Конкурс Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті



жүктеу 215.41 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі215.41 Kb.


Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік сатып алу комитеті

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Көлік комитеті

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**


С-О-1 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу органдарының басшылық лауазымдарында, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-2, C-O-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.**


* Ескертуге: осы лауазымдарға аумақтық тәжірибе бойынша қосымша талаптар қойылу мүмкін.

** Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

*** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.

**** Ескертуге: мемлекеттік органның штат кестесінде осы лауазым төменгі болған жағдайда, онда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-3

154 071

208 205

С-4


138 248

186 551

С-О-1


182 387

246 515



I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті, 010000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефондар: 8 (7172) 71-70-74, N.Baimenova@minfin.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

1.Тапсырыс берушілермен жұмыс жөніндегі басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік,

Функционалды міндеттері: Тапсырыс берушінің электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге ұсынған тапсырмасын қарастыру, конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, конкурстық құжаттама мен аукциондық құжаттаманың ережелерін түсіндіру, басқарма қызметінің мәселелері бойынша хаттар мен ұсыныстарды қарастыру, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: құқық саласында (құқықтану немесе халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және программалық қамтама). Негізгі мамандығының бейіні бойынша курстарда мерзімді қайта даярлықтан өткені туралы сертификаттарының болғаны жөн. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік


II. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, анықтама үшін телефоны: 8(7172) 75-45-96, электронды адрес: k.urmantaev@mid.gov.kz, «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға мемлекеттік органның қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Көліктегі цифрлау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік) (уақытша, негізгі қызметкер бала күтімініе байланысты демалыс кезеңіне 19.04.2019 ж. дейін).

Функционалды міндеттері: Көлік және логистиканы автоматтандыру және ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды орындауға қатысу. Жобаны басқаруға қатысу. «Экономика салаларын автоматтандыру» жобалық басқармасы бойынша көлік және логистиканы автоматтандыру жобаларына қатысу және үйлестіру. Құрылатын басымдылықтар бойынша ұсыныстарды жасау. Басымдылықтар бойынша жоспарларға келісім алу. «Сандық Қазақстан» жобасы бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу. Көлік, логистика және көліктегі бақылауды автоматтандыру және ақпараттандыру аясындағы бюджетті-инвестициялық жобаларды жасау (қажет болған жағдайда) және келісім алу. Көлік және логистиканы автоматтандыру көрсеткіштерін бақылау және жасау. «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және жобалық басқармасы шеңберінде іс-шараларды жасау және келісім алуға қатысу. Интеллектуалды көліктік жүйені құру және дамыту бойынша іс-шараларды өткізу. Сервистік бағдарламалық өнімдерді іске асыру мақсатындағы ұсыныстарды дайындау. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша жобаларды құруға қатысу. Сервистік бағдарламалық өнімдерді іске асыру шеңберінде Сервистік интегратор жұмысын үйлестіру.Көлік және логистиканы автоматтандыру, ақпараттандыру бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысу. Басқарма міндеттеріне жататын басқа да міндеттерді іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар, көліктік құрылыс, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк көзғаласы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).

2. Көліктегі цифрлау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (1 бірлік).

Функционалды міндеттері: Комитетті ақпаратты-техникалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелердің қызмет етуін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін бағалауды, жоспарлауды және бақылауды жүзеге асыру. ААЖ КМБ-ын дамыту және сүйемелдеу бойынша жұмыстардың тиімділігін бағалауды, мониторингті және жоспарлауды жүзеге асыру. Басқарма құзыреті шеңберінде қызмет және тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатысу және дайындау.Техникалық міндеттерді, техникалық сипаттамаларды, бағдарламалық қамтамасыз ету техникалық сипаттамаларын, көлікті автоматтандыру, ақпараттандыру шеңберіндетехникалық талаптар сипаттамасын жасау. Комитет міндеттерін және функцияларын ақпараттандыруды және автоматтандыруды іске асыру және қатысу. Көліктегі бақылауды автоматтандыру бойынша ұсыныстарды жасау. ААЖ КМБ жасаушылары және әкімгерлері жұмыстарын бақылау және мониторингтеу. ААӨҚ-ын енгізу бойынша жұмысқа қатысу. ААЖ КМБ сыртқы жүйелермен өзара ақпараттық әрекеттесу ережелерін жасау және келісім алу. Қол жеткізуді бақылау. ААЖ КМБ тіркеу жазбаларын жасау және жүргізу. ААЖ КМБ-ың қызмет етуі бойынша шаралар кешенін қабылдау. ААЖ КМБ-ың жұмыс жасау қабілеттілігін бақылау. Ғаламтор және серіктік, жер бетіндегі, жергілікті байланыс каналдарын ұсынуды қамтамасыз етуді бақылау. Ақпараттық жүйелердің қызмет етуі үшін есептеу қуаттарын ұсынуды қамтамасыз етуді бақылау. Көліктегі бақылауды автоматтандыру және ақпараттандыру бойынша жобаларды жасау және қатысу. Басқарма құзыреті шеңберіндегі бюджетті бағдарламаларды жасауға және келісім алуға қатысу. Көлік саласындағы процестерді автоматтандыру механизмдерін,ақпараттық жүйелерді және технологияларды жасау және енгізу бойынша халықаралық тәжірбиені зерттеу.Басқарма міндеттеріне жататын басқа да міндеттерді іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар, көліктік құрылыс, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету) немесе қызмет көрсету (көлікті пайдалану және жүк көзғаласы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе құқық (заңтану, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару).
III. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 2 қабат, блок В, 201 кабинет, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-05-79, электрондық адрес a.zhangali@miс.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Басқарма қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асырады. Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдардың қызметін үйлестіреді, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың сапасын бақылау. Мемлекеттік емес БАҚ-пен, отандық және шетелдік ақпараттық агенттіктер, интернет-ресурстар, желілік басылымдар, қоғамдық журналистік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. «Казконтент» АҚ, «Қазақпарат» ХАА» ЖШС-мен нақты қызмет бағыттары бойынша ынтымақтастықты үйлестіреді. Мемлекеттің әлеуметтік желілерде жұмыс бойынша ақпараттық стратегиялардың әзірлеуін үйлестіреді. Ақпараттық агенттікер, интернет-ресурстар, желілік басылымдармен ақпраттық стратегия жұмыстарын әзірлеуін үйлестіреді. Басқарма құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі, басқа орталық атқарушы органдарға Елбасының тапсырмаларын, үкімет қаулылары мен шешімдері мәселелері бойынша есеп, ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. Бекітілген тәртіп бойынша Басқарма құзыреті шеңберінде Комитеттің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Басқарма құзыреті шеңберінде Басқарма қызметкерлеріне міндеттер қойып, тиісті тапсырмалар беріп, Министрлік пен Комитет басшыларының бұйрықтары мен нұсқауларын, коллегия шешімдерін орындауын тексереді. Басқарманың ағымдық және ұзақ мерзімдік жұмыс жоспарын әзірлейді. БАҚ даму мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуінде қатысады. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, БАҚ-ын дамытудағы мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламалары қызметін үйлестіреді. Басқарма құзыреті шеңберінде БАҚ және әлеуметік желілер қызметіне мониторинг өткізуді үйлестіреді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырманың орындалуын тексеруді қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару), гуманитарлық ғылымдар (философия, аударма ісі, халықаралық қатынастар, тарих, филология), білім (тарих, құқық және экономика негіздері, шет тілі: екі шет тілі,қазақ тілі және әдебиет). «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін білу.


IV. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, анықтама үшін телефондар: 555-870, e-mail: onalbaeva.a@minagri.gov.kz, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы өнімі нарықтары департаменті Органикалық өнім және техникалық реттеу басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 08.03.2015 ж. бастап 24.12.2017 ж. дейін), санаты С-3, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Басқарма қызметіне жалпы басшылық жасау және қызметін үйлестіру, техникалық реттеу және органикалық өнімді өндіру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, стандарттар мен регламенттерінің жобаларын әзірлеуді қамтамасыз ету; халықаралық ынтымақтастық, содай-ақ шетелдермен техникалық реттеу және органикалық өнімді өндіру саласында ынтымақтастық қызметін үйлестіру; Еуразиялық Экономикалық Одақтың техникалық реттеу жөніндегі мәселелері бойынша, техникалық реттеу саласында ұлттық заңнаманы, техникалық реттеу Еуразиялық Экономикалық Одақтың заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, нормативтік актілерін әзірлеу жөніндегі отырыстар мен кеңестерге қатысу; нормативтік актілердің жобаларын мемлекеттік және мүдделі органдарда келісуді үйлестіру, техникалық реттеу және органикалық өнімді өндіру саласында нормативтік актілерді қабылдау тиімділігіне мониторингті және талдауды жүзеге асыру; техникалық реттеу және органикалық өнімді өндіру саласындағы заңнамасын жетілдіру, техникалық реттеу және органикалық өнімді өндіру заңнамасын жетілдіру бойынша стратегиялық бағдарламаларға ұсыныстар дайындау, нәтижелерге қол жеткізуді талдау; жетекшілік ететін салалар бойынша жиынтық есептерді, талдауларды, баяндамаларды және басқа да тұсаукесер материалдарды дайындауға қатысу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар саласында: биотехнология немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласында: аграрлық техника және технология немесе ветеринария саласында: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария немесе білім саласында: биология немесе жаратылыстану ғылымдары саласында: биология немесе экология мамандығы бойынша жоғары білім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 16.05.2016 ж. бастап 20.02.2019 ж. дейін), санаты С-4, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Құпия құжаттамалармен жұмыстарды ұйымдастыру; құпия іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды және нормативтік-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, Басқарма басшылығы айқындаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, санаты С-О-1, 1 бірлік.

[/b]Функционалдық міндеттер:[/b] Инспекцияның қызметіне жалпы басшылықты жүргізеді және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап береді; реттелетін саладағы мемлекеттің аграрлық саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік, ғылыми-техникалық және өзге де бағдарламалар мен жобаларды іске асырады; өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асырады; техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитарлық мониторингті ұйымдастырады, фитосанитарлық іс-шараларды, фитосанитарлық есепке алу жүргізуді ұйымдастырады; Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес өсімдіктерді қорғау және карантин, астық нарығын, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізеді; өсімдіктер карантині саласында жасалған келісімдерге сәйкес халықаралық нормалардың және талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді; Республика аумағын карантин аймағынан немесе шет елдерден карантиндік объектілердің енуінен немесе өз бетімен кіруінен қорғауды ұйымдастырады; карантиндік объектiлердiң таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою және карантинге жатқызылған өнiмдi зарарсыздандыру жөнiндегi iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады; фитосанитариялық есепті жүргізеді және ұйымдастырады; Инспекцияның құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекция (бөлімшелер) басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық және аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады; Инспекция басшысының орынбасарынан басқа облыстық және аудандық (қалалық) аумақтық инспекцияларының қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және оларға тәртiптiк жаза қолданады; бұйрықтарға қол қояды; Инспекцияның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережені, аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялар туралы үлгілік ереже негізінде Комитеттің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциялары туралы ережені бекітеді; Комитеттің келісімі бойынша өсiмдiктер карантині жөнiндегi фитосанитарлық бақылау бекеттердің тізбесін және олардың орналасқан жерлерін айқындайды, өсімдіктер карантині жөніндегі фитосанитариялық бақылау бекеттер туралы ережелерді бекітеді; заңнамада белгіленген тәртіппен іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, үстемеақы белгілеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді; өз құзыреті шегінде Инспекциядағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекетіне қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шараларға дербес жауап береді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында: агрономия немесе өсімдіктерді қорғау және карантин немесе топырақтану және агрохимия немесе жеміс-көкөніс өсіру немесе аграрлық техника және технология немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы немесе ветеринария саласында: ветеринарлық медицина немесе ветеринарлық санитария (ветеринария немесе ветеринариялық дәрігер) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласында: құқықтану мамандығы бойынша жоғары білім. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешеннің жетекшілік ететін салаларындағы заңнамасын және функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да нормативтік құқықтық актілерді және «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу. Мынадай құзыреттерінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі); 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

___________________________________


      (мемлекеттік орган)    

                           

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.



Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________


______________________________________________________________________

      


__________                ____________________________________
(қолы)                     (Т.А.Ә. (болған жағдайда))

      


«____»_______________ 20__ ж.


: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет