Казахский язык “Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз. A биік сезім. B биік тау. C биік ой. D биік тұлға. E биік сөз. Дұрыс жауап



жүктеу 1.35 Mb.
бет7/7
Дата13.01.2019
өлшемі1.35 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
Дұрыс жауап: D

Туынды түбірлерді анықтаңыз.

А) Негізгі, мекені.

В) Өнім, жолдастық.

С) Тәрбие, сөздер.

D) Береке, көрімдік.

E) Елдік, баласы.

Дұрыс жауап: В

Туынды түбірлерді көрсетіңіз.

А) Ағажан, әкетай.

B) Адалдық, рақымсыз.

С) Әлдірек, кеңдеу.

D) Жүрек, нашар.

E) Кес, кесер.

Дұрыс жауап: В

Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.

А) Кең өріс, балық шаруашылығы.

B) Қағаз бастылық, қалжың бас.

С) Дүние жүзі, бос сөз.

D) Ала аяқ, ал қызыл.

E) Ат спорты, ат жарыс.

Дұрыс жауап: В

Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз.

А) Орынбасар, ешқашан, бүгін.

B) Сөзжұмбақ, Алакөл, ақсүйек.

С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын.

D) Алтыбақан, асқазан, қаптесер.

E) Тоқішек, кейбіреу, қыстыгүні.

Дұрыс жауап: С

Кіріге біріккен қатарды көрсетіңіз.

А) Әнеугүні, көкжөтел.

B) Білезік, әпер.

С) Өнеркәсіп, биыл.

D) Жағажай, саябақ.

E) Абайтану, әркім.

Дұрыс жауап: В

Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Аб жылан, ақ сұңқар.

B) Ағаш өңдеу, адал бақан.

С) Сықпа құрт, суық хабар.

D) Сән құмар, сасық кеуде.

E) Патша ағзам, мүйіз шақша.

Дұрыс жауап: А

Дыбыстық өзгеріске ұшырап қосарланған сөзді анықтаңыз.

А) Жүзбе-жүз.

B) Малды-малсыз.

С) Әп-әдемі.

D) Жалт-жұлт.

E) Қараптан-қарап.

Дұрыс жауап: D

Қос сөздің жасалу жолын анықтаңыз.

Кеше кешкілік көйлек-көншегін орамалға түйіп қойды.

А) Мағынасы бір-біріне жақын сөздер.

B) Мағынасы өзара қарама-қарсы сөздер.

С) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер.

D) Екі сыңары да мағыналы сөздер.

E) Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келген сөздер.



Дұрыс жауап: С

Қос сөзді көрсетіңіз.

А) Бел буу.

B) Бейне жазба.

С) Бәйге ат.

D) Бәле құмар.

E) Бәле жала.

Дұрыс жауап: Е

Сын есімнен жасалған қос сөзді анықтаңыз.

А) Соңғы кезде ағамыз елдің гу-гуіне құлақ түретінді шығарды.

B) Топ-томпақ болған бала бейнесі көз алдымнан кетер емес.

С) Сөзінің соңы міңгір-міңгір бірдемеге ұласты.

D) Дәл қазір той-думанның көркіне айналғандай.

E) Кемшілік атаулыны түп-тамырымен жоятын кез жетті.

Дұрыс жауап: В

Қысқартуға болатын қатарды анықтаңыз.

А) Ат спорты федерациясы.

B) Жазушылар одағы.

С) Жаңа экономикалық аймақ.

D) Тәуелсіз Қазақстан.

E) Бұқаралық ақпарат құралдары.

Дұрыс жауап: Е

Қандай сөздердің қысқартылып берілетінін табыңыз.

А) Тұрақты тіркестер.

B) Жаңа сөздер.

С) Біріккен сөздер.

D) Күрделі атаулар.

E) Қос сөздер.

Дұрыс жауап: D

Дерексіз зат есімді табыңыз.

А) Болат Бурабайды бұрын көрмеген.

B) Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.

С) Сен бесікте жатқанда, бала болып жыламадың.

D) Топтанып келіп жылқыға да шапты.

E) Екі беті алмадай қызарып кетіпті.

Дұрыс жауап: В

Жалқы есімдерді табыңыз.

А) Намыс, Ақтөбе, Құбылыс.

B) Шығарма, Кітап, Жомарт.

С) Баба, Жетісу, Айнұр.

D) Тайбурыл, Хайуан, Қарағанды.

E) Кәмшат, Едіге, “Қазақ әдебиеті”.

Дұрыс жауап: Е

Етістіктен жасалған дерексіз зат есімді табыңыз.

А) Тіл байлығы – ой байлығы.

B) Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді.

С) Сол кезде бақыт дегенді бағалай білсемші!...

D) Қызық еді Аянның мінезі.

E) Қуанышыма ортақтаса келгендеріңе рахмет.

Дұрыс жауап: Е

Жалқы есім де, жалпы есім де болатын дерексіз зат есімді табыңыз.

А) Ар.

B) Шаттық.



С) Көңіл.

D) Қайғы.

E) Мұң.

Дұрыс жауап: В

Туынды зат есімді табыңыз.

А) Тымақ – қысқы бас киім.

B) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды.

С) Таңертең Батырбек көзін ашып, дереу сағатына қарады.

D) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды да.

E) Жетектерінде жеңіл-желпі жүгін артқан жалғыз тайынша.

Дұрыс жауап: В

Күрделі зат есімді табыңыз.

А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді негізге алды.

B) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады.

С) Біз сапарға шығар алдында жазушы кітапханасын ақтарып, біраз кеңескен едік.

D) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.

E) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.

Дұрыс жауап: А

Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.

А) Күншілдік, білім.

B) Салауаттылық, зиялылық.

С) Айтыс, келісім.

D) Мұнайшы, жолаушы.

E) Жақсылы, ізгілік.

Дұрыс жауап: С

Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыз.

А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

B) Ешкімге сездірмеймін деген едім.

С) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды.

D) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.

E) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.

Дұрыс жауап: А

Туынды зат есімді табыңыз.

А) Тымақ – қысқы бас киім.

B) Ғасырлар сырын шерткен халық даналығы көңіліне ой салды.

С) Таңертең Батырбек көзін ашып, дереу сағатына қарады.

D) Мұндай шарт-шұрт қимылдар ұзаққа созылмайды да.

E) Жетектерінде жеңіл-желпі жүгін артқан жалғыз тайынша.

Дұрыс жауап: В

Күрделі зат есімді табыңыз.

А) Тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған пікірді негізге алды.

B) Күнұзын аттан түспей, өзге жүргіншілерді бақылады.

С) Біз сапарға шығар алдында жазушы кітапханасын ақтарып, біраз кеңескен едік.

D) Біраздан кейін көзге түспей ғайып болды.

E) Жанын жеген әлдебір ішкі күйзелісін жасырғандай.

Дұрыс жауап: А

Етістіктен жасалған туынды зат есімдер қатарын табыңыз.

А) Күншілдік, білім.

B) Салауаттылық, зиялылық.

С) Айтыс, келісім.

D) Мұнайшы, жолаушы.

E) Жақсылы, ізгілік.

Дұрыс жауап: С

Бірігу тәсілімен жасалған күрделі зат есімді табыңыз.

А) Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

B) Ешкімге сездірмеймін деген едім.

С) Таңертең басталған іс-шара ұзаққа созылды.

D) Бұл отырған жұрт тегіннен-тегін жиналған жоқ.

E) Бірталай жер жүріп барып, артына жалт бұрылды.

Дұрыс жауап: А

Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз.

А) Заман, кесте, көңіл.

B) 2 кг алма, тары, мол.

С) Байланыс, төбе, сандық.

D) Жілік, соқпақ, бала.

E) Қуаныш, кезең, мәтін.

Дұрыс жауап: В

Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз.

А) Ілік, атау, барыс.

B) Ілік, жатыс, шығыс.

С) Барыс, табыс, жатыс.

D) Табыс, жатыс, шығыс.

E) Жатыс, шығыс, көмекес.

Дұрыс жауап: С

Баяндауышы зат есімнен жасалған сөйлемді табыңыз.

А) Өнерліге өріс кең.

B) Ұстаның бізі сүйкімді.

С) Су ішкен құдығыңа түкірме.

D) Кемедегінің жаны бір.

E) Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.

Дұрыс жауап: Е

Дерексіз зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Оның есінде сақтау қабілеті де айналасындағыларды таң-тамаша қалдыра-тын.

А) Баяндауыш.

B) Анықтауыш.

С) Бастауыш.

D) Толықтауыш.

E) Пысықтауыш.



Дұрыс жауап: С

Мезгіл мәнді пысықтауыш қызметіндегі зат есімді көрсетіңіз.

А) Парашютпен ұшақтан секіруге құмар болдым.

В) Одан әрірек жарқыраған теңіз жағалауы жатыр.

С) Күтіп жүрген адамы түнде келіпті.

D) Бірде мынандай оқиға болған еді.

E) Таңертең жинамай кеткен төсегі сол күйінде жатыр.

Дұрыс жауап: С

Зат есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Маған жауабыңыз ұнады.

А) Анықтауыш.

B) Баяндауыш.

С) Толықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Пысықтауыш.



Дұрыс жауап: D

Табыс септігіндегі зат есімнің толықтауыштық қызметін табыңыз.

А) Бұған сенбегенің дұрыс болған екен.

В) Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.

С) Апаттың алдын алу шаралары ұйымдастырылды.

D) Бұл - сізден күтпеген жауабым.

E) Ауылдан шыққанда күн әлі жарық болатын.

Дұрыс жауап: В

Көмекші есімді табыңыз.

А) Ертең ол Қарқаралы қаласына жүрмек.

B) Ауылдың жаны терең сай.

С) Қасымның үйі таудағы отарда тұратын.

D) Бір жарлы шал есегіне мініп, жол жүріп келе жатыпты.

E) Түркі қалаларында сауда-саттық пен қол өнері дамыған.

Дұрыс жауап: В
Көмекші есімді қанатты сөзді табыңыз.

А) Адам - керуен, өмір - жол.

B) Біреудің қатесі біреуге сабақ.

С) Ашумен басталған іс абыройсыз аяқталады.

D) Жастық шақ даналықты игерер кез.

E) Жалқаудың жанына барсаң,

Сылтаудың астында қаласың.

Дұрыс жауап: Е

Туынды сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.

А) - дыр, -дір.

B) - ша, -ше.

С) - шы, -ші.

D) - шыл, -шіл.

E) - ыс, -іс.

Дұрыс жауап: D

Туынды сын есімді анықтаңыз.

А) Тентегін тыйған ел болар.

B) Долы кісі пышақ өткізеді.

С) Көптің ойы кемеңгер.

D) Айлалы батыр алдырмас.

E) Жылы орныңды суытпа.

Дұрыс жауап: D

Туынды сын есімді қатарды анықтаңыз.

А) Жарамсақтың жолы жіңішке.

B) Кітап маған тақтан да қымбат.

С) Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.

D) Адал адам ешкімді күндемейді.

E) Үміт жүректі қуанышқа толтырады.

Дұрыс жауап: С

Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

А) Әсем, күшті, епті.

B) Шағын, кең, толық.

С) Ықшам, орынды, сусыз.

D) Жайпақ, әуесқой, қызметсіз.

E) Айтқыш, білгіш, сұлу.

Дұрыс жауап: В

Қатыстық сын есімді табыңыз.

А) Әрлі болғанша, арлы бол.

B) Кішіпейілділік - кісі көркі.

С) Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын.

D) Көш жүре түзелер.

E) Жақсыға жақын көп.

Дұрыс жауап: А

Қатыстық сын есімді қатарды көрсетіңіз.

А) Борышқа әділ болу - ұлы іс.

B) Жасы үлкенді қадірлесе - құт болар.

С) Асқан сұлулықтан аз ғана бақыт артық.

D) Тоқ адамға семіз еттің де дәмі білінбес.

E) Өнегелі болса- бала көрікті.

Дұрыс жауап: Е

Салыстырмалы шырайды табыңыз.

А) Ауыр.

B) Толықша.

С) Сұп-суық.

D) Тым тәтті.

E) Қайырымды.

Дұрыс жауап: В

Сын есімнің күшейтпелі шырайын көрсетіңіз.

А) Өнер өлкесі көсілген кең өріске ұқсайды.

B) Бір патшаның айдай сұлу қызы болады.

С) Келер күн ең ауыр күннің өзі болды.

D) Европаның рухани қайта өрлеу кезеңі.

E) Заринаның да Мидиялық көркем жігітті ұнатып қалған сыңайы бар.

Дұрыс жауап: С

Салыстырмалы шырайды табыңыз.

А) Жағымды жаңалық.

B) Тұрақты баға.

С) Қоңырқай өңді қыз.

D) Кішіпейіл адам.

E) Өрнекті кілем.

Дұрыс жауап: С

Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.

А) Бастауыш,

B) Анықтауыш.

С) Толықтауыш.

D) Баяндауыш.

E) Пысықтауыш.



Дұрыс жауап: В

Бастауыш қызметіндегі сын есімді табыңыз.

А) Көркем дала көлбеп жатыр.

B) Жақсының көзіндей көремін.

С) Ақылды аузын жауып, ділін ашар.

D) Қаһарлы сөз қамал бұзар.

E) Сөз қанжардан да өткір.

Дұрыс жауап: С

Сын есімнен болған толықтауышты табыңыз.

А) Көрмегенге көсеу таң.

B) Санаулы сөз салмақты.

С) Көрген асты көргенсіз қызғанады.

D) Жалқау кісі жарым кісі.

E) Жаманға жолдас жақпас.

Дұрыс жауап: Е

Қатыстық сын есімнен болған баяндауышты анықтаңыз.

А) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.

B) Көштің алдында көлденең түсіп Шыңғыс жатыр.

С) Аулымыздың жастары шетінен жігерлі.

D) Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.

E) Күштінің қолы ұзын.

Дұрыс жауап: С

Бастауыш қызметіндегі сын есімді анықтаңыз.

А) Үйрет те, ізгілікке үйрен.

B) Өнер сыры өрнекте.

С) Ән миллиондардың жүрегін біріктіреді.

D) Поэзия ойланудан басталады.

E) Сыпайы тоңбайды, қалтырайды.

Дұрыс жауап: Е

Күрделі сан есімді қатарды анықтаңыз.

А) Концерт төртінші, бесінші сынып оқушыларының қатысуымен болды.

B) Атамның жасы сексен бес, сексен алтыларда.

С) Жүздіктер мен мыңдықтардың арасынан арнайы таңдалды.

D) Бала жетіге дейін жерден таяқ жейді.

E) Бұл Алматының миллионыншы тұрғыны дүниеге келген жылы болатын.

Дұрыс жауап: В

Жинақтық сан есімді анықтаңыз.

А) Тоғызыншы.

B) Төрт-төрттен.

С) Жүз қаралы.

D) Үшеу.


E) Оннан астам.

Дұрыс жауап: D

Топтау сан есімін көрсетіңіз.

А) Ол сол кездерде, шамасы, он-он бестен алып қойған.

B) Бес-алты күн ішінде өңі кіріп, бір жасап қалды.

С) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

D) Бес саусақ бірдей емес.

E) Сақадай іріктелініп, жиырма ат шықты.

Дұрыс жауап: А

Жинақтық сан есімді анықтаңыз.

А) Соңғы екеуіне ескерту жасалды.

B) Сегіз қырлы, бір сырлы.

С) Жасым жүзге жеткенше жаным тәтті.

D) Қырықтың бірі қыдыр.

E) Жеті өлшеп, бір кес.

Дұрыс жауап: А

Дефис қойылмайтын жауапты анықтаңыз.

А) 5-пәтер.

B) 10-сынып.

С) 25-шілде.

D) 6-жұп.

E) 1-орын.

Дұрыс жауап: С

Сан есімнің емлесіне сай жазылғанын таңдаңыз.

А) ІІ-том.

B) Жүз қаралы.

С) Он оннан.

D) 2007-жыл.

E) 12 ге толды.

Дұрыс жауап: В

Қате жазылған қатарды анықтаңыз.

А) Сізді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

B) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

С) Екі есерге бір епті.

D) Ауылда шамамен жүз елудей жылқы бар.

E) 1940 жылдан бастап оның өміріне өзгеріс енді.

Дұрыс жауап: А

Сан есімнің емлесіне сай келмейтін жауапты анықтаңыз.

А) Жақында ағамыз ердің жасы 50-ге толды.

B) Сағат 10-дарда қонақтың басы келді.

С) Романның ІІ-томын да оқып үлгердім.

D) Аулымызда 20-30 үй ғана қалды.

E) 8-сынып оқушыларының үлгерімі жақсарды.

Дұрыс жауап: С

Сан есімнің қай септікте анықтауыш қызметін атқаратынын табыңыз.

А) Атау.

В) Ілік.


С) Жатыс.

D) Шығыс.

E) Барыс.

Дұрыс жауап: В

Пысықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

А) Біз екі-екіден бөліндік.

В) Қайтарда көкесі бір қойын салып берді.

С) Екеуі қосылып шырқады.

D) Екінші соқа еш қимылсыз аулада жатты.

E) Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе қатар жабылады.

Дұрыс жауап: А

Бастауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

А) Бір анадан жақсы да, жаман да туады.

В) Ердің жасы – екі елу.

С) Бұл жолы екінші орынды қанағат тұттық.

D) Бұл күнде жиырма бесте менің жасым.

E) Жеті – киелі сан.

Дұрыс жауап: Е

Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Үшеуі де елдің бағына туған маңдай алды азаматтар еді.

А) Анықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Пысықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Толықтауыш.



Дұрыс жауап: D

Анықтауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.

А) Қырыққа келгенде шығарған әнім еді.

В) Отызында орда бұзбаған, қырқында қамал алмайды.

С) Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.

D) Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

E) Оның үш жүзге де беделі жүреді.

Дұрыс жауап: D

Сілтеу есімдігін табыңыз.

А) Сәлден соң сол сары ала шатырдан кердеңдеген екеу шықты.

В) Сардар сөзге келмей тайып тұрды.

С) Беті жаман ғой өзінің.

D) Біреулер күліп, енді біреулер қостап жатыр.

E) Тұрман маған ежірейе қарады.

Дұрыс жауап: А

Болымсыздық есімдігін табыңыз.

А) Менің әскерге кететін күнім де таянды.

В) Ешкімге тіс жарып айтпаса да, хабар тез таралып кетті.

С) Бейтаныстың қаперіне түк те кіріп шығатын емес.

D) Оның қасына мен де барып отырамын.

E) Бұдан әрі үнсіздік әлдеқайда артық.

Дұрыс жауап: С
Табыс септігіндегі белгісіздік есімдігін табыңыз.

А) Жолда келе жатып, өзінің артық кеткенін сезді.

В) Естігенінің ештеңесін қалдырмай сол күні-ақ жеткізген.

С) Біреуге күніңді түсірмесін.

D)Тағы да бірнеше модель жасады.

E) Көрпе-төсектің біразын қағып-сілкіп берген.



Дұрыс жауап: Е

Белгісіздік есімдігін табыңыз.

А) Әрқашан күн сөнбесін.

В) Ауылдан еш сезіксіз ұзап кетті.

С) Бұған тоқтамасқа лажым жоқ.

D) Оған айтуға бата алмай жүрмін.

E) Мұның шамасы келмеді.

Дұрыс жауап: А

Кей есімдігінің дұрыс жазылған нұсқасын табыңыз.

А) Кей біреуіне әлі ескертілмепті.

В) Кей кезде шындап сағынатын.

С) Өзегі өртенген кейуақыттарда пешке арқасын сүйеп отыра кететін.

D) Құлағы тосаңдау естіп, кей бір кезде естіген сөзін ұға алмай қалып жүр.

E) Мақсаты мен міндеттері кейадамдарға хабарланды.

Дұрыс жауап: В

«Еш» есімдігімен қосылып жазылатын сөзді табыңыз.

А) Адам.

В) Нәрсе.

С) Уақыт.

D) Қашан.

E) Сәт.

Дұрыс жауап: D

Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.

А) Біреу, ешнәрсе.

В) Маған, әралуан.

С) Өзімен өзі, дәнеңе.

D) Әрбір, бірнеше.

E) Әлде қайда, кейбір.

Дұрыс жауап: D

Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті анықтаңыз.

А) Кейбіреуінің талабы зор.

В) Мұныңыз заңға қайшы келмей ме?

С) Әңгімеміз расымен аяқталды-ау деймін?

D) Біздің ойлағанымыз бұлай емес еді.

E) Әлдеқайдан гармонь үні талып естілді.

Дұрыс жауап: Е

Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Біреудің бойы аласа,

Біреудің ойы аласа.

А) Баяндауыш.

В) Анықтауыш.

С) Пысықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Толықтауыш.



Дұрыс жауап: В

Есімдіктің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Атымның сыры өзіме мәлім.

А) Пысықтауыш.

В) Баяндауыш.

С) Анықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Толықтауыш.



Дұрыс жауап: Е

Бастауыш қызметіндегі жалпылау есімдігін анықтаңыз.

А) Оның қасында бұл дегеніңнің құны керемет емес пе?

В) Әйткенмен ешқандай қиындық көрмедім.

С) Бәрі хабардар болып үлгерген сияқты.

D) Олақтан салақ жаман.

E) Өзім дегенге өгіз қара күшім бар.

Правильный ответ}=С

Толықтауыш қызметіндегі болымсыздық есімдігін табыңыз.

А) Кімді айтса, сол келер.

В) Ешбір сыйлықтың керегі жоқ.

С) Әй, мен сені ақыл айтсын деп ертіп келгенім жоқ.

D) Мұның иесі кім болды екен?

E) Әлі күнге дейін ешкімге тіс жармады.



Дұрыс жауап: Е

Туынды етістікті анықтаңыз.

А) Аш, төкпе.

В) Мұңай, жина.

С) Білдір, тапсыр.

D) Тергіз, айттыр.

E) Кешікпе, ақта.

Дұрыс жауап: Е

Негізгі етістікті табыңыз.

А) Бірік.

В) Қысқар.

С) Жүгір.

D) Басқару.

E) Кеңіт.

Дұрыс жауап: С

Туынды етістікті анықтаңыз.

А) Сұран.

В) Көрін.

С) Ойна.

D) Білдір.

E) Тосу.

Дұрыс жауап: С

Болымды етістікті табыңыз.

А) Байдалы маған көже бергізбеді.

В) Байдалы шал хат танымайтын.

С) Әжібек жүгіріп барып, қарсы алдына тұра қалды.

D) Менен жақсылық күтпеңдер!

E) Сіздей жомарт жанды кездестірген емеспін.

Дұрыс жауап: С

Сабақты етістікті анықтаңыз.

А) Онан соң стол басына келдік.

В) Кешкісін Шынар біздің үйге жаңа етігін киіп келген.

С) Осы аптада ол жаққа да барып қайтпақпыз.

D) Көпшілік тым-тырыс отырып қалды.

E) Ілбіген екі шананың соңынан біз де ілестік.

Дұрыс жауап: В

Шығыс септігіндегі сөзбен тіркескен салт етістікті анықтаңыз.

А) Жылтырағанның бәрі алтын емес.

В) Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.

С) Көптің қолы көкке жетеді.

D) Жығылған күреске тоймайды.

E) Қорқақ көлеңкесінен де қорқады.

Дұрыс жауап: Е

Салт етістікті табыңыз.

А) Ора.

В) Байла.

С) Арқала.

D) Сүрт.

E) Кел.

Дұрыс жауап: Е

Ырықсыз етісті анықтаңыз.

А) Үшеуіңмен сабақтан соң сөйлесерміз.

В) Байдалы шал хат танымайтын.

С) Бөлмеге жас есепші келіншек кірген.

D) Сол күні бұл үйдің есігіне құлып салынған.

E) Сұрқай тартқан бұлыңғыр аспан.

Дұрыс жауап: D

Ортақ етісті анықтаңыз.

А) Әуре етпегендеріңіз жөн болар.

В) Бір жылға кетіп бара жатқандай жиналдың ғой.

С) Екеуі де өздеріне қатысты көп нәрсені айтысты.

D) Шынтемір арбасынан түсіп, диірменге келді.

E) Соңғы кезде үшеуің ерекше бөлініп жүрсіңдер.

Дұрыс жауап: С

Өзгелік етісті анықтаңыз.

А) Ақырын жүргізді.

В) Бізбен сөйлесті.

С) Үй салынды.

D) Жасырын сөйлесті.

E) Бөлме тазаланды.

Дұрыс жауап: А

Есімшені табыңыз.

А) Оның көңілін көтереміз деп өнер көрсетіпті.

В) Еңсеп сол күні зымыранға енді қайтып түспейтінін білген жоқ.

С) Сонша қыңыр тартуында бір мән бар.

D) Бәйгеторы Сейісті бірден таныды.

E) Одан бөгелек қайдан үріксін!

Дұрыс жауап: В

Есімшені табыңыз.

А) Жолдассыз жолың болмас.

В) Жолаушының азығы жолында.

С) Су – тіршілік көзі.

D) Қысыр сөзде қырсық көп.

E) Шындықтың шырағы сөнбейді.

Дұрыс жауап: А

Көсемшені табыңыз.

А) Айласыз батыр алдырар.

В) Жаудан жер де жиренеді.

С) Байыпсыз батыр тез өлер.

D) Аурудың алдын ал.

E) Бал ұстаған бармағын жалар.

Дұрыс жауап: В

ІІ жақта жіктеліп тұрған есімшені табыңыз.

А) Тыңдар құлаққа аталық ақылын айтқан.

В) Турасын айтпасқа амалы қалмады.

С) Ыңылдап ән салып отырған секілді.

D) Сен сонда істің мәнін білгенсің.

E) Шексіз алғысқа бөленген жан еді.

Дұрыс жауап: D

Есімшенің жасалу жолын анықтаңыз.

А) Екі түрлі.

В) Үш түрлі.

С) Алты түрлі.

D) Төрт түрлі.

E) Бес түрлі.

Дұрыс жауап: D

Көсемше қимылдың мақсатын білдіріп, қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын табыңыз.

А) Баяндауыш.

В) Толықтауыш.

С) Пысықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Анықтауыш.

Дұрыс жауап: С

Тұйық етістікті көрсетіңіз.

А) Аққу көлге, ер елге паналайды.

В) Екі қылыш бір қынапқа сыймайды.

С) Ер шешуде, нар кешуде сыналар.

D) Алтын тыққан адам арықтап өлер.

E) Қазан сапырғанның да буы бар.

Дұрыс жауап: С

Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.

А) Төкен бай үш күн өткен соң келді.

В) Жүк артқан түйелер орындарынан тұрды.

С) Сүрініп кетіп, құлап қала жаздады.

D) Ертеңіне ауыл таң бозарар-бозармастан ұйқыдан оянды.

E) Ол Дәржан ағасының қасында үш жыл жүрді.

Дұрыс жауап: С

Тұйық етістікті көрсетіңіз.

А) Бану бұл жолы сөз қосқан жоқ.

В) Жүзуден алдына жан салмайды.

С) Желкілдеген ту алып.

D) Су - тіршілік көзі.

E) Руыңды білесің бе?

Дұрыс жауап: В

Көмекші етістікті қатарды көрсетіңіз.

А) Біл, қыл, де.

В) Де, ет, жазда, е.

С) Бұқ, ат, сөйле.

D) Жазда, ерт, кес, сыз.

E) Е, ет, тын, жу.

Дұрыс жауап: В

Нақ осы шақты көрсетіңіз.

А) Бұл су ағып жатқан арыққа беттеп жайылды.

В) Үйір бұған қайырылмайды.

С) Бұлар кілт бұрылып, ауылға тартты.

D) Жер астынан ескен суық желдің лебі күшейіп барады.

E) Әмірші сол орнында мелшиіп тұр.

Дұрыс жауап: Е
Болжалды келер шақты көрсетіңіз.

А) Мен әпкемнің құшағынан шығып, есікке беттедім.

В) Майбасаров мұның шаруасын ертеңіне де тындырмады.

С) Төңіректе Сапақтың қарасы көрінбейді.

D) Енді қайтып жуыса қоймассыз.

E) Салт атты біреу ентелеп қуып жетті.



Дұрыс жауап: D

Ауыспалы өткен шақты көрсетіңіз.

А) Есік алдына Нұрым келіп тоқтады.

В) Тұрман екеуі Заманбектің жаңа отауын құттықтай барған.

С) Терезелерге перде тұтылыпты.

D) Бейсен бүгін осыны сезіп келеді.

E) Мұндай күндері сіркесі су көтермейтін.

Дұрыс жауап: Е

Ауыспалы осы шақты көрсетіңіз.

А) Сен ойнайсың.

В) Қораның төңірегі қоқсып жатыр.

С) Өзіңмен жеке сөйлесермін.

D) Сүйіспеншіліктен асқан ештеңе жоқ.

E) Нақтылы есебін көрсетіңізші.

Дұрыс жауап: А
Бұрынғы өткен шақ жасалатын етістік фомасын көрсетіңіз.

А) -а, -е, -й.

В) -мақ, -мек.

С) -атын, -етін.

D) -ған, -ген.

E) -ды, -ді.



Дұрыс жауап: D

Етістіктің бұйрық райын анықтаңыз.

А) Ана мәселені ерекше көрсетіңіздер.

В) Мұны Салиха апай күтіп тұр екен.

С) Бұдан әрі сөз қозғағысы келмеді.

D) Қазақтар туралы ештеңе естімепті.

E) Сөйткенше Оспан сырттан кіріп келді.

Дұрыс жауап: А

Етістіктің қалау райын анықтаңыз.

А) Екі жас бақытты болғай.

В) Достары да білгендерінше айтып көрген.

С) Не ексең, соны орарсың.

D) Мезгіл жетсе, мұз ерір.

E) Шеткі үйде өзінің ағасы Тәкежаннан үйреніп кепті.

Дұрыс жауап: А

Етістіктің бұйрық райын анықтаңыз.

А) Әли елең ете қалды.

В) Гүлсім шыр етіп кеп бас салды.

С) Үлкеннің алдын кеспе.

D) Сендерді оятып жібердім бе?

E) Мерей Маржанға ризалығын білдірді.

Дұрыс жауап: С

Етістіктің шартты райын анықтаңыз.

А) Екі қошқар сүзіссе, ортасында шыбын өледі.

В) Досыңа достық - қарыз іс.

С) Ерінбеген етікші болады.

D) Ұста пышаққа жарымайды.

E) Жыртық тесікке күледі.

Дұрыс жауап: А

Көсемшелердің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Сәрсен бірден одырайып қарайды.

А) Анықтауыш, баяндауыш.

В) Баяндауыш, толықтауыш.

С) Күрделі баяндауыш.

D) Бастауыш, баяндауыш.

E) Пысықтауыш, баяндауыш.



Дұрыс жауап: Е

Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Көргені көп көш бастайды.

А) Баяндауыш.

В) Толықтауыш.

С) Бастауыш.

D) Анықтауыш.

E) Пысықтауыш.



Дұрыс жауап: С

Анықтауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.

А) Ел ұнатқан ұлын жасқамайды.

В) Қамданған қапы қалмайды.

С) Ұялған тек тұрмас.

D) Талапты ерге нұр жауар.

E) Қорыққанға қос көрінер.

Дұрыс жауап: А

Жіктелмейтін көсемше жұрнақтарын табыңыз.

А) -а, -е, -й.

В) -ып, -іп, -п.

С) -ған, -ген, -қан, -кен.

D) -ар, -ер, -р.

E) -ғалы, -гелі, -қалы -келі.

Дұрыс жауап: Е

Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Ұйымдасқан ұтады.

А) Бастауыш.

В) Толықтауыш.

С) Баяндауыш.

D) Анықтауыш.

E) Пысықтауыш.



Дұрыс жауап: А

Туынды үстеуді анықтаңыз.

А) Сонда да талай жерге еретін болды.

В) Әлі де түйе бақырады.

С) Онсыз да бітер істі тіпті осыншалық нығарлап жіберіпті.

D) Аяғында ауылдан әбден ұзап шықты.

E) Айнала дүние түгел ұмытылды.

Дұрыс жауап: С

Күрделі үстеуді табыңыз.

А) Тыным алмай баяғы іздерімен жүрді.

В) Көксерек өзгелерді ілгері жіберді.

С) Күндіз келіп көл жағасында, қамыста жатады.

D) Шетінен Көксерекше батыл.

E) Бұның екеуін бір күнде күздігүні жер қарада алған.

Дұрыс жауап: Е

Септік жалғауының көмегімен жасалған туынды үстеуді табыңыз.

А) Жерден қазылған бараққа тегіс келеді.

В) Көңілденіп алған қонақтар кезекпен ән шырқады.

С) Сөйте-сөйте хат жазуды бәріміз де үйрендік.

D) Тура қасқырларға қарай жүрді.

E) Бір күні Аян жалғыз көзді дәу туралы ертегісін бастады.

Дұрыс жауап: В

Негізгі үстеулерді анықтаңыз.

А) Шалқасынан, кеңінен.

В) Жоғары, әдейі.

С) Осылай, ақшалай.

D) Баяғыда, аңдаусызда.

E) Жөнімен, кезекпен.

Дұрыс жауап: В

Үстеудің қанша мағыналық түрі бар екенін көрсетіңіз.

А) 5.

В) 3.


С) 6.

D) 7.


E) 4.

Дұрыс жауап: D

Мөлшер үстеуін анықтаңыз.

А) Онша, бүгін.

В) Ақырын, баяу.

С) Недәуір, біраз.

D) Босқа, әдейі.

E) Соншалық, керемет.

Дұрыс жауап: С

Күшейткіш үстеуді анықтаңыз.

А) Талай, ілгері, әрі.

В) Мүлдем, тіпті, тым.

С) Әрең, бірден, босқа.

D) Шарасыздан, емін-еркін, әжептәуір.

E) Қасақана, орасан, нағыз.

Дұрыс жауап: В

Сын-қимыл үстеуін табыңыз.

А) Берілген сұраққа қолма-қол жауап берді.

В) Атасын әбден сағынып қалған Бақыт ешқайда жіберер емес.

С) Осы жүріспен-ақ талай жерге жетіппіз.

D) Ілгері басқан аяғы кейін кетті.

E) Соншалық не істеп қойыпты?

Дұрыс жауап: А

Мөлшер үстеуін көрсетіңіз.

А) Ақырын.

В) Зорға.

С) Бостан-босқа.

D) Емін-еркін.

E) Недәуір.

Дұрыс жауап: Е

Қате жазылған үстеуді көрсетіңіз.

А) Бүгін.

В) Бірғыдыру.

С) Ала жаздай.

D) Ендігәрі.

E) Қолма-қол.

Дұрыс жауап: В

Пысықтауыш қызметіндегі мекен үстеуін көрсетіңіз.

А) Тыста отырған үлкендерге сәлем берді.

В) Содан бері көп жылдар өтті.

С) Арнайы соғып, апасын ала кетті.

D) Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше.

E) Көңілім шарықтап, өзгеше күй кешкендеймін.

Дұрыс жауап: С

Баяндауыш қызметіндегі сын-қимыл үстеуін табыңыз.

А) Айнала жым-жырт, қаннен-қаперсіз.

В) Үш айдың ішінде әжептәуір өсіп қалыпты.

С) Қойылған бағасы тым жоғары.

D) Күткен адамдарыңыз артта.

E) Елдің алды бағана келген.

Дұрыс жауап: А

Көп нүктенің орнына қажетті еліктеуішті көрсетіңіз.

Әжем ернін ... еткізді.

А) Сарт.


В) Сырт.

С) Сылп.


D) Сылқ.

E) Саңқ.


Дұрыс жауап: С

Қажетті еліктеуішті табыңыз.

Санат уана қоймай ... жылады.

А) Қарқ-қарқ.

В) Қорқ-қорқ.

С) Сырт-сырт.

D) Жырқ-жырқ.

E) Қорс-қорс.



Дұрыс жауап: Е

Еліктеуіштер қатарын көрсетіңіз.

А) Қарқ-қарқ, бүгжең-бүгжең.

В) Қарш-қарш, пыр-пыр.

С) Бұлтың-бұлтың, ербең-ербең.

D) Алба-жұлба, шарт-шарт.

E) Сылқ ету, қалт-құлт.

Дұрыс жауап: В

Көп нүктенің орнына қажетті еліктеу сөзді табыңыз.

Өзге жұрттың бәрі ... боп тысқа қарай ақтарылды.

А) Сатыр-сұтыр.

В) Абыр-сабыр.

С) Шақыр-шұқыр.

D) Тарс-тұрс.

E) Тасыр-тұсыр.



Дұрыс жауап: В

Етістіктен жасалған туынды бейнелеуішті көрсетіңіз.

А) Иіген емшектері жыбыр-жыбыр тартылады.

В) Күшіктері бауырын көтере алмай тырбаңдап жатыр.

С) Көзінің астымен жалт-жұлт қарап жатып алады.

D) Бауырындағы көк күшік домалаңдап қалды.

E) Ін үстіне мүйіз тұяқтар тасырлап дүсірлетіп келді.

Дұрыс жауап: D

Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А) Артына жалтақ-жалтақ қарап кете барды.

В) Табанының астындағы қар шықыр-шықыр етеді.

С) Берісе қоймаспын дегендей, ырылдап тұрып айбат шекті.

D) Екеуі де өзге дыбыс шығармай, олжасын қорқ-қорқ асайды.

E) Наган шаңқ етті.

Дұрыс жауап: А

Бейнелеуіш сөзді табыңыз.

А) Аздан соң жүрегі дүрс-дүрс соғып, басы айналып кетті.

В) Жүгіріп барып төсекке гүрс бердім.

С) Бір мезгілде ай астында ағараң-ағараң еткен көп топты көрді.

D) Бәйбіше жақтырмай күңк ете қалды.

E) Тасырлатып, қар боратып, қасына келіп қалды.

Дұрыс жауап: С

«Кең» мағынасындағы бейнелеуішті табыңыз.

А) Былқ-сылқ.

В) Балпаң-балпаң.

С) Жапыр-жұпыр.

D) Қолп-қолп.

E) Делең-делең.

Дұрыс жауап: D

Еліктеуіштің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Дабыр-дұбыр еткен үндеріне қарағанда өздері біраз адам сияқты.

А) Баяндауыш.

В) Пысықтауыш.

С) Толықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Анықтауыш.



Дұрыс жауап: Е

Еліктеу сөздің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.



Төр алдында жатқан екі баланың кішілеуі сақ-сақ күліп басын көтеріп алды.

А) Бастауыш.

В) Пысықтауыш.

С) Баяндауыш.

D) Анықтауыш.

E) Толықтауыш.



Дұрыс жауап: В

Одағайға тән атауды көрсетіңіз.

А) Бөтен сөз.

В) Көмекші сөз.

С) Оқшау сөз.

D) Шаттану сөзі.

E) Мағынасыз сөз.

Дұрыс жауап: С

Одағайдың мағыналық түрлерін көрсетіңіз.

А) Көңіл-күй, шақыру.

В) Тыйым салу, көңіл-күй.

С) Жекіру, тыйым салу, шақыру.

D) Шақыру, жекіру, көңіл-күй.

E) Жекіру, көңіл-күй, шаттану.

Дұрыс жауап: D

Көп нүктенің орнына қажетті одағайды қойыңыз.



... жаңылып қалғанын қарашы!

А) Бәрекелді.

В) Ойбай.

С) Қап.


D) Тек.

E) Шіркін.



Дұрыс жауап: С

Одағайлы сөйлемнің тыныс белгісін көрсетіңіз.

Түу бауырын сағынып қалыпты ғой

А) Үтір, нүкте.

В) Үтір, леп белгісі.

С) Леп белгісі, леп белгісі.

D) Леп белгісі, нүкте.

E) Үтір, леп белгісі, нүкте.



Дұрыс жауап: В

Одағайлы сөйлемнің тыныс белгісін көрсетіңіз.

Жаным-ау бәрекелді талабыңа нұр жаусын

А) Үтір, нүкте, леп белгісі.

В) Леп белгісі, нүкте.

С) Леп белгісі үтір, нүкте.

D) Үтір, үтір, леп белгісі.

E) Үтір, леп белгісі, нүкте.



Дұрыс жауап: D

Cептеулік шылауды табыңыз.

А) Бірақ.

В) Кейін.

С) Сондықтан.

D) Ғана.


E) Және.

Дұрыс жауап: В

Септеулік шылауды табыңыз.

А) Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын.

В) Бірақ бұл сөздің мағынасын сұрап алуға батпадық.

С) Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті.

D) Күлкі бұрынғыдан да өрши түсті.

E) Сіздердің бастамаларыңыз жыл сайын қолдау табады.

Дұрыс жауап: Е

Cептеулік шылаулар қанша септікпен байланысатынын табыңыз.

А) 2.

В) 3.


С) 4.

D) 5.


E) 6.

Дұрыс жауап: С

Жалғаулықтармен сәйкес келетін септік жалғауларын көрсетіңіз.

А) Жатыс, көмектес.

В) Көмектес, атау.

С) Барыс, көмектес.

D) Жатыс, барыс.

E) Жатыс, шығыс.

Дұрыс жауап: А

Талғау мәнді жалғаулықты табыңыз.

А) Сонда да.

В) Әйтпесе.

С) Алайда.

D) Әлде.


E) Өйткені.

Дұрыс жауап: D

Жалғаулықтардың мағыналық қатынастарын көрсетіңіз.

А) Ыңғайлас, қарсылықты, талғаулықты, себеп-салдар.

В) Талғаулықты, себеп-салдар, жалғаулықты.

С) Ыңғайлас, қарсылықты, талғаулықты.

D) Қарсылықты, ыңғайлас, кезектес, талғаулықты.

E) Қарсылықты, талғаулықты, себеп-салдар, кезектес.

Дұрыс жауап: А

Демеулік шылауларды табыңыз.

А) -ақ, -ау.

В) -ау, -еу.

С) -ай, ой.

D) ой, -ақ.

E) -ай, -еу.

Дұрыс жауап: А

Сөйлемге қажетті демеулікті көрсетіңіз.



Аңсаған күніміз, аңсаған шағымыз осы ... .

А) -мыс.

В) -ды.

С) ғой.


D) қой.

E) ше.


Дұрыс жауап: С

-ды, -ді демеулігінің мағынасын табыңыз.

А) Шектік.

В) Нақтылау.

С) Күшейткіш.

D) Болжалдық.

E) Болымсыздық.

Дұрыс жауап: В

Сөзге үстейтін мағынасына қарай демеуліктердің қанша топқа бөлінетінін көрсетіңіз.

А) 5.

В) 7.


С) 3.

D) 4.


E) 6.

Дұрыс жауап: Е

Демеулік шылауларды табыңыз.

А) -ақ, -ау.

В) -ау, -еу.

С) -ай, ой.

D) ой, -ақ.

E) -ай, -еу.

Дұрыс жауап: А

Сөйлемге қажетті демеулікті көрсетіңіз.



Аңсаған күніміз, аңсаған шағымыз осы ... .

А) -мыс.

В) -ды.

С) ғой.


D) қой.

E) ше.


Дұрыс жауап: С

-ды, -ді демеулігінің мағынасын табыңыз.

А) Шектік.

В) Нақтылау.

С) Күшейткіш.

D) Болжалдық.

E) Болымсыздық.

Дұрыс жауап: В

Сөзге үстейтін мағынасына қарай демеуліктердің қанша топқа бөлінетінін көрсетіңіз.

А) 5.

В) 7.


С) 3.

D) 4.


E) 6.

Дұрыс жауап: Е

Сөздер бір-бірімен қанша түрлі тәсіл арқылы байланысатынын табыңыз.

А) 3.

В) 4.


С) 5.

D) 2.


E) 6.

Дұрыс жауап: В

Шылаулар арқылы байланысқан жауапты табыңыз.

А) Сөйткенше Оспан сырттан кіріп келді.

В) Көңілің тартпаған іске қол ұрма.

С) Баласына қосылып, ата-ана қуанды.

D) Шын батыр сын үстінде танылар.

E) Естіген жаңалығымыз туралы оңаша отырып ақылдастық.

Дұрыс жауап: Е

Анықтауыштық қатынаста матаса байланысқан тіркесті табыңыз.

А) Арманға бірге барайық.

В) Жайықтың толқындары.

С) Сәулелі өмір.

D) Шарықтап кетті.

E) Лағыл тас.

Дұрыс жауап: В

Бағыныңқысы көсемше тұлғалы етістіктен жасалған байланысу түрлерін анықтаңыз.

А) Меңгеру мен қабысу.

В) Қабысу мен матасу.

С) Қабысу мен жанасу.

D) Матасу мен жанасу.

E) Қиысу мен жанасу.

Дұрыс жауап: С

Есімді меңгеруді табыңыз.

А) Халық сыны қатесіз.

В) Елдің күші – селдің күші.

С) Халықтың құшағы кең.

D) Көп алғысы көгертер.

E) Арман – адамға қанат.

Дұрыс жауап: Е

Қабысудың жасалу жолын анықтаңыз.



Айтылған сыр.

А) Сын есім мен етістік.

В) Есімше мен зат есім.

С) Етістік пен зат есім.

D) Сын есім мен зат есім.

E) Зат есім мен зат есім.



Дұрыс жауап: В

Есімді сөз тіркесінің қатарын табыңыз.

А) Талапты бала, ескі дос.

В) Сыныпқа көшу, асқанға тосқан.

С) Тауға шығу, рамазан айы.

D) Амалын тапты, мерейін асырды.

E) Дұрыс адам, сапарға шығу.

Дұрыс жауап: А

Етістікті сөз тіркесінің қатарын табыңыз.

А) Жұлдызды сәт, атына мінді.

В) Сырын алған, тілге шешен.

С) Орнынан тұру, шалғынға құлады.

D) Шаңырақ тойы, жауабын сұрады.

E) Сағынышты сәлем, арманына жету.

Дұрыс жауап: С

Етістікті тіркестің құрамын анықтаңыз.

Орамалын жайды.

А) Шығыс септікті зат есім мен етістік.

В) Атау тұлғалы зат есім мен етістік.

С) Барыс септікті зат есім мен етістік.

D) Табыс септікті зат есім мен етістік.

E) Көмектес септікті зат есім мен етістік.



Дұрыс жауап: D

Сөйлемге жатпайтынын табыңыз.

А) Биыл молшылық болды.

В) Ел мен жер.

С) Бөлмеге кірдік.

D) Білімнен безген бүлінер.

E) Олар біледі.

Дұрыс жауап: В

Сұраулы сөйлем сұрақтарының түрін анықтаңыз.

А) Негізгі, жетек сұрақ.

В) Негізгі, жетек, анықтауыш сұрақ.

С) Жетек, анықтауыш сұрақ. Бөлмеге кірдік.

D) Негізгі, анықтауыш сұрақ.

E) Негізгі сұрақ.

Дұрыс жауап: В

Сөйлемнің лепті сөйлемге айналу жолын табыңыз.

Жібермесем сағы сынады.

А) ма.


В) -ау.

С) екен.

D) деді.

E) деген.



Дұрыс жауап: В

Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолын анықтаңыз.



Бұл мәселемен өзгелер айналыссын.

А) Бұйрық райдың 2-жақ жекеше түрі.

В) Бұйрық райдың 2-жақ көпше түрі.

С) Бұйрық райдың 2-жақ жекеше сыпайы түрі.

D) Бұйрық райдың 2-жақ көпше сыпайы түрі.

E) Бұйрық райдың 3-жақ көпше түрі.



Дұрыс жауап: Е

Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Тіліңізді тартыңыз.

В) Сағат шырылдады.

С) Маған айтпа.

D) Сен қашан келесің?

E) Шіркін, дәурен!

Дұрыс жауап: В

Бастауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.



Жасау – ұзатылған қызға берілетін дүние.

А) Негізгі зат есім.

В) Сын есім.

С) Тұйық етістік.

D) Еліктеу сөз.

E) Етістік.



Дұрыс жауап: С

Үйірлі бастауышты табыңыз.

А) Той шашуымен қызық.

В) Атының сыры иесіне мәлім.

С) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.

D) Туған жері – Қарқаралы өңірі.

E) Көш жүре түзелер.

Дұрыс жауап: С

Күрделі баяндауышты табыңыз.

А) Көшеде біреу кетіп барады.

В) Ұлпан бүгін көңілді.

С) Мұғалім сыныпқа кірді.

D) Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

E) Үй айналып жүгірме.

Дұрыс жауап: А

Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.

А) Жемісті ағаштың басы төмен.

В) Біреудің қолымен от көсеме.

С) Сыйластық екі жаққа да қажет.

D) Оның айтқанының бәрі орынды.

E) Арай хат жазып кетіпті.

Дұрыс жауап: А

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны табыңыз.

А) Қыс қатты.

В) Екі сегіз он алты.

С) Татулыққа табыс мол.

D) Жанымызда төртеуі бар.

E) Күн ашық.

Дұрыс жауап: В

Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу себебін көрсе-тіңіз.

Оқу және оқу – менің басты мақсатым.

А) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы негізгі зат есім.

В) Бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалған.

С) Бастауыш сын есімнен, баяндауыш зат есімнен жасалған.

D) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен жасалған.

E) Бастауыш зат есімнен, баяндауыш етістіктен жасалған.



Дұрыс жауап: D

Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын көрсетіңіз.



Жемісті жұмыс жаныңды тындырады.

А) Зат есім.

В) Сапалық сын есім.

С) Қатыстық сын есім.

D) Есімше.

E) Есімдік.



Дұрыс жауап: С

Есімшеден жасалған анықтауышты көрсетіңіз.

А) Ой жетпейтін жер болмайды.

В) Екі жүргінші тауға қарай келе жатыр.

С) Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.

D) Сараңның қолы қалтырауық.

E) Еріншек егіншіден елгезек масақшы озады.

Дұрыс жауап: А

Тура толықтауыш жасауға негіз болатын септікті анықтаңыз.

А) Көмектес.

В) Барыс.

С) Табыс.

D) Жатыс.

Е) Шығыс.

Дұрыс жауап: С

Күрделі толықтауышты табыңыз.

А) Көмектес.

В) Түсіне қарама, ісіне қара.

С) Білімнен безген бүлінер.

D) Оқығандарды қатты құрметтейтін.

Е) Адам атаулыны ісіне қарап бағалау керек.

Дұрыс жауап: Е

Мақсат пысықтауышты табыңыз.

А) Барлығынан надан қалмау үшін барлығын білуге талаптанба.

В) Бала әдетті жасынан тамызықтап жинайды.

С) Жатқан тастың астына су бармайды.

D) Бармын деп мақтанба.

Е) Ол қуанғаннан жылап жіберді.

Дұрыс жауап: А

Бастауышты дәлелдеп түсіндіруші мүшені табыңыз.



Біздер, жастар, ел сенімінен шыға білейік!

А) Бірыңғай мүше.

В) Оңашаланған айқындауыш.

С) Қаратпа сөз.

D) Қыстырма сөз.

Е) Одағай.



Дұрыс жауап: В

Қосарлы айқындауышты қатарды көрсетіңіз.

А) Көңілді жаз, әсем әуен.

В) Орталық Қазақстан, егіз қозы.

С) Біржан сал, Ақан сері.

D) Барлық ел, ұйқысыз түн.

Е) Абылай хан, жазылған парақ.

Дұрыс жауап: С

Бірыңғай анықтауышты сөйлемді табыңыз.

А) Әдепті, мәдениетті адамның талғамы да биік.

В) Бүгін де, ертең де уақытымыз болмайын деп тұр.

С) Астана мен Алматы – еліміздің ең әдемі қалалары.

D) Ата-анасын, бауырларын сыйламағаннан без.

Е) Аңсаған арманымды көрдім, көңілім тынды.

Дұрыс жауап: А

Бірыңғай мүше мен жалпылауышқа қатысты қойылған тыныс белгісін атаңыз.

А) Әсет те, Айгүл де жақсы оқиды.

В) Пайда, мақтан – бәрі тұл.

С) Емтихан тапсыру – жауапты кезең.

D) Жақсыдан үлгі-өнеге алайық.

Е) Адам өмірінің ең биік шыңы – жастық.

Дұрыс жауап: В

Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.

А) Күлме досқа, келер басқа.

В) Аталы сөз атан түйеге татиды.

С) Оқу басталатын уақыт жетті.

D) Соған дейін мәселені шешіп қалу керек.

Е) Дәкеңе сәлем берейін.

Дұрыс жауап: D

Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.

А) Сыйлы қонақ босағада отырмайды.

В) Теңізді қасықтап төгіп, сарқа алмайсың.

С) Кемедегінің жаны бір.

D) Өлімнен ұят күшті.

Е) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

Дұрыс жауап: Е

Жақты сөйлемнің бастауышы нешінші жаққа қатысты екенін табыңыз.



Жүрегімнің түбіне терең бойла.

А) 1-жақ, жекеше.

В) 2-жақ, жекеше.

С) 3-жақ, көпше.

D) 2-жақ, көпше.

Е) 3-жақ, жекеше.



Дұрыс жауап: В

Жалаң сөйлемді анықтаңыз.

А) Жақсы ат жарыста өлер.

В) Биік ағаш бұрын құлайды.

С) Бұлардың қасына кішілеу денелі қарт келді.

D) Орнында бар оңалып, сіздің көңіліңіз де орнына түсер.

Е) Сіз айтып көріңізші.

Дұрыс жауап: Е

Жалаң сөйлемді анықтаңыз.

А) Көзді ашып-жұмғанша.

В) Бұлар жүріп кетті.

С) Бір тойда екі жар жоқ.

D) Жарқ етіп шам жанды.

Е) Жақсыда жаттық жоқ.

Дұрыс жауап: В

Жақсыз жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Қаптаған аттыларға маған алыстан қарауға тура келді.

В) Арқа сүйер тірегім болшы.

С) Қайдан келгенін айтпады.

D) Әке, мына кітапты оқыңызшы.

Е) Е, бәрекелді, шыныңды айттың ғой!

Дұрыс жауап: А

Атаулы сөйлемді анықтаңыз.

А) Табыс үш есе ұлғайды.

В) Дала. Егіс даласы.

С) Сені сынағым келіп тұр.

D) Көңіл, шіркін, жүйрік-ақ.

Е) Аяз қатайып кетті.

Дұрыс жауап: В

Толымсыз сөйлемде көрсетілмеген сөйлем мүшесін белгілеңіз.

Келіп кетті ме?

А) Анықтауыш.

В) Толықтауыш.

С) Баяндауыш.

D) Бастауыш.

Е) Пысықтауыш.



Дұрыс жауап: D

Толымсыз сөйлемдер жиі кездесетін қатарды көрсетіңіз.

А) Жай сөйлем.

В) Құрмалас сөйлем.

С) Диалогты сөйлем.

D) Бірыңғай мүшелі сөйлем.

Е) Оқшау сөзді сөйлем.

Дұрыс жауап: С

Толымды сөйлемді анықтаңыз.

А) Қас қарая аттандық.

В) Әнді сүйсіне тыңдайтын.

С) Ашығып бұралуға айналды.

D) Соңғы уақытта қасқырдан тыныш едік.

Е) Шеткі ауыл бұларды көріп қалды.

Дұрыс жауап: Е

Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылды.

В) Еріншектің ертеңі таусылмас.

С) Ұлық болсаң, кішік бол.

D) Тоқтататын күш жоқ..

Е) Өзі барып соқтықпайды, бірақ соқтыққанды аямайды.

Дұрыс жауап: Е

Бірақ, дегенмен жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас түрін көрсетіңіз.

А) Себеп-салдар салалас.

В) Қарсылықты салалас

С) Түсіндірмелі салалас.

D) Талғаулы салалас.

Е) Кезектес салалас.

Дұрыс жауап: В

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты табыңыз.

А) Бұл сөз Кенжетайға ауырлау тиді, ол ауыл жігіті болатын.

В) Жетпіс жыл өмір сүрдім, өзіме аз көрінеді.

С) Оған ескерттім мен, сондықтан кешікпеуге тиіс.

D) Асан малға икемді болып өсті.

Е) Білмесең үндеме, білгенді күндеме.

Дұрыс жауап: А

Не, немесе,болмаса жалғаулықтарының көмегімен талғаулы салалас жасаңыз.

А) Мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек, барша жанға тынымсыз болатын зұлымдықты қоюым керек.

В) Дәрмен ұшып тұра келсе, қармағы су бетінде қалқып барады.

С) Көзқарасы дұрыс, ешқашан қарсылық көрсеткен емес.

D) Әжесі ертегісін аяқтады, Аяулым қызыға тыңдап қапты.

Е) Ұшақ Арқалыққа кешігіп келді, бұны ағасы күтіп алды.

Дұрыс жауап: А

Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Аңсаған менің арманым, жеттім бе бүгін шегіңе!

В) Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.

С) Қорыққаным соншалық-қаным басыма шапшыды.

D) Арсыздарға алты күн, жетесізге жеті күн мейрам.

Е) Маған олар я жетер, я жетпес еді.

Дұрыс жауап: С

Сабақтас құрмаластың түрін анықтаңыз.

Жақсымен сөйлессең, жаның рахаттанады.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас.

В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

С) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

D) Себеп бағыныңқы сабақтас.

Е) Мақсат бағыныңқы сабақтас.



Дұрыс жауап: А

Қарсылықты салалас жасауға болатын қатарды көрсетіңіз.

А) Түн.Ышқынған дауыл.

В) Қасиетті мекен, күн сәулесі.

С) Ескек қолынан түсіп кетті. Оның есі шығып кетті.

D) Жау шегінді. Бауыржан оны білген жоқ.

Е) Шоқан ғылымға әбден берілді. Әскери қызметтен бас тартты.

Дұрыс жауап: D
Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? сұраулықтарына жауап беретін сабақтас түрін көрсетіңіз.

А) Шартты бағыныңқы сабақтас.

В) Мезгіл бағыныңқы сабақтас.

С) Себеп бағыныңқы сабақтас.

D) Қарсылықты бағыныңқы сабақтас.

Е) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас.



Дұрыс жауап: D
Мақсат бағыныңқы сабақтастың баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.

А) -у+үшін, -мақ болып.

В) -ып,-іп,-п.

С) -ған+ша, -ген+ше.

D) -са да, -се де.

Е) -ған+ы болмаса..



Дұрыс жауап: А
Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Әкесі жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты.

В) Екі бүктелген күйі, ішін ұстап қалды.

С) Жұртқа сездірмегенмен, іштей мүжілгені анық.

D) Жауын жауса – жер ырысы.

Е) Жаман есепші жанынан төлейді.



Дұрыс жауап: В

Көп нүктенің орнына қажетті қаратпа сөзді анықтаңыз.



..., мен зарлымын жаралыға,

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

А) Тағдырым.

В) Көңілім.

С) Жүрегім.

D) Тәңірім.

Е) Бауырым.



Дұрыс жауап: С

Қаратпа сөзді қатарды табыңыз.

А) Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған.

В) Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай.

С) Жас Баян жауды талай көрмеп пе еді.

D) Салады Қанай биді Абылайға.

Е) Абылай сұрайды одан: «Баян қайда?»

Дұрыс жауап: В

Сын есімнен жасалған қаратпаны табыңыз.

А) Күй, жүрек..

В) Алашым, аттанамын жауыңда өлем!

С) Алдияр, сөзім қысқа.

D) Сұлу-ай, қалмай маған ердің неге?

Е) Бар, ақсақал, ойланармыз.

Дұрыс жауап: D

Тыныс белгісінің қойылу себебін табыңыз.



Дүркіре, бұлт! Жау, жаңбыр! Күркіре, Күн!

А) Қаратпа сөз.

В) Бұйрық раймен қатар келген қаратпа сөз.

С) Ұранды сөз.

D) Бірыңғай мүше мен қаратпа сөз.

Е) Лепті сөйлем.



Дұрыс жауап: В

Сөйлем соңында келген қыстырманы табыңыз.

А) Бір қызығы, осында келгенімді ешкім көрген жоқ.

В) Әйтеуір, жақсыңды асырып бағамыз.

С) Жақсы ағаның өкіріп жылағанын көрмесем, бәлкім, келісіп қалар ем.

D) Не дәурен өтті деп, сірә, ешкім мазаламағанға ұқсайды.

Е) Бұларыңызға мен де қосыламын, әрине.

Дұрыс жауап: Е

Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.



Шамасы, осы жерден төрт шақырымдай болар.

А) Одағай.

В) Қаратпа сөз.

С) Қыстырма сөз.

D) Көнерген сөз.

Е) Құрмалас сөйлем.



Дұрыс жауап: С

Төл сөзге тән құрылымды көрсетіңіз.



Серғазы аттанарда: «Аттан түспе, абайла!»-деді.

А) Төл сөз, автор сөзі.

В) Автор сөзі, төл сөз.

С) Төл сөз, автор сөз, төл сөз.

D) Автор сөзі, төл сөз, автор сөзі.

Е) Төлеу сөз.



Дұрыс жауап: D

Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзбен қандай көмекші етістік тіркесіп айтылатынын табыңыз.

А) Де.

В) Ет.


С) Жазда.

D) Екенін.

Е) Баста.

Дұрыс жауап: D

Төлеу сөзді көрсетіңіз.

А) Құрбысы Ботагөздің неден ұялғанын сұрады.

В) Ербол жайылған жылқыға қарады.

С) Жұмған ауызыңды ашпаған дұрыс.

D) «Ойлап сөйлесейші», - деді әкем маған қарап.

Е) Ол былай депті: «Жарқынды апасы алып кетеді».

Дұрыс жауап: А

Сұраулы сөйлем түрінде келген төл сөздің төлеу сөзге айналу жолының дұрысын көрсетіңіз.

- Енді кері қайтуға бола ма? – деп сұрады жауынгерлер.

А) Жауынгерлер қайтуға рұқсат сұрады.

В) Жауынгерлер кері қайтуға болатынын сұрады.

С) Жауынгерлер кері қайтуға болмайтынын сұрады.

D) Жауынгерлер кері қайтатынын айтты.

Е) Жауынгерлер енді кері қайтуға болатын, болмайтынын сұрады.



Дұрыс жауап: Е
Автор сөзі қандай етістіктің көмегімен берілетінін көрсетіңіз.

А) Ет.


В) Де.

С) Жазда.

D) Сұра.

Е) Айт.


Дұрыс жауап: В

Төл сөзге қатысты сызықшаны табыңыз.

А) Бұл - кесімді жауабым.

В) Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы.

С) Өмір деген- күрес.

D) Мұның бірінші міндеті – сол елді алаламау.

Е) «Өлеңге әркімнің де бар таласы», - дейді Абай.

Дұрыс жауап: Е

Тыныс белгісінің дұрысын анықтаңыз.

А) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп-сұрады ол.

В) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?-деп сұрады ол.

С) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма?, деп сұрады ол.

D) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп, сұрады ол.

Е) -Үйлеріңде басқа ересек адам бар ма? деп сұрады ол.

Дұрыс жауап: В

Қос нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.



Әкем былай деді: «Кекшіл болма, көпшіл бол!»

А) Төл сөздің арасына.

В) Автор сөзінен кейін.

С) Автор сөзі мен төлеу сөздің арасына.

D) Түсіндірмелі салаласқа.

Е) Жалпылауыш сөзден кейін.



Дұрыс жауап: В

Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз.



Кеше кешке жолдасы Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз деген болатын.

А) Тырнақша, үтір, сызықша.

В) Қос нүкте, сызықша, леп белгісі.

С) Сызықша, қос нүкте, тырнақша.

D) Қос нүкте, тырнақша.

Е) Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша.



Дұрыс жауап: Е

Нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.

Түн. Қала. Тыныштық.

А) Қысқарған сөз.

В) Түбір сөз.

С) Толымсыз сөйлем.

D) Атаулы сөйлем.

Е) Жақсыз сөйлем.



Дұрыс жауап: D

Көп нүкте қойылатын сөйлемді табыңыз.

А) Қазір бітірейін, сосын.

В) Иә, сөйтіңізші.

С) Маған сонысы жақсы.

D) Кешкі мезгіл.

Е) Намыстанасың, ә.

Дұрыс жауап: А

Тырнақшаның дұрыс қойылған орнын көрсетіңіз.

А) Ғ.Мұстафин. «Өмір белестері». Алматы-84.

В) «Мемлекеттік банкінің бөлімшесі».

С) «Әл Фараби» атындағы университет.

D) «Алматыдағы кондитер фабрикасы».

Е) «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы.

Дұрыс жауап: Е

Жақшаның не үшін қойылғанын табыңыз.

Ақмолада совдептің бір топ басшыларын тұтқынға алады. (Оның ішінде Сәкен де бар.)

А) Хабарлай айтылған қыстырма сөйлем.

В) Қыстырма сөйлем.

С) Оқшау сөз.

D) Тілек мәнді сөйлем.

Е) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем.



Дұрыс жауап: А

Қазіргі қазақ тілінің стиліне жатпайтынын көрсетіңіз.



А) Публицистикалық стиль.

В) Көркем әдебиет стилі.

С) Ғылыми стиль.

D) Техникалық стиль.

Е) Іс қағаздары стилі.

Дұрыс жауап: D

Бетпе-бет жүздесу арқылы жүзеге асатын стиль түрін көрсетіңіз .



А) Ауызекі сөйлеу.

В) Публицистикалық стиль.

С) Ғылыми стиль.

D) Іс қағаздары стилі.

Е) Көркем әдебиет стилі.

Дұрыс жауап: А

Іс-қағаздары мәтінінің стилін анықтаңыз.

А) Әңгімелеу.

В) Бейнелеу.

С) Суреттеу.

D) Кескіндеу.

Е) Баяндау.

Дұрыс жауап: Е

Ғылыми стильге тән етістік формасын табыңыз.

А) Қасына отырғызып, жөн сұрады.

В) Онда тас дәуіріне жататын мүліктер бары анықталды.

С) Алыс жол атты сынайды.

D) Жұмыстан соң олар табиғат аясында демалады.

Е) Ол әлгі орманды картадан көрсетті.

Дұрыс жауап: В

Шешендік өнердің негізгі бастауларын көрсетіңіз.

А) Англия,Франция.

В) Қазақстан, Өзбекстан.

С) Греция, Рим.

D) Испания, Америка.

Е) Америка, Рим.

Дұрыс жауап: С

Ұлттық шешендік өнер туралы ең алғаш еңбек жазған авторды көрсетіңіз.

А) Әл-Фараби.

В) М. Әуезов.

С) Ш. Уәлиханов.

D) Аристотель.

Е) А. Байтұрсынов.

Дұрыс жауап: А

Тәуке хан ұйымдастыруымен қазақтың белгілі билері жүйелеген еңбекті анықтаңыз.

А) Жеті керемет.

В) Жеті қат.

С) Жеті сан.

D) Жеті жарғы.



Е) Жеті ата.

Дұрыс жауап: D





Казахский язык
Дұрыс жауап:

: ld
ld -> Сабақтың тақырыбы : Баяндауыш
ld -> Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
ld -> Мақтаның жемісі мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын дейді. Қауашақ ашылады. Қауашақ ішіндегі ұзын талшықтары (түктері) бар өте көп тұқымдар шашылады
ld -> Одонтогенні кісти діляться на кореневі (радикулярні) і коронкові (фолікулярні)
ld -> Одонтогенні пухлини щелеп
ld -> Производство лекарственных препаратов по контрактам: Простанорм г. Томск
ld -> Гбоу впо рниму им. Н. И. Пирогова
ld -> 1. Гомеостаз – дегеніміз не


1   2   3   4   5   6   7


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет