Кеңес беру этикасы мен қағидаттары



Дата03.07.2017
өлшемі34.99 Kb.
Кеңес беру этикасы мен қағидаттары

АИТВ- тестілеу мен кеңес беру – АИТВ кезінде алдын алу, емдеу, баптап-күту және қолдау жөніндегі қызметтердің шешуші және оның ажырамас кіріспе құрауышы болып табылады. Қазіргі кезде төмендегі жәйттер белгілі болып отыр:

АИТВ –күйінің оңдысы туралы ертерек хабардар болуы. АИТВ-сы бар адамдардың емделуге рұқсат алуы үшін мүмкіндігін барынша кеңейтуге, соның нәтижесінде АИТВ-ға байланысты сырқаттанушылық пен өлім-жітімді едәуір азайтуға, және/немесе АИТВ-ның анадан балаға берілуін болдырмауға ықпал етеді;

АИТВ-ны тиімді емдеу – АИТВ-сы бар адам инфекциясын өзінің сексуалды серіктесіне беру ықтималдығын азайтады ( осындай ықтимал азаюы 96% жетуі мүмкін);

АИТВ- теріс адамдар қауіпсіз секс, мүшеқаптарды пайдалану, ерікті түрде медициналық жолмен еркектік мүшесін піштіру, қауіпсіз инъекциялық жабдықты пайдалану және сексуалды серіктестер санын азайту секілді нақтылы деректерге сүйенетін тәсілдерді пайдалану жолымен, АИТВ-инфекциясын жұқтырып алудан өзін қорғауға арналған шаралар қабылдауды жалғастыра алады.


Жалпыға ортақ қолжетімділік

БДҰ, БҰҰ-ның АИТВ/ ЖИТС бойынша Бірлескен бағдарламасы (ЮНЭЙДС) және басқа да көптеген ұйымдар АИТВ-күйі туралы білімге «жалпыға ортақ қолжетімділік» тұжырымдамасын қолдайды.Олар сонымен бірге, АИТВ кезінде алдын алуға, емделуге, баптап- баптап күтуге және қолдауға, сондай-ақ АИТВ-оңды күйінің болуына байланысты кемсітушіліктен қорғаудың жалпыға ортақ қолжетімділік тұжырымдамасын қолдайды. Бұл ұстаным ЮНЭЙДС-тің «Жаңадан АИТВ-инфекциясы Нөл, кемсітушілік Нөл, және ЖИТС салдарынан өлім-жітім Нөл» атты пайымында және 2011-2015 жылдарға арналған АИТВ/ЖИТС бойынша денсаулық сақтау секторының Жаһандық стратегиясында тұжырымдалған.



Өзекті бес құрауыш

АИТВ-тестілеу мен кеңес берудің барлық қызметтері қатаң түрде ұстауға тиіс бес өзекті құрауыш анықталды. Бұл мынадай құрауыштар:

келісімі;

құпиялылығы;

кеңес беру;

тестілеудің дұрыс нәтижелері;

алдын алумен, баптап - күтумен және емдеумен байланыс жасау.

Осыларда қамтылған бес құрауыш, бес негізгі қағидат АИТВ тестілеу мен кеңес беру қызметтерінің барлық моделіне таралады.

АИТВ-ға тестіленетін адамдар, тестілеуге хабардарлық келісімін беруге тиіс. Олар нәтижелеріне қарай, өздері үшін қолжетімді болатын, АИТВ тестілеу мен кеңес беру, көрсетілетін қызметтер үдерісі туралы және олардың тестілеуден бас тарту құқығы туралы хабардар болуға тиіс.Медициналық қызметкерлердің, серіктестерінің, отбасы мүшелерінің, жұмыс берушілердің немесе басқа да адамдардың тарапынан осындай мәжбүрлеудің шығуына қарамастан, міндетті түрдегі және императивті ( мәжбүрлеп) тестілеу ешқашан қолданылуға тиіс емес.

Тестілеу бойынша көрсетілетін қызметтер құпиялы болуға тиіс, яғни тестіленетін адам мен денсаулық сақтау саласы қызметкерінің, тестілеуді өткізуші адамның, немесе кеңес берушінің арасындағы әңгіме мазмұны , сондай-ақ тестілеудің нәтижелері, тестілеуден өткен адамның келісімінсіз қайсыбір үшінші тұлғаға ашып жария етілмейді.

Тестілеу бойынша көрсетілетін қызметтер тиісті дәрежедегі және жоғары сападағы тестіге дейінгі хабардар етумен немесе кеңес берумен, тестіден кейінгі кеңес берумен сүйемелденуге тиіс.

Тестілеудің дұрыс нәтижелерін беру. Тестілеуді, эпидемияның тұрпатына қарай, тестілеудің халықаралық деңгейінде танылған стратегиясына, нормалары мен стандарттарына сәйкес және сапасын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау негізінде өткізу қажет. Тестіленетін адам нәтижелерін алудан бас тартатын жағдайларды қоспағанда, оның нәтижелері тестіленген адамға хабарлануға тиіс.

АИТВ кезінде алдын алу, емдеу, баптап-күту және қолдау қызметтерімен байланыс жасауды бағыттау, қолдау және/немесе байқап бақылау жүйелерінің нақты және тиісті дәрежеде жарақтанған ресурстардың көмегімен жолға қою қажет.

АИТВ-тестілеу мен кеңес берудің және АИТВ кезінде алдын алу, емдеу, баптап-күту және қолдау қызметтерімен тестіленетін адамдармен байланыс орнатудың осынау қағидаттары мен тәжірибелік әдістемелерін сақтау арқасында нақтылы деректер берілуде. Нәтижесінде елдер жаңадан АИТВ-инфекциясының санын кеміте алады және АИТВ-ға байланысты сырқаттанушылық пен өлім-жітімді азайта алады. Егер елдер мынадай көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша қадам жасайтын болса, осы нәтижелер бұрынғыдан да орнықты бола түспек:

қауіп-қатері жоғары өзекті топтар мен халықтың осал топтарына арналған қызметтерді қоса алғанда, ерікті түрде АИТВ-тестілеу және кеңес беру;

АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау;



Осыны қажет ететін барлық адамдарға арналғанантиретровирусты емдеу.

№2 АҚЕ ПӘК дәрігер-эпидемиологы Ж.Б. Төлепова
Каталог: pagefoto -> docfile -> 2015
docfile -> Трихомониаз және оның алдын алу
2015 -> Қауіп-қатер немесе қорғану. Сен қайсысын таңдайсың?
docfile -> Житс-ке қарсы күрес шаралары
2015 -> Аитв–жұқпасы қалай көрініс береді
2015 -> Аитв-жұқтырған анадан туған баланың есебін жүргізу
2015 -> Дұрысы және қауіпсізі Жасөспірімдер арасында аитв/житс-тың алдын алу
2015 -> Аитв және әйелдер Еркектерге қарағанда әйелдердің жыныстық жолмен аитв-инфекциясын жұқтыруының қауіп-қатері неге жоғары?
2015 -> Аитв індетінің алдын-алу және одан қорғану белгілері!


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет