Кодексінің 246-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»



Дата21.12.2017
өлшемі68.34 Kb.
түріКодекс
ЖОБА

Жануарларды асырау

Қағидасын бекіту туралы

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311-бабына, 1994 жылғы 27 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 246-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабына және «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1476 Қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берілген жануарларды асырау Қағидасы бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.





Қызылорда облыстық

мәслихатының

___сессиясының төрағасы






Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы


______________




______________

Қызылорда облыстық маслихатының

2014 жылғы «___» ____________ №_______шешімімен

бекітілген

Жануарларды асырау қағидасы



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Жануарларды асырау қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қызылорда облысы аумағында жануарларды асырау тәртібін белгілейді.

2. Қағида, меншiктiк нысанына қарамастан, жануарларды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - жануарлар иелері) қолданылады.

3. Қағида «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне, «Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексiне, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына және «Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес әзiрленді.

4. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адамдар өсiретiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiне тiкелей қатысы бар ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерi (iрi қаралар, қойлар, ешкiлер, жылқылар, түйелер, шошқалар);

2) бірдейлендіру – дерекқорға жануар туралы мәліметтерді енгізе және жануарға ветеринариялық паспортты бере отырып, жапсыру, чиптау, таңба салу жолымен жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу жүйесі;

3) жануарларды асырау – жануарлар иелерiнiң жануарлардың өмiрiн, оның жеке саулығын сақтау үшiн, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемiнiң қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудегi iс әрекеттерi;

4) ветеринариялық паспорт – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысандағы құжат, онда: малды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

5) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

6) ветеринариялық ұйым – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның, қаланың жергілікті атқарушы органдары құрған, облыстық маңызы бар қалада, кентте орналасқан мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме;

7) ветеринариялық пункт – ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған, аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылдық округте орналасқан мемлекеттік ветеринариялық ұйымның оқшау бөлімшесі;

8) карантин – эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим.

2. Жануарларды асырау шарттары





  1. Жануарлар иелерi:

1) санитариялық-гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды ұстануы;

2) ветеринар мамандарының негізделген талабы бойынша, диагностикалық зерттеуге және аса қауіпті ауруларға егу жұмыстарын жүргізу үшін жануарларды кедергісіз көрсетулері;

3) тіркелген жануарлардың орындарын ауыстырған жағдайда (сатқанда, сыйлыққа бергенде) оларды өзгерген орындары бойынша қайта тіркетулері қажет.

6. Жануарлар иелерiнің меншігіндегі ауыл шаруашылығы жануарларының барлығы бірдейлендіріліп ветеринариялық мекемелер беретін ветеринариялық паспорттардың болуы тиіс. Ірі қара және ұсақ малдардың төлдерін, сондай-ақ боталарды туғаннан кейін 7 (жеті) күн өткен соң, бірақ туған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіреді. Құлындарды 4 айлық жасында бірдейлендіреді. Торайларды бір айға толғанда бірдейлендіреді.

7. Жануардың қолдан кетyi (сату, жоғалу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тipкeyді жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттер жүзеге асырады.

8. Өлген жануарлардың өлекселері туралы ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттерге хабар беріп, олар арнайы малқорымында немесе арнайы өртейтін пештерде жойылуы қажет.

3. Жануарларды асырау тәртібі
9. Жануарлар иелеріне:

1) ветеринариялық ұйымдар мен ветеринариялық пункттер беретін арнаулы үлгідегі ветеринариялық паспорты мен жүргізілген алдын ала емдеу мен денсаулығы туралы ветеринариялық анықтамасы болмаса жануарларды тасымалдауға (орын ауыстыруға);

2) жануарларды адамдар демалатын қоғамдық шомылу жерлерінде, су бұрқақтарда, табиғи және жасанды су айдындарына түсіруіне рұқсат берілмейді.

10. Ауыл шаруашылығы жануарларын бір жерден екінші жерге тасымалдап айдап өткенде, тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иелері жауап береді. Көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа қоғамдық көпшілік пайдаланатын орындарында, қала бойынша ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында жануарларды жаюға тыйым салынады.

11. Көшелерде, алаңдарда, саябақтарда және басқа жалпылай пайдаланатын қоғамдық орындарда жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жануарлар деп есептеледі және арнайы жабдықталған орындарға жануарлар иелері табылғанға дейін қамауға жатады.

12. Егер алты ай iшiнде iрi қараның, жылқының, түйенің және екi ай iшiнде мүйізді ұсақ малдың меншiк иесi табылмаса, қараусыз ауыл шаруашылығы жануарлары коммуналдық меншікке өткізіледі.

13. Иелері табылмаған қараусыз ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жабдықталған орынға жеткізу, тасымалдау, күзету, ұстау (жемдеу, суару, ветеринарлық қызмет көрсету) үшін шыққан шығындардың орнын қараусыз ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға жауапты заңды тұлғалар берген шоттарға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының иелері толтырады.

14. Жануарлар иелері жануарлардың кенеттен өлгені мен бірнеше жануарлардың бір уақытта ауырғаны немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткені туралы ветеринарлық мамандарға хабарлап, ветеринарлық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарларды оқшаулап ұстауға шара қабылдаулары тиіс.

15. Карантин енгізілген кезде:

1) жануарлардың барлық түрлерін кіргізуге және әкелуге, шығаруға және әкетуге;

2) жануарлардан алынатын шикізат пен өнімді дайындауға және әкетуге, шаруашылық ішінде жануарларды айдауға;

3) ауру жануарлардың сүтін пайдалануға;

4) жануарларды етке союға;

5) өлген жануарларды ашуға және олардың терісін алуға;

6) табиғи су қоймаларынан жануарларды суаруға;

7) жануарларды және жануарлардан алынған өнімдерді сатуға, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін, көрмелерін (аукциондар) және адамдар мен жануарлар жиналатын басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.



4. Қорытынды ереже
16. Осы Қағиданы бұзғаны үшiн жануарлардың иелері «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы»  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiнің 311-бабына сәйкес жауапкершілікте болады.
Каталог: sites -> default -> files -> users -> kanat-korda -> kaulylar
kanat-korda -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Комитетімен 2014 ж
kanat-korda -> Енді аз уақыттан соң Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Ел басына күн туғанда етігімен қан кешіп, сол жеңісті әкелген абзал ағалардың саны күн сайын азайып барады
kanat-korda -> Белоруссиядан берлинге дейін
kanat-korda -> 1. Жалпы ережелер
kanat-korda -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
kanat-korda -> Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аймағында
kaulylar -> 2014 жылға аралған мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
kaulylar -> Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет