Кожахметова У. К. Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰу сарыарқадағы сақиналы құрылымдардың бедері



Дата01.04.2018
өлшемі66.69 Kb.
УДК 551.4

Кожахметова У.К.

Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Сарыарқадағы сақиналы құрылымдардың бедері

Сарыарқаның сақиналы құрылымдары жаратылысы бойынша космогенді және плутонды-жанартаулық болып екіге бөлінеді. Жасы бойынша әртүрлі болып келетін плутонды-магмалық түрі кеңінен тараған .Қазіргі кездегі экзоморфогенездік үдерістер субаридті климат жағдайында дамыған. Сақиналы құрылымдар-рекреациялық туризм үшін ең әдемі жерлер болып табылады.

Кольцевые структуры Сары-Арка по генезису относятся к двум типам: космогенному и плутоно-вулконогенному. Преобладают разновозрастные плутоно-вулконогенные кольцевые структуры. Современные процессы экзоморфогенеза развиваются в условиях субаридного климата. Кольцевые структуры-прекрасные объекты рекреационного туризма.

Ring structures Sary-Arka in genesis are of two types: the cosmogenic and plutonic vulkonogennomu. Dominated by uneven-plutonic vulkonogennye ring structures. Modern processes ekzomorfogeneza developed in sub-arid climate. Ring structures, beautiful objects recreational tourism.

Сақиналы құрылымдарға деген қызығушылық ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап, Жерді ғарыштан зерттеудің қарқындап дамуына байланысты басталды. Олар алғашқы рет бедерге кешенді түрде морфоқұрылымдық талдау жасаудың нәтижесінде, тектоникалық құрылымдардың жаңа бір түрі ретінде анықталды/1/. Космонавтиканың дамуы, ғарыштық техникаларды қолдану, жер бетін ғарыштық әдістермен зерттеу біздің жердің құрылысы туралы түсінігімізді кеңейтіп, литосфераның құрылысын және оның жер морфологиясында бейнеленуін, бедер пішіндері мен құрылымдарының әртүрлілігі мен пайда болуы туралы бар деректерді толықтырып, қайта өңдеуге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде қысқа мерзім ішінде жаратылысы, көлемі, жасы бойынша ажыратылатын көптеген сақиналы құрылымдардың таулы және жазық территориялар шегінде кеңінен анықталуына ықпал етті.

Сақиналы құрылымдар деп планда дөңгелектене келген сақиналы пішіндегі геологиялық объектілерді айтады. Олардың қимадағы құрылымы күмбез немесе шұңғыма, цилиндр тәрізді болып келеді де, бедердегі жер қабатының пликативті немесе дизъюнктивті бұзылған және физикалық аномалды жерлерінде кездеседі /2/.

Анықталған сақиналы құрылымдар тек морфологиялық көрсеткіштері бойынша ғана емес, шығу тегі жағынан да әртүрлі. Жалпы зерттелген барлық сақиналы құрылымдар: плутонды-жанартаулық және космогенді деп екі түрге ажыратылады. Плутонды-жанартаулық магмалық (эффузивті және интрузивті) үдерістердің нәтижесінде қалыптасса, екіншісі метеориттердің жерге құлауының нәтижесінде пайда болған. Космогенді сақиналы құрылымдардың дамуы тектоникалық соғылмалы-жарылыстық концепция тұрғысынан қарастырылады/2/. Олардың құрамында жанартаулық және интрузивтік жыныстар болмайды. Жер бетінде және Күн жүйесінің басқа да планеталарында олар бедердің теріс пішіндерін-метеоритті кратерлерді қалыптастырады. Жер бетіндегі алғашқы зерттелген Аризон метеоритті кратерінің қимасы 1200м болса, ал тереңдігі 175 м жетеді.

Орталық Қазақстанда сақиналы құрылымдардың плутонды- жанартаулық түрлері басым. Г.З. Попова оларды алғашқы рет анықтап, зерттеулер жүргізген/1/. Бірақ қазіргі кезде метеоритті кратерлер жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.

Жалпы алғанда Орталық Қазақстанның сақиналы құрылымдары территорияның қайталанбас ерекше сұлу ландшафтарын қалыптастырады. Олар бедердің тек ең ғажайып сұлу ғана емес, сондай-ақ ең жұмбақ пішіндері болып табылады. Міне сондай пішіндердің бірі Балқаш көлінің солтүстік-батысындағы Баяулысай және Алтыбай өзендерінің аралығында орналасқан Шұнақ метеоритті кратері (1-сурет).
http://photos.wikimapia.org/p/00/00/74/44/91_big.jpg

1-сурет. Шұнақ кратері


1976 жылы жарияланған мақаласында Б.С. Зейлик: «Шұнақ метеоритті кратер болуы мүмкін»,- деген жорамал айтқан. Жүргізілген зерттеулер нәтижесін және бұрғылау скважиналарынан алынған тау жыныстарының үлгілерін талдау барысында бұл жорамалдың дұрыс екендігі дәлелденді/3/. Шұнақ кратері 12 млн жыл бұрын биіктігі 1 100 метрлік өзі аттас тауда метеориттің құлауы салдарынан пайда болған. Кратердің көлденең қимасы 3,1 км жуық, ал тереңдігі 400 м. Шұнақтың геологиялық құрылымы А.В. Авдеев жасаған сызбасы мен қимасында жақсы бейнеленген (2-сурет).

Шұнақ девонның жанартаулы қабаттарында қалыптасқан. Жер бедерінде ол жалдармен қоршалған шұңғыл ыдыс түрінде көрініс береді. Оның өзгеше бір ерекшелігі кратердің шығыс бөлігін жарып өтетін жарылым. Оның түбі неогендік саздармен көмкерілген, кратер жалдарының беткейлері ағын жылғалары мен жыралардың жиі торымен тілімделген, ал кратердің ішінде өзен жүйесі және сырғымалар жақсы дамыған. Шұнақтың жалдарында пішіні мен көлемі бойынша әртүрлі лава сынықтары көп тараған. Олардың ұзындықтары 20-40 см-ге дейін жетеді.

Кратердің ғарыштық түсірілген көрінісінде ол толық шеңберлі, тұйық анамалия түрінде бейнеленген (3–сурет).

Сондай-ақ метеоритті катерлерге Ынталы сақиналы құрылымын да жатқызуға болады. Ол бірнеше сақиналы және дөға тәрізді элементтердің өзара үйлесуі арқылы қалыптасқан/3/.

Ал плутонды-жанартаулық сақиналы құрылымдар Орталық Қазақстанның ауқымды ауданын алады. Қазіргі уақытта олар айтарлықтай жақсы зерттелген. Оларға рекреациялық ресурстарға бай әйгілі Бұрабай сақиналы құрылымынан басқа, девон мен пермь жанартауларын қалыптасқан, палеоқұрылымның сақталған жұрнақтары бойынша қайта өңделген көптеген гранитті массивтерді жатқызуға болады. Оған мысал Орталық Қазақстан сақинасы /4/.

Плутонды-жанартаулық сақиналы құрылымдардың классикалық мысалына Қарақу жанартаулы құрылымы мен Бектауата гранитті массиві де жатады.

Қарақу орталықтандырылған құрылым жоғарғы палеозойлық жанартау қалдықтарымен байланысқан, жас сақиналы интрузивті жарылымдармен тілімделген. Оның құрылымында жанартаудың қалыптасу фазаларын анықтайтын, бір-біріне сүйемелене орналасқан сақиналы жалдар анық көрінеді. Сырт жағы орта және жоғарғы карбонның пиррокластары араласқан эпигенетикалық орталармен күрделенген. Ал фаза аралық белдеулерде порфирлі граниттер мен биотитті гранодиориттерден түзілген жарылым дайкалары орын тепкен.

Сақиналы құрылым-Бектауата массиві Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 70 шақырымдық жерде, ұсақ шоқылы-белесті жазықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтістік-батысқа қарай 7 км-ге созылып жатыр, ені 3 км, абсолюттік биіктігі 1213 м. Құбылтай өзен аңғары оны батысындағы Сарықұлжа (1082 м) тауынан бөліп тұрады. Бектауатаның беткейлері тік, жалтыр тақыр тасты, төбесі үшкірлеу келген. Таскөмір кешенінің ірітүйіршікті порфирлі қызғылт граниттерінен түзілген.


бектау-ата

4-сурет. Бектауата
Морфологиялық жағынан Бектауата-бұл биіктіктері 500м дейінгі конусты шоқылар жүйесі. Ең ірі шоқылар интрузияның апикалды бөлігімен, ал көтерілімдердің салыстырмалы үлкен амплитудасы жарылымдар мен сызаттар дамыған жерлермен сәйкес келеді. Үгіліудің қарқынды түрде жүруіне ауданның субаридті климаты және ірітүйіршікті граниттердің оңай бұзылатындығы әсер еткен. Соның нәтижесінде массивте таңғажайып бедер пішіндері-гранитті мүсіндер: «тасбақа», «қолтырауын», тас ыдыстар, үңгірлер (Әулие үңгірі) қалыптасқан. Олар физикалық үгілу мен дефляцияның, коррозияның, гравитациялы-беткейлік үдерістер сияқты экзогендік үдерістердің бірлесе әсер етуінің нәтижесі болып табылады.

Массивте әртүрлі жеке бедер пішіндері жиі кездеседі. Олардың қалыптасуы әртүрлі түйіршікті тегіс гранитті тақталардың бойымен жүрген денудациямен байланысты. Тегіс келген массив беттерінде диаметрлері 0,5 тен 2,0м дейін жететін дефляциялық сопақша еңістерді-гранитті «шұңғыл ыдыстарды» жиі көруге болады (5-сурет).

Сақиналы құрылымдарға биіктіктері 1500м жуық болатын Қызыларай, Қызылтас, Қосшоқы және де басқа гранитті массивтер жатады. Олардың күмбез тәрізді пішіндері дөңгелектеніп, беткейлері тік болып келеді. Қызыларай тауының ең биік нүктесі-Ақсоран граниттен түзілген күмбез тәрізді тау. Оның беткейлерін тілімдейтін өзендері тау өзендеріне тән сипатқа ие. Олардың тау жыныстарын тереңдете тілген тар, әрі терең арналарында көптеген деңгейлер бар/5/.

Айта кетер жәйт, Сарыарқаның сақиналы құрылымдарын зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы өте зор. Себебі олармен сирек кездесетін, алтын және полиметалды кен орындары тығыз байланысты болып келеді. Сондай-ақ далалы және шөлейтті ландшафтар жағдайында сақиналы құрылымдар ғажайып табиғи-териториялық кешендер оазистері: шыршалы, шыршалы-аққайыңды ормандар мен сирек ормандар, қолайлы микроклиматты әртүрлі шөптесінді далалар болып табылады.



Қорыта айтқанда, Сарыарқада орын тепкен бедердің ерекше бір пішіндері-сақиналы құрылымдар тек ғылыми зерттеу объектілері ғана емес, табиғаттың көзтартарлық орындары да.
Әдебиеттер:

  1. Попова Г.З. Кольцевые и линейные морфоструктуры Казахской складчатой страны. Алма-Ата: Наука КазССР, 1966.204б.

  2. Зейлик Б.С. Ударно-взрывная тектоника и краткий очерк плит. Алма-Ата: Гылым, 1991. 120б.

  3. Хрянина Л.П. Метеоритные кратеры на Земле. М.: Недра, 1987. 112б.

  4. Веселова Л.К.; Попова Г.З. Морфострутурное районирование палеовулканических центров// Проблемы природного и экономико-географического районирования Казахстана. Алма-Ата: 1968. 233-235бб.

  5. Веселова Л.К., Кожахметова У.К. Кольцевые структуры Центрального Казахстана как объекты познавательного туризма// блемы становления индустрии туризма Казахстана. Материалы Международной конференции специалистов системы туризма. Алматы: Қазақ университеті, 2002.

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет