Лекция: 30 сағат Практикалық: 30 сағат СӨЖ: 60 сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180 сағат



жүктеу 3.41 Mb.
бет1/17
Дата25.06.2017
өлшемі3.41 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария»университеті

“Гуманитарлық білім” факультеті


«Педагогика және психология» кафедрасы

«Психологиялық кеңес негіздері» пәні бойынша

050103 - «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін




Оқу-әдістемелік кешен

(Силлабус)
Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3, кредит саны: 4

Лекция: 30 сағат

Практикалық: 30 сағат

СӨЖ: 60 сағат

ОБСӨЖ: 60 сағат


Барлық сағат саны: 180 сағат

Қорытынды бақылау: емтихан V семестр


Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша) 4

Барлық балл саны: (кредитке)

Жетісай-2007 ж

Құрастырған: оқытушы Мырзалиева Жанат Тәңірбергенқызы



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

Психологиялық кеңес негіздері” пәні бойынша

050103 - «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________


Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ________ «______» 200 ж

050103 – мамандығын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген _____________________________

Мазмұны



  1. Алғы сөз …….…………………………………………..................................................

  2. Жалпы мәліметтер …………………………….………................................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...........................

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...........................................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ........................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..............................................

  7. Студентке арналған ережелер ..……………………......................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .……….....................................................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны .....................................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары ...................................................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ............................................................................

  4. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі .......................................................................

  5. Студе



  6. нттердің білімін бақылау түрлері: ........................................................................

а) бақылау сұрақтары

б) жазбаша бақылау жұмысы

в) тест сұрақтары


  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ..............................

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………................................................


Алғы сөз
Оқу әдістемелік кешен «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы» пәні бойынша 050114 «Тарих» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
2. Жалпы мәліметтер.

Оқытушы Мырзалиева Ж.Т.


«Педагогика және психология» кафедрасы №1 корпус, 3-этаж, 34 кабинет

Телефон: - 219

Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00
Өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Мырзалиева Жанат Тәңірбергенқызы

Уақыты __________

Ауд ______________




Уақыты _______

Ауд _________



Тел:___________

Каб:___________



Корпус:________


3. Пәнді оқытудың мақсаты

Курстың мақсаты – студенттер бойынша психологиялық кеңес беру негіздері туралы жалпы ұғымдарды қалыптастыру. Жаңа қалыптасып келе жатқан психологиялық қызметтің жұмыс мазмұнын анықтау, психодиагностикалық әдіс-тәсілдерді жинақтап алу, әр буында оқитын балаларға тиімді қызмет көрсету жолдарын табу. Психологиялық көмек көрсету қажеттілігі керек екенін дәлелдеу, психолог-кеңесші және клиент арақатынасының теориялық негіздерін анықтау, үйрету болып табылады.


Пәнді оқытудың міндеттері.
Студенттерді психологиялық кеңе беру негіздерінің әр түрлі салалары туралы, осы қызметті ұйымдастыру жолдары туралы, әлеуметтік ортадағы психологиялық кеңе беру ерекшеліктері туралы, сондай-ақ әлеуметтік ортадағы әр түрлі проблемаларға байланысты кеңес беру жүйелерімен таныстыру болып табылады.


4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Психология.

Психологиядағы зерттеу әдістері.

2

Даму психологиясы.

Жеке адам психологиясы.

3

Менеджмент психологиясы.

Практикалық психология.

4

Оқушыларды педагогикалық-психологиялық диагностикалау жолдары.

Дифференциалдық психология.

5

Жеткіншектердің мінез-құлық акцентуациясын диагностикалау әдістемелері.

Арттерапия.







Патопсихология.


5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

Практикалық

СӨЖ

ОБСӨЖ







4 кредит

180

30

30

60

60

5 сем

Емтихан



6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.



Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.



8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.

Кредит №1,2,3,4.




Лекция сабақтар тақырыбы

Лекция сағат саны

Практикалық (семинар)

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Психолог жұмысындағы психологиялық кеңе беру.

1

1

2

2

2

Психологиялық қызметтегі кеңес берудің рөлі.

1

1

2

2

3

Психологиялық кеңес берудің басқа да психология салаларымен байланысы.

1

1

2

2

4

Психологиялық кеңе беру, психологиялық коррекция және психотерапия салаларының өзара байланыстылығы.

1

1

2

2

5

Психологиялық кеңес беру мен психотерапия туралы ескі және жаңа көзқарастар.

1

1

2

2

6

Психологиялық кеңес берудің типтік сатылары.

1

1

2

2

7

Психологиялық кеңес берудің қағидалары.

1

1

2

2

8

Психологиялық кеңес берудің теориялық және практикалық негіздері.

2

2

2

2

9

Психологиялық кеңес беру негіздерінің өлшемдері.

1

1

2

2

10

Психолог-кеңес берушінің ықпал ету құралдары.

1

1

2

2

11

Психологиялық кеңес беру – бірегей іс-әрекет ретінде.

2

2

2

2

12

Психологиялық кеңес беру жүйесіндегі директивті әдістердің маңыздылығы.

2

2

2

2

13

Психологиялық кеңес берудің бірыңғай процесі.

1

1

2

2

14

Психологиялық кеңес берудегі кейбір қауіп-қатерлер.

1

1

2

2

15

Психологиялық кеңес берудегі кейбір ерекше проблемалар.

1

1

2

2

16

Клиент үшін инсайттың мәні.

1

1

2

2

17

Психолог-кеңесшінің инстайттың дамуына ықпалы.

1

1

2

2

18

Оқушылардың ата-аналарына психологиялық кеңес беруі.

1

1

2

2

19

Ата-аналарға кіші мектеп жасындағы балалармен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.

1

1

2

2

20

Ата-аналарға жеткіншек жасындағы балалармен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру негіздері.

1

1

2

2

21

Жасөспірімдерге тән мінез-құлық ауытқулары.

1

1

2

2

22

Оқушыларға кеңес берудің ерекшеліктері.

1

1

2

2

23

Балаға қатысты ата-ананың гиперқамқорлық ұстанымын талдау.

1

1

2

2

24

Ата-ананың балаға қатынасын түзету тәсілдері.

1

1

2

2

25

Бала өміріндегі проблемалар мен қиындықтар жөнінде кеңес беру.

1

1

2

2

26

Психологиялық кеңес берудің қорытынды фазалары.

2

2

2

2

27

Барлық сағат саны

30

30

60

60


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Гуманитарлық білім» факультеті


«Педагогика және психология» кафедрасы

«Психологиялық кеңес негіздері» пәні бойынша
050103 - «Педагогика және психология»

мамандықтарының студенттері үшін




Лекция сабақтарының Қысқаша курсы

Жетісай – 2007 ж



9. Лекция САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I-лекция.
Психолог жұмысындағы психологиялық кеңе беру.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Практикалық психология пәні. Психологиялық кеңес берудің мақсаты.

2. Психологиялық кеңес берудің міндеттері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т., М.,1982.

  2. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.

  3. Семья в психологической консультировании. М.,2004.

  4. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.

  5. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.


Қосымша:


  1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.

  2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.

  3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.

  4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.

  5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.

  6. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.



Лекцияның мәтіні:
Адам неғұрлым бақытты болған сайын уақыт соғырлым қысқа болып көрінеді.

Кіші Плиний.

Көпшілікті бақытты етуден артық мәртебелі де тамаша бақыт жоқ.

Л.Бетховен.

__________________________________________________________________________



ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ.

Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен міндеттері.

Психологияда жеке адамның психологгиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуде пайдаланылатын әдістемелер жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп атайды. Олардың баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырпып, жинақтағандардың бірі А.А. Бодалев және оның зерханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялық кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғарғы сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.

Психологияны өмір тәжірибесіне кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмеіндік берді. Қазігі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда. Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағын қамтитын бұл түріне нақты анықтама беру немесе оның қолдану аймағын біржақты көрсету қиын. Сондықтан, психологиялық білім қолданылатын кез-келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмысының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін: кәсіби кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес беру, т.с.с Білім беғру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық проблемасымен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының адаптациядан өтуі, жеткіншектер проблемалары, балалармен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некегк дейінгі кезеңде үйленейін деп жүген жастарға кеңес беру, жанұйя бұзып ажырасушыларға психологиялық көмек сияқты көптеген жеке бағыттардан тұрады.

Психологиялық көмек берудің негізгі мақсаты – психологиялық көмек көрсету қажеттілігі даусыз екенін дәлелдеп беру, яғни клиентпен әңгімелесу арқылы кеңес сұрап келген адамға проблемаларынт шешуге және өзін қоршағандармен ара қатынасын дұрыс орнатуға психолог көмек көрсете алатындығына сендіру. Бірақ бұл психологиялық көмек қалай көрсетілуі тиіс екендігіне біржақты жауап беру оңай емес. Негізінде, маманның қабылдауында брлған адам психолог туралы және психологиялық қызмет туралы пікірі жақсы болуы керек және психологпен кездескеннен кейін, егер ол адам шынында да өзін жақсы сезінсе, проблемаларын шешуге мүмкіндік бар екеніне көзі жетсе, онда кеңес берудің оң әсері бар екені қосымша дәлелдеуді талап етпейді. Кеңес берілгеннен соң клиент жете түсінбеген және дұрыс бағаламаған жағдайлар кездеседі. Бірақ уақыт өте келе, сол ьадам психолог сөзінің, оның берген кеңесінің дұрыс екенін түсіне бастайды. Сондай-ақ кеңес беруші де, егер клиентпен кездесу одан әрі жалғасса, психодиагностика барысында анықталған проблемаларды түсіндіру кезінде кейбір мәселелерді клиент жете тыңдамаған және қабылдамағанын байқауы мүмкін. Бұл жағдай психологтан өз қызметін клиентке жете түсіндіру қажет екенін көрсетеді.

Психологиялық кеңес беру тиімділігінің басты көрсеткіші- клиенттің қанағаттанушылығы болып есептелінеді. Дегенмен көп нәрсе кеңес алуға келген адамның проблемаларының сипатымен анықталады. Мысалы, жапа шеккен адам кеңес беруден соң өзін біршама жеңіл сезініп, болашағы жақсы болатынына сенімі нығаюы мүмкін және тиіс, ал кеңес беруші оның қайғысын, тағы басқа эмоционалдық жағдайын жеңілдетуге тырысуы қажет. Келесі бір жағдайда эмоционалдық жағдайды жеңілдету кеңес берушінің тікелей мақсаты болмауы мүмкін: себебі психологпен жүргізген әңгіме пайдалы болғанын сезінген клиент өз проблемаларын өте терең , ауыр және өткір сезінуі мүмкін. Өткен проблеманы талдау барысында оның мән-мағынасына терең малшынумен бірге өзінің сол оқиғаның орын алуына себепкер болғанын түсіну, оқиғаға өзінің кінәлі екенін, жауапкершілік өз мойнына жүктелетіндігін сезіну, оны мойындау оңай емес. Бұл жағдайда клиент кеңес беру процесінен айтарлықтай нәр алып, қанағаттанады деп айту өте қиын. Дегенмен себептерін толық талдау арқылы өз кінәсін мойындаудың өзі клиенттің басқаларды кінәлаудан бас тартып, біртіндеп эмоционалдық зорлану жағдайынан шығуына негіз болады.

Психологиялық кеңес берудің табысты болуы көбінесе кеңес берушінің клиентті мұқият тыңдауы және шағымданушының өз жеке басында болған оқтғасы туралы түсінігін кеңейту секілді міндеттерді шешуіне тәуелді. Психологтың көмегіне сүйенген көптеген адамдардың шынайы проблемасы- олардың өздерін не толғандырып жүргені туралы сырын ешкімге айта алмауында. Кеңес берушінің оларды мұқият тыңдай алуы мен түсінетіндігі өте маңызды. Осы қатынастың өзі белгілі оң өзгерістерге алып келеді. Оның үстіне маманмен байыпты және ойлы әңгімелесу барысында клиент өзі мен қоршаған адамдар жайында көп жаңалықтарды біліп, оны түсінуіне алып келеді. Осы түсінік клиенттің өзі мен өзге адамдар туралы ойлауының “азығы” болғандықтан ол өте бағалы болып табылады және оның қоршаған әлеуметтік орта туралы түсінігінің кеңеюіне алып келеді. Психологтың көмегіне сүйенген клиент үшін мұндай нәтиже оның психологиялық тұрақтылығын көтеруге және жалпы адамдарға деген көзқарасы тұрғысынан маңызды болады. Сонымен қатар оның басқа да мамандарға, олардың көмек көрсететініне сенімі артады.

Кеңес беру барысында әңгімелесу әдістемесі кеңінен пайдаланылады. Оның негізгі мақсаты- кеңес сұрап келген адамның алдында шешімі табылмай тұрған мәселенің мәнін анықтап алу және шағымданушымен қосыла отырып шытырман жағдайдан шығу немесе мәселенің шешу жолын іздеу. Бұл процестің маңыздылығы- клиенттің басынан өтіп жатқан оқиғаларға жауапкершілікті психологтың өз мойнына алу.




Психологиялық қызметтегі кеңес берудің рөлі.
Тікелей емдеу
Психологиялық кеңес берудің теориялық және практикалық негіздері.
Психолог-кеңес берушінің ықпал ету құралдары.
Психологиялық кеңес беру жүйесіндегі директивті әдістердің маңыздылығы.
Директивті емес кеңес берудің бағдарламасы.
Психологиялық кеңес берудегі кейбір ерекше проблемалар.
Психолог-кеңесшінің инстайттың дамуына ықпалы.
Баланың ата- аналарымен тұлғалық өзара қарым -қатынас жасауын зерттеу.
Пайда,залалды айыратұғын қуаттыңаты ақыл...
Абай құнанбаев.
Тікенектен ажыратып алу үшін мәуені.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет