Күні, айы, жылы: Бөлімдер: Қазақ тілі. Тақырып: Жайдарлы жаз Мақсаты



Дата20.06.2017
өлшемі26.46 Kb.
Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

ересек тобына арналған
Күні, айы, жылы:

Бөлімдер: Қазақ тілі.

Тақырып: Жайдарлы жаз

Мақсаты: 1. Жаңа сөздер мен жаңа сөз тіркестерін енгізіп, туған өлкесінің алуан түрлі табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру

2. Сурет бойынша әңгіме құра білуді үйрету, тіл байлығын жетілдіру

3. Достық, бауырластыққа, елге сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жасыл шөп, ыстық, жел, күннің көзі, көркем, гүлдер, суға шомылу, жағажайда демалу, тынығу

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелету, ойын-тапсырмалар

Көрнекілігі Түрлі-түсті суретті картиналар, үлестірмелі сурет


Іс-әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық ынтасын көтеру


Мұғалім балалармен меңгерілген білімдерін тексеруден бастайды.

-Жеміс-көкөністерді теріп алып атаңдар, санаңдар.

-Туған Отанымыз қалай аталады?

-Балалар кәзір қай жыл мезгілі?

-Жаз деп мұғалім жаз көрінісін бейнелейтін суреттерді көрсетіп түсіндіреді. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізіледі: Жасыл шөп, ыстық, жел, күннің көзі, көркем, гүлдер, суға шомылу, жағажайда демалу, тынығу


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар суретте көрсетілген затты атайды.

Сөздерді бірнеше рет қайталайды.



Іздену

кезеңдерін

ұйымдастыру


Мұғалім балаларға «Жаз» мәтінін оқып беріп, мазмұнын түсіндіреді. «Алақай, жайдары жаз келді! Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жаз - жылдың ең ыстық мезгілі. Жазда біз суға шомыламыз, жүземіз, күнге қыздырынамыз.»

Сөздік жұмысы:

Жайдары – веселый

Ыстық – жаркий

Шомылу – купаться

Күнге күю – загар


Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Сөздерді мұғаліммен бірнеше рет қайталап, жаттап алады.





Рефлексивті қорытындылау

Өлең оқып, мазмұнын түсіндіру.

Жаз келді де табиғатты,

Безендіре бастады.

Сан бояумен бар маңды,

Құлпыртып-ақ тастады.

Балалар өлеңді мұғаліммен, кейін өздері бірнеше рет қайталайды.



Күтілетін нәтиже: Балалардың оқып-үйренуі. Жаңа сөздер мен жаңа сөз тіркестерін түсініп, үйренеді.

Түсінігі: Туған өлкесінің алуан түрлі табиғатына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Іс-әрекет дағдылары: Сурет бойынша әңгіме құра біліп үйрету, тіл байлығын жетілдіру.

Каталог: uploads -> doc -> 0cb2
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0cb2 -> Ғылыми жаңалықтар мен болжамдардың шегін көру мүмкін емес
0cb2 -> Биогеоценоз как многовидовая биосистема и экосистема


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет