Конкурс Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



жүктеу 239.78 Kb.
Дата24.04.2017
өлшемі239.78 Kb.
Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, С-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;     

С-О-5 санатына: жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4)жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;     

C-R-1 санатына: жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;


2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлік құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

C-R-3 санатына: жоғары білім;  мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 3) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдардың кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес;

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

C-R-4 санатына: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;



      жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда № 12639 тіркелген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:


Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

С-О-5

83282

112430

С-R-1

142412

192381

С-R-3

96607

129920

С-R-4

73288

99105


«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ, 030012, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Сәнкібай даңғылы, 1 үй, анықтама телефоны: 8(7132)55-77-27, факс: 8(7132)55-77-29, электронды пошта: aktubses@inbox.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсты жариялайды:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысына жалпы басшылық ету. Жіті ішек инфекциялары, вирустық және вакцинамен басқарылатын инфекциялар, паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайды мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Инфекциялық және паразиттік аурулардың өршулерін тексеруге, олардың себептерін анықтауға, шоғырландыру және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қатысу. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау, талдау материалдарын құру, эпидемиологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу. Облыстық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастырға және өткізуге қатысу. Департаментке ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Құзыретінің шегінде департаменттің және басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Департамент алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің балалар, білім беру және тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттер: Тамақтану және сауда объектілеріне, базарларға, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарына санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүргізу, тұрғындардың арасында тағамнан уланудың өршуі жағдайларын тексеру. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізуге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: Жоғары: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау).

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің карантиндік және аса қауіпті инфекцияларды (оның ішінде туберкулезді) эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы,С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметін талдау. Карантиндік, аса қауіпті инфекциялар, туберкулез мәселелері және мониторинг бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмысты жүргізу. Профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. Басқармалар ұсынатын карантиндік, аса қауіпті аурулар мен туберкулез бойынша есептердің уақытылығы мен есепке алынуының растығын бақылау. Санитариялық-эпидемиологиялық мәселелер бойынша бағдарламаларды әзірлеу және олардың орындалуын бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін қарау. Департаменттің аумақтық басқармаларына практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтың сақталуын қамтамсыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина), «Ветеринария» (ветеринариялық медицина).

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезіне 2017 жылдың 3 қазанға дейін ) бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу. Департамент басқармалары жұмысының жағдайына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруға қатысу. Құзыретінің шегінде департаменттің аумақтық басқармаларының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыретінің шегінде департамент алқасының талдау материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, қаулыларының жобаларын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Құқық» (юриспруденция, құқықтану, халықаралық құқық), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Байғанин аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқарма басшысы, С-R-1 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттер: Басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және құзыретінің шегінде шараларды қабылдау. Құзыретінің шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Құқық» (юриспруденция, құқықтану, халықаралық құқық), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), «Резидентура» (педиатрия), «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит), «Білім» (құқық және экономика негіздері), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (биотехнология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша).

6. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Темір аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы , С-R-3 санаты, 1 бірлік

Функционалды міндеттері: Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің, арыздардың орындалу сапасын бақылау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, ұйғарымдардың уақтылы орындалуын және іс қағаздардың жүргізілуін бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Дезинфекциялау қызметін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды бақылау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша екбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Бөлімнің мониторингін жүргізуді бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық фонды апта сайын талдау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау), «Құқық» (юриспруденция, халықаралық құқық), «Білім» (құқық және экономика негіздері).

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 2 бірлік( сонын ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезіне 2017 жылдың 2 наурызына дейін).



Функционалды міндеттері: Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), азық-түлік өнімдерінің технологиясы,биотехнология, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «Медицина, фармация» (гигиена және эпидемиология), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша), азық-түлік өнімдерінің технологиясы,биотехнология, өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау) салалары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің (негізгі қызметкердің бала күтімі демалыс кезіне 2017 жылдың 4 қазан дейін ) бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік



Функционалды міндеттері: Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау, профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттар дайындау. Сырқаттанушылықтың жағдайын жедел, ретроспективті талдау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу. Ұйғарымдардың, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді жүргізу. Құзыретінің шегінде кеңестер, семинарлар өткізу. Энтомологиялық мәселелер бойынша ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс. Өкімдер, бұйрықтар және сұраулар бойынша ақпарат дайындау. Трансмиссивтік аурулардың (безгек, кене энцефалиті және басқалар) тасымалдаушыларын энтомологиялық қадағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Анофелогендік су қоймаларын паспорттау бойынша жұмыс жүргізу. Ісқағаздарын және мониторингілеуді ұйымдастыру және жүргізу. Энтомологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «Медицина, фармацевтика» (гигиена және эпидемиология), салалары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.

9. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Мұғалжар аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік .

Функционалды міндеттері: Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және оның орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша дайындау және орындау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды жүргізу, ұйғарымдардың орындалуын бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша екбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу. Ұйғарымдардың, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді жүргізу. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін арыздарының, өтініштерінің орындалу сапасын бақылау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды және мониторингті жүзеге асыру. Еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, өтініштерді, тіркеуді, есепке алуды және сапасын қамтамасыз ету. Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді және құжаттамалық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету. Жергілікті желі мен электрондық құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Ақпаратты автоматтандыра өңдеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Бағдарламалық жасақтаманы енгізу және қолдау. Адамдардың өтініштерін бірыңғай есепке алу бағдарламасымен жұмыс. Басқарма қызметкерлерінің шаруашылық субъектілерді тіркеуін есепке алу және бақылау. Кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді есепке алу карточкалары мен талондарының жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз ету, басқарманың бөлімдері бөлігінде шаруашылық субъектілерді тексерулер мен талондарды тапсыруға талдау жүргізу. ҚР заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. ҚР заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары: «Құқық» (юриспруденция, құқықтану, халықаралық құқық), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, жалпы медицина), «Резидентура» (педиатрия). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «Құқық» (құқықтану), «Медицина, фармацевтика» ( гигиена және эпидемиология) салалары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.



10. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қобда аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, С-R-4 санаты, 1 бірлік

Функционалды міндеттері: Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және оның орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша дайындау және орындау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды жүргізу, ұйғарымдардың орындалуын бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды талдау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша екбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың мониторингілерін жүргізу. Ұйғарымдардың, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы орындалуын бақылау. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингілеуді жүргізу. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін арыздарының, өтініштерінің орындалу сапасын бақылау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды және мониторингті жүзеге асыру. Еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін арыздарды, өтініштерді, тіркеуді, есепке алуды және сапасын қамтамасыз ету. Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді және құжаттамалық ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету. Жергілікті желі мен электрондық құжат айналымының жұмысын қамтамасыз ету. Ақпаратты автоматтандыра өңдеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Бағдарламалық жасақтаманы енгізу және қолдау. Адамдардың өтініштерін бірыңғай есепке алу бағдарламасымен жұмыс. Басқарма қызметкерлерінің шаруашылық субъектілерді тіркеуін есепке алу және бақылау. Кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді есепке алу карточкалары мен талондарының жүргізілуіне бақылауды қамтамасыз ету, басқарманың бөлімдері бөлігінде шаруашылық субъектілерді тексерулер мен талондарды тапсыруға талдау жүргізу. ҚР заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. ҚР заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары: «Құқық» (юриспруденция, құқықтану, халықаралық құқық), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» (медициналық-профилактикалық іс, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, жалпы медицина), «Резидентура» (педиатрия). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: «Құқық» (құқықтану), «Медицина, фармацевтика» ( гигиена және эпидемиология) салалары бойынша білімі барларға рұқсат етіледі.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесіне жіберген құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу өтуге дейін бір қүн жұмыс ішінде ұсынылады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет