Күні: 28. 04. 2016 7- сынып Биология пәнінің мұғалімі



жүктеу 91.32 Kb.
Дата15.07.2018
өлшемі91.32 Kb.

Күні: 28.04.2016

7- сынып

Биология пәнінің мұғалімі:

Мейрманова Айжан Анарбековна

Мектебі

«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»КММ

Тақырыбы:

Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Сілтемелер:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Әдістемелік нұсқау



Биология журналы

Жалпы мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға сүтқоректілер класының отрядтары, тұқымдастары мен түрлері туралы білім беру
Дамытушылығы : Сүтқоректілер класына жататын жануарлардың отрядтары, тұқымдастары туралы оқушының білім біліктігін дамыту. Тәрбиелігі : Оқушыларды сүтқоректілердің табиғаттағы ролін сезінуге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.



Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Оқушылар ұрпағын сүтпен қоректендіретін жануарлар туралы біледі, олардың түрлерін ажырата алады.

Құрал -жабдықтар:

Ақ қағаз, түрлі – түсті қаламсаптар, дәптер, «Ағаш» плакат, табиғат плакаты ,буклет, жануарлар бейнесі.

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа тәсілдер.Диалогтік әдіс.Интерактивті әдіс

Жеке жұмыс.Жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Негізгі идеялар

Сүтқоректілерге қандай жануарлар жататынын, олардың мекен ортасын , құрылыс ерекшеліктерін білу.олардың сырт келбетері арқылы түрлерін ажырату.

Тапсырма көздері:

Топқа негізгі сұрақтарды үлестіру , талқылау

Блум таксономиясын пайдалану «Біз біріншіміз» тренигі, «Импульс» «Квиз»тәсілі, «Ағаш» , «Табиғат» планшеттері,Рефлексия, бүктемелер

Психологиялық ахуалын қалыптастыруды ұйымдастыру

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

Оқушылардың көңіл –күйін сұрау, сыныпты түгендеу, өткен сабақты еске түсіру

Оқушылар назар аударып тыңдайды

Тапсырма беру

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың іс -әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі 3 минут

Сыныпта жағымды атмофера қалыптатыру

/Карижанова Раушан/ тәлімгерім
Ал, балалар өздерін атап өткендей табиғаттағы жер шарында сүтқоректі жануарлардың саны шексіз, олар өздерінің көптүрлілігімен ерекшеленуде.
Олай болса балалар алдыларында жатқан әр түрлі жануарларды топтастырып көрейікші.

Қане әр топ өздеріне тән жануарлаға қарай топтанып, бір – бір топ болып жіктеліп өздеріне сай орталарына жайғасуларыңызды сұраймын.



Сынып оқушыларын  4 топқа бөлу.Әр партаға менеджементтер , әр түрлі аңдардың суреттерін таратып, оқушыларды топқа бөлу.

1топ. Құрлықта мекендейтін ( аю, сиыр, ит, қой)

2топ. Жер астында тіршілік ететін( көртышқан,соқыртышқан, борсық, аршұнақ)

3топ. суда тіршілік ететін( құндыз, кәмшат, кит, түлен)

4топ.ұшатын сүтқоректілер( жарқанат)

2.Үй тапсырмасын сұрау

«Импульс»әдісі 4 минут

Мақсаты: Сүтқоректілер класы бойынша оқушылардың білім білігін тексеру әр топқа 5 сұрақтан қою.

3.Жаңа сабақ.10 минут

Қазақстаның кең- байтақ табиғат аймақтарында сүтқоректілердің 8 отрядтарына жататын 178 түрі таралған.Оның 40 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Көпшілігінің кәсіптік мәні бар.

Олай болса балалар әр топқа жеке – жеке тапсырма таратылады.

Құрлық -

Бунақденеқоректілер отряды



Ауа

Кемірушілер отряды


Жерасты

Жұптұяқтылар, тақтұяқтылар,қоянтектестер, қолқанаттылар отряды



Су

Жыртқыштар, ескекаяқтылар отряды



Топ оқушыларына мәтін тарату

Әр топтан 1-оқушыдан шығып мәтінді мазмұндайды




«Біз біріншіміз» атты тренингте оқушылар берілген тапсырма бойынша алғырлығын көрсетеді.



«Сүт», «қорек» , «жануар», «клас» сөздеріндегі әрбір әріптеріне сүтқоректі жануарларды жазады.

С- сиыр, суыр, сілеусін,

Ү-үйректұмсық

Т- тарпан, түлен,
Қ-қоян,қасқыр,қабылан, қабан,қой,қозы.

О-онагра, ор қоян

Р-рысь (Ілбіс)

Е-есек, ешкі, ехидна,елік,

К-көртышқан, керік, көкжал,күлміз, кәмшат
Ж- жолбарыс, жарқанат,

А-аю, арқар,арыстан

Н-нар,

У-

А-арлан,ақ қоян

Р-

К-күзен, керқұлан

Л

А-алан,ақкіс

С- сусар,сабаншы


  1. Топ « құрлық»

  2. Топ «ауа»

  3. Топ «жер»

  4. Топ «су»


«Құрлық» тобына арнайы сұрақтар
1. Сүтқоректілер деп аталу себебі? (ұрпағын сүтпен қоректендіретіндіктен)
2. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылы(маммалогия)
3. Сүтқоректілердің терісінде болатын бездер (май, тер, сүт, иіс)
4. Қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?( бассүйек,омыртқа жотасы мен кеуде қуысы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтардан, жамбас белдеуі мен артқы аяқтардан)
5. Тістері қандай топтарға бөлінеді?(күрек, сойдақ,кіші және үлкен азу тістері)
«Су» тобына арнайы сұрақтар
1. Қан тарату жүйесінде құстар мен сүтқоректілердің қолқа тамырында қандай
айырмашылық болады? ( сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқа доғасын құрайды, ал құстарда оң жақ қолқа доғасы болатын.)
2. Сүтқоректілер миының ерекшелігі ( алдыңғы ми айқын ми сыңарларына бөлінген, ми сыңарларының сыртында көптеген иірім, сайшалар ми қыртысының көлемін ұлғайтады. Мишығы жақсы жетілген)
3. Жатырдың қабырғасында ұрық пен аналықтың ағзасының арасында пайда бол,ан арнайы мүше (ұрық жолдасы «плацента»)
4. Көкеттің қызметі ( сүтқоректілердің кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұрады)
5. Күйіс қайыратын жануарлардың қарыны қанша бөліктен тұрады (4 – үлкен қарын, жұмыршақ, қатпаршақ, ұлтабар)

«Жер» тобына арнайы сұрақ
1. Ұшатын сүтқоректілердің ерекше белгілері (қолқанаттылар, өте ұзын 2-5 саусақтарының арасында, денесінің екі қапталында жұқа терілі жарғағы болады.)
2. Ілкі аңдарға қандай жануарлар жатады, аталу себебі? ( алғашқы аңдар- жұмыртқа салады. Олардың құстарға ұқсас клоакасы болады.оларға түрпі, түрпітек, үйректұмсық)
3. Қалталы сүтқоректілердің ерекше белгілері( төменгі сатыдағы аңдар, ұрпақтары өте кіші және әлжуаз, ұрпағын аналықтары құрсағындағы қалтасына салып, оның ішкі жағындағы сүт бездерінен бөлінетін сүтімен асырайды)
4. Сүтқоректілер мен жорғалаушылардың құрылысындағы ұқсастық нені көрсетеді? ( мүйізді қабыршақтар , тырнақтар, қоректенуі, бұл белгілер олардың туыстық жақындығын көрсетеді.)
5.Өкпе көпіршіктерінің сыртын торлаған тамыр қалай аталады, қызметі қандай? ( қылтамырлар торлаған, газ алмасу қызметі, кеуде қуысынң кеңейіп , кейде тарылуына сәйкес өкпеге ауа енеді, және кері шығады.)

«Ауа» тобына арнайы сұрақ
1. Тыныс алу мүшелерін ата (танау тесіктері, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, ауа тамырлар)
2. Құрлықтағы ең биік сүтқоректі (керік)

3.Сүтқоректілердің тері жабыны неше қабаттан тұрады? (2)

4.Сүтқоректілердің ұрығы қайда дамып жетіледі?(Аналық жатырда)

5.Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы немен бөлінген? (дабыл жарғағымен)




Топқа тапсырма беру

1-топ Бунақденеқоректілер отряды
2-топ Кемірушілер отряды
3-топ Жұптұяқтылар, тақтұяқтылар,қоянтектестер, қолқанаттылар отряды
4-топ Жыртқыштар, ескекаяқтылар отряды.

4.Жаңа сабақты бекіту

Карижанова Раушан

«Мозайка» тәсілі әр топтың алдына конверт ұсынылады.Конвертте жануардың сурет қиындысы болады. Топ оқушылары суретті жинастырып одан жануардың бейнесін құрастырады да, сол жануарға қатысты мақал, сол жануардың атасын, енесін , ұрпағының атын жазады, сонымен бірге бұл жануарларды қалай шақыруын айтады.













1.Жылқы. Пірі- Қамбар ата. «Ат- ер қанаты»


2.Сиыр. Пірі- Зеңгі баба. «Сиыр – бір үйдің асыраушысы»

3. Қой.Пірі-Шопан ата «малды берсең,қойды бер»


4.Түйе. Пірі- Ойсылқара. «Түйесі бардың- ктесі бар»

Аталығы-бура

Аналығы – Інген

Ұрпағын- бота



5.Рефлексия Тақтадағы планшеттегі табиғатқа «Екі жұлдыз,бір тілек»

әр топ өздерінің мозайкаларынан шыққан суреттерінің артына бүгінгі сабаққа кері байланыс жазады.


6. Ең,Ең, Ең........ Лездік ойыны

1. Ең биік сүтқоректі /керік /


2. Ең жүрдек сүтқоректі /қабылан /
3. Мұхиттағы ең алып сүтқоректі /көк кит /
4. Құрлықтағы ең үлкен жануар /піл/
5. Ең ірі тұяқты сүтқоректі /бегемот /

1. Құрлықтағы ең ақылды сүтқоректі /адам тәрізді маймылдар /


2. Ең ақылды теңіз жануары /дельфин /
3. Ең терісі қалың жануар /морж/
4. Ең алып қолқанатты сүтқоректі /ұшқыш түлкі/
5. Ең алып жыртқыш /ақ аю /
1. Ең алып мысық тұқымдас /амурлық тигр /
2. Ең алып орман тұяқтысы /бұғы /
3. Ең сирек кездесетін түлен /росса түлені /
4. Ең шөлге төзімді жануар /түйе /
5. Ең даусы ащы аң / бақырауық маймыл/

7.Үйге тапсырма беру  §59 Сүтқоректілердің көптүрлілігі оқып , мазмұндау.Қазақстан қорықтары бойынша хабарлама жазу.

«Квиз» тәсілі   (әрбір он оқушыға жеке тапсырма беру)

1.Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары

2. Түйе – төрт түліктің төресі

3. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының негізгі саласы

4. Ірі қара шаруашылығы және оның салалары


Тексерілді:



.Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары


2. Түйе – төрт түліктің төресі


.Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары


2. Түйе – төрт түліктің төресі


.Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары


2. Түйе – төрт түліктің төресі


.Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары


2. Түйе – төрт түліктің төресі


3. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының негізгі саласы


4. Ірі қара шаруашылығы және оның салалары


3. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының негізгі саласы

4. Ірі қара шаруашылығы және оның салалары


3. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының негізгі саласы


4. Ірі қара шаруашылығы және оның салалары


3. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының негізгі саласы


4. Ірі қара шаруашылығы және оның салалары



.Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары

2. Түйе – төрт түліктің төресі

3. Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының негізгі саласы

4. Ірі қара шаруашылығы және оның салалары








: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет