Лекция: 15 с Лабораториялық сабақтар 15с СӨЖ: 30с обсөЖ : 30с



бет1/6
Дата06.04.2017
өлшемі0.88 Mb.
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі.

«Сырдария» университеті

«Химия және биология» факультеті

“Биология” кафедрасы

“Иммунология” пәні бойынша

050113 Биология» мамандықтарының студенттері үшін

Оқу-әдістемелік кешен

(СИЛЛАБУС)

Оқу түрі күндізгі

Курс 3, кредит саны 2

Лекция: 15 с

Лабораториялық сабақтар 15с

СӨЖ: 30с


ОБСӨЖ : 30с

Барлық сағат саны: 90


Қорытынды бақылау емтихан 5 семестр
Аралық бақылаулар саны (кредит бойынша)
Барлық балл саны 100 (кредитке).

Жетісай 2007 ж


Құрастырған : Оқытушы Әбілхайыров.С
Иммунология” пәні бойынша 050113«Биология» мамандықтарының студенттері үшін арналған

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның

индексі :

Оқу - әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған


Хаттама № ______ 2007.

Кафедра меңгерушісі ________________


Факультет әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ ______ Хаттама ________2007ж.
Әдістемелік кеңесінің төрағасы
Факультет кеңесінде мақұлданған
№ ______ Хаттама _____ 2007ж.
Факультет кеңесінің төрағасы



  1. Алғы сөз …….…………………………………………..................................................

  2. Жалпы мәліметтер ……………………….………..................................................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті ……………………….............................................................

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .............................................................................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .................. .....................................................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы ..............................................................................

  7. Студентке арналған ережелер…........................................................................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі ...........................................................……………………

  1. Лекция сабақтарының мазмұны ...........................................................................................

  2. 11. ЛБС жоспары

11.СӨЖ жоспары және орындау кестесі...................................................................................

12.ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі...............................................................................

13.Студенттердің білімін бақылау түрлері: .............................................................................

а) бақылау сұрақтары

б) жазбаша бақылау жұмысы

в) тест сұрақтары

14.Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...............................................................................................................................

15.Пән бойынша оқу процесінің картасы ...……………….....................................................................................................



Алғы сөз.
Оқу әдістемелік кешен «Иммунология» пәні бойынша 050113 «Биология» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу - әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
Жалпы мәліметтер.
Әбілхайыров С

Биология кафедрасы № корпус, 2-этаж, 3 кабинет

Телефон : 6-27-85

Кафедрада болу уақыты 900 -1800.


Өткізу уақыты және орны.




Аты – жөні.

Курсты өткізу уақыты, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ

Телефон

1

Әбілхайыров С

Уақыты _______________

Ауд ____________________

Уақыты ___________

Ауд __________


Тел : 6-27-85

Каб:_____________

Корпус:__________





3. Пәннің мақсаты мен міндеті.

Иммунология пәнінің мақсаты –студенттерге тірі ағзалардың феномені болып табылатын иммунитет феноменімен таныстыру,иммундық жүйенің қызмет ету заңдылықтары туралы түсінік беру. Иммунология пәнінің міндеттеріне мыналар жатады:

Иммунология пәні биология мамандығы үшін өтілетін міндетті пәндердің бірі болып табылады.
1.Табиғи және жасанды иммунитет туралы түсінік беру

2.Иммундық жауаптың механизмдерін танып –білу



3.Аллергия,иммундық тапшылық түсініктерін танып білу
4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Адам анатомиясы

Молекулалық биология

2

Адам және жануарлар физологиясы

Гендік инженерия

3

Жас өспірімдер физиологиясы

Биотехнология



5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

Практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

№1 кредит

45

8

7

15

15

3 сем

Емтихан

№2 кредит

45

7

8

15

15

№2

90

15

15

30

30



6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді. Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы. Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру. Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.

7. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы

Лекция сағаты

Практикалық сабақ

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Иммунология ғылымы.Иммунологияның даму тарихы

1




2

2

2

Иммунитет. Иммунитет түрлері

1

2

2

2

3

Иммундық жауаптың негізгі қасиеттері.

1

3

3

2

4

Макроорганизмнің табиғи резистенттілігі, туралы түсінік.

1

1

2

1

5

Құстар мен сүтқоректілердің иммундық жүйесі.

1

1




1

6

Иммундық жауапқа қатысатын клеткалардың морфологиясы.

1

1

1

1

7

Т – лимфоциттердің цитоморфологиясы, локализациялануы, иммундық қызметтері.

1




1

2

8

Плазмоциттер және гистобірегейліктің негізгі комплексі.

1




1

1

9

Антигендер.

1

2

2

1

10

Антиденелер.

1




2

2

11

Антиденелердің синтезі және олардың түзілу динамикасы. Иммундық ес.

1


3

3

2

12

Комплемент жүйесі ,пропердин мен интерферондар


1

1

2

1

13

Аллергия және жылдамдатылған типті гиперсезгіштік Баяулатылған типті гиперсезгіштік және клеткалық иммунитет

1




1

3

14

Имунопатологиялық реакциялар

1

1

4

4

15

Иммунодиагностика негіздері


1




4

5

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті

«Химия және биология» факультеті

«Биология» кафедрасы.

“Иммунология” пәні бойынша 050113


«Биология»
мамандықтарының студенттері үшін
ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ.

Жетісай 2007 ж


Лекция 1.
Иммунология ғылымы.Иммунологияның даму тарихы

Жоспары:
1 Иммунология ғылым ретінде. Иммунологияның анықтамасы.

2.Иммунология ғылымының мақсаттары .

З.Иммунологиянын дамуынын қысқа тарихы.

4.Иммунологиянын заманауи жетістіктері.



Лекция мәтіні:

Тірі организмдерде өзінің тұтастығын сақтау үшін бөгде заттармен күресу үшін қызмет ететін арнаулы жүйе иммундық жүйе болады .Иммунология осы иммундық жүйенің қалыпты сау жағдайдағы құрылымы мен қызметін зерттейді.Ал иммунопатология бұл жүйенің ауру жағдайындағы құрлымы мен қызметініңбұзылудың өзгерістерін қарастырады.

Иммунология- антиген деп аталатын генетикалық бөгде субстанцияларға

организмнің жауап қайтаруының молекулалық механизмдерін зерттейтін

иммунитет жөніндегі ғылым.

Заманауи иммунологияның алдында келесі мақсаттар тұр.

1.Адам мен жануарларды жұқпалы аурулардан қорғау мен алдын алудың әдістерін жасақтап күрес тәсілдерін жетілдіру.

2.Жасанды табиғи токсиндер мен аллергендерге сондай-ақ биотехнологиялық жолмен жасалып шығарылған синтетикалық антигендерге қарсы иммунитетті стимулдеу жолдарын қарастыру.

З.Адам организміндегі иммундық жүйенің күйін бағалау ,оның қалыпты қызметіне жағдай жасау.

4.Иммундык жүйенің ауруларын зерттеу, әртүрлі табиғатты иммуномодуляторлар көмегімен иммундық түзету жасау әдістерін жетілдіру.

5.Трансплантациялық иммунитетті зерттеу, қатерлі ісік аурулардың алдын алу

диагностика әдістерін табу.

6.Аллергиянын алдын алу оны емдеу

Иммунологияның ғылым ретінде қалыптасуы иммунитет деп аталатын феноменнің арқасында мүмкін болды. Иммунология ғылым ретінде ХІХ-ХХғ шегінде қалыптасты. 1881ж француз ғалымы Луи Пастер тауықтардағы холера ауруын зерттей отырып ауру қоздырғыштардың ескі дақылдарымен тауықтарды байқамай жұқтырып алғанда, олардың ауырмай кейіннен жаңа штаммдарды жұқтырғанда олардың өлмей қалғандығын байқайды.Бірақ иммунологияның атасы ретінде Луи Пастерді емес Эдуард Дженнерді санайды ,себебі ол 1796ж әмпирикалық жолмен адамдарды шешек ауруынан сақтаудың алдын алу жолын ашты ол сауыншылардың сиыр шешегі ауруымен ауырғандардың кәдімгі шешекпен ауырмайтындығын анықтап вакцинация әдісін жетілдірді( бұл сөз вакка-сиыр деген сөзден шыққан)

1890ж неміс зерттеушісі Э. Беринг организмге енген микробтар мен олардың токсиндеріне қарсы қанда кейініректе антидене деп аталатын қорғаныштық заттар түзілетіндігін ашып,осы ғылыми жаңалықтардың негізінде Паулъ Эрлих деген ғалым иммунитеттің гуморалъдық теориясын қалыптастырды.

1882ж орыс ғалымы Илья Ильич Мечников теңіз жұлдыздарымен тәжірибе жасап фагоцитоз феноменін , оның негізінде иммунитеттің фагоцитарлық теориясын қалыптастырды,1899ж Н.Я. Чистович микроорганизмдерден басқа ұлпаларды бөгде (әритроцит, қан плазмасы)парентеалды енгізгенде антидене бөлетінін анықтап инфекциялық емес иммунитеттің негізін қалады.

1900ж Карл Ландштейнер адамдағы қан топтарын ашып ,ұлпалық антигендер ғылымына негіз салды. II дүниежүзілік соғыста терінің күйюіне қарсы трансплантация мәселесі туындады.

Трансплантация кезіндегі ұлпалардың сай келмеу себебі иммунитет екендігі ашылған соң трансплатациялык иммунитет зертеулерінен иммунологиялық толеранттылық туралы ілім қалыптасты.

Иммунологиялық толеранттылық бөтенді танып оған жауап қайыршау көну, бұл құбылысты бір-біріне байланыссыз П. Медавар мен М, Гашек анықтады.

Антиденелерінің құрылысы мен түзілу заңдылықтарын ашу олардың шексіз көп түрлілігінің құрылысын ашу моноклоналъды антидене алуға мүмкіндік беретін гибридомдық технологияның өмірге келуіне алып келді.Қазіргі уақытта иммунологиялық жауаптарының генетикалық негіздері , ұлпалардың гисто төзушілігі сондай-ақ генетикалық гомеостаз идеялары заманауи иммунологиялық алдында тұрған шешуге тиіс үлкен мәселелері болып табылады.


Лекция 2

Иммунитет. Иммунитеттің түрлері.

Жоспары:

  1. Иммунитет теориялары.

  2. Табиғи, туа пайда болған иммунитет.

  3. Жасанды жүре пайда болған иммунитет.

Лекция мәтіні:

Иммунология ғылымының 100 жылдан аса даму барысында бір бірін толықтырған, бір болып дамыған бірнеше теориялар ашылды: иммунитеттің ең алғашқы теориясын «бүйір тізбектер» теориясын Пауль Әрлих 1897ж қалыптастырды бұл теорияның мәнісі организмге түскен антиген протоплазмалық бүйір тізбектерінің рецепторларымен байланысады нәтижесінде рецепторлар нейтралданады. Бұл рецепторлардың орнына басқалары көп мөлшерде түзіледі. Пауль Әрлих 1,2,3 дәрежелі рецепторларды ажыратты .1926ж Томас Хант Морган неміс ғалымы «жіпке тізілген моншақтар» теориясын ұсынды, яғни гендер хромосомоларға тізбектеліп орналасқан соған сай белоктар иммуноглобиндер де тізілген моншақтарға тән орналасқан .1932ж М Геидельберг және Л. Полинг иммунитеттің жаңа теориясын «торлар» теориясын ұсынды Бұл теория бойынша антиген- антидене комплексі тор түрінде түзіледі. Тор түзілу үшін әр антидененің молекуласында әр антиген молекуласына кемінде үш антигендік дитерминант екі активті орталық болуы шарт. Антиген молекуласы тордың бұрыштарында, ал антиденелер жалғастырушы бойынша бөліктер түрінде орналасқан. 1930ж Ф .Брег. Ф. Габровиц матрица теориясын ұсынды. 1949ж Ф Бернет мен Ф. Фенер «тура емес матрица», 1955ж Н Ерне «табиғи сұрыпталу» теориясы 1956ж Борде «Қос фаза «теориясы.

Қазіргі уақытта жер жүзінің иммунологтары авторы Ф Бернет 1964ж болып табылатын клонды іріктемелі теорияны бетке ұстар теория ретінде қолданады Бұл теория 4 негізгі болжамға сүйенеді

1.Лимфоидты клеткалардың молдығы: 1012 дейін жетеді.


  1. Лимфоидты клеткалардың популяциясының гетерогенділігі

  2. Антигеннің азғантай мөлшері алдын ала адаптацияланған клон клеткасын көбеюге антидене продуцентеріне айналуына итермелейді, (стимулдейді)

  3. Антигененің көп мөлшері алдын ала адаптацияланған иммунокомпенентті клеткаларды өлтіреді.

Иммунитет дегеніміз- организмнің генетикалық өзгелік белгілері бар тірі денелер мен заттардан қорғану тәсілі мұндай денелер мен заттарға бактериялар вирустар, қарапайымдылар, гельминттер, белоктар, клеткалар ұлпалар, өзгерген аутоантигендер соның ішінде қатерлі ісік антигендерді жатады. Мұндай тұжырым Бернет аксиомасына, яғни иммунитеттің орталық механизмі өзін және өзгені тану постулатына сай келеді. Иммунитет гомеостаз көріністерінің бір саласы барлық тірінің: адам, жануар, өсімдіктер тіпті бактериялардың да қасиеті болып табылады.

Табиғи және туа пайда болатын иммунитет

Дені сау организм өзін әртүрлі механизмдер арқылы қорғайды Мұндай механизмдерге физикалық кедергілер баръерлер, қан мен ұлпалардағы фагоциттер,табиғи клеткалар әнка клеткасы (N0) қанның әртүрлі молекулалары жатады. Бұл механизмдер арнайы емес: әртүрлі патогендер үшін әсерлі. Бірақ индукция үшін олардың алғашқы әсерін талап етпейді бөтен макромолекулардың екіншілік әсерінен түзілмейді.Туа п. б. иммунитет туылысымен қалыптасады ,бүкіл өмір бойы сақталады ол патогендерге қарсы қорғаныстың алғашқы шебі физикалық ,физалогиялық ,клеткалық кедергілерден тұрады. Физикалық кедергілерге тері, одан бөлінетін тер, май сілекейлі қабаттар, олардағы әпителий клеткалары мен түктер сілекей ,көз жасы т. б .жатады Физиологиялық кедергілерге дене температурасы қарын сөлінің рН, көз жасының құрамындағы лизоцим ,комплемент жүйесінің белоктары жатады. Клеткалық кедергілерге әндоцитоз деген атпен біріктірілетін пиноциноз, фагоцитоз процестері жатады Әндоцитоз еритін макромолекуларды бөтен және өзгерген өз клеткасына бағыталған клетка реакциясы бұл процестің лизосомаларда жүру себебі онда молекулалық гидролитикалық ферменттер жинақтары болады. Фагоцитарлық реакция 4 кезеңнен тұрады.

1.Микробтарға хемотаксис

2. Адгезия

3. Мембрана өсіндісінің түзіліп оның қатерлі клеткамен комплекс түзіп лизосомамен қосылуы.

4. Фаголисомадағы микробтардың, ісініп, еріп ,инактивтелуі.

Демек табиғи туа п. б .иммунитет тің жалпы сипаттамаларына мыналар жатады.Қорғаныс механизмі әрқашан организмде болады. патогенге тура жауап қайтарады. Олар арнайы емес, есі болмайды ,сондықтан табиғи иммунитетті тұқым қуалайтын туа п.б. және өмір барысында қалыптасқан жүре п .б. деп бөледі. Тұқым қуалайтын туа п. б иммунитет макроорганизмнің белгілі бір жұқпалы ауруды ол аурумен бұрынырақ кездеспегеніне байланыссыз, қабылдамауға бейімделік күйі иммундық жауаптың бұл түрі ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, туыла салысымен қалыптасады, өмір бойы сақталады. Туа п. б иммунитет патогенді микроорганизмнің қандайда болсын көп мөлшерін енгізгенде қалыптаспайтын иммунитет түрі. Мысалы ірі қара шошқаның ауруларына тұрақты және керісінше, салыстырмалы түрлі иммунитет белгілі бір факторлардың әсерінен иммунитеттің бұзылуын айтады, суыну, қызу жалпы өзгерістер, белоктық ашығу физиологиялық зорығу т .б. Даралық туа п. б иммунитет түрдің кейбіреулерінің дараларында байқалады .Мысалы аллергия т. б. Жүре п .б.иммунитеттердің мынандай түрлері бар: постинфекциялық поствакциналық, активті, пассивтті коллостральды, антитоксикалық ,стерилді стерилді емес, айқас сияқты түрлері болады Бұл иммунитеттің түрі организмде патогенді микроорганизмге олардың антиденемен жанасу нәтижесінде өмір сүру барсында қалыптасатын тұқым қуалау арқылы берілген иммундық жүйенің механизмдері арқылы тұрақтанатын азғана уақыт сақталатын екі аптадан бір екі айға дейінгі түрі. Жүре п. б .иммунитет активті ,пасивтті болып жіктеледі екеуІ де табиғи жолмен қалыптасады активті аурудан кейін ал пассивтті уызымен немесе трансплацентарлы.Активті иммунитет кезінде арнайы емес қорғаныстық жүйелер ,иммуногенез іске қосылып ес лимфоциттер п. б. арнайы антиденелер түзіледі. Ал пассивті иммунитет кезінде организм дайын антиденелер қабылдайды. Антитокалық иммунитет деп-бактериалық таксиндеріне қарсы имуниттерді аитады Стерильді деп- көптеген жұқпалы аурулардан қалыптасқан иммунитетті айтамыз. Айқас жүре п. б. иммунитет деп - артық антигендері бар бірнеше патогенге қарсы иммунитетті айтамыз.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет