Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары



жүктеу 123.6 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі123.6 Kb.


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Орынбасары-

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің

2013 жылғы «6» желтоқсандағы

№ 558 бұйрығына

13-қосымша


Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130.00-нысан)

 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (130.00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны:



акционерлік қоғамдарды, мекемелерді және пәтерлер (үй-жайлар) иелері кооперативтерінен басқа тұтыну кооперативтерін қоспағанда Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің
134-бабы 1-тармағының шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдар;

Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының шарттарына сай келетін дербес білім беру ұйымдары жасайды.

2. Декларация декларацияның өзінен (130-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (130.01-ден 130.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не оның өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өзінің атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

12. Декларацияны табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық төлеуші пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде – салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық еспептілігің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

13. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
2. Декларацияны жасау (130.00-нысан)

 

14. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:



1) БСН – салық төлеушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі. Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолында сенімгерлікпен басқарушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Болған кезде көрсетіледі;

2) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – декларация табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

3) салық төлеушінің атауы.

Құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

4) декларацияның түрі.

Тиісті торкөздер декларацияның Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызылуы ескеріле отырып, белгіленеді;

5) хабарламаның нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация түрін тапсырған жағдайда толтырылады;

6) салық төлеушінің санаты.

Торкөздер егер салық төлеуші А немесе В торкөздерінде көрсетілген санаттардың біріне жатқан жағдайда белгіленеді;

7) валюта коды.

«Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;

8) табыс етілген қосымшалар.

Табыс етілген қосымшалар торкөздері белгіленеді;

9) 100.00-нысаны бойынша декларация.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрcетілген қызметтен жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстар болған жағдайда белгіленеді;

10) жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға тиіс табыстарды алу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу әдісі. Таңдаған әдісіне қарай тиісті торкөз белгіленеді.

«Барабар» торкөзі егер салық төлеуші шығыстарды шегерімге жатқызудың барабар әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.

«Бөлек есептеу» торкөзі егер салық төлеуші шығыстарды шегерімге жатқызудың бөлек есептеу әдісін таңдаған жағдайда белгіленеді.

15. «Табыстар» деген бөлімде:

1) 130.00.001 жолында депозиттер бойынша сыйақы түрінде алынған табыстардың сомасы көрсетіледі;

2) 130.00.002 жолында грант түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

3) 130.00.003 жолында өтеусіз мүлік түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

4) 130.00.004 жолында кіру жарналары түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

5) 130.00.005 жолында мүшелік жарналар түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

6) 130.00.006 жолында кондоминиум қатысушыларының жарналары түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

7) 130.00.007 жолында қайырымдылық көмек түрінде алған табыстардың сомасы көрсетіледі;

8) 130.00.008 жолында демеушілік көмек түрінде алған табыстарының сомасы көрсетіледі;

9) 130.00.009 жолында өтеусіз негізде аударымдар түрінде алған ақшаның сомасы көрсетіледі;

10) 130.00.010 жолында қайырмалдық түрінде алған табыстарының сомасы көрсетіледі;

11) 130.00.011 жолында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша алған табыстың сомасы көрсетіледі;

12) 130.00.012 жолында 130.00.001-ден 130.00.011-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

13) 130.00.013 жолға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрсетілген қызметтен түскен табыстар болған жағдайда 100.00.013 жолында көрсетілген басқа табыстардың сомасы көшіріледі;

14) 130.00.014 жолында 130.00.012 және 130.00.013. жолдарының сомасы ретінде айқындалатын табыстардың жиынтық сомасы көрсетіледі.

16. «Шығыстар» деген бөлімде:

1) 130.00.015 жолында коммерциялық емес ұйымды ұстауға арналған шығыстарының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.02.004 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

2) 130.00.016 жолында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.03.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

3) 130.00.017 жолында ақпараттық материалдарды әзірлеу және орналастыру бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;

4) 130.00.018 жолында шарт талаптарына сәйкес салық төлеуші салық кезеңі үшін төлеген (төлеуге жататын) сыйақының сомасы көрсетіледі;

5) 130.00.019 жолында қайырымдылық көмек түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

6) 130.00.020 жолында демеушілік көмек түріндегі шығыстарының сомасы көрсетіледі;

7) 130.00.021 жолында кіру жарналары түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

8) 130.00.022 жолында мүшелік жарналар түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

9) 130.00.023 жолында заңды және жеке тұлғаларға тегін берген мүлік бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;

10) 130.00.024 жолында өтеусіз негізде аударымдардар бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі;

11) 130.00.025 жолында заңды және жеке тұлғаларға қайырмалдық түріндегі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

12) 130.00.026 жолында 130.00.015-тен 130.00.025-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі.

17. «Барабар әдісі бойынша шегерімдерді есептеу» деген бөлімде:

1) 130.00.027 жолында 130.00.013 жолдың сомасы мен 130.00.014 жолдың сомасының қатынасы ретінде айқындалатын табыстардың жалпы сомасында Салық кодексінің 134-бабы 4-тармағына сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға жататын табыстардың үлес салмағы көрсетіледі;

2) 130.00.028 жолға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрcетілген қызметтен табыстар болған жағдайда 100.00.021 I жолда көрсетілген сомасы көшіріледі;

3) 130.00.029 жолында корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда (100.00-нысан) көрcетілген қызметтен табыстар болған жағдайда шегерімдерге жатқызуға жататын шығыстардың сомасы көрсетіледі. 130.00.027 және 130.00.028 жолдардың туындысы ретінде айқындалады.

18. 130.00.029 жолының шамасы 100.00.020 ІI жолына көшіріледі.

19. «Бөлек есептеу әдісі бойынша шегерімдерді есептеу» деген бөлімде:

130.00.030 жолында бөлек есептеу әдісі бойынша шегерімдерге жатқызуларға жататын шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.00.026 жолдың сомасы көшіріледі.

20. «Салық төлеушiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Басшының Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

2) декларация тапсырылған күні.

Декларацияның салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияның қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның табыс етілген күні көрсетіледі;

6) кіріс құжаты.

Салық органы берген декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі;

7) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.
3. Өтеусіз алынған (берілген) мүлік (қайырымдылық көмек, демеушілік көмек, қайырмалдық, өтеусіз негіздегі аударымдар), мүшелік және кіру жарналары 130.01-нысанын жасау

 

21. Осы нысан коммерциялық емес ұйымдардың табыс сомаларын айқындауға арналған.



22. «Есеп» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі – заңды немесе жеке тұлға тегін берген (алған) мүліктің, алған (төлеген) мүшелік немесе кіру жарналары көрсетіледі;

3) С бағанында заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендiру нөмірі немесе В бағанында көрсетілген жеке тұлғаның жеке сәйкестендiру нөмірі көрсетіледі.

Жол заңды тұлғада не жеке тұлғада «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бизнес сәйкестендіру не жеке сәйкестендіру нөмірі болған кезде толтырылуы тиіс;

4) D бағанында осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес резиденттік елінің коды көрсетіледі;

5) Е бағанында мүлікті өтеусіз берген (алған), мүшелік не кіру жарналарын алған (төлеген) резидент еместің резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі көрсетіледі;

6) F бағанында өтеусіз алынған (тапсырылған) мүлік түрінің, алынған (төленген) мүшелік не кіру жарналарының коды көрсетіледі. Декларацияны толтыру кезінде өтеусіз алынған (берілген) мүлік түрлерінің, алынған (төленген) мүшелік не кіру жарналарының мынадай кодталуын пайдалану қажет:

1 – қайырымдылық көмек;

2 – демеушілік көмек;

3 – қайырмалдық;

4 – өтеусіз негіздегі аударымдар;

5 – өзге де өтеусіз алынған мүлік;

6 – кіру жарналары;

7 – мүшелік жарналар;

8 – мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша табыстар, депозиттер бойынша сыйақы және кондоминиумға қатысушылардың жарналары;

7) G бағанында осы Қағидалардың 29-тармағына сәйкес өтеусіз алынған мүліктің коды көрсетіледі. Бұл баған өтеусіз негіздегі аударымдар алынған жағдайда толтырылмайды;

8) Н бағанында мүліктің өтеусіз алынғанын (берілгенін), мүшелік не кіру жарналарының алынғанын (төленгенін) растайтын құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі;

9) І бағанында өтеусіз алынған мүліктің, алынған мүшелік не кіру жарналарының сомасы (құны) көрсетіледі;

10) J бағанында өтеусіз берілген мүліктің, төленген мүшелік не кіру жарналарының сомасы (құны) көрсетіледі.


4. Коммерциялық емес ұйымды ұстау 130.02-нысанын жасау
23. Бұл нысан коммерциялық емес ұйымның шығыстары сомасын айқындауға арналған.

24. «Коммерциялық емес ұйымды ұстау» деген бөлімде:



  1. 130.02.001 жолында 130.02.001 І-ден 130.02.001 XVІІ-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын коммерциялық емес ұйымды ұстауға шығыстар сомасы көрсетіледі;

  2. 130.02.001 І жолында электр энергиясына кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  3. 130.02.001 ІІ жолында жылу энергиясына кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  4. 130.02.001 ІІІ жолында қаржылық қызметтерге кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  5. 130.02.001 ІV жолында жалдау төлемі шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  6. 130.02.001 V жолында көліктік қызметтерге шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  7. 130.02.001 VІ жолында байланыс қызметтеріне шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  8. 130.02.001 VІІ жолында аудиторлық (консультациялық) қызметтерге шығыстар сомасы көрсетіледі;

  9. 130.02.001 VІІІ жолында күзет қызметтеріне шығыстар сомасы көрсетіледі;

  10. 130.02.001 ІX жолында адвокаттық қызметтерге шығыстар сомасы көрсетіледі;

  11. 130.02.001 X жолында нотариалдық қызметтерге шығыстар сомасы көрсетіледі;

  12. 130.02.001 XІ жолында негізгі құралдарды жөндеуге шығыстар сомасы көрсетіледі;

  13. 130.02.001 XІІ жолында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар және өсімпұлдар сомасы көрсетіледі;

  14. 130.02.001 XІІІ жолында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар сомасы көрсетіледі;

  15. 130.02.001 XІV жолында айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының сомасы көрсетіледі;

  16. 130.02.001 XV жолында сақтандыруға кеткен шығыстар сомасы көрсетіледі;

  17. 130.02.001 XVІ жолында жарнамаға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  18. 130.02.001 XVІІ жолында өзге де шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  19. 130.02.002 жолында 130.02.002 І және 130.02.002 ІІ жолдарының қосындысымен айқындалатын қызметкерлерге еңбекақы төлеуге және әлеуметтік төлемдерге және оқытуға кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  20. 130.02.002 І жолында еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  21. 130.02.002 ІІ жолында әлеуметтік төлемдерге кеткен шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  22. 130.02.003 жолында 130.02.001 жолында ескерілмеген және 130.02.003 І, 130.02.003 VІІ, 130.02.003 VІІІ жолдарының қосындысымен айқындалатын коммерциялық емес ұйымды ұстауға кеткен барлық басқа да шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  23. 130.02.003 І жолында 130.02.003 ІІ-ден 130.02.003 VІ-ға дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын іссапар шығындарының жалпы сомасы көрсетіледі;

  24. 130.02.003 ІІ жолында бронь үшін төлеуді қоса алғанда, іссапар орны мен кері жол жүруге іс жүзінде жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  25. 130.02.003 ІІІ жолында бронь үшін төлеуді қоса алғанда, тұрғын үй жалдауға нақты жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі;

  26. 130.02.003 ІV және 130.02.003 V жолдарында Қазақстан Республикасы шегінде және одан тыс жерлердегі іссапарлар бойынша төленетін тәуліктік төлемдердің тиісті сомасы көрсетіледі;

  27. 130.02.003 VІ жолында салық төлеуші кіру визасын ресімдеу кезінде (виза құны, консулдық қызметтер, міндетті медициналық сақтандыру) жұмсаған шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  28. 130.02.003 VІІ жолында өкілдік шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  29. 130.02.003 VІІІ жолында салық кезеңінің шығыстарына жатқызылатын алдағы кезеңдердің шығыстарының сомасы көрсетіледі;

  30. 130.02.004 жолында 130.02.001, 130.02.002 және 130.02.003 жолдарының қосындысымен айқындалатын коммерциялық емес ұйымды ұстауға шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі;

  31. 130.02.005 І жолында салық кезеңі ішіндегі іссапарлардың жалпы саны көрсетіледі;

  32. 130.02.005 ІІ жолында салық кезеңі ішіндегі іссапарлар күндерінің жалпы саны көрсетіледі.

130.02.004 жолының шамасы 130.00.015 жолына көшіріледі.
5. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу 130.03-нысанын жасау
25. Бұл нысан коммерциялық емес ұйымның қызметіне байланысты әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша шығыстар сомасын айқындауға арналған.

26. «Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» деген бөлімде:

130.03.001 жолында іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шығыстардың сомасы көрсетіледі. 130.03.001 І-ден 130.04.001 XІ-ға дейінгі жолдарда іс-шаралар түрлері бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі.

27. 130.03.001 жолының шамасы 130.00.016 жолына көшіріледі.


6. Елдердің кодтары

 

28. Резидент емес салық төлеушінің резиденттік елінің кодын толтыру кезінде шешімге 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші» қосымшаға сәйкес елдердің кодталуын пайдалану қажет.


7. Мүлік кодтары

 

29. Мүлік кодын толтыру кезінде мынадай кодтауды пайдалану қажет:



01– ақша;

02 – қаржы инвестициялары;

03 – тауарлық-материалдық қорлар;

04 – негізгі құралдар;

05 – материалдық емес активтер;

06 – қызметтер;

07 – жұмыстар;

08 – өзгелері.



___________________________






©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет