Конкурсқа хабарлама «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің аппараты»



жүктеу 105.23 Kb.
Дата22.02.2019
өлшемі105.23 Kb.
түріКонкурс
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама

«Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 070700 Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі 54 үй теле./факс: 8(72340) 2-17-00, 2-69-16, e-mail: a.babagumarova@akimvko.gov.kz «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды : 

  1. Зайсан аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (E-R-4 санаты), лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне қарай 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.

Жұмысының функционалдық міндеттері Аудандағы жер қатынастарын, егін шаруашылығын дамытуға бағдарламалар дайындап, орындалуын қамтамасыз етуге жұмыс жүргізеді. Аудандағы егін шаруашылығына қатысты жұмыстарға түгелдей жауап береді. Аудан бойынша агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізілуіне ұсыныс беріп, бақылайды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының жоғарғы сортты ауыл шаруашылық дақылдарының тұқымдарына, минералды тыңайтқыштарға және пестицидттерді қолдану қажеттіліктерін анықтап, қамтамасыз етуге үнемі ықпал жасап отырады. Егін шаруашылығында көктемгі және күзгі жиын-терін жұмыстарына материалды тауарларды, тыңайтқышты арзандатуға, тұқым шаруашылығына төленетін субсидияны ауыл шаруашылық құрылымдарына төлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына ауыспалы егіс схемаларын жасауға, озық технологияларды өндіріске енгізуге ұсыныс жасайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының сапасы мен өнімділігін арттыруға байланысты бюджеттік жобаны іске асырады. Қазақстан Республикасының «Тұқым туралы» заңына сәйкес тұқым шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарға қолдау көрсетіп, орындалуын қадағалау. 
Тұқымдардың сапасына, ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне жүргізілетін сұрыпсынауға тұқым өндіру шаруашылығындағы жеке тұлғалар мен шаруашылық субъектілерге мемлекеттік қадағалау жүргізу. «Тұқымдық  және көшеттік материалдардың сорттық және себумсапасын анықтау» бағдарламасының іске асырылуын жәнет орындалуын қадағалау. Тұқым өндіру шаруашылығындағы қосымша қаржыландырылған тұқымдардың мақсатты пайдалануын қадағалау. Аттестатталған зертханалардың тұқым үлгілеріне жасаған сараптау жұмыстарына қадағалау жүргізу: 1) тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын анықтау; 2) сараптауға өткізілген тұқым үлгілерін анықтау. Аттестатталған тұқым өндірушілердің жұмыстарына қадағалау жүргізу: 1) тұқым егуге даярланған дала алқаптарын тексеру; 2) сұрыптық егістерді өскен кезде тексеру.3) сұрыптық және гүибридтік егістіктердің далалық зерттеу мен апробация жұмыстарына қадағалау жүргізу; 4) тұқым сақтайтын қоймалардың дайындығы, егін ору, тасымалдау, өңдеу (тазалау) және сақтау жұмыстарынақадағалау жүргізу.

Білім бойынша конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» саласындағы мамандықтары (агрономия, су ресурстары және суды пайдалану, аграрлық техника және технология, жеміс- көкөніс шаруашылығы, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, өсімдік қорғау және карантин)., мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» саласындағы мамандықтары (агрономия, су ресурстары және суды пайдалану, аграрлық техника және технология, жеміс- көкөніс шаруашылығы, жерді мелиорациялау, баптау және қорғау, өсімдік қорғау және карантин);

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: 

Мынадай құзыреттердің бар болуы:  Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде «Зайсан ауданының әкімінің аппараты» ММ-не мына мекенжайда 070700, ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі 54 үйге қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы немесе электронды мекенжайға a.babagumarova@akimvko.gov.kz электронды түрде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

  3. бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  1. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  5. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, кадр қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаса келесі құжаттарды тапсырады:



  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Еңбек өтілі талап етілмеген жағдайда еңбек өтілін растайтын құжаттарды тапсыру талап етілмейді. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны үш жұмыс күн ішінде «Зайсан ауданының әкімінің аппараты» ММ-інде кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 070700, ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі 54 үй мекенжайында өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Конкурс қатысушылары  және үміткерлер 5 (бес) жұмыс  күні ішінде уәкілетті орган немесе оның аймақтық бөлімшелеріне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы  бойынша  департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости), даңғылы, 4. Жалпы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  агенттігі  төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі. Конкурсқа қатысу үшін төмендегі өтініш пен қызметтік тізімнің нысаны толтырылады.

__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені_________________________________________________________


__________________________________________________________________
_______________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
__________________________________________________________________
______                        ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.




«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»




_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлітүсті/ цветное,
3х4)







_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туғанкүніжәнежері/
Дата и место рождения




2.

Ұлты (қалауыбойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқуорнынбітіргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығыбойыншабіліктілігі, ғылымидәрежесі, ғылымиатағы(болғанжағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені(болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕКЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения












_____________________


Кандидаттыңқолы/
Подпись кандидата

_______________


күні/дата

: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет