Козбахова карлыгаш каирбековна



Дата07.11.2017
өлшемі316.24 Kb.
ӘОЖ 303.43:338.24:622.691.6:622.69 Қолжазба құқығында
КОЗБАХОВА КАРЛЫГАШ КАИРБЕКОВНА
Мұнай – газ саласы кәсіпорындарындағы стратегиялық контроллингті жетілдіру

(Қызылорда облысы мәліметтері негізінде)

6 М050600 – Экономика мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Рефераты

Кызылорда, 2013


Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалды



Ғылыми жетекші экономика ғылымдарының кандидаты

А.Қазыбайқызы
Ресми оппонент экономика ғылымдарының кандидаты

К.С.Сапаралиева







Диссертацияны қорғау 2013 ж. ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке би к-сі, 29А. ( бас оқу ғимараты, Экономика факультеті, № 308 дәрісхана)

Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ., Байсеитова к-сі, 100.)



КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мұнай-газ саласы еліміздің және оның жекелеген өңірлерінің дамуына маңызды әлеуметтік-эконикалық әсер келтіреді, шын мәнінде мемлекеттің бүкіл экономикасы үшін алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқада салаларының дамуына ықпал етеді. Өңір мен бүкіл мемлекет ауқымындағы анағұрлым маңызды әлеуметтік бағдарламалардың іске асуы мұнай-газ кешені кәсіпорындарының жұмысына байланысты.

Мұнай-газ саласының серпінді дамуы Қазақстанның бүкіл экономикасы үшін өте маңызды. Бүгінгі таңда мұнай-газ саласы Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымында айқындаушы роль атқарады.

Стратегия – ұйымның болашақтағы даму бағыттарын, сонымен бірге сыртқы орта өзгерісі жағдайында оның қызмет етуінің әдістері мен тәсілдерін анықтайтын басқарушылық шешім жүйесі. Басқарудағы стратегиялық әдістер оның орындалуын ұзақ мерзімді перспектива бойынша ұйым қызметі мен нарық талаптарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуден тұрады.

Қазақстанның тұрақты экономика жағдайында басқаруда жаңа әдістерді қажет етеді: бірінші кезекте тиімділіктің экономикалық және нарықтық критерийлары, икемділікке деген талаптарда жоғарлауда. Ғылыми-техникалық прогресс және сыртқы ортаның динамикасы кәсіпорындарды күрделі жүйеге айналуға мәжбүрлейді, ал олар басқаруда жаңа әдістерді керек етеді. Осы жерден кәсіпорынның тиімді қызметі қаржыны, қызметкерлерді, өнімді сату мен сатып алуды және өндіріс процесін басқаруды біріктіретін біртұтас күрделі жүйе - контроллинг негізінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Контроллинг бизнестің негізгі мақсаттарына (өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру, өндіріс көлемін ұлғайту, нарықта жетекші орынға ие болу және өз бәсекелестерін жеңу) жету құралдары ретінде қарастырыла бастады.

Контроллинг – кәсіпорын және оның құрылымдық бөлімшелерінің ұзақ уақыт қызмет етуін қамтамасыз ету үшін болашақты басқару болып табылады.

Кәсіпорында контроллингті дамыту мұнай газ кәсіпорындарында капиталдың шоғырлануы, ақша ресурстарының мақсатты пайдалануын тиімді бақылауды қалыптастыру, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, сонымен бірге залалды факторын жеңу мақсатында кәсіпорын ресурстарын орталықтандырып басқару үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Контроллинг теориясы мен тәжірибесінің, соның ішінде стратегиялық контроллингтің дамуы оның келесі даму кезеңін ашуға мүмкіндік береді.

Осылайша, стратегиялық контроллингтің ерекшелігі оның болашаққа бағытталуы, нәтижеге жетуге жағдай жасайтын факторларды талдау негізінде кәсіпорынның ары қарай даму жолдарын іздеу болып табылады.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып заманауи кәсіпорындарда контроллинг деп аталатын жаңа бағыттың пайда болуының негізгі себептері мыналар: ішкі және сыртқы факторлардың тұрақсыздығы кәсіпорынды басқару жүйесінде жаңа талаптарды қояды, кәсіпорынның сенімді жұмыс істеуі үшін жаңа өте икемді басқару жүйесін іздеу, ұйымда ақпаратпен қамтамасыз етуді маңызды өзгерту.

Кәсіпорынның табысты қызмет етуі үшін бақылау үдерісін жай ғана ұйымдастыру жеткіліксіз, тиімді контроллинг жүйесін құру және енгізу қажет.

Осы орайда мұнай – газ саласы кәсіпорындарына стратегиялық контроллинг жүйесін, экономикалық тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен пайымдауларды ғылыми негіздеудің маңызы арта түседі. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындап, оның ғылыми – тәжірибелік құндылығын көрсетеді.



Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің стратегиялық контроллинг мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.

Контроллингтің теориялық негіздері бойынша арнайы ғылыми зерттеу жүргізген шетелдік және ресейлік ғалымдардың ішінде, әсіресе А.Беккер, Ю.Вебер, Е.Гютенберг, А.Гидденс, Х.Кюппер, Т.Манн, Э.Майэр, Т.Райхман, П.Фридман, Д.Хан, П.Хорват, Д.Шнайдер, И.Ансофф, Т.Модиц, Д.Гарнер, С.Д. Ильенкова, Н.Г.Данилочкина, А.М.Карминский, Н.И.Оленев, А.Г.Примак, С.Г.Фалько еңбектерін атап өтуге болады.

Отандық экономика ғылымында кәсіпорынды тиімді басқару мәселелері және контроллинг жөнінен ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдар:
К.Б.Бердалиев, С.Д.Ташенова, Б.К.Баишев, М.К.Мельдаханова, С.Ы.Өмірзақов, С.А.Алпысбаев, А.К. Кошанов, Э.А.Туркебаев, Л.Ф. Сухова, Г.Е.Жунисбекова, Қ.Р.Ерғалиев және т.б ғалымдар.

Дегенмен, біздің ойымызша, отандық экономикалық зеттеулерде көптеген ғалымдар контроллинг туралы толық емес пікірде, олар көбінесе басқару тиімділігін арттыру сұрақтарын шешуде құрал ретінде қарастырады, яғни жаңа үлгі енгізу мәселесі жеткілікті зерттелмейді. Экономикалық әдебиет көздерінде кәсіпорынның қызметіндегі стратегиялық контроллингтің теориясы мен тәжірибесі, сондай-ақ мұнай - газ саласы кәсіпорындарында контроллингті қолдану қажеттілігі жете қарастырылмаған.

Аталған мәселенің өзектілігі және оның отандық ғылымда жеткіліксіз зерттелуі диссертациялық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, құрылымын анықтайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты – мұнай – газ саласы кәсіпорындарының қызметінде стратегиялық контроллингті жетілдіруге байланысты ғылыми - теориялық негізделген ұсыныстар дайындау болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылды:

- кәсіпорынды басқаруда контроллингтің теориялық тұжырымдамасын айқындау;

- кәсіпорында контроллинг жүйесінің қызметтері мен міндеттерін зерттеу;

- мұнай – газ саласы кәсіпорында стратегиялық контроллингті бағыттары мен әдістерін анықтау;

- мұнай – газ саласы кәсіпорында басқару қызметінің тиімділігн бағалау;

- кәсіпорында стратегиялық контроллинг жүйесін оңтайландыру жолдарын ұсыну.

Зерттеу объектісі ретінде Қызылорда облысының мұнай – газ саласы кәсіпорыны алынды.

Зерттеу пәні мұнай газ саласы кәсіпорындарының қызметінде стратегиялық контроллингті енгізу процесіндегі ұйымдастыру – экономикалық қатынастар.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізін кәсіпорындардың басқару қызметіне контроллингтік жүйені енгізу және жетілдіру мәселелері жөніндегі отандық және шетелдік экономист - ғалымдардың ғылыми еңбектері, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, мемлекеттің даму стратегиялары мен бағдарламалары құрайды.

Зерттеу жұмысы үшін бастапқы материал ретінде мұнай – газ саласы кәсіпорындарының жылдық есеп мәліметтері, Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің материалдары қолданылды.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы

- кәсіпорынның стратегиялық контроллингінің теориялық негіздері қаралып оның стратегиялық менеджментпен байланысы және ерекшелігі зерттелген;

- кәсіпорынның сыртқы ортасының белгісіздік жағдайында стратегиялық контроллингтің атқаратын қызметінің мәні мен мазмұны анықталды;

- кәсіпорында стратегиялық контроллинг жүйесін құрудың ұйымдастырушылық – әдістемелік негіздері және енгізу фазалары айқындалды;

- кәсіпорында стратегиялық контроллинг жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары ұсынылды.



Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:

- кәсіпорынның басқару жүйесінде контроллингтің ролін нақтылап авторлық тұрғыда анықтама берілген;

- кәсіпорында стратегиялық контроллингтің қалыптасу кезеңдері және оның қызмет етуінің тиімділігі бағаланған;

- кәсіпорында контроллинг жүйесін құруға ықпал ететін факторлар айқындалған;

- кәсіпорынның стратегиялық дамуында стратегиялық жоспарды реттеудің тиімді моделі ұсынылды.



Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік мәні. Диссертацияда алынған ғылыми нәтижелер стратегиялық контроллингтің жекелеген әдістерін, оның ішінде сыртқы орта мен кәсіпорынның ішкі ортасының өзгерістеріне байланысты стратегия жасау әдістемесін, стратегиялық мақсаттарға жету және оларды үнемі түзету мүмкіндіктерін кеңірек қолдануға мүмкіндік береді. Зерттеудегі қорытындылар, нәтижелер, қазіргі экономиканың даму жағдайындағы мәселелерді тиімді шешуге әсер етеді.

Диссертацияның нәтижелерін жоғарғы оқу орындарында «Контроллинг», «Шығындарды басқару» курстарынан дәріс беруде және оқу – әдістемелік кешендерін жасақтауда пайдалануға болады.



Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеу жұмысының теориялық қағидалары, қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалған. Диссертация тақырыбы бойынша жалпы көлемі 1,0 шартты баспа табақ 2 ғылыми мақала жарияланды.

Сонымен бірге, ғылыми-зерттеу нәтижелері «Бозенгенгаз» ЖШС – нің есептік баяндамаларында және іс-шаралар жоспарын жасақтауда пайдаланылды.



Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Кәсіпорын қызметін басқаруда стратегиялық контроллингті қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері. Басқарудың мәні оның іс жүзінде атқарылатын салаларын қарастырмай ашу, мүмкін емес. Осыған орай объективті үш саланы ажыратқан жөн: өлі табиғаттағы басқару; биологиялық жүйелердегі басқару; адам қоғамындағы басқару (әлеуметтік басқару).

Әлеуметтік басқарудың екі түрін ажыратады:

1) басқаруды әр адам еңбегінің элементі (бөлшегі) ретінде қарау;

2) басқаруды адамдардың өзара қарым-қатынасы элементі ретінде қарау.

Нарықтық экономика жағдайында басқарудың басты объектісі – кәсіпорын болып табылады. Дәстүр бойынша басқарудың мәселелері ірі кәсіпорындарда зерттеледі, сондықтан бизнесс-менеджмент туралы айтқанда, ең алдымен ірі корпорацмяларды басқару туралы сөз қозғалады. Басқару объектісін осылайша айқын көрсету басқару мақсаттарын, басқару принциптері мен әдістерін анықтауда және т.с.с. мәселелерді зерттеуде маңызы зор.

Еңбек процессін жекелеген қызметкерлер арасында бөлу мен тұлғалардың арасында тікелей қатынас болуы басқару мен еңбек корпорациясымен бітісе байланысқанын көрсетеді. Басқару жекелеген адамдардың іс-қимылдарын үйлестіруге деген өндірістік қажеттіліктен туындайды. Капиталистік өндірістің дамуымен басқару барған сайын күрделеніп, жіктеліне басталған. Меншік иесі – капиталист енді өзі басқара алмады, сондықтан да басқарушы қызметкерлердің көптеген шарттары, ал кейін басқару органдарының бүртүтас жүйесі пайда болды.

Өндіріс орны техникалық, материалдық және адам ресурстарының күрделі қисындастыруы деп атауға болады. Техникалы-технологиялық жүйе мен кәсіпорынның әлеуметтік ұйымдастыру жүйесі бір-бірімен органикалық бірлікте болады. Басқару мәселесі барлық элементтердің мейлінше дәлдігін, ұйымдасу мен ұтымдылығын талап ете отырып, тек технологиялық аспекиілерді ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ өндіріс процессінде адамдардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қатынастар мен өзара қатынастар жиынтығын, олардың өндіріс құрал-жабдықтарымен өзара әрекеттесуін және т.с.с. зерттейді.

Басқару теориясының маңызды мәселесі – басқарудың жалпы және өзгеше нышандарының ара-қатынасы. Кәсіпорынды басқаруда жалпы принциптердің рөлін асыра сілтеу дұрыс емес , әрі практикалық қателіктерге әкеп соғады. Кәсіпорынды басқарудың мәнән анықтай отырып, онда кез-келген басқа жүйелердегідей басқарудың жалпы және өзгеше белгілері сипат алатындығын естен шығармау керек: соңғылары берілген басқару функциясының мәнін толығырақ сипаттайды .

Басқарудың жалпы заңдылықтары басқару механизмінің жұмысында, ақпаратты жинау, беру, ақпаратты өңдеу жүйесінде орын алады және т.с.с., бірақ басқарудың мәні әрқашан басқарылатын жүйенің өзімен, оның өзгеше заңдылықтарымен тығыз байланысқан.

Сөйтіп, басқарудың мәнін оның жекелеген тармақтарын, басқарушы жүйенің мәнін, оның сан-алуан аспектілерін зерттейтін әртүрлі ғылымдардың жетістіктерін қолдану негізінде ашуға болады.

Шын мәнінде, басқару - өте күрделі, кешенді жүйе. Басқару мақсаттарды, принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды алға қояды. Құрылымдық тұрғыда ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын қамтиды. Іс барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау. Басқару органдары мен процесстері әр түрлі деңгейде әр түрлі болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескеріп, үйлестіріп отыру қажет. Басқару процессінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен бір тұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процесстерін зерттеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болып табылады.

Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнеді. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны ерекше.

Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынасты қамтиды. Басқару ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылами негізделіп келеді, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қала береді. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттардда басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдануөнерін меңгере білуімен қамтамасыз етіледі.

Контроллинг экономикалық тұрғыда басқару және бақылау дегенді білдіреді.

Контроллинг менеджер мен контроллер қызметінің өзара байланысуы, түйісуі кезінде көрінеді, яғни менеджер мен контроллер бірігіп жұмыс жасайды. Егер жеке дара болатын болса, онда менеджмент басқарушылық есептен бөлек қызмет етеді деуге болады. Менеджерге оның қандай да бір идеялары, іс-әрекет ету ойлары қате екенін, ал қандай пікірлері тиімділіктің барлық әлеуетін пайдаланбайтындығы жайлы ойын жеткізуі үшін контроллер деректер даярлауы қажет. Бірақ менеджердің іс-әрекет ету ойының тиімділігіне оптимизациялаудың дұрыс нұсқасына байланысты әрекет еткенде ғана менеджердің өзі жетеді.

Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, біздің пікірімізше контроллингке келесідей анықтама беруге болады.

Біздің пікірімізше, контроллинг – кәсіпорын қызметінің табыстылығын арттыру жолымен ұзақ мерзімді кезеңде оның өмір сүруін қамтамасыз етуге, серпінді дамуы үшін ұтымды инвестициялық шешімдерді қабылдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметте тәуекелді төмендетуге мүмкіндік беретін кәсіпорынды басқарудың заманауи жүйесі. Басқаша айтқанда, контроллингті басқару үрдісін басқару жүйесі ретінде де қарастыруға болады.

Кәсіпорынның екі негізгі бағытын бөліп қарастыруға болады: стратегиялық және оперативті контроллинг. Стратегиялық контроллинг кәсіпорынның артықшылықтарын ұтымды пайдалануға және келешекте табысты қызмет ету үшін жаңа әлеуеттерді (потенциалды мүмкіндіктерді) қалыптастыруға көмегін тигізеді.

Сондықтан басты назар төмендегілерге аударылады:


  • кәсіпорынның мүмкіндіктері мен тәуекелін анықтау;

  • жетістіктердің жаңа әлеуеттерін дамыту;

  • алдын ала ескерту индикаторын анықтау;

  • кәсіпорынның қоршаған ортасын есепке алу;

  • жаңа стратегияларды құру.

Стратегиялық жоспарлауды келесі фазаларға бөлуге болады:

  1. стратегиялық мақсаттарды іздеу және құру;

  2. стратегияларды бейнелеу және бағалау;

  3. стратегиялық шешім қабылдау.

Стратегиялық бақылау міндеті – стратегиялық жоспарлаудың өмір сүруге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қатысты қолдау көрсету. Қолдау көрсетуге стратегияның қалыптасу бейімділігін енгізу және жүзеге асырылуын тексеру жатады.

Стратегиялық бақылау сатылары:



  • бақылауға алынатын шамаларды құру (мақсат, стратегия, жетістік, әлеует және жетістікке ықпал еткен факторлар, кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтары, мүмкіндіктер мен кедергілер, ұсыныс-сұраныс, салдар);

  • бақылау және бағалау жүргізу, яғни ауытқуларды салыстыру, талдау және бағалау, онымен қатар анықталған ауытқулар себептерін негіздеу;

  • стратегиялық бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылдау.

Контроллинг бойынша іс-шараларды жүргізу кезінде бенчмаркинг (benchmarking-БМ) немесе контроллинг құралы ретіндегі «эталонды тестілеу» қолданылады. Бенчмаркинг ұғымы әртүрлі компанияларды салыстыру әдісі болып табылады. Бұл тұрақты жүйелі түрде ізденіс жасау және еңбек өнімділігінің артуына әкелетін озық тәжірибелерді енгізу ретінде қарастырылады.

Оперативті контроллинг қазіргі заманғы ақпараттар жүйесін қолдау негізінде оперативті жоспарлау, бақылау, кәсіпорындағы есепке алу, және есеп беру үдерісін үйлестіру.

Оперативті контроллинг міндеттері:

- қысқа мерзімді кезеңде жоспарлы пайда деңгейі, табыстылық және тиімділікке жету үшін кәсіпорын менеджерлерін әдістемелік, ақпараттық және инструментальды қолдау;

- келесі шаруашылық жылға жоспар құру және ағымдық тексерулер жүргізу.

Старегиялық контроллинг пен оперативті конроллингтің салыстырмалы талдауы келесі кестеде көрсетілген.


Кесте 1 - Оперативті және стратегиялық контроллингтің салыстырмалы мінездемесі


Белгілері

Операивті

Старегиялық

Бағыты

Кәсіпорынның ішкі ортасын қарастырады

Кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасы

Мақсаты

Өнімді сатудан түскен түсіммен шығынды салыстыра отырып себептерін анықтау негізінде кәсіпорынның табыстылығымен өтімділігін қамтамасыз ету

Өмір сүруді қамтамасыз ету.

Дағдарысқа қарсы саясатты жүргізу, банкроттықтың пайда болуын болдырмау.

Табыс әлеуетіне бағытталғандығы.


Міндеті

- Бюджетті құру мен жоспарлауда басшылық жасау

- Тактикалық басқаруға арналған әлсіз және жіңішке жолдарды анықтау

- Ағымдағы қойылған мақсатпен -бақылауда тұрған көрсеткіштердің жиынтығының сәйкестігін анықтау

- ағымдағы жоспардың орындалуына ауытқулардың әсері;

- ағымдағы басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету және ынталандыру


-Кәсіпорынның сандық және сапалық мақсаттарын белгілеуге қатысу;

- кәсіпорынның страегиясына жауапты болу;

- старегиялық жоспардағы ішкі және сыртқы критерийлерді анықтау;

- стратегиялық жоспардың орындалуына ауытқулардың әсері;

- экономикалық тиімділікті анықтау;

- басқарудың әлсіз жақтарын айқындау



Ескерту – Автордың құрастыруы

Кәсіпорында стратегияның жүзеге асырылуы барысында стратегиялық контроллингтің әдістерін енгізу қажеттігі туралы тқжырым жасауға болады.

Әртүрлі қызмет мысалында стратегиялық конроллинг әдістері мен факторларының әрекеттерін қарастыруға болады.

Стратегиялық контроллинг әдістері:

- бәсекелік ортаны, саланың инвестициялық тартымдылығын талдау;

- логистика;

- өнімдік бағдарламаны портфельді талдау;

- кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын талдау.



2 Мұнай – газ саласы кәсіпорынында страегиялық контролинг жүйесін қолдануды талдау

2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму стратегиясында үлкен орынды еліміздің мұнай - газ кешені алады. Мұнай өнімдерінің қазіргі қоғамдағы алатын орны өте үлкен. Ғылыми - техникалық дамуды шикізаттың бұл түрінсіз елестетудің өзі қиын. Қазақстан үшін мұнай және газ конденсатының қоры үлкен мағынаға ие, себебі мұнда ұлттық экономиканың салаларының мұнай өнімдеріне деген сұраныстары ғана қанағаттандырылмайды, сонымен бірге мұнайдың белгілі бір бөлігі экспортқа шығарылады, бұл мемлекеттік бюджетке табысты түсірудің негізгі көзі болып табылады. Мұнайды экспортқа шығарудан түсетін валюталық түсімдер арқылы, Қазақстан өзінің экономикасын нарықтық экономикаға қайта құруды негізінен аяқтады. Мәселен, мұнай – газ саласынан түсетін түсімдердің нәтижесінде 2001 жылдан бастап, республикамызда Ұлттық Қор қызметін атқаруда.

Мұнай - газ саласы Қазақстан Республикасының энергетикалық қуат көзінің екінші орында. Республиканың энергетикалық баланста мұнай - газ саласының негізгі үлесі көмір салаласынан кейін 18,6% және 14% құрайды.

Ескерту – ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде құрастырылды


1сурет - Қазақстан Республикасының Энергетикалық балансы
Мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларының дамуына жағдай жасайды. Олардың қатарына отандық энергетикалық, тасымалдау, машина жасау, химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, авто жолдарын салу және тағы басқа салалар жатады. Көмірсутектің өте үлкен қорына ие. Қазақстанның дамуының жаңа сатысы негізінен осы мұнай-газ комплексінің дамуымен байланысты. Республиканың мұнай-газ саласы негізінен төрт салаға бөлінеді: мұнай өндіру, мұнай өңдеу, газ өндіру, газ өңдеу. Бұл салалар өзара байланысты, өйткені өндіру және өңдеу процесстері бірін-бірі толықтырады. Барланған қордың көлемі бойынша, әлемде біздің ел мұнай бойынша 12-орында, газ конденсаты бойынша 15-орында, ол өндіру деңгейі бойынша 23-орында тұр. Қазақстанның үлесіне әлемдік мұнай қорының 1,5 % келеді, мұнайдың алынатын қоры –2,2 миллиард тонна, конденсат 690 млн. тонна және 2 трлн. м³ газ қоры бар. Қ.Р көмірсутек ресурстарының болжамдық көлемі 17 млрд. тонна мұнайды құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспиий теңізінің қазақстандық секторына тиеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан энергоресурстары әлемдік нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің бай қорына иеленуші болып табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы, British Petroleum эксперттерінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның мұнай қоры 1,1 млрд тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, Ресейден кейінгі екінші орында тұр.

Контроллинг өзін-өзі басқару болып табылады және оның басты міндеті басқару шешімдерін дайындау және сол шешімдердің орындалуын бақылау деген тұжырымға сәйкес, стратегиялық контроллингтің міндеті стратегияны дайындау және оның жүзеге асырылуын ұзақ мерзімді бақылау болып табылады. Басқару шешімдерін тиімді қолдау үшін стратегия дұрыс мақсатты бағытталуы тиіс. Дамудың анық бағытталуы кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарын нақтылайды.

Мұнай газ саласы кәсіпорындарында стратегияны немесе жоспарланған көрсеткіштерді орындау бірінші кезекте атқарушылық тәртіпке байланысты болады. Тек қатардағы жұмысшылар емес, сонымен қатар барлық деңгейдегі менеджерлер де жататын атқарушылардың функционалдық міндеттері, сонымен бірге жоспарлар жасау барысында анықталатын қызмет аймағы бар. Басқару шешімдерін қолдауды мақсаттарды, тапсырмаларды және өздерінің функционалдық міндеттерін дұрыс түсінетін атқарушылар жүзеге асырады.

Атқарушылық тәртіпті бақылау барысындағы негізгі бағыт сапалы басқарушылық шешімдердің дұрыс, сындарлы және ынталы орындалуын бақылау болып табылады. Өндірістік бағдарламаны орындау барысында ресурстардың негізгі түрлерінің бірі персонал болып табылады, оның жұмысының тиімділігі жоғары деңгейде өндіріс пен ынталандыру шарттарына тәуелді болып келеді. Қажетті қаражаттар болған жағдайда қол жеткізілетін ресурстардың басқа түрлерімен салыстырғанда, персоналды таңдау және тиімді қолдану күрделірек болып табылады. Жұмысқа алу кезінде персоналды таңдаудың қазіргі әдістері үміткердің білім деңгейін, дағдыларын және тәжірибесін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ үміткер жұмысты орындау барысында оларды тиімді қолданатындығын анықтау мүмкін емес. Осыған байланысты қойылған міндеттерді тиімді шешуге персоналды ынталандырудың ролі жоғарылай түседі. Персоналды ынталандырудың әр түрлі құралдары туралы өте көп жазылаған және айтылған, бірнеше теориялар қатары мен атқарылған тәжірибелер бар.

Мотивация персоналды белгілі бір тәртіпке, мінез-құлыққа ынталандыру үрдісін білдіреді.



  1. Қызметкерлердің жағымды тәртібі.

  2. Ынталандыру үрдісі, яғни ынталандыру ережелерінің, процедураларының, механизмдерінің жүйесі.

Басқару шешімдерінің орындалу барысын бақылау үшін нәтижеге жету деңгейін және келтірілген шығындарды бағалау 2- сурет.
Кәсіпорын басшылары

Есеп және жоспарлау қызметі

Талдау, арнайы зерттеу, қаржы

Ішкі есепті жүргізу

Внутренняя отчетность

Бағдарламалау

Программирование

Ақпарат қызметі

Қызмет атқару сферасы

Контроллингтік қызмет

Ескерту – Автордың құрастыруы

2 сурет - Мұнай газ саласы кәсіпорында контроллинг қызметінің құрамы мен құрылымы

Атқарушылық қызметті бақылау көбінесе жоғары менеджмент жүзеге асыратын мақсаттың дұрыс қойылуына байланысты. Сондықтан мақсаттар жалпылай және әр позицияға, бөлімшеге, қызметкерге қатысты, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарда нақты анықталуы керек. Жоспар негізгі және қосымша мақсаттарды дәл айырып, оларға жету жолдарын, қызмет шарттарын және ақырғы нәтижені анықтауы керек.
КОНТРОЛЛИНГТІК ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ

Ақпараттық жүйелер контроллері

Контроллер-аналитик

- Жауапты орталықтардың арнайы жасалған формасы негізінде ақпараттарды жинау;

- Алынған мәліметтерді өңдеу және талдау, жауапты орталықтар бойынша шығындар нормативін қалыптастыру;

- жауапты орталықтардың және тұтастай кәсіпорынның жұмысының талдамалық көрсеткіштерін есептеу;

- түсімді болжау;

- жоспардан ауытқуды талдау;

- талдамалық есептерді құру;

- Жауапты орталықтардың шығындарға қатысты басқару шешімдерін координациялау.

- жекелеген этаптарда конроллинг қызметін автоматизациялауды бағалау;

- контроллингтік жұмыстарды автоматизациялауға жұмсалатын шығындардың есептік негізделуі;

- ақпараттарды автоматтандырылған түрде жинауға нысандардың түрлерін құрастыру;

- кәсіпорында құжаттарды өңдеуді оңтайландыру;

- кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметін автоматтандыру жүйесі қызметінің сапасын бағалау, осы жүйелердің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

- Контроллинг жүйесіне басқа жүйелерден келетін ақпараттар ағынының моделін құру;

- контроллинг қызметіндегі нақты талданған ақпараттарды жинауға бақылау жасау;

- аналитикалық көзқарас тұрғысынан бухгалтериядағы есеп прцесін оңтайландыру бойынша әдістемелік ұсыныстар беру;

- басқару шешімдерінің экономикалық негізделуі.

Функционалдық қызметтері

Контроллер-технолог

Ескерту – Автордың құрастыруы

3сурет – Контроллингтік қызметті басқару

Басқару персоналының көбеюінің жұмыстың ПӘК-не әсерінің сапалы көрсеткіштерінен басқа, әкімшілік персоналға кететін шығындар өндірістік шығындар мен табыстарға жанама қатысты болатынын, тұрақты шығындарды жоғарылататынын, бірақ басқару өнім өндірмейтіндігін, сондықтан өндірістің қажетті компоненті болмайтынын ескеру керек. Пайдалы әрекет коэффициенті еңбек тиімділігі немесе өнімділігі көрсеткіштерімен сипатталады. Еңбек өнімділігін анықтау үшін қолданылатын әдістеме өнім бірлігіне кететін уақыт көлемін немесе уақыт бірлігінде өндірілетін өнім санын анықтауды қарастырады. Соңғы кезде өнімділікті анықтау үшін тек шығарылған және өткізілген өнімді есепке алу ұсынылады. Атқарушылық тәртіп ұғымымен еңбек сапасы ұғымы байланысты, бұл ұғым күрделілік, қауырттылық шамасын және қоғамдық мәнділікті сипаттайды. Контроллерлер мен атқарушылардың еңбек тиімділігін анықтау кезінде, әдетте, жалпы кәсіпорынның немесе оның жеке бөлімшелерінің жұмысын жақсартуға кететін еңбек шығындарын анықтау туралы айтылады 3 - сурет. Интеллектуалды еңбек үлесін анықтау интеллект потенциалын Intellectual Quotient (IQ) есептеуді қарастырады, алайда IQ контроллинг көмегімен бизнесті жақсарту мүмкіндіктерін әрдайым анықтай бермейді. «Еңбек сапасы» ұғымы кадрларды даярлау деңгейін, оларды ынталандыру мен еңбекке көзқарасын қарастырады, яғни сапаны басқару оқудан басталады және оқумен аяқталады, сонымен қатар, ол «тиімділік» және «өнімділік» ұғымдарымен тікелей байланысты.
Дирекция

Контроллингтің орталық қызметі

1. Өнімді өндіру мен өткізу көлемі бойынша статистика

2. Шығындар суммасын есептеу

3. Әртүрлі есеп үлгілері бойынша Қаржылық нәтижелерді есептеу

4. Маржаны есептеу

5. Рентабельділік пен өтімділік көрсеткіштерін есептеу


  1. Ақша ағындарының қозғалысын есептеу

  2. Инвестициялық есептер және т.б

Жауапты орталық

Менеджер


--------------------------

Контроллер

Менеджер

--------------------------

Контроллер

1. баланс

қаржылық нәтижелер есебі

2. ақша ағындарының қозғалысы туралы есеп

3. баяндама жазбалары

4. еңбек ресурстар, запастар, инвестициялар туралы мәліметтер

5. түсіндірме жазбалар және т.б

Ішкі есеп

Ескерту – Автордың құрастыруы


4 сурет - Кәсіпорында ішкі есептілікті жүргізу контроллингі

Диссертациялық жұмыстың авторымен контроллердің қызметтік міндеттері және кәсіпорындағы контроллердің қызметі туралы ережені жасау үшін ғылыми – практикалық ұсынымдар жасақталды 4 - сурет.



3 Мұнай – газ саласы кәсіпорында стратегиялық контроллинг жүйесін қолдануды жетілдіру жолдары

Талдауды жүзеге асыру және стратегиялық жоспарлау процестерін реттеу үшін «International Publishing Co. Ltd» кибернетикалық басқару фирмасы саласының маманы Р. Андертонның моделдерін қолдануға болады. Бұл модель бір жағынан сыртқы орта өзгерістерін кәсіпорынның ішкі факторларымен байланыстырса, ал екінші жағынан реттеу параметрлері арқылы тұрақты түзету процестерін жүзеге асырады.

5 - суретте Р. Андертонның «күрделі салым-өнім-табыс» айналымында реттеу параметрлерін жузеге асырудын қарапайым нұсқасы ұсынылып отыр.
А Жаңа өнім түрлерін шығаруға қабілеттілігі

Күрделі салымдар



В өндіріс тиімділігін арттыра білу қабілеттілігі

Б Өнімді жақсарту қабілеттілігі

Өнім


Өндіріс тиімділігі

Меншікті капитал

Пайда

Сұраныс талаптарына өнімнің сәйкестігі



Г Несие

Кіріс


Сұраныс

Техникалық себептер бойынша көңіл толмау



Д Нарықтың сезімталдығы

Экономикалық себептер бойынша көңіл толмау

Күрделі салымдар

Өнім


Кірістер

Нарық


5 сурет - Р. Андертон моделі бойынша кәсіпорында стратегиялық жоспарлау процесін реттеу

Ұсынылған модельден, табыстардың жаңа табыстарды табуын және осыған айналымның нарықтық сұранымдарға ықпал етуін көріп отырмыз.

Табыстың деңгейі нарықтық сұраныстағы тауар құрамының дәрежесіне сәйкес (бағасы қоса алғанда) белгілеу дұрыс болады. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру экономикалық климат және техникалық жаңаруларды анықтайды. Күрделі салымдар жаңа өнім түрлерін өндіруге, шығарылатын бұйымдарды жақсартуға және өндірістің тиімділігін арттыруға жұмсалады.

Модельдің параметрлерін реттеу үшін екі критерийді бөліп қарастыру қажет: табыстар және өнімнің нарық талаптарына сәйкестігі. Осы орайда, реттеуші параметрлер болып:

- Жаңа өнім түрерін шығару қабілеттілігі А - блогы;

- Өнімді жақсарту қабілеттілігі Б - блогы;

- Өндірістің тиімділігін көтеру қабілеттілігі В- блогы;

- Несие алу мүмкіндігі Г- блогы;

- Нарық сезімталдығы (инерция) Д - блогы.

Р.Андертон моделінің құндылығы оның қарқындылығымен қортындыланады, себебі ол реттеу қадамын қатаң анықтаусыз сыртқы ортаның белгісіздік жағдайында стратегиялық контроллинг жүйесінде кәсіпорынның стратегиялық жоспарын түзетуде үздіксіз процесті атқаруға көмектеседі.

Дәл сол белгісіздік факторы негізінде нарық жағдайында жоспарлаудың көптеген статистикалық моделі жұмыс атқарады.

Сонымен қатар бұл кезеңдерде сыртқы ортада маңызды өзгерістер болып кәсіпорынның даму жоспарына кедергі келтіруі мүмкін, сол себепті уақытылы реттеулер мен түзетулер жүргізіліп отыру қажет.

Нарық талабына өнімнің сәйкес келуіне табыстың көрсеткіштер сезімталдығы өте жоғары. Алайда сыртқы реттеуші параметрлері күрделі салымдардың кең түрде қолдануынан баяулауы мүмкін.Сыртқы ортаның өзгерістеріне кәсіпорынның бейімделу процесі маңызды уақыт алатын реттеуші параметрлер арқылы іске асырылады. Соңғы факторларға жүйені ұзақ мерзімді анықтауды жүргізетін және техникалық прогреспен байланысты факторларды жатқызуға болады. Ең ауыр процесс бұл кәсіпорынның сыртқы ортаның тез өзгерісі жағдайында тұрақтандыруы және кәсіпорынның тиімділік көрсеткіштерін тұрақтылығын қамтамасыз ете алмайды. Ең маңызды жағдай бұл реттеуші параметрлерді оңтайлы шекарада ұстап тұру, себебі бұл жаңалықтар өндірістің қабілеттілігін әсер етіп өндірістің жоғары тиімділігіне қол жеткізеді. Сонымен, есептеудің, жоспарлаудың, бақылаудың, талдаудың және мекемені тиімді басқарудың жүйесін салу бірегей жүйесіне бағытталған контроллинг тұжырымдамасы дәл сол ұйымдық-әдістемелік қамту болып табылады, соның көмегімен кәсіпорындағы басқарушылық жүйенің жұмылдырылуы іске асады.

Кәсіпорында басқару жүйесі арқылы басқарушылық ықпалын іске асырудың уақытын қысқарту келесілерге әсер етеді:



  • Кәсіпорындағы басқару қиындықтары мәселесін шешуге,

  • ұйым ішіндегі ақпараттық ағымның реттелуіне,

  • нәтижесінде кәсіпорындағы басқару ықпалының бірегей ақпараттық аймаққа жұмылдырылуына әсер етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізілген зерттеулер негізінде мұнай - газ саласындағы кәсіпорындардың қызметінде контроллингтік жүйені дамытумен байланысты келесідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады:

Кәсіпорын қызметіндегі контроллинг – бұл пайда алуға байланысты мүмкіндіктер мен кедергілерді анықтауға бағытталған кәсіпорындарды басқарудың бұртұтас тұжырымдамасы.

Контроллинг стратегиялық мәселелерді шешуге бағытталған, басқарудың тиімді құралы ретінде көрінеді. Кәсіпорынды басқару жағдайында контроллердің міндеті мынада:

1. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарының жағдайын бағалаудағы басты нәрсе өндіріс ресурстарын ұйымдастыру, олардың түрлері бойынша және қалыптасу қайнар көздері бойынша қатынасы болып табылады. Кәсіпорынның өндіріс ресурстарын қалыптастыру саясатының негізгі бағыттары осы жағдайлар арқылы анықталады:

- өндірістік ресурстарының оңтайлы құрылымын анықтау;

- нарықтағы жағдайды есепке ала отырып меншікті және қарыз қайнар көздердің қатынасындағы өзгерістерді есепке алу;

- қарыз қайнар көздерінің қатынасындағы өзгерістерді есепке алу.

2. Өндіріс ресурстарын анықтаудың ең қолайлы негізгі принципі болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма; амортизациялық аударым, жиынтық кіріс, айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын, біздің пікіріміз бойынша, үш негізгі топқа бөлу экономикалық тұрғыдан дұрыс болады:

- меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары;

- қаржылық мобилизацияланған ресурстар;

- қайта бөлу есебінен түскен ресурстар.

3. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық жұмысты ұйымдастыру кезінде үлкен қиыншылықтармен қақтығысады. Жеңісті жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың тәжірибесі осы мәселені шешудің қысқа жолының кәсіпорын басшыларының колында екендігін көрсетті. Қазіргі таңда кәсіпорынның қаржы жұмысын қайта құрудың екі тәсілі кеңінен қолданылады:

- егер де басшы – басшы кәсіби қаржыгер болса, ол қаржы қызметін қайта құруды өзі реттейді. Бұл тиімді нұсқа, бірақ отандық тәірибеде көп кездеспейді;

- кәсіпорынның қаржы қызметінің тапсырмалары мен қызметтерін түсінетін басшы, бірақ осы кәсіптің барлығын нақты білетін кәсіби қаржыгер болмаса, тәжірибеге қаржы жұмысын ұйымдастырудың керекті моделін қою мен енгізу үшін сыртқы ұйымды тарту.

Қызметтің ерекшеленген бағыттары бір мезгілде басшының алдына тұрған негізгі тапсырмаларды да анықтайды. Осы тапсырмалардың құрамы келесі түрде бөлшектенеді.

Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүргізіледі:

- кәсіпорынның активтерінің және оларды қаржыландырудың қайнар көздерінің;

- кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық потенциалын ұстап тұруға және оның қызметін кеңейтуге керекті ресурстар шамасы мен құрамы;

- қосымша қаржыландырудың қайнар көздеріне;

- қаржы ресурстарын пайдаланудың жағдайымен тиімділігін бақылау жүйесіне.

Екінші бағыт бөлшекті бағалаудың талабын қарастырады:

- керекті қаржы ресурстарының көлемін;

- оларды ұсыну формаларын (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, нақты ақша);

- қол жеткізу мен уақыт дәрежесін (қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігі келісім шарт арқылы анықталады; қаржыға керекті көлемде және керекті уақытта қол жеткізе алу керек);

- ресурстардың осы түрін иелену құнын;

Үшінші бағыт инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдердің талдауы мен бағасын қарастырады:

- қаржы ресурстарының трансформациясының тиімділігі;

- қаржы салымдарының тиімділігі.

4. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы бас стратегиялық мақсаттарға жетудегі жетістіктер іс - әрекеттермен әдістерін қамтиды, ал дәлірек айтқанда:

- қаржы ресурстарының құралуы және орталықтандырылған стратегиялық басшылық;

- шешуші бағыттарды атап көрсету және олардың орындалуына күш салу;

- мақсаттарға этап бойынша жету;

- қаржылық іс - әрекеттердің кәсіпорынның материалдық қажеттілігімен экономикалық жағдайына сәйкес келуі;

- әрбір уақыт кеңістігінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына дәл және қаржы экономикалық объективті есеп жүргізу;

- стратегиялық резервтерді дайындау және құру

- бәсекелестер жағынан бас қауіп қатерді анықтау;

5. Кәсіпорында есеп айырсуды жетілдіру келесі бағыттар бойынша жүргізілуі керек – кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы шамасын максималдау позициясында ең тиімді деген есеп айырсу формаларын пайдалану және керсінше – айналымнан қаражаттарды алуға әкелетін есеп айырсу формаларын пайдалану және керсінше – айналымнан қаражаттарды алуға әкелетін есеп айырсу формаларынан бас тарту, мұнда кәсіпорын операцияның кредиторы қатынасында қатысады. Есеп айырсу операцияларына қызмет ететін банктердің сенімділігі, есеп айырсу механизмінің құқы және инфрақұрылымын қамтамасыз ету сияқты факторларына да көңіл аудару керек.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ

1 Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтік жүйенің қалыптасуының әдістемелеі негіздері // MATERIÁLYIX MEZINÁRODNÍ VĚDECKO – PRAKTICKÁ KONFERENCE VĚDA A TECHNOLOGIE: KROK DO BUDOUCNOSTI – 27.02.2013 – 05.03.2013, 61-66 бет.

2 Стратегиялық контроллинг тұрақсыздық жағдайында дағдарысқа қарсы басқарудың негізгі элементі ретінде // MATERIAŁY IX MIĘDZYNARODOWEJ NAUKOWI – PRAKTYCZNEJ KONFERENCJI NAUKOWA MYŚL INFORMACYJNEJ POWIEKI – 07-15 marca 2013 roku, 51-55 бет.

РЕЗЮМЕ
Козбахова Карлыгаш Каирбековна
Совершенствование стратегического контроллинга на предприятиях нефтегазовой отрасли (на материалах Кызылординской области).
на соискание академической системы магистра экономических наук по специальности 6М050600 – Экономика
Объект исследования – предприятие нефтегазовой отрасли Кызылординской области.

Предмет исследования - организационно-экономические отношения в процессе внедрения стратегического контроллинга на предприятиях нефтегазовой отрасли.

Цель диссертационной работы – разработка научно-теоретически обоснованных предложений по совершенствованию стратегического контроллинга на предприятиях нефтегазовой отрасли.

Теоретической и методической основой исследования явились научные труды отечественных и зарубежных ученых экономистов по проблемам внедрения и совершенствования системы контроллинга в управленческой деятельности предприятия, Указы Президента РК, постановления Правительства РК, стратегии и программы государственного развития. В качестве первичного материала для исследовательской работы были использованы годовые отчеты нефтегазовых предприятий, данные Агентства по Статистике РК.

Научная новизна исследования заключается в следующем:

Проведен теоретический обзор стратегического контроллинга на предприятии и исследована его связь со сратегическим менеджментом;

Определены сущность и содержание функций стратегического контроллинга в условиях неопределенности внешней среды предприятия;

Определены организационно-методические основы и фазы внедрения системы стратегического контроллинга на предприятии;

Предложены основные направления совершентсвования системы стратегического контроллинга на предприятии.

Научно-практическая значимость работы. Основные результаты диссертационного исследования дают возможность более широкого использования возможностей достижения и поправки стратегических целей и отдельных методов стратегического контроллинга, в частности методики разработки стратегий в условиях изменения внешней и внутренней среды предприятия. Выводы и результаты исследования могут оказать влияние на эффективное решение проблем современного развития экономики

Результаты научного исследования могут быть использованы для чтения лекций и разработки учебно-методических комплексов по дисциплинам «Управление затратами», «Контроллинг».



SUMMARY
Kozbakhova Karlygash Kairbekovna
Improvement of strategic controlling at the enterprises of oil and gas branch (on materials of Kyzylorda area).
on receiving of the academic degree of the master of economic sciences on a speciality 6М050600 – Еconomy
Object of research – the enterprise of oil and gas branch of Kyzylorda area.

Subject of research - the organizational and economic relations in the course of introduction of strategic controlling at the enterprises of oil and gas branch.

The aim of dissertation work is development of scientific-theoretical reasonable suggestions for improvement of strategic controlling at the enterprises of oil and gas branch.



Theoretical and methodical basis of research were scientific works of domestic and foreign scientific economists on problems of introduction and improvement of system of controlling in administrative activity of the enterprise, Decrees of the President of RK, the resolution of the government of RK, strategy and the program of the state development. As primary material for research work annual reports of the oil and gas enterprises, datas of Statistics Agency of Kazakhstan were used.

Scientific novelty of research consists in the following:

- The theoretical review of strategic controlling at the enterprise is carried out and its communication with srategic management is investigated;

- The essence and the content of functions of strategic controlling in the conditions of uncertainty of environment of the enterprise are defined;

- Organizational and methodical bases and phases of introduction of system of strategic controlling at the enterprise are defined;

- The main directions of development of strategic controlling’s system at the enterprise are offered.

Scientific and practical importance of work. The main results of dissertation research give the chance of wider using of opportunities of achievement and the amendment of strategic objectives and separate methods of strategic controlling, in particular a technique of development of strategy in the conditions of change of the external and internal environment of the enterprise. Conclusions and results of research can have impact on the effective solution of problems of modern development of economy

Results of scientific research can be used for lecturing and development of educational and methodical complexes on disciplines "Management of expenses", "Controlling".


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет