ҚҰЛАҒу хан хулагид әулеті мемлекетінің негізін қалаушы



Дата01.03.2019
өлшемі102.07 Kb.
ҚҰЛАҒУ ХАН ХУЛАГИД ӘУЛЕТІ МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Ахметханова А.Н.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті тарих мамандығының 4 курс студенті, Талдықорған қ.

aijan.a.94@mail.ru

Ғылыми жетекші: т.ғ.к., доцент Буланов Е.О.
ХІІІ ғ. 50-ші жылдарында моңғолдардың батысқа қарай жасаған Иран жорығы жалпы империялық масштабты жорықтардың бірі болды. Бұл жорықтың нәтижесінде моңғол билігіне Батыс Азияның көптеген бөлігі – Хорасан мен Кухистаннан Сирияға дейінгі территория бағындырылды. Бұл жорық ұлы қаған Мөңкенің билігі кезінде жүзеге асырылып, ол өзінің ортаңғы інісі Құбылайды шығысқа Қытайға жіберсе, ал кіші інісі Құлағуға (Hule'u, Hulagu 1217-1265) батыс аймақтарға жорыққа аттанды. Аталған мақалада Құлағу ханның Иран жерін жаулауы және хулагидтер әулеті мемлекетін құруы туралы мәселені ғылыми тұрғыда талдау мақсат етілді.

Құлағу мемлекеті, Ильхандар мемлекеті – Шыңғыс хан империясының ыдырауы нәтижесінде 1256-1353 жылдар аралығында Таяу және Орта Шығыста өмір сүрген мемлекет. Негізін Шыңғыс ханның немересі Құлағу хан қалады. Мемлекет билеушілері Құлағу әулетінен шығып, ильхан, яғни ел, ұлыс ханы атанды [1, 89-96 бб]. Сол сияқты моңғолдардың Иранға жасаған жорығы сол өлкенің халқы үшін үлкен апат болды. Яғни, бұл орасан зор шығын әкелген жаулаушылық жорық еді.

1251 ж. Ұлы құрылтайдың шешіміне сай Құлағу Ираннан батыстағы жерлерді: Иракты, Сирияны, Палестинаны, Мысырды, Рум мен Арменияны бағындыруға тапсырма алып, жорыққа дайындала бастады. XIII ғасырдың 60-жылдарында Армения Алтын Орда хандары мен Құлағулер арасындағы қызу күрестің аренасы болды. 1254 ж. жазда Жетісу, Түркістан арқылы Самарқандқа жеткен ол 1256 ж. исмаил әулетінің соңғы билеушісі Рокнеддин Хуршахты тізе бүктірді. 1258 ж. ақпанда Бағдадты бағындырып, Аббас әулетін жойды [2, 221-226 бб]. 1258 жылы ақпан айында Бағдат қаласын Құлағу басқарған моңғол әскерлері бағындырып, халифтің мұндағы орасан байлығы жаулаушылардың қолына түсіп, халифтің өзі өлім жазасына кесілді. Бағдатты жаулаудың маңыздылығы моңғолдар үшін Жерорта теңізіне шығып, Парсы шығанағынан Сирияға дейінгі маңызды сауда жолдарына бақылауға алуға мүмкіндік алатын еді. Сондықтан Құлағу Бағдатты бағындыруға басты назарын аударған. Моңғолдардың бұдан кейінгі жорықтары ары қарай жалғасын тауып, тек ұлы қаған Мөңкенің қаза болуы мен 1260 жылы Мысыр мәмлүк мемлекетінің күшті қарсылығына тап болған соң ғана жорықты аяқтауға мәжбүр болды. Құлағу кейінгі жылдары Сирияны жаулауға деген ұмтылысының сәтсіздіктерге ұшырағанына қарамастан, қысқа ғана уақыт аралығында Алдыңғы Азияның ұлан-байтақ территориясында моңғолдардың саяси билігінің орнауы мен нығаюын жүзеге асырды. Бағындырылған Иран және Ирак территориясында Құлағу жаңа моңғол әулеттік билігіндегі мемлекеттің негізін қалап, астанасы ретінде алғашында Мерагу, кейіннен Тебриз қаласын белгілеп, мемлекетінің орталығы ретінде Әзірбайжан жерін таңдады. Мемлекет құрамына Армения, Грузия, Әзірбайжан, Кіші Азияның біршама бөлігі, Месопотамия және тағы басқа жерлері кірді.

Иранның көп бөлігін, Армения мен Əзербайжанды, Ирак пен Түркістанды,Грузияны қамтыған ұланғайыр Хулагид мемлекеті құрылды. Моңғолдардың ұлы ханы Құбылайдан Құлағу “илъхан” деген атақ алды. Сол себепті бұл мемлекеттер “Ильхандар” мемлекеті деп те аталды. Оның астанасы Тебриз қаласы болды. ХVІ ғасырдың басында астана Сұлтание қаласына көшірілді.

Моңғол жаулап алушылығынан кейін Иран Құлағу өзінің әскерімен Иран жерінде қалады. Құлағу өз қалауы бойынша осы жерде моңғол ұлысын құрады.

Хулагидттер мемлекетінің өмір сүруін шартты түрде 1258 жылдан бастауға болады. Мемлекеттің шекаралық аумағына тоқталсақ, солтүстіктегі Кавказ жотасы арқылы Алтын Ордамен шекараласты. Закавказьядағы Грузия және ширваншах мемлекеті Құлағу ханның вассалы болды. Қара теңіз жағалауындағы мемлекеттер алым салық төлеп отырды. Батыста Кіші Азия, Рум сұлтанаты сондай-ақ Селжқұтар тәуелді болды. 1243 ж. моңғолдар Кесе-даг маңында селжук əскерін талқандады. Кей-Хосроу ІІ – «моңғолдың ұлы ханына» вассалдығын мойындады. 1307 ж. Рум (Кони) сұлтандығы моңғолдарға бағынышты бірнеше бейлікке бөлініп кетті. Сол бейліктің (округ) бірі – Осман бейлігі 1299 жылдың аяғында құрылған Осман түріктері мемлекетінің ядросы болды [3, 25-58 бб]. Кіші Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан Киликиялық Армян княздығы да Ильхан мемлекетінің вассалы болды. Олар кейіннен Хулагидттердің Египеттік сұлтандармен соғысында негізі тірегі болды. Ефрат өзені арқылы Сириямен шекараласты, оңтүстіктегі шекарасы Парсы шығанағымен шектесті. Оңтүстігіндегі Әмудария өзені арқылы Шағатай ұлысымен көршілес болды. Солтүстігінде Каспий теңізі арқылы Алтын Ордамен шектесіп жатты.

Иран жерін жаулап алған моңғолдар басып алған жерлеріне өз заңдарын кіргізе бастады. Ол Шыңғыс ханның атақты Ясасынан алынды. Олар заңда көшпенді әскердің қатарындағы әскери адамдардың өмірі сол қолбасшының қолында болды. Олар Иран шаруалары тікелей моңғолодардың жер иеленуші феодалдың қолына қарап қалды. Моңғол басшыларының арқасында Тархан деген феодалдың бір түрі пайда болды. Олар ерекше жеңілдікті пайдаланды, Олар он рет қателер жасағанға дейін сот пен жазадан босатылатын болды. Жорықтан түскен түсімді әскери басшымен бөліспейді. Өз иелігіндегі салықтар ешкіммен бөліспейді. Оларға түрік және күрт көшпенділерінің білгірлеріде қосылды. Өйткені олар моңғолдарға көмек көрсетті. Оларға ең негізгі кіріс көзі болды. Сондықтан олар шексіз осғыса беруге қызығушылығы болды. Құлағу мемлекетінде феодалдық жер иеленудің бірнеше түрі болды. Сондай-ақ, Иранның кейбір аудандарында жергілікті феодалдық иеліктер сақталды.

Хулагидттер мемлекетінде жер иелігі 4 бөлікке бөлінді:

1. Диван- Мемлекттік жер;

2. Хассе немесе инджу -әулеттік жер иелігі;

3. Шіркеулік және жеке меншіктік жер иелігі;

4. Икта- сыйға берілетін жер иелігі.

Олардың тұрмыс салты да моңғол халқының тіршілігіндей болды. Яғни олардың үй жайлары туралы Плано Карпини «Моңғолдар тарихы» атты еңбегінің «§ IV. Об их жилищах» деп аталатын бөлімінде былай сипаттама берген: «Ставки у них круглые, изготовленные наподобие палатки и сделанные из прутьев и тонких палок. Наверху же в середине ставки имеется круглое окно, откуда попадает свет, а также для выхода дыма, потому что в середине у них всегда разведен огонь. Стены же и крыши покрыты войлоком, двери сделаны также из войлока. Некоторые ставки велики, а некоторые небольшие, сообразно достоинству и скудости людей. Некоторые быстро разбираются и чинятся и переносятся на вьючных животных, другие не могут разбираться, но перевозятся на повозках. Для меньших при перевезении на повозке достаточно одного быка, для больших – три, четыре или даже больше, сообразно с величиной повозки, и, куда бы они ни шли, на войну ли или в другое место, они всегда перевозят их с собой» [3, 28-36 бб]. (Ескерту: Мағынасы өзгеріп кететіндіктен сілтеме түпнұсқадан аударылмай берілді).

Моңғолдар басып алған кезде феодалдардың және вакфтардың жер бөлігін алды. Кейін осының нәтижесінде Хулагидтер мұсылман діндарларының беделін және Иран азаматтық бюрократияға арқа сүйеп отырып ильхан билігінің бекуіне және ислам дінін қабылдауға қол жеткізуге тырысты. Моңғол жаулап алушылығынан кейін Иранның көп жері жайылымдарға айналып, егіншіліктен гөрі мал шаруашылығы басым бола бастады. Моңғолдар Иранда өздерінің “Ұлы ясы” заңдарын таратты. Ол бойынша Иранда қайтадан құлдар еңбегі едəуір орын алды. Мұның бəрі қолөнерінің құлдырауына себеп болды. Моңғол шапқыншылығына аз ұшыраған батыс жəне оңтүстік Иран қалаларында ерікті қолөнершілер еңбегі өз мəн-маңызын жоғалтқан жоқ. Дегенмен ол қалаларда да қол өнерінің дағдарысы орын алды. Ерікті қолөнершілерді қанаудан түсетін табыс Ильхандар қазынасының едəуір бөлігін құрады. Шығыс Иранның моңғол шапқыншылығынан көп зардап шегуі батыс пен оңтүстіктегі қалалардың рөлін күшейтті. Исфахан, Иезд, Шираз қалаларының маңызы артты. Құлағулік Иранның сыртқы саудасында, əсіресе парсы шығанағындағы Хормуз портының маңызы артты. Бұл порт арқылы Үндістанға Ираннан жылқы апарып сатса, ал Үндістаннан индиго, лак, мата əкелетін [4,98-102 бб].

Әр округтің жеке соғыс тактикасы болды. Мемлекеттің әскери құрылысында ереше жеке гвардия болды. Ол гвардия Кешіктен деп аталды. Бұл гвардияға ақсүйек тұқымынан шыққан жасөспірімдер кірді. Олар ильханның жеке қарамғында болды. Сондай-ақ әскер құрамында «мыңқолдар» болды. Жаулаушылық жорықтарда бұл топ алдыңғы қатарда болды. Моңғолдар әр жыл сайын құрылтай шақырылып тұратын. Әскер ескі дәстүр бойынша ондықтар, жүздіктер, мыңдықтар және түмендерге бөлінді. Мыңдықтар мен түмендер түрік-моңғол тайпаларынан, әмірлерден құралды. Әрқайсысы бөлек өз ішінен түмендік /оң мың/, мыңдық, жүздік жəне ондықтарға бөлінді. Егер бір жауынгер соғыс даласынан қашса, онда бұл үшін бүкіл ондық өлтірілді, яғни əскер тəртібі өте қатал болды. Əскер басында нояндар, баһадүрлер, мергендер болды. Əскерлердің көпшілігін сансыз көп, əрі шапшаң қозғалатын атты əскер отрядтары құрады. Нөкерлер текті тұқымдардан таңдап алынды. Нөкерлер жер, шаруалар алды. Бұл үлестер еуропалық бенефицидің баламасы болды. Моңғолша бұл үлес «хуби» деп аталды. Қарапайым халық «харачу» деп аталды. Нөкер ноянға адалдығы жөнінде ант-су ішіп, ауызша уəде беретін.

Хулагидтер мемлекетінің құрамындағы Грузия, Рум, Фарс, Керман, Йезде, Херате, Ауғаныстан династиялары моңғолдардың басшылығымен өз иеліктерін басқарды. Тұрмыс –тіршілігі, мәдениеті, экономикасы, тілі, діні әртүрлі халықтарды басқару үшін моңғол билігіне бірінші кезекте, орталықтандырылған салық жүйесі керек еді.Құлағу мемлекетін түркі-моңғол ақсүйектері басқарғанымен, мемлекеттік аппарат парсы шенуніктерінен құралды. Моңғолдар оларға байырғы ирандықтарды тартуға мәжбүр болды [5, 65-66 бб]. Құлағу осы мақсатта, везир Шамс-ад-дин Мухаммед Джувейниді елдің кіріс мен шығысын есептеуге жұмысқа алды. Моңғол билігі кезінде мұсылмандар-сейттер, улемдер, шейхтер- өздерінің экономикалық күшін сақтап тұрды. Вакфтық жер иелігі өз күшінде болды (вакфтық жер иелігі дегеніміз діни қызметкерлерге берілетін жер үлесі).Жер иеліктері моңғол және түрік тердің басқаруы бойынша бөлінді. Этникалық құрамының өзгешелігіне байланысты, әртүрлі мәдениетіне орай феодалдық жер иелігінің негізі 4 түрі болды.

Моңғолдардың негізгі бөлігі шамандар болды. Олар ата-баба аруақтарына, шексіз көк аспанға сондай-ақ, киелі жерге сиынды. Моңғолдар жебеуші күштер, шамандар жамандықтардан қорғайды деп білді. Ал бірақ моңғолдарың құрамындағы наймандар, керейттер будда дінін және христиан дініндегі несториандық бағытты ұстанды. Құлағу өзі шаман болды. Ал әйелі және ақылшысы, керейіт тайпасынан шыққан Докуз-хатун христиан дінінде болды. Құлағудың он төрт ұлы, сегіз қызы болған деген жорамал бар.

Сондай-ақ, Құлағу архитектуралық құрылыс жүесімен айналысты.ХІІІ-ХV ғасырлардағы архитектура ескерткіштерінен Хама-дандағы Гумбади Алавийан кесенесін, Сұлтаниедегі Олжайту-хан мешіт кешенінің (ХІV ғ.), Вераминдегі (ХІV ғ.), Мешхедтегі (ХV ғ.) мешіттерді, Гераттағы Намазгах (ХV ғ.) мешітін атап өтуге бо-лады. Олардың бəрі түрлі-түсті ою-өрнектермен əсем безендірілді. Гератта ХV ғасырда суретші-миниатюристер мектебі қалыптасып, оның атағы Еуропа, Азия елдеріне жайылды. Бұл мектептің талант-ты шеберлерінің бірі Бекзат болды. Аладагедегі сарай, Хойедегі –буддалық храм, Хабушанедегі -жарханэ сарайы Құлағу басшылығымен салынған. 1259 жылы математики астроном Насир-ад-дина Туси басшылығымен, Құлағудың қолдауымен Марага қаласында обсерватория салынды. Құлағу хан өзінің сарайында астрологтарды, алхимик, математик, философтарды жинады. ораге қаласында атақты математик, астроном, дəрігер əрі ақын Насреддин Туси (1201-1272 жж.) өте бай кітапхана, үлкен аурухана жəне обсерватория ашты. Насир-ад-дина Туси өз заманындағы атақты ғалым болды, оның еңбектері математика, астрология және басқа ғылым саласында белгілі. Оның әйгілі "аз-Зидж ал-ильхани" деп аталатын астрономиялық таблицасы Таяу Шығыс елдеріне тараған.

Құлағу ханның өлімінен кейін таққа оның ұлы Абага (1265-1282 жж.) отырды. Абага хан 1234 жылы ақпан-наурыз айларының аралығында Моңғолияда, Йисунджин-хатуннан дүниеге келген. Ең алғаш рет парсы жеріне 1256 жылы әкесі Құлағудың Алдыңғы Азияға жаулаушылық жорығы кезінде келген. Ол әкесінің өлімінен кейін таққа отырады. 1265 жылы Абага хан император Михаил VIII Палеологтың қызы Мария Деспинидің қолын алады. Абага ханның көптеген әйелдері мен күңдері болды. Құлағу хан қайтыс болғаннан кейін оның әйелдерінің бірі Олджей- хатун мен Тукитай-хатунды алады. Абага ханның екі ұлы болды. Каймиш-хатуннан дүниеге келген Аргун хан, екіншісі Нукдан-хатуннан Гей-хату-хан болды. Кейіннен екеуіде ел басқару ісіне араласып, әділ ильхан бола білді. Сондай-ақ Абагадың жеті қызы болды.

Абага таққа отырған соң ішкі саясатта өзінің билігін нығайту үшін және кейбір туындаған ішкі мәселелерге байланысты жауластықты дипломатиялық жолға ауыстыруға шешім қабылдады. Алтын Орда билеушісі екіжақты достық қатынастың белгісі ретінде Тебризде жаңа мешіт пен бірнеше тоқыма фабрикаларын салуға өтініш білдірді. [1, 18-25 бб]. Абага өзі ішімдікке жақын болды. Оның соңғы ауруы ішімдіктен болған. 1282 жылы 1-сәуірде қайтыс болады. Оның орнына бауыры Текудер (1282-1284 жж.) отырды.

Құлағулер билігі кезінде Тебриз қаласы дамып гүлдене түсті.Тебриз қаласы мемлекеттің негізгі астанасы болды. Жазғы ордасы – Аладаг және Си-яхкух қалалары, қысқы ордалары – Арран мен Бағдад қалалары болды.Ильхандардың алғашқы астанасы болған бұл қаланың колөнершілері жасаған бұйымдар, тоқыған маталар кеңінен белгілі болды. Қала сауда керуені жолындағы маңызды қойма пунктінің рөлін атқарды. Кейінірек мұндай маңызды рөлге Құлағулердің екінші астанасы – Сұлтаниеге ие болды. Оның негізін Арғын хан (1284-1291 жж.) қалаған болатын. Қала негізінен 1305 жылы салынды.

1282 жылы Абага қайтыс болып, оның орнына бауыры ислам дінін қабылдап, мұсылманша Ахмад есімін иемденген Тохудар (1282-1284 жж.) таққа отырды. Берке хан билігі кезінде «кәпірлерге қарсы қасиетті соғыс» деген ұранмен соғыстың себебі діни реттелу нәтижесінде тыныштық орнауы тиіс деп күткенімен, ислам дінінің Алтын Орда да, Құлағулық Иранда да толық таралмауына байланысты екі мемлекет арасындағы жауластық оты қайта тұтанды. Сондай-ақ, Мысыр сұлтаны Құлағулық Иран билеушісі Ахмадтың ислам дінін қабылдауын аса қуанышпен қабылдамады. Мысыр мәмлүк сұлтаны 102 Иран елшілерін Ахмадтың қайтыс болуына дейін кепілдікте ұстап отырған [6, 64 б]. Ал кейінгі тарихи оқиғалар барысы көрсеткендей, Мысыр сұлтаны тіпті ислам дінін қабылдамаған Алтын Орда билеушісі Тоқта ханмен одақтастығын жалғастырып, ислам дінін қабылдаған Иран билеушісі Қазан-ханға қарсы жауластықта болған. Мұның барлығы Құлағулық Иранға қарсы Алтын Орда және оның одақтасы Мысыр мемлекетінің соғысқа шығуына діннің аса маңызды рөл атқармағанын көрсетеді [6, 63 б].

ХІІІ ғ. 50-жылдарына қарай Құлағулық Иран мемлекеті бірқатар шағын иеліктерге ыдырап кетті. Хорасанда шығу тегі арабтық парсы әмірлерінің династиясы – Музаффаридтер билік етіп, өз кезегінде олар Құлағу әулетімен туыстық байланысты орнатып үлгерді. Қорыта айтқанда, Құлағу мемлекеті немесе ильхандар мемлекеті өз заманындағы ірі державалардың бірі болды және ортағасырлар тарихында өзіндік орын алды.
ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Беделова Г.С. XIII ғ. Еуропа мен Азия байланыстары (Марко Поло мәліметтері бойынша): тарих ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 2005. – 136 б.

2. Өтеміс қажы. Шыңғыс-наме / Факсимеле, транскрипциясы, мәтіннамалық ескертулер, зерттеу мақалалар В.П. Юдиндікі. Алғы сөзін жазған, түсіндірмелері мен көрсеткіштерін жасаған М.Қ. Әбусейітова. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 400 б.

3. Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Гильома де Рубрука. – Алматы: Ғылым, 1993. – 248 б.

4. Лубсанданзан. Ежелгі хандар негізін салған төрелік жосығының туындыларын құрастырып, түйіндеген Алтын тобчы (Алтын түйін) демек-дүр. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 364 б.

5. Моңғолдың құпия шежіресі // Көне моңғол тіліндегі түпнұсқалық транскрипциясын, ғылыми-мағыналық аудармасы мен түсіндірмелерін, көрсеткіштерін жасаған Н. Базылхан. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 400 б.



6. Закиров С. Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом. – М.: Наука, 1966. – 160 б.
Каталог: uploads -> files -> 2016-04
2016-04 -> ТалдықОРҒан қаласы бойынша жартылай дайын ет өнімдерінің сапасын анықтау
2016-04 -> ТҰТЫҚпаны түзету әдістері ерғалиева Гүлім Бексұлтанқызы
2016-04 -> Азаматтық ҚҰҚЫҚ Қатынастардағы заңды тұЛҒалар түсінігі имангалиев Самат Сайлаубекович
2016-04 -> РӨлдік ұстанымдардағы бейвербалды қарым қатынастың ерекшеліктері г.Ү. Түйебаева
2016-04 -> Символдың табиғаты ашимова Малика Гениевна
2016-04 -> Желтоқсан оқИҒасына қатысқан жастардың ерлік мұрасы арқылы жасөспірімдерге патриоттық ТӘрбие беру боранбай Қуат
2016-04 -> Стресске төзімділік психологиялық саулықТЫҢ кепілі б. Е. Күребай
2016-04 -> Балқаш ойысындағы рай көлінің емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы алатын орыны
2016-04 -> Тері ауруларына қолданатын негізгі дәрілік өсімдіктердің ТҮр ерекшеліктерін, химиялық ҚҰрамын зерттеу. Б. Б. Мұхамедярова


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет