Кожанова Алия Кошановна Бурабай ауданы Щучье қаласы "Одуванчик" бөбекжайының тәрбиешісі су атасы-сүлейман мақсаты



жүктеу 59.38 Kb.
Дата20.07.2018
өлшемі59.38 Kb.
Кожанова Алия Кошановна

Бурабай ауданы Щучье қаласы "Одуванчик" бөбекжайының

тәрбиешісі
СУ АТАСЫ-СҮЛЕЙМАН
Мақсаты: Балаларға жер, су, ауа туралы түсінік беру, судың сұйық зат екені, әр түрлі күйге ұшырап, жаңбырға, қар, мұзға айналатынын түсіндіру. Судың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру. Сараптау, талдау, ойлау қабілеттерін арттыру. Өз денсаулығына, тіршілік нәрі болып саналатын суға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Суды зерттеу арқылы балаға қорытынды жасатқызып ой-өрісін дамыту.

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Көкте шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей, бәріміз

Сәлем дейік үлкенге.

-Сәлеметсіздер ме,балалар!

-Мен адасып кеттім (жылайды).

-Маған көмектесіңдерші, достарымнан қалып қойдым.

-Көмектесеміз бе, балалар?

-Иә!


-Бүгінгі сабағымыз су туралы, бізбен бірге бол, сабақ аяқталған соң, біз сені достарыңа шығарып саламыз.

-Балаларға глобусты қөрсету.

-Жер бетінің 3/2 бөлігін су алып жатыр.

-Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.

-Жердің көп бөлігін су алып жатқандықтан, көк түспен боялған. Теңіздер мен мұхиттар, өзендер мен көлдердің суы тұзды немесе тұщы болады, оны ішуге болмайды. Сонымен су көп, бірақ оларды ішуге болмайды, оларды ластамай, қорғау керек.

-Адамдар, ағзамызда пайда болатын таза тұщы су ішу керек.

Орыс тілінде:су-вода; ағылшын тілінде-вооте;

Жұмбақ:

Көп болса да қауіпті,

Аз болса да қауіпті.

Шомыласың, жүзесің,

Шөлдегенде ішесің (Су)

-Адамдар суды қайда пайдаланады?

-Суды ішеміз, аналарымыз тамақ дайындайды, кір жуады, өсімдіктер өседі, жануарлар, балықтар сусыз өмір сүре алмайды.

-Суда нелер өмір сүреді? (Балық, бақа, жылан)

-Қандай су көліктері болады? (Қайық, кеме)

-Су біздің денсаулығымыздың мықты болуына да себепші болады. Судың көмегімен қалайша күшті, шымыр болуға болады?

-Судың қалай қауіпті болуы мүмкін?

-Балалар, қалай ойлайсындар, су қандай түрлері болады? (Суйық, мұз қатты, бу түрінде)

-Қарандаршы, балалар біреу құдықтың шелегін ұмытып кетіпті.

-Оның ішінде хат жатыр. Хаттың ішінде жұмбақтар бар екен.

-Жұмбақты сендер жауабына сәйкес суретті табасыңдар депті.

Жұмбақтарды оқу:

Қолымыз сәл былғанса,

Мұрнымыздан су ақса,

Қай досымыз көреді,

Жылдам көмек береді (Г.Абдрахимова)

-Су.


Жылт-жылт етеді

Жылғалардаң өтеді (Судың сұйық күйі)

Өзі судан жаралған,

Бірақ судан қорқады (Мұз-судың қатты күйі)

Көзге көрінгенмен,

Ұстасақ қолға тимейді (Бу-газ күйі)

Мамықтай ұлпа,

Қанттай ақ,

Қыста жер бетін басады.

Жазда сайға қашады (Қар)

Тама-тама тас тескен (Тамшы)

Қанатсыз құс жақын барады

Көзінен жас тамып барады (Бұлт)

-Біздің бұлт көп достарымен аспаннаң жаңбыр болып жауады. Ол жаңбыр жерге сіңіп, жер астыңдағы жылғаларға қосылып бұлаққа айналады. Жер бетіндегі қөлдерге қосылады. Күннің көзі қыздырғанда, көлдердің бетінен бу болып аспанға көтеріледі.

Жаз мезгілінде жаңбыр, бұршақ болып жауады. Қыс мезгілінде қар болады. Ақ мамық ұлпа қар, көп кішкентай ұлпа қарлардаң тұрады. Осындай су тамшылардың қыдырғанын табиғаттағы су айналымы дейді.

Сергіту сәті:

Күн мен ауа және су

Бәрімізге керек пе?

Иә, иә, иә! (Қол соғамыз)

Күн жылыну үшін бе?

Иә, иә, иә!(Қол соғамыз)

Күн жарық үшін керек пе?

Иә, иә, иә!(Қол соғамыз)

Су ішуге керек пе?

Иә, иә, иә!(Қол соғамыз)

Су шынығу үшін бе?

Иә, иә, иә! (Қол соғамыз)

Денеңде күш артты ма?

Мақал-мәтелдер:

Нұржан

-Су- тіршілік көзі



Дамир

Бұлақ көрсең көзін аш



Дарын

Су қадірін шөлдеген білер



Алина

Жол қадірін жүрген білер



Данила

Суды лайлама

Бұлақты былғама

Аделя

Түнде су төкпе



Судың да сұрауы бар.

Қазақ ырымда түнде су алуға тиым салған. Қажет жағдайда су атасы Сүлейменнен рұқсат сұраған:



Су атасы-Сулеймен

Айдыныңа тас аттым

Рұқсат ет балаңа

Су алуға бола ма?

Түн ұйқыңнан ояттым.

-Ау, амансындар ма, балалар! Маған қонаққа келдіндер ме? Төрлетіндер, маған жалғыз отыру өте көнілсіз, жер бетіндегі жаңалықтарды айтыңдар.

-Ата, бізбен бірге бұлт бар. Ол жолдастарынан қалып қойыпты. Олар қайда кеткенін білмейді екен? Мүмкін, сіз білерсіз? Білсем көмектесейн. Біз сіздің патшайлығыңызда балалармен суды зерттейік. Және бұлтқа достарың табуға қөмектесейік.

-Алдымен, балалар суды зерттейік. Мұқият тыңдандар, тиянақты қараңдар.

Тәжірибе өткізу: балалар шыныдан стаканға суды құяды. Қандай дыбыс естиміз? (сылдырайды)

-Судың иісі бар ма?(иіссіз)

-Түсі бола ма? (түссіз)

-Судың пішіні бар ма ?(жоқ)

-Ендеше, ыдыстағы суға қасық салайық, көріне ме? (көрінеді)

-Яғни, су түссіз, мөлдір болады.

-Суға қант қоссақ, дәмі қандай болады? (тәтті)

-Енді суға түз қосайық, дәмі қандай болды? (ащы)

-Лимонның шырынын қоссақ не болады? (қышқыл)

-Суға бояу қоссақ не болады ?(өзгереді)

-Далада қар жатыр, күн жылынғанда қар еріп, суға айналады. Ал, осы қарды (қарды қөрсету) жылы жерге қойса, еріп, суға айналады, мұздатқышқа салып қатырса, мұзға айналады. (Қарды алақанға салып, ұстап тұрып, еріп суға айналғанын көрсету)

-Мынау термоста қайнаған су. Оны ашып айнаны тоссақ, айнаға бу жиналады. Сондықтан бу суға айналады.

Ыдыста тұрған топыраққа су құйып көрейік. Айтыңдаршы су қайда кетті?

-Ия, дұрыс, топыраққа сіңді, өсімдік отырғызсақ, ол өседі.



Ойын: «Суды қалай жинауға болады?»

-Мен мынау ыдыста болып әбден жалықтым, әдемі ыдысқа барғым келеді.

-Балалар, кәне, судың басқа ыдысқа ауысуына көмектесейік.

1. Сорғышпен.

2.Грушамен.

3.Тамшуырмен

4. Сүлгімен.

-Керемет, балалар суды зерттеп шықтық. Бұлтта енді білер достары қайда екенін.

-Ия, мен енді достарым қайда екенін білемін.

-Сау болыңдар!

Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.



Ойын: «Тамшылар»

Тамшы болып тамайық,

(бір орында секіреді)

Арық болып ағайық

(жүгіреді)

Көлшік болып жиналып

(шеңбер жасайды)

Күнге қолды бұлғайық

Күн көзімен құрғайық

Бу боп аспан төрінде

Бұлттар санын құрайық.

Бұлттар жаңбыр, сөгілер

Жер әлеміне төгілер.

-Тамаша , балалар, мені қуанттыңдар! Сендерге мындай сыйлығым бар.

-Рахмет, ата!

-Сау болыңыз!

-Бүгінгі сабақта су туралы не білдік? Сусыз тіршілік бола ма?

-Жоқ.


-Суретте су қайда пайдаланылатыны көрсетілген, сызықшалармен көрсетіп айту керек.

Ойын: «Суды қайда пайдаланады?»

-Судын неше күйі болады?

-Үш күйі бар.

Сабақты қорыта келгенде, ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдарын оқығым келіп тұр.

Су жүргізер тіршіліктің тамырын

Су жоқ болса, тіршілік тамам, бауырым



Судың біз біле тұра маңызын, көп болған соң ұмытамыз қадірін,-демекші, балалар , біз суды үнемдей білуіміз керек.
: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «ҚЫС» А. ҚҰнанбаев «ҚАР» С. Шаймерденов»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: ас атасы нан сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Баймуратова Назым Зейнелгабиденовна Шортанды ауданы «Бозайғыр орта мектебінің» мм биология пәні мұғалімі Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Раздольный ауылы Раздольный орта мектебі Химия,биология пәнінің мұғалімі Асылхан Сайра
Razrabotkaurokov -> Уакаева Гульнар Кадесовна биология пәні мұғалімі Зеренді ауданы Жылымды негізгі мектебі Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Razrabotkaurokov -> Ақжанова Асемгуль Ботабаевна Красный Яр №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы
Razrabotkaurokov -> Каженова Динара Жангалиевна дене шынықтыру нұсқаушысы Көкшетау қаласы «№11 «Арай» бала бақшасы» мкқК




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет