Күні 12. 16 Сыныбы: 9 а пәні: Биология Сабақтың тақырыбы



жүктеу 280.62 Kb.
Дата16.07.2018
өлшемі280.62 Kb.
Күні:3.12.16

Сыныбы: 9 А

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы:Генотип және фенотип. Аллельді гендер. Талдаушы шағылыстыру. Толық және толық емес доминаттылық. Тәуелсіз тұқым қуалау. Гендердің тіркесіп тұқым қуалау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Генотип және Фенотип туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылығы:Генетикалық Түсініктерін қалыптастыра отырып, салтымызды сақтауға тәрбиелеу.

Тәрбиелігі:Оқушының өз ойларын еркін де нақты жеткізе білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: баяндау,тест.

Сабақтың көрнекілігі:кесте суреттер.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру:сынып тазалығын тексеріп,оқушыларды түгендеу

Үй тапсырмасын тексеру. Тест(ашық тест)

1.Доминатты сөзінің балама атауы а)басылыңқы в)басым с)ажырау д)біркелкі

2.Фенотип пен генотип бойынша біркелкі будан ұрпақтар а)мендельдің 1-заңы в)Мендельдің 2-заңы с)Мендельдің ажырау заңы д)толық доминаттылық

3.Ажырау заңын шығарған кім? а)Т.Марган в)В.Л.Иогансен с)Мендель д)С.Г.Навашин

4.Организм гомозиготалы немесе гетерезиготалы болып қалай бөлінеді? а)генетипіне қарай в)фенотипіне қарай с)доминаты д)рецессивті

5.Екінші ұрпақтың белгілеренің ажырауында а)Фенотип 3:1; генотип 1:2:1 в)фенотип 2:1; генотип 2:1:2 с)фенотип 2:2; генотип 2:2:1 д)фенотип 3:3; генотип 1:1:2.



Жаңа сабақ:

Мендельдің бірінші заңы бойынша:егер бір жұп қарама-қарсы белгілері бойынша айырмашылығы бар гомозиготалы дараларды шағылыстырса, барлық бірініші ұрпақ () будандары біркелкі болып, ата-анасының біреуінің ғана белгісін жарыққа шығады. Яғни,олар-фенотип және генотипті бойынша біркелкі будан ұрпақтар болғаны.



Генотип- бұл генетикалық есептерде АА,Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы.

Фенотип-бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы. Фенотипті генотиптің көзге көрінетін кескіні деуге де болады.

Аллельдер дегеніміз-сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып,баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дал сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы, сары және жасыл түс.

Гетерозиготаларды басылыңқы белгілер сырттай бар генотипінде бар-жоғын үнемі анықтай алмайды. Басылыңқы аллельдердің бар-жоғын дәлме-дәл анықтау үшін басылыңқы гомозиготасы бар будандастырады да талдағыш будандастыру деп атайды.

Моногибридті будандастыру кезіндегі бірінші ұрпақтың () біркелкі будандарында тек ата-аналарының біреуінің доминатты белгісі жарыққа шыққан жағдай-толық доминаттылықты көрсетеді. Ата-аналарының екі белгісі де көрінбей, аралық сипаттағы жаңа белгі жарыққа шығады. Өйткені кейбір доминатты белгілер рецессивтілерге толық басымдылық қасиет көрсете алмайды. Бұл құбылысты аралық сипаттағы тұқым қуалау немесе толық емес доминаттылық деп атайды.

Мендельалынған деректердің барлығына талдау жасап, өзінің үшінші заңын айқындады, ол биология тарихында тәуелсіз тұқым қуалау заңы ретінде енді. Жеңілдетіп айтқанда түс гендерінің тұқым қуалау пішінгендерінің тұқым қуалауына байланысты емес.

Америкалық биолог, эмбриолог Томос Хант Морган (1886-1945) 1910 жылы Колумбий университетінде генетикалық тәжірибелерін бастады. Бір хромосома шегінде болатын гендер тіркес гендер деп аталады.

1.Сәйкестендіру кестесі. Жұптық жұмыс.

Ұғымдар

Анықтамалар

1.Генотип

2.Талдаушы шағылыстыру

3.Аллельді гендер

4.Фенотип

5.Толық доминаттылық

6.Толық емес доминаттылық

7.Тәуелсіз тұқым қуалау

8.Гендердің тіркесіп тұқым қуалауы



а)организмнің өз ата-аналарынан гаметалар арқылы қабылдаған гендердің толық жиынтығы

ә)организмнің ішкі және сыртқы жиынтығының белгілері.

б)басылыңқы аллельдердің бар жоғын дәлме-дәл анықтау үшін басылыңқы гомозиготасы бар будандасу

в)сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілеріне жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы.

г)моногибридті будандастыру кезінде ата-аналарының біреуінің, доминатты белгісінің жарыққа шығуы.

д)бір храмасома шегінде болатын гендер.

е)ата-анасының екеуініңде белгісі көрінбей, аралық сипаттағы жаңа белгінің жарыққа шығуы.

ж)түс гендерінің тұқым қуалауы пішін гендерінің тұқым қуалауына байланысты болмауы.



2.Кубизм стратегиясы:

1.Талдаңыз:мына генетикалық таңбалауларды талдап айт (104-бет)

2.Суреттеу:толық емес доминаттылыққа мысал келтір.

3.Байланыстыру:Фенотип

АА генотипінде сары

Аа фенотипінде жасыл

Аа генотипінде сары

4.Зерттеңіз: доминаттылықты Мендельше зертте.

5.Әңгімелеңіз:Г.Мендель кім?

6.Салыстыру:венн диаграммасы арқылы генотиппен фенотипті салыстыр



3.Семантикалық карта

Зерттеушілер

Ұлты

Кәсібі

Ашқан жаңалығы

Үйге тапсырма §24

Бағалау.
Күні:3.12.16

Сыныбы: 5 А

Пәні: Жаратылыстану

Тақырыбы: Гидросфера – Жердің су қабығы

Мақсаты:



Білімділік: Оқушыларға тіршілік көзі саналатын су туралы, судың қасиеті мен маңызы туралы білім береді.

Дамытушылық: Оқушы бойында ойлау қабылеті мен алғырлықты және су ресурстарын үнемдеу дағдыларын дамытады.

Тәрбиелік: Суға байланысты табиғи құбылыстарға бақылау жасауға дағдыландыру, судың қасиеттерін білу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын технология: СТО

Көрнекілігі: Дүниежүзілік карта, оқулық, карточкалар, интерактивтік тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.

Сәлеметсіңдерме балалар. Бүгін бізде ерекше сабақ.Өйткені бізідің сабаққа қонақтар қатысуда. Ал біз осы пәннен алған білімімізді ортаға салып, сабақтың қызықты да тиімді өтуіне атсалысамыз, солайма?.


  1. Үй тапсырмасын тексеру ( тест арқылы)

  2. Жаңа сабақ меңгеру

  3. Сабақты қорытындылау

Оқушыларды түстер бойынша 2 топқа бөлемін.

Үй тапсырмасын тексеру

1. Жердің ішкі құрылымы

А) Жер қыртысы, мантия,литосфера

В)жер қыртысы, мантия, ядро

С)Мантия, ядро, гидросфера

2. Жер шарында неше материк бар?

А) 5

В) 6


С) 4

3. Тау жыныстарының түрлері

А) Магмалық, шөгінді, метаморфты

В) Магмалық, ресурсты, қатты

С) Шөгінді, метаморфты, ерігіш

4. Пайдалы қазбалардың қоры қалай аталады.

А) Ресурстар

В) қазба орны

С) кен орыны

5. Материктер мен аралдардың айырмашылығы неге байланысты?

А) Орналасқан жерінде

В) Көлемінде

С) Климатында

6. Географиялық қабық дегеніміз..

А) тірі ағзалардың өмір сүру аймағы

В) Литофераның жоғарғы, атмосфераның төменгі қабаты

С) Жер шегінен тыс аймақ.

1- В; 2-В; 3-А;4-С;5-В; 6-А.



Сөздердің сәйкестігін келтіру 1- ші топ тапсырмасы

ядро

Жердің серігі

Материк

Тұңғыш қазақ географы

Орбита

Жан жағын су қоршаған кішігірім құрлық

Жер

Табиғи жарық және жылу көзі

Глобус

Жердің дәл ортасы

Ай

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың жолы

Арал

Жердің кішірейтілген үлгісі

Ш.Уалиханов

Біздің ортақ үйіміз

күн

Жан жағын су қоршаған үлкен құрлық

2 топ тапсырмасы


мантия

Тұңғыш қазақ ғарышкері

Меркурий

1 тәулік

Т.Әубәкіров

Қалпына келетін ресурс

24 сағат

Сарқылмайтын ресурс

Пангея

Магмалық,шөгінді, метаморфты

Тау жыныстары

Күнге ең жақын ғаламшар

365 күн

Жердің қоймалжың балқыған қабат

Күн энергиясы

Ең ежелгі материк

орман

1 жыл



Жаңа сабақты су туралы мақал-мәтелдер, пайдалы кеңестер, қызықты мәліметтер айтып, жұмбақ жасырудан бастаймын.
жұмбақ

Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)

-адам миының жасушалары — 85% су, адам сүйегінде — 25% су.

- Қарбыз 92 пайыз судан тұрады.

- Медуза 98 пайыз судан тұрады.

-Егер адам ағзасына 2 пайыз су жетіспейтін болса, ондай жағдайда адамның ойлау мен -----жұмыс  жасау іс-әрекеті 20 пайызға төмендейді.

-Бір келі кофе өндіру үшін 22 мың литр су қажет.

- Газет парақтарын шығару үшін шеберлер 300 литр суды керек етеді.

-Сиырға 1 литр сүт беру үшін 5 литр су ішу керек.

- Ер кісінің ағзасы  шамамен 70 пайыз судан тұрады.

-Жер шарының 3 пайызында ғана тұщы су, ал қалған 97 пайызы ащы су.

-Бір көлік машинасын жасап шығару үшін 177 литр су шығындалады.

Мақал - мәтел

-Су бергеннің сауабы бар, Су төккеннің жауабы бар.


-Судың да сұрауы бар.
-Сулы жердің қасиеті сағасында, Нулы жердің қасиеті ағашында.
-Сулы жер — нулы жер, Бұлақты жер — тұрақты жер.
-Су ырыстың көзі, Еңбек кірістің көзі.

Жаңа сабақ.

Мұхит , өзен көл жер асты ,батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары - жердің су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро - су ).

Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры ( 97 % ) мұхит және теңіз сулары.

Мұхит және теңіз суларында тұздың көп болуынан су кермек дәм татып, ішуге жарамайды. 1 литр теңіз суының құрамында 35 грамм тұз болады Ең жоғарғы тұздылық – Промилле деп атайды.

Ең жоғарғы тұздылық байқалатын Атлант мұхит – 35 промилле


  1. Тұздылығы ең төмен мұхит – Солтүстік мұзды мұхит 32 промилле

  2. Өлі теңіздің тұздылығы : 1л суда -27% тұз бар.

  3. Қызыл теңізде -41%0

Ішуге жарамды суда тұздың мөлшері 1 граммнан аз болуы керек .

Судың үш агрегаттық күйі. Сұйық, қатты, газ.

Жерде ғана су сұйық күйде таралған . Мәселен, Шолпанда су тек қана газ күйінде , ал, Марста тек мұз түрінде кездеседі екен.

Сұйық күйге 4 мұхит суы мол ретінде аламыз. Ол қандай мұхиттар ? ( тынық, атлант, үнді, солтүстік мұзды мұхит ). Дүниежүзі физикалық картасынан көрсетіледі.

Тынық мұхиттың батыс жағы тұщы ,шығыс жағы ащы болып келеді..

Атлант мұхиттында балықтың 2000 түрі бар.

Үнді жылы мұхит.

Солтүстік мұзды мұхиттың бетін 2-4 метр мұз басып жатыр. Бейне фильм көрсетіледі.

Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жыл сайын 450 мың км ³

мөлшерінде су буланады. Жоғары көтерілген су булары салқындап , бұлт түзеді.

Оқулықпен жұмыс: тақырып бойынша 1-ші топқа судың маңызын, 2-ші топқа судың қасиетін ашып көрсету тапсырылады. Оқушылар жеке оқып, топпен талқылап жұмыстарын түсіндіреді.

Екі топқа да су туралы үш мақалдан жазып, оның мағынасын ашу тапсырылады.

Картамен жұмыс:

Картадан жүниежүзілік мұхиттарды көрсетіп, кескін картаға түсіреді.

1.Судың ластану себебін ата ?

2. Табиғаттағы судың рөлі қандай ?

3. судың үш күйіне сипаттама бер



Сабақты бекіту

-Судың қасиеттері мен пайдасын тізбектеу

-5 жол өлең

1зат есім


су

2 сын есім


түссіз, иіссіз

3 етістік


Ішеді, жуынады, дайындайды

  1. сөзден сөйлем




Су адам өмірінде маңызды

  1. Зат есімге 1 синоним жазылады.




Су- тіршілік көзі

Оқушыларды бағалау: белсенділігіне және дұрыс жауап бойынша мадақтап, бағаланады.

Үйге тапсырма: параграфты оқу



Күні:3.12.16

Сыныбы: 8 А

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Қаңқа бөлімдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызмететрі туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылыс мен қызметтері туралы білімдерін арттыру. Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауға үйрету.

Дамытушылық: Білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Білім алушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру

Сабақтың типі: Жаңа сабақты игеру

Сабақтың көрнекілігі:

І Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен амандасу

- сыныптың тазалығын тексеру

- сыныптың кезекшілігін анықтау

- оқушыларды түгендеу

- сабаққа дайындықтарын тексеру

Үй жұмысы

Қаңқаның қандай ерекшеліктері адамды сүткоректі жануарлардан ажыратады?


  • Сүткоректі жануарлардың тірек – қимыл жүйесінің қандай маңызы бар?

  • Жануарлар қаңқасының негізгі бөлімдерін, сүйектерін, олардың құрамдас бөліктерін атаңдар.


ІІ Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

«Қимыл - қозғалыс – бұл өмір», деп Вольтер айтып кеткен. Шыңында да, адам о бастан қимылға бейімделген, бәлкімтабиғат шешкен болар. Біз сондықтан жүреміз, жүгіреміз, секіреміз, жүземіз, күнде мыңдаған әртүрлі қимы жасап, еңкейіп, тік тұрамыз? Мұның барлығын сүйек – бұлшық ет жүйесі немесе тірек – қимыл аппараты қамтамасыз етеді.



Білемін

Білгім келеді






Адамқаңқасы 200 – ден астам сүйектен тұрады.


Бас қаңқасы
Ми сауыты Бет бөлігінен
Маңдай Шүйде Самай Төбе сүйектері Қозғалмайтын үстіңгі

Қозғалмалы астыңғы жақ сүйектері



Тұлға қаңқасы
Омыртқа жотасы Қабырғалар Төс сүйегі
Омытқа жотасы 33 – 34 омыртқалардан тұрады. Оны мойын (7), арқа (12), бел (5), сегізкөз, құйымшақ бөлімдері құрайды.
Кеуде қуысы
Арқа омыртқалары, қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді. Аламда, әдетте, доға тәрізді иілген жалпақ 12 жұп қабырға болады. Олар артқы жағынан арқа омыртқалармен жалғасады, ал алдыңғыижағы төспен байланысады.

Иық белдеуі
Екі жауырын Екі бұғана
Жауырын – кеуде қуысының артқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек.
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы
Тоқпан жілік Білек Қол басы сүйектері
Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық буыннын түзіп, қолмен әртүрлі қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Білек кәрі жілік пен шынтақ сүйектерінен тұрады.

Қол басы сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.


Аяқтың еркін қозғалатын
Ортан жілік Асықты жілік шыбық сүйегі толарсақ табан бақай сүйектері
ІІІ Қорытынды. Бекіту кезеңі.

1 тапсырма. Омыртқа жотасының бөлімдерін ата, әрбір бөлімдегі омыртқа санын анықта.






Бөлімнің атауы

Омыртқа саны

1







2







3







4







5






2 тапсырма. Қаңқаның 4 бөлімін ата.

Кестеге тірек – қимыл жүйесінің (ТҚЖ) қызметтерін жаз.


Тірек қимыл жүйесінің қызметтері

.....................................................................................................................................

.......................................................................................................................................

..........................................................................................................................

.........................................................................................................................

..........................................................................................................................

.............................................................................................................................

3 тапсырма. Диктант




  1. Бас сүйектің бет бөлігіндегі қозғалмалы бөлімі – .....................................................

  2. Қаңқаның бірден – бір жалаң бөлігі – ....................................................................

  3. Омыртқа жотасындағы омыртқа сандары – ..............................................................

  4. Омыртқа жотасы иілімдерінің саны – ............................................................................

  5. Адам қабырғаларының саны – ...................................................................................

  6. 1 – ші мойын омыртқасының атауы –......................................................................

  7. Адам қаңқасының ең ұзын сүйек – .................................................................................

  8. Омыртқа жотасының ең үлкен омыртқалары – ..........................................................


IV Үй тапсырмасын беру кезеңі: § 21 оқу,адамның қаңқа сүйектерін жаттау. 83 беттегі кестені толтыру.«Сымбаттылық – сұлулық» тақырыбына эссе жазу.

V Бағалау. Оқушыларды бағалау.

Күні:3.12.16

Сыныбы: 7 А

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Басаяқты ұлулар класы. Сегізаяқтар, кальмар, каракатица.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлулардың құрлысы мен тіршілік жағдайы, табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілетін дамыту өз бетімен ізденуге, пәнге қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбие, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ - жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: басаяқты ұлулардың суреттері, презентация, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
• оқушылармен амандасу
• оқушыларды түгендеу
• сабаққа даярлықтарын тексеру

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Кім жылдам? Сұрақ - жауап
1. Түрленіп даму деген не?
2. Бақалшақ сақталған ұлулар?
4. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері?
5. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат?
6. Ұлулардың асқорыту жүйесіндегі ерекше без?
7. Қосжақтаулы ұлулар?
8. Тағам ретінде пайдаланатын ұлулар?
2. Слайд. Суреттегі қосжақтаулы айқұлақтың құрылысын еске түсіріп, атаңдар.

ІІІ Жаңа сабақ
Басаяқты ұлулар класы. Олар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және тұлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800 - ге жуық түрлері бар. Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке - жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.

Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан - жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді.

Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай - ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады. Көптеген елдерде каракатица мен кальмар кәсіптік мақсатта ауланады. ұлулар - түрлер саны бойынша бунақденелілерден кейінгі екінші орындағы жәндіктер. Олардың қазіргі кезде 80 мың түрі бар деп есептеледі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялық көпжасушалы, құрылысы ұқсас болып келеді. Олардың денесі бастан, тұлғалан, аяқтан (қармалауыштардан), бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Денесі бунаққа бөлінбеген. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Тіс орнына - үккі, асқа қатысты без - бауыр мүшелері бар. Қантарату жүйесі - ашық. «Жүрегі» - екі құлақша, бір қарыншадан тұрады. Табиғатта қосжынысты және дара жынысты ұлулар кездеседі. Жүйке жасушалар жинақталып, түйінге айналады. Тынысалу өкпе және желбезек арқылы жүзеге асады. Бізге ұлулардың үш класы көбірек таныс. Олар, бауыраяқты ұлулар, қосжақтаулы ұлулар және басаяқты ұлулар

ІҮ Сабақты бекіту
1 - Слайд. Суреттегі ұлулардың аттарын жазып, оларды кластарға бөл
Кесте мен жұмыс. Дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдар

Күні:3.12.16

Сыныбы:6 А

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің тыныс алуы және ауамен қоректенуі. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өсімдіктің жасыл жапырағында жүретін
үдерістерімен таныстыру; Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc - жүзінде қолдануға үйрету. Фотосинтез бен тыныс алу туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз - қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл - ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы.
Көрнекіліктер: кеппешөптер, бөлме өсімдіктері,
тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, плакат, қосымша әдебиет, Сабақтың барысы.
І – Ұйымдастыру
ІІ – Үй тапсырмасын тексеру. «Бәйге» сұрақтар.
“Уақытынды тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі” (Ж. Ж. Руссо)
1. Қосарланып ұрықтануды тапқан ғалым. (С. Г. Навашин, 1898ж.)
2. Жемістер мен тұқымдар не арқылы таралады?(Жел, жануар, адам, су, өздігінен.)
3. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер?(органикалық және бейорганикалық)
4. Тозаң дәндері. (тозаңдықтар)
5. Тозаңдану дегеніміз не?(Тозаңның аталықтың аузынан аналы аузына келіп түсуі)
6. Көбею мүшелері. (гүл, тұқым, жеміс)
7. Гүлдің негізгі бөліктері.(аталық, аналық)
8. Тамыржеміске қандай өсімдіктер жатады?(қызылша, сәбіз, шалқан)
9. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.(гүлшоғыр)
10. Шие, алхоры, алма ағаштары қалай тозаңданады?(жәндіктер арқылы тозаңданады).

ІІІ – Жаңа тақырып.
400 жыл бұрын Ян Ван Гельмонт - бельгиялық зерттеуші тәжірибе жасады Ыдысқа 80 кг топырақ салып, оған күрең ағашын алдын ала өлшеп алып отырғызды.
5 жыл бойы өсімдікке ешқандай тыңайтқыш қоспай, тек жаңбыр суымен қоректендіріп отырды. 5жылдан кейін өлшеп қараса, күрең ағашының салмағы 65кг артқан екен, ал топырақ 50гр кемігенін байқаған. Өсімдіктің 64кг 950г органикалық заттарды қайдан алғаны
Ван Гельмонтқа құпия болып қалды.

1. Тамырдың тыныс алуын оқулықта сипатталған тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады. Тамыр атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Жапырақтың тыныс алуын сурет арқылы түсіндіру. Жапырақ атмосфералық оттекпен саңылаулар арқылы тыныс алады.
3. Сабақтың тыныс алуын сурет арқылы түсіндіру. Сабақ қабығындағы жасушалар арасындағы арнайы саңылаулар (жасымықша) арқылы тыныс алады.
4. Өсімдіктерге тыныс алуына сыртқы орта факторлары әсер етеді. (Температураның әсері, улы заттардың әсері, су әсері, топырақтың құрылымы,
тығыздылығы, тұздылығы, шамадан тыс ылғалдығы)
5. Ауамен қоректену фотосинтез арқылы жүзеге асады. Қоректену – организмнің заттар мен энергия алмасу процесі. Жасыл жапырақтар - ауамен қоректену мүшелері. Оларда лептестік арқылы фотосинтез үшін көмірқышқыл газы түседі. Фотосинтез барысында күн энергиясы химиялық химиялық энергияға түрленеді – органикалық заттар өсімдіктің басқа бөліктеріне барады да, олардың тіршілік әрекеттерінің процестеріне қажет органикалық заттармен қамтамасыз етеді немесе қорға жинайды.

6. Түйін:
- Тамыр оттекпен тыныс алады.
- Жапырақтар лептестік арқылы оттекпен тыныс алады.
- Жасымықша сабақтарды лептестік рөлін атқарады.
- Өсімдіктердің тыныс алуына сыртқы орта факторлар әсер етеді
- Өсімдіктердің қоректенуі ауа арқылы жүзеге асады.
- Жасыл жапырақтар – ауа арқылы қоректенудің негізгі мүшесі.
- Жасыл өсімдіктер күн энергиясын “қор” ретінде жинайды.
- Тыныс алу күндіз де, түнде де, ал фотосинтез тек күндіз жарықта жүзеге асырылады.
- Барлық тірі организмдер атмосфералық оттекпен тыныс алады, ал фотосинтез процесінде фотосинтездің қосымша өнімі ретінде оттек бөледі.

ІV – Бекіту. Оқулықпен жұмыс. Қандай пікір дұрыс?
1. Өсімдік атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Өсімдік көмірқышқыл газымен тыныс алады, нәтижесінде оттек бөлінеді.
3. Өсімдік тыныс алғанда көмірқышқыл газын бөледі.
4. Лептестік өсімдікте қолайлы жағдай болса ашылады, ал қолайсыз жағдай болса жабылады.
5. Фотосинтез процесі үшін оттек керек.
6. Белгілі бір жағдайда өсімдіксіз өмір сүруге болады.

Сұрақтар. Суреттермен жұмыс.
Мына тәжірибе арқылы нені дәлелдеуге болады (сурет көрсетіледі)
Суретте не бейнеленген.

Сәйкестендіру тесті.

V – Қорытындылау. «Білім сатысы»
3 - деңгей.
1. Фотосинтез дегеніміз не?(Күн сәулесі қатысында су, бейорганикалық заттар мен көмірқышқыл газынан органикалық заттардың түзілу процесі.)
2. Лептестік тің өсімдік тіршілігіндегі рөлі қандай?(Лептестік саңылаулары арқылы газ алмасу және жапырақтың буландыруы – транспирация жүзеге асады.)
2 - деңгей.
1. Қандай жағдайда тамырдың тыныс алуы бұзылады?(топырақта ауа аз болса)
2. Өсімдіктердің тыныс алуына орта факторлар әсер ете ме?(жылу, су, топырақтың құрылымы)
3 - деңгей
1. Егінің иесі үй қояндарына қырыққабаттың жасыл жапырақтарын жұлып береді.
Ол дұрыс жасады ма?(Себебі жасыл жапырақта түзілген органикалық заттар, фотосинтездің нәтижесінде ортаңғы бөлігі қауданға «қор» зат болып жиналады.)
2. Қандай байланыс бар: көкөністік жапырақтарды жинау мен тәулік мезгілінде? Қандай уақытта аскөк, укроп, шпинат, салат және т. б. жинауға болады? (Кешке, себебі органикалық заттар күндіз фотосинтез нәтижесінде түзіледі, түнде басқа мүшелерге тарайды.)
«Кім жылдам?»
1. Жасушаның қай органоидінде фотосинтез үрдісі жүреді? а) цитоплазмада; ә) ядрода; б) хлоропласта; в) вакуольде
2. Күн сәулесі керек а) тыныс алу; ә) фотосинтезге; б) су мен қоректенуге; в) минералдар мен қоректенуге;
3. Адамдар немен тыныс алады? а) өкпемен; ә) желбезекпен; б) терімен;
4. Тыныс алу – ол: а) оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын шығару; ә) көмірқышқыл газы мен суды ыдырату; б) органикалық заттардың түзілуі;
5. Тыныс алу жүреді: а) қараңғыда; ә) жарықта; б) қыста, жазда в) үнемі

«Ойлан, тап»
Ер елдің көркі, Орман – тоғай жердің көркі.
Дана көптен шығады, Дәрі шөптен шығады.
Білімі жоқ ұл - Жапырағы жоқ гүл.
Бағым өссін десең бақ өсір, Бағың өссе тағы өсір

Тау - тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)
Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

«Ой, толғаныс» 5 - мин. Эссе жазу. «Табиғат саған ана ма, әлде әншейін пана ма?»
Әй, табиғат! Шеберсің - ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетесің, берерсің
Ұлан - ғайыр байлығыңды місе етпей
Ашкөзденген адамдарға не дерсің!
Айың анау, Күнің анау, Жер мынау
Ау, Адамдар жетпей жатыр енді не!
Табиғатқа таласпаңдар ағайын
Асырайды ол сені, мені, елді де.
М. Мақатаев
VІ – Үйге тапсырма. §26. оқып білу. Сұрақтарға жауап беру.
VІІ – Бағалау

Күні:1.12.16

Сыныбы: 5 А

Пәні: жаратылыстану

Сабақтың мақсаты:        Оқушыларды материктер мен аралдармен таныстыру, ой өрісін  арттыру, картамен жұмыс жасауға  дағдыландыру, шапшаңдыққа, ұшқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                 аралас

Сабақтың әдісі:                 картамен , кестемен  жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:     дүние жүзінің саяси картасы

Сабақтың барысы:       

1.Ұйымдастыру кезеңі.



  1. Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақ.

4.Қорытындылау.

5.Үйге тапсырма.

6.Бағалау.

Үй тапсырмасы тексерілді.  Жердің ішкі құрылысын суреттен белгілеу.

Жаңа сабақ   §16

Құрлықтың жан -жағын мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі бөлігін  материк дейміз.

 

Еуразия     Африка      Солт.Америка



                                                     Материктер

                             

                               Антарктида        Оңтүстік     Аустралия

Америка


Аралдар – жан- жағынан мұхит теңіз суларымен қоршалған су айдыны.

                                        Шығу тегіне қарай аралдар

 

                          Материктик        Маржандық    Жанартаулық



Материктик аралдар- материкке жақын, бұғаз арқылы бөлініп жатады.

Жанартаулық аралдар — жанартаудың әсерінен пайда болады.

Маржандық аралдар- тірі организмдердің әсерінен пайда болады.

 



































Калимантан          Гренландия          Мадагаскар

                                                           

         Ірі аралдар           

 

                                       Суматра



Калимантан      Хонсю        Жаңа Зеландия

                      

Еуразия- ауданы ең үлкен материк

Африка- ең ыстық материк

Солтүстік- Америка Солтүстікке ең жақын орналасқан материк

Оңтүстік -Америка ең ылғалды, ең жасыл материк

Аустралия-   ең құрғақ материк

Антарктида- ең суық материк



Архипелаг-   бір- біріне жақын орналасқан аралдар тобы

Жаңа сабақты бекіту.

Сәйкесін тап.

А)  53,3 млн км2                                              Аустралия

Б) 18,3    млн км2                                           Африка

В)  12,4  млн км2                                         Солтүстік Америка

Г)  7,6  млн км2                                          Еуразия

Д)   24,2 млн км2                                          Оңтүстік Америка

Е)   30,3 млн км2                                         Антарктида

Материктерді араладармен көрсет

А)Еуразия                                                      Отты жер

Б)Оңтүстік Америка                                    Сардиния

В)Аустралия                                                  Мадагаскар

Г)Африка                                                       Тасмания

Д) Солтүстік Америка                                   Виктория



Кестені толтыру



Материктер 

Ең үлкен аралдары

1

Еуразия

 

2

Африка

 

3

Солтүстік Америка

 

4

Оңтүстік Америка

 

5

Аустралия

 

 Жер бетіндегі су мен құрлық арақатынасын тап.

Жер бетінің ауданы -510млн км2

Мұхиттар-361  млн км 2

                         Х-?

Үйге тапсырма  1. §16 (оқуға)

                              2.  Кескін картага материктер мен аралдарды белгілеу.



    Бағалау 
: uploads -> doc -> 10e1
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
10e1 -> Абай атындағы жалпы білім беру мектеп кітапханасының 2015 оқу жылының «Бір ел, бір кітап»
10e1 -> Бақылауды қажет ететін балалармен психологиялық жұмыс жүргізудің қорытындысы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет