Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Дата13.10.2018
өлшемі38.41 Kb.
түріКодекс
«Қараөзек» компрессорлық

және газ тарату станциясының

күзет аймағы шекарасын

белгілеу және жерді пайдалану

режимін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау және «Қараөзек» компрессорлық және газ тарату станциясын қауіпсіз пайдалану үшін жағдайлар жасау мақсатында «Қараөзек» компрессорлық және газ тарату станциясы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. «Қараөзек» компрессорлық және газ тарату станциясының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3. Сырдария ауданының әкімі және «Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

әкімі Қ. Көшербаев

Қызылорда облысы әкімдігінің

2017 жылғы « __ » _________ № ___қаулысына

1-қосымша

«Қараөзек» компрессорлық және газ тарату станциясының

күзет аймағы шекарасының экспликациясы






Аудан атауы

«Қараөзек» компрессорлық және газ тарату станциясының

күзет аймағы

шекарасының көлемі,

гектар


Оның ішінде:

жайылымдығы

басқа алқаптары

1

2

3

4

5

1

Сырдария ауданы

381,0

294,9

86,1

Қызылорда облысы әкімдігінің

2017 жылғы « ___ » ____________ № ____қаулысына

2-қосымша
«Қараөзек» компрессорлық және газ тарату станциясының

күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі






Күзет аймағының атауы

Күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі

1

2

3

1

«Қараөзек» компрессорлық және

газ тарату станциясының

күзет аймағы


«Қараөзек» компрессорлық және газ тарату станциясының күзет аймағында:

1) өткелдерді, қара жолдарды және магистральдық құбыр трассасы мен оның күзет аймағын өзге де уақытша немесе тұрақты көлікпен кесіп өтудің орналасу орындарын, салу, жайластыру және пайдалану тәртібін магистральдық құбырдың меншік иесімен келіспей, орнатуға;      

2) бағбандыққа және орман өсіруге, сондай-ақ жер жырту тереңдігі отыз бес сантиметрден аспайтын далалық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін агротехникалық жұмыстар кешенінен басқа, магистральдық құбырдың меншік иесімен келісілмеген кез келген жұмысты орындауға;

3) магистральдық құбырдың меншік иесі не оператор жайластырған, магистральдық құбырға қызмет көрсету мен оның физикалық қорғалуын қамтамасыз етуге арналған жолдарды рекультивациялауға, сондай-ақ магистральдық құбырда өртке қарсы және күзет функцияларын орындайтын қызметкерлердің осы жолдармен қозғалысына, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген

жағдайларды қоспағанда, кедергі келтіруге;      


1

2

3







4) кез келген құрылыстар мен ғимараттар салуға;

5) автомобиль көлігі құралдарының, тракторлар мен механизмдердің тұрақтарын ұйымдастыруға;           

6) мелиоративтік жер жұмыстарын жүргізуге, суару және құрғату жүйелерін салуға;      

7) магистральдық құбырдың меншік иесінің келісімінсіз тау-кен, құрылыс салу, монтаждау және жару жұмыстарын жүргізуге, жерді тегістеуге;      



8) ұңғымалар, тікқазбалар орнатуға және топырақ сынамаларын (топырақ үлгілерінен басқа) алуға байланысты геологиялық түсіру, іздеу, геодезиялық және басқа да іздестіру жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Каталог: sites -> default -> files -> documents -> kaulylar
kaulylar -> Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру
kaulylar -> Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы
kaulylar -> Қызылорда облысының аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы «Өсімдіктер карантині туралы»
kaulylar -> Жоба «2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы»
kaulylar -> «Мемлекеттік орман қорында орманды пайдалану үшін төлем ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы
kaulylar -> Жоба қызылорда облысында ортақ су пайдаланудың
kaulylar -> Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын
kaulylar -> Қызылорда облысында есептеу аспаптары жоқ


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет