрінен бұрын - өзінің терапевт немесе ресми адам екендігін нақты шешуі тиіс. Бұл мәселелер, әрине, ғылыми емес екендігі сөзсіз. Берілген проблеманы жай ғана басқарушылық-бағынушылық қарым-қатынастарды алып тастау арқылы шешуге болмайды. Студенттің емтиханды көшіріп алып, сосын мұнысын кеңес берушіге мойындауы, кеңес берушінің өз рөліне қайта енуіне дейін қаншалықты уақытқа дейін созылуы керек? Қандай да бір шегіне жету және шартты түрде бостандықтағы адамды бақылаушы қызметкер қайтадан биліктегі ресми қызметкерге айналуы үшін қаншама құқық бұзушылықтар болуы керек? Бұл жерде істің жай ғана кешірімділікпен бітуі мүмкін еместігі айдан анық.

Осы проблеманың қандай да бір шешілу жолының үш нұсқасы бар. Бірақ олардың бірде-біреуі көңіл толарлықтай емес, алайда – кейбірі қайта қарастыруға лайық. Бірінші нұсқаны билікті қабылдау мен бағынуды жалпы кеңес беру кестесінің элементі ретінде белгілеуге болады. Бұның әлеуметтік қамсыздану саласында жетілдірілуі анағұрлым толық болуы мүмкін. Осы саланың қызметкері өз үлесіндегі билікті қабылдап, соған бағына отырып, қорғанысты қажет ететін және осы ережелерге қарсылық білдіретін клиенттермен терапевттік қарым-қатынасты қабылдауы мүмкін. Ол – клиентке: «Мен сені қабылдаймын. Саған не керек екендігін мен түсінемін. Сенің бюджетке қатысты наразылығыңды түсінемін. Бірақ мен сонымен қатар заң жүзіндегі шектеулердің қажеттігін түсінемін, агенттіктің ережелерін қабылдаймын және солардың ізімен жүремін. Осы жағдайдан жол тауып шыға аламыз ба?» - дейді. Осы позицияны ұстанған әлеуметтік саладағы қызметкер: «Сен мынадай бюджетті қабылдауың керек» деген өктем бұйрықтан аулақтайды. Клиент өзі сезінетін әр түрлі наразылықты немесе өшпенділікті білдіруі мүмкін, бірақ соған қарамастан нақты жағдайға бейімделу жолын іздестіруі керек.

Ал уақыттан ерте босатылу проблемасына келетін болсақ, Аффлек мұны сынақ мезгілінде жүрген, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспіріммен жұмыс жүргізген агенттік қызметкерінің арасындағы қарым-қатынас ретінде былай сипаттайды. «Арнайы маман өзіне берілген билікті сот сияқты міндетті түрде адамға қолданбайды. Ол оған объективтік көзқарас тұрғысынан қарайды, бірақ оны жеке адам ретінде қабылдайды. Сонымен қатар оның бетін қайтарған және ол үшін өте қатыгез болған қоғамдық позицияларын есепке алады. Маман осы екеуін біріктіре отырып, жасөспірімге қандай да бір тәсіл арқылы оларды теңестіруге мүмкіндік береді». Осындай тұрғыны ұстана отырып, шенеунік билікті құқық бұзушыларға қарсы қоймайды, бірақ тым кешірімді де болып кетпейді. Ол, бір жағынан, пайдалы да, екінші жағынан, өктем емес. Келесі келтірілген үзіндіден осы қойылған ұстанымдар шартты түрде бостандыққа шыққан адамдармен кездескенде іс жүзіне қалай асатындығы анық көрінеді. Мұндай жағдайда қызметкер былай дейді: «Сот сіздерге көмектесуімізді жүктеді және сіздер осында аптасына бір рет келуіңіз керек деп шешті. Осылай істеу керек пе, жоқ па, оны сіздер өздеріңіз шешесіздер. Біз сіздерді ештеңеге мәжбүрлемейміз. Егер сіз белгіленген кездесуге келмесеңіз, ол сіздің таңдауыңыз, біз сіз үшін ештеңе шеше алмаймыз. Бұл сіздің өз мүмкіндігіңіз. Егер сіздің қандай да бір проблемаңыз болса, онда оның өз себептері бар деген сөз. Егер сіз өзіңіз қаласаңыз, оларды жеңіп шығуыңыз әбден мүмкін». Осындай әдіс арқылы жасөспірімге таңдау еркіндігі беріледі және сонымен қатар қабылданған шешімнің жауапкершілігін де өз мойына алу жүктеледі. Бұл қызметкерлерге бақылау жүргізе отырып, өзінің міндеттерін орындауға және бір мезгілде реттеу нормаларының билігінде екенін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл шенеунікке толық мағынадағы кеңес беруші болып қала беруіне мүмкіндік береді. Қарым-қатынстың еркін көрінуі осылайша берілген ситуация шеңберінде жүзеге асырылады, сонымен қатар ешқандай да жеке мәжбүрлеу, күштеу болмайды.

Проблеманың қандай да болмасын біртіндеп шешілуінің екінші тәсілі билік пен кеңес беруді біріктіре отырып, маманның әр түрлі уақытта екі түрлі болып көрінуіне мүмкіндік береді. Бұл сыныпта белгілі бір өктемдігі бар сынып жетекшісіне байланысты келтірілген мысалда өте жақсы көрінеді. Көбінесе оның міндеттері кейбір балалар мен орнатылатын қарым-қатынасқа қарама-қарсы келеді. Алайда ол мектептен тыс жерлерде олардың сыныптағы өзара қарым-қатынастарынан мүлдем ерекше болатын қарым-қатынасты кейбір оқушылармен орнатып, шынайы терапевттік ситуацияны құруы мүмкін. Егер осылай болса, онда мұндай қарым-қатынасқа нақты шек қою қажеттілігі екі есе өсе түседі, өйткені, мысалы кеңес беру уақытындағы мұғалімнің қызығушылығы, сөйлеу еркіндігі, бақылау мен талап қоюдың жоқтығын бала түсінбеуі мүмкін, сондықтан сыныпта да осындай жағдай жайылып кетуі әбден мүмкін.

Көптеген жағдайда осындай екі жақты рөл өте сәтті іске асырылуы мүмкін екендігі сөзсіз. Бұл әсіресе кеңес беру уақытында бірқатар айырмашылығы бар командалық өктемдікті жүргізуге тура келетін жағдайда әділетті болып табылады. Осылайша, мұғалім баланың ата-анасымен қарым-қатынасында туындаған проблемаларына байланысты кеңес беру процесін сәтті жүргізуге мүмкіндік алады және сондай-ақ баламен сыныптағы сабақ уақытында иерархиялық қарым-қатынас ұстануына болады. Бірақ, егер оқушының негізгі проблемасы, мысалы оның сабақ кестесіне наразылық білдіруі болса, онда мұғалімге қорғану керек болады да, ол кеңес беруші ретінде жоғарғы дәрежеде болмайды. Сол сияқты колледж деканы да, егер негізгі проблема мамандығын таңдауға байланысты болса, кеңес беру терапиясын сәтті жүргізген болар еді. Ал егер студенттің проблемасы колледж ережелерінің бұзылуына қатысты болса, осы ережелердің орнатылуына деканның өзі де жауапты болған соң, екі рөлді сәтті іске асыру әрекетімен тікелей байланысты қиыншылықтар бірден ұлғайып кетеді.

Проблеманың шешілуінің үшінші типі – перспективада ең көп дәмелендіруші болып көрінуі мүмкін, ол біздің мектептерде, колледждерде, әлеуметтік агенттіктерде, соттар мен өндірістік кеңес беру қызметін басшылық ету қызметінен ажыратып алу. Мұндай шешімнің өзіндік жетіспеушілігі болады және олар, егер біз инсайт дәрежесіне жету – кеңес беру процесінің белсенді интеграциясының бір бөлігі болады десек, өте мұқият өлшенуін талап етеді. Алайда берілген проблеманың шешілуі соншалықты қиын болмауы да мүмкін. Бірқатар мектептер мен колледждерде кеңес беру тәртіптік немесе әкімшілік тәртіптің бір бөлігі болмауы керектігін, керісінше, жеке тәуелсіз қызмет болуы керектігін қолдайды. Клиника пациенттерінің директивтік емес қолдауға бағытталған писихологиялық қызметтер өздері екі рөлді қатар алып жүруді мүлдем тоқтата бастады, дегенмен он екі жыл бұрынғы жазылымдар сол уақытта олардың тіпті басшылық пен емдеудің арасындағы қарама-қайшылықтарды байқамағандықтарын да көрсетеді. Бір айта кететін жайт – ол өндірісте де кеңес беру процесі басқарудан толығымен бөлінсе, аса тиімділеу болатынын түсіне бастауында екені.

Вестерн Электрик Компаниясының қызметкерлері проблемасына байланысты аса ұқыптылықпен жүргізілген зерттеу жұмыстары өнеркәсіп тиімділігінің ең маңызды факторларының бірі ресми және тез анықталатын әкімшілік қарым-қатынастардан бөлек, адамаралық және әр түрлі әсерлерге тез берілетін тұлғааралық қатынастар жүйесі болып табылатынын көрсетті. Осы барлық адамаралық қатынастардың үйлесімді құрылымын ұстап, сүйемелдеу үшін қызметкерлерге кеңес беру бағдарламасы жасалды. Тек қызметшілермен мыңдаған әңгімелесулер өткізгеннен кейін осы кітапта, жоғарыда сипатталғанға ұқсас, кеңес беру процесінің жүргізілу техникасы мен теориялық жағы құрастырылды. Жұмыс толығымен аяқталып болған соң кеңес беру қызметі өктемдік ету қызметінен толығымен бөлінуі іске асырылды.

Жұмыс кестесі өте қарапайым. Ол үйретілген қызметкерді қызметшілердің топтарына – басқарушылар және олардың қол астындағылар – бөліп жіберу болды. Тәжірибе көрсеткендей, әрбір топтағы адам саны үш жүзден аспауы тиіс. Бұл маман басқарушылар мен қызмет етушілердің арасында билік өкілеттілігіне иелік етпейді. Сондай-ақ әңгіменің өзіндік ерекшелігіне сәйкес мінез-құлық немесе тәртіпке байланысты ешқандай кеңес немесе нұсқаулар бермеуі тиіс. Ал өктемдіктен қашу үшін жеке қызметкер өзін кеңес беруші деп атайды. Сондықтан ресми көзқарас тұрғысынан, ол топ ішінде билік органдарымен ешқандай байланыста болмайды. Осындай дара қарым-қатынасты құрастыру бүгінгі таңның өндірістік ұйымдарына тіпті тән нәрсе емес екені анық.

Егер өндірістік сала қызметінде осылай бөлу және оның іске асуы мүмкін болса, онда мұның ұқсас түрін басқа да әлеуметтік институттарда қолдануға болады деп болжауға негіз бар.

Терапевттік қарым-қатынас – бұл адамдарды жылылықпен қарсы алу және қысым көрсету мен мәжбүрлеудің болмауы, клиент тарапынан сезімдердің, бағалар мен проблеманың аса толық көрінуіне мүмкіндік беретін қатынастар болып табылады. Бұл өзара қарым-қатынас өте нақты құрылған, уақыт тұрғысынан, агрессия және тәуелділік тұрғысынан шектеулі болуы керек, бұл бәрінен бұрын клиенттің өзіне қатысты, сонымен қатар кеңес берушінің эмоциялы қатысуы мен жауапкершілігі болуын қамтамасыз етеді. Осы бірегей тәжірибеде толық әрі эмоциялы еркіндік шеңберінің ішінде адам өзінің импульсі мен тәртібінің позитивті және негативті жақтарымен танысып, түсіну мүмкіндігі бар, мұндай түсінікті ол басқа ешқандай қарым-қатынастан ала алмайды.

Жоғарыда талқыланған материалда шек қоюлардың клиент үшін белгілі бір мән-мағынасы бар екені көрсетіліп кетті. Сондай-ақ бұл шектеудің терапевттердің өзіне тигізетін көмегі туралы да айта кету керек. Ең бастысы терапевттің өзін-өзі ыңғайлы сезініп, жұмысын белсенді әрі нәтижелі жүргізуіне көмек береді. Осы белгілі бір шектеудің ішінде терапевт өзін еркін сезінеді, егер клиентпен өзара қарапайым қарым-қатынас нақты анықталмаса, онда кеңес алушының терапевттен көп нәрсені талап ету мүмкіндігі бар. Осының нәтижесінде кеңес беруші әлсіз қорғаныста болады, сондықтан ол әрдайым көмек беремін деген ықыласы өзіне қарсы шыға ма деген қорқынышта болады. Ал егер ол өзінің атқаратын міндеттерінің шегін жақсы білетін болса, ол өз қорғаныстарын алып тастайды, клиенттің қоятын талаптары мен сезімдеріне сақ болады және соған байланысты клиент өзін-өзі өзгерте бастайтын бір қалыпты позицияны ұстанады.
14-лекция.
Психологиялық кеңес берудегі кейбір қауіп-қатерлер.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Жасырын сезімдерді тани білу.

2. Маңызы азырақ қателіктер.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.

  2. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.

  3. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.

  4. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

Қосымша:

  1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психол Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  2. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.

  3. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  4. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.



Лекцияның мәтіні:
Адам сөзді тыңдай білген жағдайдағана шешен болады.

Унсуралмаали Кайкавус.

Түсінікті болу үшін шешен ағынан ақтарылуға тиіс.

В.О.Ключевский.
___________________________________________________________________________

Жасырын сезімдерді тани білу.

Кеңес беру әдісі, қаншама маңызды болса да, индивидті емдеудегі тек жалғыз ғана әдіс емес екенін дұрыс түсіну қажет. Бұл барлық бейімделмеген адамдар үшін жалғыз қорғаныш емес. Ол балалардың, сонымен қатар үлкендердің де, барлық проблемаларын шеше алмайды. Оны толық талдамай, студенттерге , әскер қатарына шақырылған адамдарға және жұмысшыларға - барлығына бірдей қолдануға болмайды. Бұл аса маңызды болғанымен де , индевидтің әлеуметтік топқа бейімделуінде , оның пайдалы мүшесіне айналуында олардың басқа да көптеген проблемаларымен жұмыс жасау әдістерінің бірі ғана болып табылады.

Бұдан әрі баяндауда емдеуге сай келетін кез келген психотерапевтік әдістері қолдану барысында осы әдісті пайдалануды шектеудің көптеген түрлерін көрсетуге мүмкіндік болады. Бұл жерде тек кеңес беру мен емдеудің басқа да тәсілдері арасындағы белгілі бір айырмашылықтары бар екенін ескерте кеткен жөн.

Нақты жағдайларда белгілі бір әкімшілік саясат бейімделу проблемасының алдын алуға бағытталуы мүмкін. Мысалы, ол – адамдарды жұмысқа қабылдау және өнеркәсіпті басқаруда, немесе мектептерде және институттарда келесі курсқа өтуге дайындық барысында қолданылуы мүмкін. Мұндай жоспарлау, әрине, е болғанымен де, ол денсаулық сақтау саласындағы профилактика медицинасы сияқты мәнге ие. Әлдеқашан пайда болған сүзек ауруын қалай емдеу керек екнін білгеннен гөрі, индевидтің мектепке, колледжге, үйге және өндіріске бейімделу процесіндегі сәтсіздіктердің алдын алу керектігін түсінген маңызды. Осыдан кейін нашар бейімделетін индевидпен жұмыс жайлы жалпы түсініктен біз адам қарым-қатынасына және жұмыстыцң тиімділігіне әсер ететін барлық әкімшілік шаралардың өте маңызды екнін жете түсінуіміз керек. Бұл жағдайда оның қандай институтта қалыптасатыны маңызды емес. Біздің салауатты психологияылық даму туралы жеткілікті біліміміздің болуы мектептер, өнеркәсіп мекемелері және кез келген басқа да ұйымдар үшін бейімделу процесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін, сонымен қатар психикасында ауытқулары бар, бейімделмеген адамдардың және мінез-құлқында қалыпты тепе-теңсіздік көрсеткіштері жоғары адамдардың, невротикалық тұлғалардың және т.с.с. туындауына әкеліп соғатын жағдайлар туралы түсініктердің болуына қажетті әкімшілік шараларды жасап, ұсынуға мүмкіндік береді. Сондықтан,егер бізді емдеу проблемалары қызықтырса, онда сол сияқты проблемаларды болдырмайтын ұйымдастыру шаралары да назардан тыс қалмауы керек.

Емдік әсер етуді алдын алу шараларымен ауыстыру мүмкіндігіне қатысты мәселелерді шешуде медицинамен параллельжүруге болады. Біздің алдын алу шаралары туралы біліміміздің көп бөлігі нашар бейімделген индевидтермен жүргізілген эксперименттерді бақылау барысында алынған. Сөйтіп, балалармен жұмыс істеу көрінетін зардаптарын тоқтату үшін, бала дамуының ерте кезеңінен бастап оқуға үйрету әдістемелерінің қажеттігі анықталды. Студенттердің бейімделу проблемасына келетін болсақ, мұнда психологиялық және әлеуметтік салдармен қатар кәсіби мамандықты дұрыс таңдамауға байланысты экономикалық шығын сияқты проблемалар байқалды. Осының негізінде білім және кәсібі бағдар беру үшін кеңейтілген прфилактикалық шаралар жасау қолға алынды. Өнеркәсіп және сауда сферасында наразы және нашар жұмыс істейтін қызметкерлермен әңгімелесуден алынған ақпараттар негізінде корпарацияның қаражат мүмкіндігіне және жұмысшылардың психологиялық қажеттілігіне бірдей көңіл бөлу саясатыорын алды. Қысқасы, топтар үшін ең өнімді бағдарлама құру туралы сұраққа келсек, жекелеген индевидпен жұмыс жүргізудің тиімді әдістерін ойластыруымыз қажет.

Мінез-құлқындағы проблемалар, сәтсіздіктер,эмоциялық бұзылулар, невроз, делинквентті мінез-құлыққа бейімділік, бақытсыз неке сияқты қиыншылықтарды басынанкешірген индевидтерге көмек көрсету әдістері негізінен бірнеше топтарға бөлінуі мүмкін. Бірінші әдіс – айналасындағыларды басқару жолымен индевидтің проблемаларын шешу. Мұндай емдеу формалары әр түрлі. Айналасындағылардың жекелеген адамға физиологиялық және психологиялық жағынан әсер етуіне қажетті кез келген мүмкін құралдарды пайдалану арқылы оның қалыпты бейімделуіне қолайлы жағдайлар жасауға болады. Бір адам үшін бұл демалыс үйіне бару болса, басқа біреуге - мектебін ауыстыру, үшінші біреуге – бір өндіріс бөлімінен екіншісіне ауысу, ал бала үшін өзінің үйінен интернатқа немесе басқа да тәрбиелік мекемеге көшу болады. Ортаның терапевтік өзгерісі, жоғарыдағы жағдайларда көрсетілгендей, дөрекі де немесе ортаны өзгертуі анық болмаса да, мәнді,нәзік, сезімтал болуы да мүмкін. Бала аптасына 1 рет оқу дағдысын жетілдіру үшін сондай топқа баруы мүмкін, жұмысшыны оның қасындағы дау-дамайлы қызметтесінен аластату үшін жаңа машинаға ауыстыруға, ересек адамға оны қанағаттандыратын қоғамдық тапсырмаларды жүктеуге болады.

Егер осы сияқты шаралар мұқият ойланып және ебін тауып іске асырылса, онда олар индевидтің бағдарларын мінез-құлқын және бейімделу мүмкіндіктерін өзгертудің тиімді құралы болуы мүмкін. Алдыңғы кітапта автор физиологиялық және әлеуметтік ортаны басқару көмегі неғұрлым тиімдіболатын, қиын балалармен жұмыс істеуде қолданылатын әдіс-тәсілдерге сипаттама беріп, талдауға тырысты.Бұл мәселені қайталамай-ақ қояйық. Оқырманды ортаның өзгеруіне байланысты емдеудің жанама тәсілдерін қамтитын, терапияның тұтас саласымен таныстыра кетсек, кеңес берудің тікелей әдістерін жақсы түсініп, бағалайды деп ойлаймыз.

Осындай әсер етудің кез келген әлеуметтік белгілі бір қажетті мақсатты көздейтінін ескерген жөн. Мәселен, ережені бұзған бала изоляторға жіберіледі,өйткені:1) қоғам оның мінез-құлқына шыдай алмайтынын көрсетеді; 2) осы нақты жағдайда интернатқа орналастыру оның жеке тұлғалық бағдарлары мен мінез-құлқын өзгертудің ең тиімді тәсілі болып саналады. Жеткіншектің интернатқа барғысы келді ме және ол бұл шараның уақыт өткен сайын оның бағдарына міндеттітүрде әсер етуі керек екнін түсіне ме – бұлар аса маңызды емес. Көптеген жағдайларда, әрине, емдеу үшін берік негіз осы болады. Алайда кейбір жағдайларда осы шараны белгілі жетілу кезеңіндегі индевидке қолдану мүмкін еместігі де анықталуы мүмкін. Тек қылмыстық заңды бұзушылармен немесе психопатпен, ауру немесе қандайда бір себептермен өзіне біз ересектерге қатысты осындай шараларды еркін қолдануымызға болады. «Орта әсерінің тұрғысы» (қоршағанн жағдайлар әсері) негізінде әлеуметтік қабылданған маақсаты бар екені және ата-аналар , мекемелер немесе органдар жағынан инде,видті осы мақсатқа бағыттайтын белгілі міндеттерді қамтитын әркез жете түсініле бермейді. Сол себепті осы әдістің қолданылуы мен таралуына шек қояды.

Емдеу әдістерінің екінші категориясына өзінің дербес жағдайына байланысты қолайлы қатынасты орнатуға көмектесетін индевидке тікелей әсер ету әдістері жатады. Бұған емдік әңгімелесулер, кеңес беру және осы кітапқа тікелей қатысы бар психотерапевтік әдістер кіреді. Олар жиі кездесетін және тікелей емдеудің ең маңызды тәсілдеріне жатады, ол туралы келесі тарауларда айтылады.

Тікелей терапия әдістерінің келесі тобы әрқайсысы қандайда бір деңгейде бір-бірімен және ішінара кеңес беру үрдісімен де байланысты – экспрссивті деп аталуы да мүмкін, себебі бұл жерде сезімдермен бағдарлардағы катарсистің рөлі маңызды болады. Бұл топқа ойын терапиясы, топтық терапия, арттерапия, психодрама және басқа да осы сияқты техникалар жатады. Тұлғалық поблемаларды шешуде бұлардың әрқайсысы маңызды рөлге ие. Осы әдістердің көпшілігі, негізінен, балалармен жұмыс барысында қолданылады, алайда ересектермен жұмыс істеуде де бұл әдістерді қолдану мүмкіндігі еш күдік туғызбайды. Әрбір жағдайда емдеудің негізгі элементтері сезімдерін, түйсінулерін толық білдіруде ойыншықтар , суреттер немесе саздан жасалған мүсіндер т.с.с. көмегімен немесе вербалды емес құралдарды пайдалану арқылы эмоциялары мен сезімдері басқаларға проекцияланады, мысалы, кенеттен немесе драматизация түрінде басқарылатын вербалды білдіру арқылы болады. Өнімді кеңес беру принциптері осы экспрессивті әістерді қолдануда да тиімді болуы мүмкін. Сондықтан да бізге осы әдістерді жиі қолдануға негіз бар. Бірақ осы жаңа тәсілдер жайлы толық мағлұмат алу үшін оқырмандар басқа да қосымша материалдарды пайдалануы қажет. Біз әлі де медициналық емдеу – секреторлық функцияларға, операцияларға, диеталарға және т.с.с. тікелей әсер ету арқылы мінез-құлық пен бағдарды өзгерту жайында айтқан жоқпыз. Мұндай емдеу туралы кітапта айтылмайды, бірақ оның жалпы емдік әсер етуде өзіндік орны ескерілуі қажет. Индевидтің мінез-құлқында, өмірге деген көзқарасында, бейімделу процесінде кездесетін қиыншылықтарды жеңуге қабілеттілік сияқты кез келген проблемаларына медициналық тәсілдерді қолдана отырып тікелей әсер етуге болады.

Бейімделу проблемаларын шешуде кеңес беру әдісі маңызды болғанымен де, әлеммен үйлесімділік сезімін жоғалтқан индевидті емдеуде бұл бір ғана әдіс емес екені айқын бола түседі . Торыққан энтузиастар жолында көп кездесетін «қақпандарға» түспес үшін бізге осы сәтті жан-жақты ескеру қажет. Бұл кітап толығымен кеңес беру мен психотерапия мәселелеріне арналғандықтан, кеңес беру – бейімделмеген адамға толыққанды өмір сүруге көмектесетін көптеген әдіс-тәсілдердің бірі болып табылатындығын ескерген жөн.





Психологиялық қызметтегі кеңес берудің рөлі.
Тікелей емдеу
Психологиялық кеңес берудің теориялық және практикалық негіздері.
Психолог-кеңес берушінің ықпал ету құралдары.
Психологиялық кеңес беру жүйесіндегі директивті әдістердің маңыздылығы.
Психологиялық кеңес берудегі кейбір ерекше проблемалар.
Психолог-кеңесшінің инстайттың дамуына ықпалы.
Баланың ата- аналарымен тұлғалық өзара қарым -қатынас жасауын зерттеу.
Пайда,залалды айыратұғын қуаттыңаты ақыл...
Абай құнанбаев.
Тікенектен ажыратып алу үшін мәуені.



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет