Ұлан деп қойған екен маған атты Ұ- лыдай болсыншы деп ұлағатты, Ұ-л қылып бойымызға қандарыпты



жүктеу 55.98 Kb.
Дата26.06.2017
өлшемі55.98 Kb.
Ұлан деп қойған екен маған атты
Ұ- лыдай болсыншы деп ұлағатты,

Ұ-л қылып бойымызға қандарыпты.

Ұ-лына атам менің аян беріп,

Ұ-лан деп қойған екен маған атты.
Л-айықты болсам деймін осы атқа,

Л-ақтайын ырғығам жоқ осал таққа.

Л-айланып кетпесе екен мөлдір ғұмыр,

Л-айым, О, Жаратқан содан сақта!
А-қтасам деген арман үміттерді,

А-рылтып саналардан күдіктерді.

А-рманым әділ сөйлеп, тура жүріп,

А-дамға таныту ед(і) шын тектіні.
Н-алыған кездерімде болды ұдай,

Н-әр қылып сабыр берді сонда Құдай.

Н-изамдай адам болып, мақсат тағы –

Н-амыстың туын ұстау ешбір жықпай!

Ақұштап Бақтыгерееваға

Армысыз, Атыраудың қарлығашы!
Бір сәуле бүгінгі күн жалын шашты,

Сол шуаққа малынды кәрі-жасы.

Жырыменен бар жұртты баурай білген,

Армысыз, Атыраудың қарлығашы!
Қуаныштан тұрғандаймын мен өзімді шақ ұстап,

Өзіңізге айқарыла ашылғанды бар құшақ.

Босағасын аттағансыз келін болып бұл жердің,

Қош келіпсіз сол мекенге –Ақын апа–Ақұштап!
Талайға өлеңде ұран асыл аптың,

Болғайсыз жыр Жамбылдай ғасыр ақын!

Жырларыңды күтеміз әлі талай,

Шөлдегеннің сусынын қандыратын.
Күтеді, сағынады өзіңізді,

Бұл жердің сізді білер бар баласы.

Сондықтан сағындырмай келіп тұрғың,

Атыраудың ақ қанат шағаласы!
[16.05.14.Универcитетке ақын Ақұштап

Бақтыгереева келгенде оқылған өлең].

Нала немесе досқа сыр
Ей, досым!

Мына заман дейсің бе қандай заман?

Заманның көрінісі қандай жаман.

Бірін-бірі алдаған арзан тірлік.

Арсыздық адамдарды маңайлаған.
Қосылмай айырылып қол екіге,

Ашуда тұрақтады жас кеудеге.

Заманның азғындағы сол емес пе?

Білімде түскеннен соң бәсекеге.
Білімді сата берсек ақшаға біз,

Надандыққа қақпаны ашқанымыз.

Балаға «бес қойдырып, сатып берсек»,

Қисық ағаш егеміз бақшаға біз.
Егерде білім-ақша болса дағы,

Жүрекке «иман емес, құм талғаны»,

Байлардың тәжі жерге құламайды,

Болашағы баласының солса дағы.
Өйткені, олардың қадамы ақша,

Сондықтан, ұрмайды ғой басты тасқа.

Ей, пенде,

Қанша байлық тасса-дағы,

Көбейіп, көлдей толып, төрге шашпа!
Ұрпақ қалай оңады, бұндай күнде.

Қалалмайды гүлдері солмай мүлде.

Білімсізге ақша мен жолы ашық,

Тұсауменен жол жабық білімдіге.
Салады мұндай қоғам пендеге ой,

Саналыға бет бұрып, түзейік бой.

Ей, досым, сенде білем, білесің ғой.

Ақшасыз сындарда.

Білімдінің жұлдызы жанбайды ғой.
Айта берсек, заманның қыры басым,

Дей алмаймын, адамның бәрі де асыл.

Бірі болса білімнің шам-шырағы,

Енді бірі ақшамен болған масыл.
Егер де білімді алсаң ақша қылып,

Адалдық атыменен қуылады.

Ақшаның міне берсек мінберіне,

Білімді ұрпақ сонда қашан туылады?
Ақша беріп, бәрін де бұзған-дағы,

Өзімізбіз. Соған мойын бұрылмай ма?

Адамдар. Шыныменен ойланыңдар,

«Жел болмаса шөп басы қыбырлай ма?»
Білімді адам, батырса да батпайды,

Надандардың таңы арайлы атпайды.

Ақшаға алған білімсіздің тұлпары,

Ешқашанда төрге қарай шаппайды.

Ақшаның бейбақ пенде құлы болып,

Жұмырық жүректегі нұры солып.

Білімсіздер білімдінің қызметте,

Жүретіні белгілі соры болып.
Жұлдызы сауаттының жана бермек,

Білімді – білімді боп қала бермек.

Ақшамен мың сан рет илансаң да,

Сауатсыз сол күйінде қала бермек.

Ішкі сырым
Бұл өмір – өткінші бір күз сыңайлы,

Тіршілік жапырақ боп сытырлайды.

Тірінің тірліктегі пердесінен,

Сұм ажал әр күн сайын сығалайды.
Ажал ол – адам жанын бұйымшылар,

Кететін алысқа алып-тұйық шынар.

Күн санап сығалаудың түйінінде,

Біреудің жанын қиып тынар.
Өлімнен ешкім қашып құтылмаған,

Талайдың ырысы -ұшып, құты-қалған.

Ажал-деген ашқарын жылан екен,

Көрінгеннің бәрін-ақ жұтып алған.
Жүзден асқан кәрі де, жас та өлер,

Бұл-дағы Алладағы жансақ өнер.

Өлгендердің артынан өлмек жоқ деп,

Соңында қалғандары – жылап көмер.
Ұзақ-ұзақ толғасам көсемдей боп,

Сөздерім нысанаға тигендей дөп.

Жазылған әрбір менің өлеңдерім,

Ел жадында сақталса арманым жоқ.

(24.11.13).
Ұлан Иманғалиев, С.Н.Имашев мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет