Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет1/13
Дата31.12.2016
өлшемі2.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

emblem

ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» жанындағы техникалық және кәсіби білім беру колледжі ШЖҚ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

044 -50/18К

160 беттің -беті
«Тіршілік қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу



ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті
Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ НЕГІЗДЕРІ пӘні бойынша

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Мамандығы: 0302000 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 0302033 «Жалпы практикадағы медбике»

Курсы: ІІІ

Семестрі: V

Тақырыбы: Модуль 5. Өмірге қауіп төндіретін кейбір жағдайлар

(ТЖ кезінде жиі кездесетін) және осындай жағдайларда

медициналық көмек көрсетудің стандарты
(жалпы сағат саны: 24сағ;тәжірибе- 20 сағ)

Шымкент 2014ж

Әдістемелік өңдеу акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді.
Хаттама № __ «__» _______ 2014 ж.
«Бекітемін»

Акушерия және гинекология курсымен

АМСЖ кафедра меңгерушісі

м.ғ.к., доцент ________________________ Югай Н.В.


Құрастырған: оқытушы, магистр Турманова Ж.О.

Сабақтың тақырыбы:Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру (сағат саны: 6сағ -270мин; тәжірибе 4сағ-180мин)

1 Сабақ:Радиациялық қауіпсіздіктің мөлшері



1. Сағат саны:45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:сәулелену туралы ұғым мен радиациялық қауіпсіздіктің мөлшерін анықтай білу;

  • тәрбиелік: адам ағзасына радиациялық қауіпсіздігінің мөлшерін анықтауға баулу;

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі:түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас,бақылау жұмысы

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер,суреттер,кеспе қағаздары

б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.



7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Сәулелену туралы түсінік

2. Доза дегеніміз не?

3. Сіңірілген доза

4. Эквивалентті доза

5. Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және дәл берілітін деңгейі

6. АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы

9. Жаңа сабақты түсіндіру:7 мин (20%)

10.Ақпараттық материалмен жұмыс
Сәулелену дозасы туралы түсінік

Иондаушы сәулеленулер тірі организммен ықпалдасқан кезде олар энергиясын ұлпаларға көп берген сайын зақымдану да арта түседі. Организмге берілген энергия мөлшері доза деп аталады. Организм сәулелену дозасын кез-келген радионуклидтен немесе радионуклид қоспаларынан алуы мүмкін. Бұл жағдайда сәулелену көзіне организмнен тысқары немесе тамақпен, сумен, ауамен келуі нәтижесінде оның ішінде болуы мүмкін. Сәулеленудің накты жағдайына байланысты бірінші кезекке дозаның әртүрлі түрлері шығады, олар сәулелену учаскесі көлемінің қандай екендігін, оның қайда орналасқандығын, бір адамның немесе адамдар тобының сәуле алғандығын және бұның қай уакытта болғандығын ескере отырып, әрқалай есептейді.

Сәулеге ұшыраған дененің (организмнің) массасының сіңірілген бірлігінін сәулелену энергиясының мөлшері сіңірілген доза деп аталады. Алайда бұл мелшері сіңірілген дозаның бірдейлігі кезіңде альфа сәулеленудің бета жэне гамма сәулеленуден едәуір қауіпті екендігін ескерілмейді. Сондықтан дозаның келесі түрі эквивалентті доза болып табылады, ол сәулеленудің осы түрінің организм ұлпасын зақымдау қабілетін көрсететін коэффициентке көбейтілген, сіңірілген доза мөлшеріне тең: 1рад хк =1бэр, 1 Грхк = 1 Зв(зиверт). Алайда, эквивалентті доза әртүрлі ұлпалардың әртүрлі сезетіндігін ескермейді. Дененің бұл мүшесі басқасына қарағанда анағұрлым сезімтал: мысалы, сәулеленудің бірынғай эквивалентті дозасында қатерлі ісік қалқанша безге қарағанда өкпеде жылдамырақ пайда болады, ал жыныс бездерінің сәулеленуі генетикалық зақымдану салдарынан аса қауіпті. Сондықтан әртүрлі ұлпалар мен органдар үшін тиісті коэффициенттер енгізіледі. Эквивалентті дозаларды осы коэффшиенттерге көбейтіп және барлық ұлпалар мен органдар бойынша қосып, организмүшін сәулеленудің жиынтық әсерін көрсететін тиімді эквивалентті дозаныаламыз.

Осы үш түсінік (сіңірілген доза, эквивалентті доза және тиімдіэквивалентті доза) тек жеке алынған дозаны көрсетеді. Егер адамдар тобыалған тиімді эквивалентті дозаны қосатын болсақ, ұжымдық тиімдіэквивалентті дозаны аламыз. Ұжымдық доза көлемінің өзгерісі бүкілхайуанаттардың немесе сол аумақта тұратын халықтың денсаулығына аса қатты әсер етеді.

СИ Халықаралық бірлік жүйесінде дозалық бірліктердің өлшемі (СИ) ГРЕЙ (Гр). Сіңірілген дозаны бағалау үшін, сондай-ақ РАД=0,04 1/кг; 1Гр= 100 Рад жүйесінен тыс бірлігі пайдаланылады. Грей белгілі бір физикалық дене массасының сіңірілген бірлігінің иондаушы сәулелену энергиясыныңсанын білдіреді.

Сіңірілген доза қуаттылығын бір секундтағы (р/с) рентген үлесі бірліктерімен өлшеу кеңінен жайылған, бір секундтағы милирентген (мр/ р), бір секундтағы микрорентген (мкр/с), бір сағаттағы микрорентген (мкр/ с). Бұл бірліктреде (мкр/с) әдетте тұрмыстық дозиметрдің ақпараты беріледі.


Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және дәл берілітін деңгейі
Сәулеге ұшыраған адамдардың мынадай санаттары белгіленеді:

А санаты - қызметкерлер (иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтіндер);

В санаты - облыстардың, республиканың халқы.

Органдардың үш тобы белгіленеді:



І топ- бүкіл дене, бас және қызыл (сүйек) миы.

ІІ топ_- бұлшық ет, қалқанша без, майлы ұлпа, бүйрек, көкбауыр, асқазан-ішек жолдары, көз бұршағы, көз және өкпе.



ІІІ топ - тері жамылғысы, сүйек ұлпасы, саусақтың ұшы, білек, сирак пен табан.

Сәулеге ұшырағандардың әрбір санаты үшін сыныптардың екі нормативі белгіленеді:

- негізгі дозалық шек;

- негізгі дозалық шекке сәйкес келетін жол берілетін деңгей.

Негізгі дозалық шек ретінде А санаты органдар тобына байланысты күнтізбелік жыл үшін шекті жол берілетін доза (ШЖД), ал В санаты үшін доза шегі (ДШ) белгіленеді.

Органдардағы жеке ең жоғары норматив эквивалентті негізгі доза үшін белгіленеді.


Дозалық шектер таблицасы


Жиынтық сыртқы және ішкі сәулеленудің дозалық шектері, күнтізбелік жыл ішіндегі бэр

Қауіпті органдар тобы

І

ІІ

ІІ

А санаты үшін шекті жол берілетін доза (ШЖД)

5

15

30

В санаты үшін доза шегі (ДШ)

0,5

1,5

3

Үстіңгі беттің ластануының жол берілетін деңгейі


Ластану объектілері

белсенді нуклидтер

белсенді нуклидтер

жекелері

басқалары

Тері жамылғысы, ЖҚҚ бет, үстіңгі бет

1

1

100

Арнайы киім, қосымша ЖҚҚ ішкі, үстіңгі беті

5

20

800

Адамдар тұрақты келетін ғимараттардың және сонда тұратын ғимараттардың үстіңгі беті

5

20

200

Адамдар уақыт аралығында келетін ғимараттар және онда тұратын ғимараттардың үстіңгі беті

50

200

8000


АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы

Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылды. Радиоактивті заттардың ядролық-энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады.

Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді:

Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге ұшырауы мүмкін).

Жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі).

Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағының шекарасына таралады).


АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердің радиациялық ластану аймағының сипаттамасы


Аймақтардың атауы

Авариядан кейінгі бірінші жылдағы сәулелену дозасы

Авариядан кейін бір сағаттан кейін сәулелену дозасының қуаты

сыртқы шекара

ішкі шекара

орта шекара

сыртқы шекара

ішкі шекара

Баяу ластану

50 рад

500 рад

160 рад

140 рад/сағ

1400 мрад/сағ

Күшті ластану

500 рад

1500 рад

866 рад

1,4 мрад/сағ

4,2 рад/сағ

Қауіпті ластану

1500 рад

5000 рад

2740 мрад/сағ

4,2 мрад/сағ

14 рад/сағ


11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Бақылау жұмысы:



І нұсқа

1. Сәулелену туралы түсінік

2. Доза дегеніміз не?

3. Сіңірілген доза

4. АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы
ІІ нұсқа

1. Эквивалентті доза

2. Ұжымдық эквивалентті доза дегеніміз не?

3. Сәулеленудің негізгі дозалық шектері және дәл берілітін деңгейі

4. АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма беру. Сәулеленудің экспозициялық, сіңірілген балама мөлшері Қ 11, 33-38 беттер 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері. Жіті сәулелік ауру (сағат саны: 6сағ -270мин; тәжірибе 4сағ-180мин)

2 Сабақ:Сәулеленудің экспозициялық, сіңірілген балама мөлшері



1. Сағат саны: 45 мин (100%)

2. Сабақ түрі: тәжірибелік

3. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:

- Эквиваленттік (балама) дозаның бірлік өлшемі туралы түсінік қалыптастыру;

-Экспозициялықдозаны анықтаудың негізін ұғыну.

  • тәрбиелік: Иондаушы сәулелердің өлшем бірліктері және көлемдерін ажырата алу.

  • дамыту: топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі:түсіндіру, оқып-үйрену, жаттығу, пікірталас, тест тапсырмаларын шешу

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер,мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация,кестелер,суреттер,кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.


Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама. 3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11.А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.


7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дозиметрия туралы түсінік

2. Эквиваленттік (балама) дозаның бірлік өлшемі

3. Иондаушы сәулелердің өлшем бірліктері және көлемдері

4. Экспозициялық доза

5. Радиациялық көлемдер және өлшем бірліктер негізі

6. Интегральды доза

7. Эквивалентті доза

8. Иондаушы сәулеленудің дозиметриялық негіздері

9. Жаңа сабақты түсіндіру:7 мин (20%)

10.Ақпараттық материалмен жұмыс
Иондаушы сәулеленудің дозиметриялық негіздері
Радиация сәулесінің бір сәттегі мөлшері - доза делінеді. Дозиметрия физикасы әртүрлі сәулелерден биологиялық салдарын рентген және гамма сәулелерімен салыстырады. Дозиметриядеп -иондандырушы сәулелердің заттарға жасайтын әсерлерінің мөлшері және оларды өлшейтін әдістер мен аспабтарды зерттейтін ядролық физиканың өлшем техникасының бөлімдері аталады.

Дозиметрияның тарихы, ол рентген сәулелерінің адамға ықпалын өлшеудің қажеттілігінен басталады. Иондандырушы сәулелер заттардың (денелердің) құрылымдағы бөлшектерменбайланысқа түскен кезде ғана олар әсер ете алады. Иондандырушы сәулелердің сан көлемі олардың пайда болу тиегіне қарамастан сәулеленген заттардың элементтеріне берілген энергияның олардың массасына (салмағына) қатынасы ретінде анықталады. Осы көрсеткішті сіңіріп алынған сәуленің мөлшері деп аталады. Мөлшердің өзі өте күрделі түрде иондандырушы сәулелердің түрімен, оның бөлшектерінің энергиясы мен қабылдайтын заттардың құрылымымен және сәулелендіру уақыты мен мерзімімен байланысты 1 рентген дегеніміз рентгендік немесе гамма сәулелерінің экспозициялық(белгіленген арақашықтығында) мынадай мөлшер көлемі ауа қысымының 760 мм сынап бағанасына тең, температурасы 0 градус 1 текше сантиметр көлемдегі салмағы 0,001293 грамм құрғақ ауада 2080 млн иондар жұбы пайда болады.



Эквиваленттік (балама) дозаның бірлік өлшемі болып БЭР(биологиялық эквивалентті рентген) саналады. Оның биологиялық мағынасын анықтау үшін эквиваленттік мөлшердің арнаулы бірлік өлшемі-зиверт (Зв). Ал БЭР дегеніміз-рентгеннің биологиялық эквиваленті.

Иондаушы сәулелерді клиникалық практикада қолдану, дәрігер радиологтан олардың қасиеттерін және затпен әсерлесу кезеңін терең білудіталап етеді. Сәулелі емдеуде клиникалық дозиметрия өте маңызды орын алады, ол арқылы сәулелі емдеудің әртүрлі әдістері негізделеді және биологиялық тиімділікті ескере отырып, емдеудің қолайлы жағдайы жасалады.

Өз кезегінде клиникалық дозиметрия иондаушы сәуленің дозиметриясына негізделеді. Қолданбалы ядролық физика тарауларында сәулелердің қасиеттері, физикалық өлшемдері қарастырылады, ал оның әсері ортаның иондаушы сәулемен және аталған өлшемдердің әдістерімен құралдарының өлшемдерін сипаттайды.

Сәулемен емдеу - бірқатар физикалық және техникалық пәндер-мен тығыз байланысты және күрделі медициналық мамандық. 1-ші кестеде технологиялық дайындық кезеңдері, сәулемен емделу жоспары мен жүргізілуі көрсетілген: науқасты сәулемен емдеуге топометриялық дайындау және дозиметриялық жоспарлау, қондырғыларды дайындау, сәулемен емдеуді жүргізу және сәулеленудің дозиметриялық бақылауы. Кестеде (тізбеде) медициналық қызметкерлер (біркелкі сызық) орындайтын кезең және физико-техникалық қызметкерлер (пунктирлі сызық) қатысатын немесе орындайтын кезеңдер көрсетілген. Кестеде көрсетілгендей, қазіргі кезеңдегі сәуле

мен емдеуді жүргізу тәжірибелі инженерлер және физиктердің қатысуынсыз мүмкін емес. Соңғы кезде ғылымның жаңа бағыты қалыптаса бастады. Клиникалық дозиметрия - ол медициналық физиканың заңдылықтарымен негізделіп, сәулемен емдеу тесілдерін анықтайды. Клиникалық дозиметрия - бұл радиациялық физиканың медициналық бөлімі. Оның қалыптасуы физикалық және радиобиологиялық негіздердің дамуымен, сәулеленудің жаңа әдістері мен техникалық құрылымдардың жетілуімен (радиациялық техника, сәулелену физикасы, сәулеленудің затпен қарым-қатынасы, дозиметрия, метрология, радиобиология, анатомия, теориялық және клиникалық онкология туралы мәліметтер) тығыз байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет