«Көктем гүлдері» І- кіші топ «Балапан» Тәрбиеші: Тлеумбетова. Г



жүктеу 43.92 Kb.
Дата22.03.2018
өлшемі43.92 Kb.
Бекітемін:___________

МКҚК «Айгүл» балабақшасының

Әдіскері А.Баянова


« Көктем гүлдері »

І- кіші топ «Балапан»
Тәрбиеші: Тлеумбетова .Г .

2016- 2017оқу жылы

Білім беру саласы: Таным .

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы:« Көктем гүлдері »

Мақсаты: Көктем туралы түсінік беру . Көктем ерекшелігін , жылдың қыстан кейінгі кезекті мезгілі көктем мезгілі екенін білу ; Көктем мезгілінде ең алғашқы өсіп шығатын гүлдермен таныстыру . Гүлдер туралы білімдерін әріқарай дамыту . Балалардың тілін дамыту , сөздік қорын молайту .

Билингвальді компонент: Көктем – весна ; гүлдер –цветы.

Оқу іс-әрекеттерінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық



Балалар келген қонақтарымызбен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Армысың алтын күн ,

Армысың , көк аспан .

Армысыңдар , достарым ,

Армысығдар , қонақтар .





Балалар қонақтармен амандасады.

Балалар шеңбер жасап тұрады,сөздерді бірге қайталайды.



  • Деніміз сау болсын.

  • Аспанымыз ашық болсын

  • Туымыз биік болсын.

  • Ата- анамыз аман болсын.

  • Досымыз көп болсын.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік





  • Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілінде неше ай бар?

  • Қандай айлар?



  • Дұрыс айтасыңдар,балалар.

  • Көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?

  • Қәне барлығымыз мына тақтадағы суретке қарайық .

  • Бұл суретте не бейнеленген ?

  • Балалар,сендер көктем туралы тақпақтар білесіңдерме?

Асемай :

Көктем болды алақай ,

Қуанар барлық балақай .

Көктемде жаңбыр болады,

Бақшаға гүлдер толады .

Айша :

Арайлап атты таңымыз ,

Жайнайды бақша – бағымыз .

Көп гүлдердей құлпырып ,

Би билейміз және біз .

Іңкәрім :

Күн шуағын шашады ,

Жауында жауып алады .

Көктем келіп жеткенде ,

Ағаштар бүршік жарады .

  • Жарайсыңдар балалар, көктемгі гүлдер туралы айтайын .

  • Бұл көктемнің ең алғашқы гүлі «Бәйшешек гүл » . Бәйшешек гүл таулы жерлерде өседі .

  • Мынау « Қызғалдақ гүл » көктем мезгілінде өсетін гүл .

Гүлдердің құрылысы: тамыры, сабағы, жапырағы, тостағаншасы, күлтешелері болады . Олардың көптеген түрлері болады.Түстеріде әртүрлі болады.

Ғажайып сәт :

Есік қағылады .

Көктем келеді .

  • Сәлеметсіздер ме ?

  • Мен кіммін ?

Көктем : Иа , мен көктеммін . Мен сендердің қызғалдақ гүлді , ұқыпты әдемі етіп жапсырғандарыңды көрейін деп келдім.

Шығармашылық орталық

«Қызғалдақ » гүлді әдемі етіп жапсырамыз.

Жұмыстың орындалу ретін көрсетіп, түсіндіреді.



Сергіту сәті:

Көтем келді бүгін ,

Күнім төкті нұрын .

Сайрап барлық құстар ,

Ән салуға құштар .

Балалар жапсырған қызғалдақ гүлді көктемге сыйлайды .

Көктем қоштасып кетеді.

Дидактикалық ойын « Кім жылдам !»

Ойынның шарты жерде жатқан гүлдерді теріп , гүлдің түстерін атау .




  • Көктем мезгілі.

  • Үш ай болады.

  • Наурыз,Сәуір,Мамыр.

Балалар өз ойларын айтады.

Көктем


Балалар тақпақтарын айтады.

Балалар тыңдайды

Балалар амандасады

Көктем


Балалар жұмыстарына кіріседі .

Балалар сергіту сәтін орындайды .

Гүлдерді теріп , гүлдердің түстерін атады.


Рефлексиялық түзетушілік -



  • Балалар біз не туралы білдік ?

  • Көктемнің ең алғашқы гүлі қандай гүл?

  • Бізге кім қонаққа келді ?

Балаларды мадақтау.

Гүлдер туралы .

Бәйшешек және қызғалдақ.



Көктем келді .


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көктемнің ерекшеліктерін , көктем айларын білу .

Игереді: Табиғат ерекшеліктерін

Меңгерді: Таза , ұқыпты жұмыс жасай білуді

c:\users\6\desktop\гүлнұр сабақ.jpg





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет