Карбаева Ботагоз Абылкасымовна



жүктеу 70.05 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі70.05 Kb.
c:\users\komp-1\desktop\img-20180107-wa0020.jpg


Карбаева Ботагоз Абылкасымовна,

С. Мәуленов атындағы

№37 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі,

Астана қаласы,


Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі
Қазір елімізде білім беру саласында өзгерістер мен білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз етумен қатар, оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету – бағдарламаның міндеті болып табылады.

Бұл коучингте біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден-бір себеп.

Оқушылар көбіне өзіне қойылған бағаға келіспеушілік білдіріп, өз реніштерін айтып жатады. Ал ата-аналары тоқсан соңында мектепке келіп дауласып, баға мәселесіне байланысты үлкен шу шығып жататыны жасырын емес. Бүгінгі таңда осындай проблеманы шешудің бір жолы – оқушының жетістігін критерий арқылы бағалау.

Критериалды бағалау-оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Критериалды бағалаудың екі түрі бар – қалыптастырушы және жиынтық.

Қалыптастырушы бағалау – күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды.

Жиынтық бағалау – бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсан бойынша алған білім деңгейі мен жинаған дағдыларын анықтайды.

Критериалды бағалау – сабақтың өн бойында жүзеге асып отырады. Оқушыларға тапсырманы берердің алдында оларға бағалау критерийін ұсыныңыз, кейде белгілі бір тапсырма бойынша оқушылар критерийді өздері де ұсынуы мүмкін, (бұл – олардың оқуға деген қызығушылығының оянғаны) сонда оқушы алдын-ала өзінің не үшін бағаланатынын біледі де, тапсырманы дұрыс орындайды, тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады. Оқушыларға бірін-бірі бағалауға, өздерін өздері бағалауға мүмкіндік беріп отыру қажет. Критериалды бағалау – топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз.


Критериалды бағалауды пайдаланудың маңыздылығы

Оқушы үшін

  • Өзінің тақырыпты меңгеру дәрежесін анықтайды;

  • Өз жұмысына сараптама жасауға үйренеді;

  • Өзінің білім деңгейін алдын-ала болжайды;

  • Өзінің және сыныптастарының білім деңгейіне сын көзімен қарауға үйренеді, сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды;

  • Критерийдің көмегімен өз білімін бағалауға мүмкіндік алады.


Мұғалім үшін

  • Оқушының білім деңгейін анықтайды, дамуын қадағалайды;

  • Әр оқушының мүмкіндік деңгейін біліп отырады;

  • Оқушыға оқудың қай тұсы қиындық туғызатынын анықтайды;

  • Оқушының кемшіліктеріне назар аударта отырып, оның дамуына бағыт береді;

  • Мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланыс орнайды.


Ата-ана үшін

  • Баласының білім деңгейі жайлы объективті дәлелдеме алады.

  • Баласының оқудағы жетістіктерін, оның дамуын қадағалайды, біліп отырады.

  • Критерий көмегімен баласына оқуда қолдау көрсете алады.

  • Баласының не үшін баға алғанын біліп отырады, кері байланыс орнайды.


Критериалды бағалаудың пайдасы мен басты ерекшелігі:

Нақтылық. Әділдік, Ынталандыру, Белсенділік, Жеке тұлға

Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Тақырып

Критериалды бағалау- сапалы білім өлшемі

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық, Блумның «Түймедақ» стратегиясы слайд.

Жалпы мақсаты

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже

Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп,қолдана білуге үйренеді.

Түйінді идея

«Блум түймедағы» әдісі бойынша сұрақ түрлерін пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуда, диалог жұмыс әрекетіне тиімділігі туралы бағыт алады.

Ресурстар:

Интерактивті тақта, интерент желісі, Блум «Түймедақ» әдісі. Оқиға картасы, флипчарт, маркер, түрлі-түсті стикерлер,  смайликтер, бояу құралдары




Коучинг сессияның өту барысы

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

Уақыты

60 мин

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2. Жағымды психологиялық ахуал орнату.

3.Топқа бөлу



5 мин


Коучтің амандасуы.

«Сыйлық» Әр топ бір-бірлеріне сыйлық сыйлайсыздар. Сыйлықты үнсіз, ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Басқа топ сіздің нендей сыйлық жасап жатқаныңызды түсінетіндей жасау керек. Барлықтары сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Үнсіз жасау керек.

-Сізге қандай сыйлық жасады деп ойлайсыз? Бізбір-бірімізге сыйлаған сыйлығымызды алдық. Бір-бірімізге лебізімізді ағылшын тілінде айтайық.

Топқа ертегі кейіпкерлерінің суреттері арқылы бөлінеді.

1.Қаңбақ шал

2.Бауырсақ

3.Үш торай

4.Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

-Әр ертегінің кейіпкерлері өз топтарына жиналып, ертегі тақырыбын атайды.


Ой шақыру

  1. мин

Өзіңіздің сол жағыңызда отырған көршіңізбен ұялы телефоныңызды айырбастаңыз.

-Енді ұялы телефондарыңызды 10 баллдық жүйемен бағалаңыз.

-Бағалау критерийі қашан жасалды?

Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша  жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады; 

 Критерийлер-оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер,атап айтқанда оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.



Берілген сұрақтарды топтық талқылауға салу.

Мағынаны тану

15 мин

Критериалды бағалау. Теориялық білім (презентация) көрсетіледі.

Сергіту

3 мин

«Мен ризамын!»

Шығармашылық тапсырма


12 мин

Алған ертегілері бойынша « Оқиға картасы»стратегиясын қолдану.


Атауы


Кейіпкер

Ахуал,жағдай

Шешім


Проблема

Оқиға




Жұмысты қорғау және бағалау

10 мин

Жасаған шығармашылық жұмыстарын оқуға әр топтан қатысушылар шығады. Әр топ өзін-өзі бағалайды. Алдарында жатқан бағалау парағы арқылы бағалайды.

Ертегі желісі бойынша бағалау.

Атауы 0-2балл

Кейіпкер 3-4 балл

Ахуал,жағдай-5-8

Оқиға 9-10

Проблема 11-12

Шешім 13-14

49-50балл- «өте жақсы»

47-48балл «жақсы»

45-46 балл «қанағаттанарлық»


Топтық жұмыс

5 мин

Блумның «Түймедақ» әдісі туралы презентация көрсету. Ертегілерді басшылыққа ала отырып, әр топ

«Блум түймедағы» әдісі бойынша сұрақтар құру тапсырылады.

Тақырыптар:



  1. .Қаңбақ шал

  2. Бауырсақ

  3. Үш торай

  4. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

Бағалау

3 мин

Қатысушылар жұмыстарын қорғайды. Бұл жұмыстарыңызды «Бағдаршам» арқылы бағалайтын боламыз.

Қорытынды рефлексия

2 мин

«Біреуді» үйрете жүріп, өзің де үйренесің» (Сенека қытай ғалымы)

Өз кемшілігімді алдағы уақытта орнын толықтыру мақсатында сіздерге өз ойларымен бөлісуге стикерлер таратып отырмын.







©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет